Пиротехникалық құрылғылардың жарылысы және оларға қарсы іс-әрекеттер
Көп жағдайда пиротехникалық құрылғылар: шартылдақтар, петардалар, жарылғыш пакеттер т.с.с. – жоспарланбаған жарылысқа әкелуі нәтижесінде адамдар жарақат алып, қаза болуы мүмкін.
Дайындалу технологиясы немесе сақтау талаптары бұзылу нәтижесінде (механикалық соққы алу, термиялық әсер және т.б.), кез-келген жарылыс қауіпті заттар өздігінен жарылуы мүмкін.
Фейерверктерді екі үлкен топқа бөлуге болады: жай және күрделі. Жай фейерверктерді пайдалануға арнайы білім және дағды қажет емес. Осындай заттарды нұсқауын назар қойып оқып шықса, техника қауіпсіздігін сақтаса, еш қиындықсыз өз бетімен пайдалануға болады. Күрделі фейерверктер - көңіл көтеру пиротехникаларының кәсіби түрі. Олардың сақталуы және пайдалануы қауіптің жоғары дәрежесімен байланысты, және маман емес адам оған шоуды қызықтаушы ретінде ғана қатыса алады. Жай дүкенде сіз ондай фейерверкті сатып ала алмайсыз.
Шартылдақтар – жаңа жыл фейерверктерінің ең көп тараған түрі. Сонымен бірге, ең қауіпсіз. Оларды қағаз немесе пластик цилиндрдан жасайды. Жібінен тартып қалған кезде ішіндегі үйкелісінен пиротехникалық құрамы жана бастайды және шартылдақтан түрлі-түсті конфеттилерді, серпантинді шашады.
Достарыңызбен бөлісу: |