Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет90/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Найзағай қайтарғыш - күркіреу разрядын қабылдап алуға және оны қорғаныс объектісіне емес, жерге түсуін реттеп отыратын құрылғы. Бұл күркіреу разрядты қабылдап алатын найзағай қабылдағыштан және найзағай тоғын жерге түсіруге арналған тұйықтағыштан тұрады.
3.2 Жарылыстармен туындайтын төтенше жағдайлар

Жарылыс – белгілі бір қашықтықта адамдарды зақымдайтын, энергия бөлінуімен және сығылған газдың түзілуімен (соққы толқыны) жүретін төтенше жылдам химиялық реакция.

Табиғи ортада жарылыстар әрқашан туындап отырады: жер сілікінісі кезінде, жанартаулар атқылағанда, табиғи газдар жарылғанда. Негізгі орын алатыны, адамның өнертабысы нәтижесінде арнайы жарылғыш заттардың (ЖЗ) дүниеге келуімен болған жарылыстар.



Жарылғыш заттар – жылудың әсерінен химиялық өзгеріске түсетін, жоғары қысымды және жылдамдықты газға ие болатын химиялық қосылыс немесе қоспа.

Жарылыстың ерекше сипаты оның жылдам өтуі. Жарылыс уақыты секундтың бірнеше мың бөлігінен тұрады. Жарылыс кезіндегі ЖЗ-дың таралу жылдамдығы 1000-9000 м/с. Температура он мыңдаған градуықа жетеді. Жарылғыш газдар белгілі бір қашықтыққа дейін өзінің қиратушы әсерін сақтайды.

Жарылыс салдары жарылғыш құрылғының қуатына және жарылыс болатын ортаға тәуелді.

Жарылыс күшін бағалау үшін тротил баламасы қолданылады.

Жарылыстың қиратушы факторлары: ауа соққы толқыны, газ ағымы, ұшқындар, жалынның жоғары температурасы, жырқыл сәуле, кенеттен шыққын дыбыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет