3.1 Өрттермен туындайтын төтенше жағдайлар
Өрт - бұл материалдық құндылықтардың бақылаусыз жануы мен адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай орнататын құбылыс.
Өрт планетамызда әр 5 секунд сайын тіркеліп тұрады. Жылына 5,5 миллионға жуық өрттер болады. Жыл сайын әлемдегі өрттен қаза тапқандардың саны 85 мыңға жуық, сонымен қатар, жыл сайынғы өрттен келетін залал да артуда [13].
Өрттердің, материалдық шығындардың, қаза тапқандар санынынң өсуі техника мен технологияның қарқынды дамуымен, өндірістердің шоғырлануымен, жаңа өрт қауіпті заттардың пайда болуымен, тұрғындар санынынң артуымен, алғашқы өрт сөндіру құралдарының тапшылығымен, тұрғындардың өртке қарсы профилактикаға төмен дәрежеде дайындалуымен, өртті сөндіру әдістерін және қауіпсіз іс-әрекеттер жасауды білмеуімен байланысты.
Өрттер тұрмыстық (үй, пәтер, гараж, қосалқы бөлмелер), өндірістік (цех, қойма, ғимарат, транспорт құралдары) және табиғи (орман, алқап, шөп, тезек) өрттері болып бөлінеді, олардың жіктелуі 11 суретте келтірілген.
Сурет 11. Өрттердің жіктелуі
Жанғыш материалдардың саны мен сапасы, қамтитын ауданы, жану уақыты, әкелетін шығыны және салдары бойынша барлық өрттер 5 балдық шкала бойынша бағаланады.
Жану үшін оттық материалдар, тотықтырғыш және жандыру көзі керек. Тәжірибеде толық және толық емес жануды қарастырады. Толық жану оттегі көп болған жағдайда болады, ал толық емес оттегі жетіспеген жағдайда. Химиялық процестер бойынша оттық заттың ішкі жылуына байланысты өзіндік жану пайда болады. Өзіндік жану температурасы әртүрлі факторларға байланысты: оттық қоспалардың құрамы мен көлемі, қысымы және т.б. газдар мен сұйықтықтардың көбісі 400-700°С температурада жанады, ал қатты заттар (ағаш, көмір, шым тезек және т.б.) 250-450°С температурада жанады.
Газдар мен ауадағы булардың шоғырлануы жануда көп мағынаны білдіреді. Жанудың диапозоны жарылудың төменгі және жоғарғы шегімен сипатталады. Бұлар оттық заттың ең негізгі кауіпті жарылысы.
Жану - газдың, жылудың және жарықтың сипаттамасымен байланысты химиялық үрдістің тез тотығуы немесе жанғыш заттың және ауа оттегісінің қосылуы. Сонымен жану кезінде тек қана химиялық реакцияның қосылуы емес, сонымен қатар ыдырауы байқалады.
Жануда өз бетінше жану, жарылыс және детонацияны қарастырады. Өз бетінше жануда 1 сек оттың таралу арақашықтығы 10 м аспайды, жарылыста - секундына 100 м астам, ал детонация кезінде секундына 1000 м.
Достарыңызбен бөлісу: |