Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Жанғыш зат – жандыру көзін алып тастағаннан кейін де жануын тоқтатпайтын заттар мен материалдар. Тотықтырғыштарға



бет73/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Жанғыш затжандыру көзін алып тастағаннан кейін де жануын тоқтатпайтын заттар мен материалдар.

Тотықтырғыштарғаауа оттегісі, хлор, фтор, бром, йод, азот тотықтары және т.б. жатады.

Жандыру көздеріне – ұшқындар, қызған денелер, ашық от, жалын жатады.

Ауаның шоғыры 21%-дан 14-18%-ға төмендегенде көп заттар өзінің жануын тоқтатады.

Өрттің құраушы факторлары: от (жалын), түтін, күл, күйе.

Өрттердің негізгі туындау себептері:

- өртпен салғырт жұмыс істеу;

- газ және электр приборларымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу;

- электрлі, газды дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгендегі ережелерді бұзу;

- әдейі немесе байқамай от жағу;

- найзағай түсу;

- өздігінен жану.

Басталған өрттің нышандары:

- түтіннің иісі;

- аздаған от, жалын;

- резеңке немесе пластмассаның жанған иісі;

- электр желісіндегі кернеудің төмендеуі – электр сымдарының жануы.



Өрт кезіндегі басты іс-әрекеттер:

- өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз;

- ең алдымен өрт сөндіру қызметін (101 телефоны, көршілер, радиостанция, қызметтік автокөліктер, полиция, «жедел жәрдем», авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз;

- тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз;

- бастысы - кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз;

- балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз,себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін;

- өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекенжайды. қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар барм екенін) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.



Подъездегі өрт жағдайларындағы іс-әрекеттер:

- подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін;

- ең алдымен 101-ге телефон шалыңыз;

- төменге қарай жіппен, ақ жаймамен, су құбырымен түсу өте қауіпті.Терезеден секіру мүлдем қауіпті;

- үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз;

- ең қауіпті жер - балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз;

- егер де сіз түтінге толы подъезде қалып қойсаңыз, өкінбеңіз, шыға беріске қабырғаға сүйене отырып шығыңыз. Сол арада деміңізді ішіңізге тартып тұрыңыз, ал ең жақсысы ауыз бен мұрныңызды орамал немесе мойын орағышпен жауып алыңыз;

- лифтіні пайдаланушы болмаңыз, оны сөндіріп тастауы мүмкін;

- өрт төменнен жоғарыға дамығанда, жоғары қабаттың тұрғындары өте сақ болуы тиіс;

Пәтердің кіреберіс есігі өртен жағдайдағы іс-әрекеттер:

- оны ашпаңыз, әйтпесе от пәтеріңізге кіреді;

- көршілерге білдіртіңіз, олар сыртынан отты сөндіруге тырысып, дереу өрт сөндіру күзетін шақырсын;

- сол арада сіз ішінен есікке су құйғаныңыз жөн болар.



Ғимараттағы өрт жағдайларындағы іс-әрекеттер:

1. Үрей туғызбаңыз.

2. 101-ге телефон шалып өрт сөндіру және құтқару қызметкерлерін шақырыңыз, қай бөлмеде орналасқаныңызды хабарлаңыз.

3. Өрттің алғашқы басталу сатыларында өздігіңізбен сөндіруге тырысыңыз: өрт сөндіргішті, су, қар, құм немесе топырақ қолданыңыз, нығыз маталармен бүркемелеңіз.

4. Электр және газ приборларын өшіріңіз.

5. Барлық есік, терезелерді жабыңыз.

6. Өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарыңызды және ақшаларыңызды алыңыз.

7. Қосымша шығу орындарын, өрт баспалдақтарын қолданып, өрттің қауіпті аймағынан кетіңіз.

8. Егер бөлмеден шыға алмасаңыз, еденге жатып көмек күтіңіз немесе шығу орынына қарай жер бауырлап жылжыңыз.

9. Ылғал мата арқылы дем алыңыз. Тыныс органдарын түтіннен қорғаңыз. Түтінмен қаныққан ауаны бірнеше рет жұту, есіңізден танып қалуға әкеліп соғуы мүмкін.

10. Балконға шығыңыз, артыңыздан есікті жауып, көмек шақырыңыз.

11. Өрттен және ыстық өтуден сақтану үшін, ылғал нығыз маталарды қолданыңыз.

12. Кіріс есігін кілтпенен жаппаңыз.

13. Лифтті қолданбаңыз.



Лифтідегі өрт жағдайларындағы іс-әрекеттер:

1. Өрт туралы диспетчерге хабарлаңыз.

2. Лифтінің тоқтауын күтіп, жылдам кабинадан шығыңыз.

3. Лифт кабинасынан шыққан соң, есігін бекітіп тастаңыз.

4. 101-ге телефон шалып өрт сөндіру және құтқару қызметкерлерін шақырыңыз.

5. Егер лифт қабаттар арасында тоқтап қалса, диспетчерге хабарласыңыз, көмек сигналдарын беріңіз, өз бетіңізше есікті ашып, сыртқа шығуға әрекет жасаңыз.

6. Егер лифтіден шығу мүмкін болмаса, үрейленбеңіз, тыныс алу жолдарын матемен жауып, еденге отырып, көмек күтіңіз.

Адамның үстіндегі киімі жанған жағдайдағы іс-әрекеттер:

1. Өртті сөндіру үшін, жерге жатып аунау керек. Қолыңызбен бетіңізді, көзіңізді қорғаңыз.

2. Жанған киіміңізбен жүгірмеңіз, өрт күшейіп кетуі мүмкін.

3. Жарақат алушының денесін тығыз ылғал матемен жабыңыз. Егер қолыңызда ешнәрсе табылмаса, жалынды тоқтату үшін жанып жатқан адамды жерге аунатыңыз.

4. Зардап шегуші адамның басын бүркемеңіз, оның тыныс алу жолдары күйік алуы мүмкін.

5. Жанып жатқан киімді жылдам шешіп тастаңыз.

6. Суға сүңгіңіз немесе суға малыныңыз. Қарға жатыңыз.

7. Денеге жабысқан киімді ажыратып алмаңыз.

8. Жарақат алушыныға алғашқы көмек көрсетіп, тынышталдырыңыз және ауруханаға жіберіңіз.

Автокөліктегі өрт жағдайларындағы іс-әрекеттер

Автокөліктегі өртті бірден білуге болады. Кабинадағы жанармайдың немесе күйген резеңкенің иісі, қақпақ астынан түтін шығу – бұлардың барлығы тұтану мен өртенуге әкелетін факторлар.

Автокөліктің астына төгілген отынды өшіру кезінде өрт ошағының шетінен бастап ортасына бағыттап көбік немесе ұнтақ бере отырып өртсөндіргішті пайдаланыңыздар.

Қақпақ астындағы тұтануды өшіру кезінде оны абайлап және біртіндеп, мүмкін болса қырынан таяқпен немесе жөндегіш құралмен ашыңыздар, себебі бұл кезде жалынның ұшуы мүмкін. Өрт сөндіргішті ең оттың қатты жанып жатқан ошағына бағыттаңыздар немесе жалынды брезентпен жабыңыздар, құм, жұмсақ топырақ, қар лақтырып, су құйыңыздар.

Егер киіміңіз май немесе қолдарыңыз жанармайға малынған болса өрт сөндіруге кіріспеңіз, бұл өте қауіпті. Тұтануды тез жою мүмкіндігі болмаса автокөліктен қауіпсіз қашықтыққа алыстаңыз, себебі отын багі жарылуы мүмкін.

Ешқашанда жанып жатқан автокөлікке отырмаңыз және оны от алдыруға тырыспаңыз. Қауіпті аймақ арасында (10 метрден кем емес) адамдар болмауы керек.

Өрт сөндірушілерді күту кезінде от тарамау үшін маңайындағы автокөліктерге су құйыңыздар немесе өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілердің көмегімен оларды басқа жаққа жылжытыңыздар. Егер өртеніп жатқан автокөлік кабинасында адам болса, ал есік ашылмай қалса, есікті бұзып немесе шыныны шағу керек (жөндегіш құралмен, таспен немесе аяқпен). Зардап шеккен адамды автокөліктен алып шығыңыздар, «жедел жәрдем» шақырыңыздар және алғашқы медициналық көмек көрсетіңіздер немесе оны бірінші тоқтатқан автокөлікке отырғызып, нөмірін жазып алып немесе еске сақтап ең жақын орналасқан медбекетке жіберіңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет