Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КӘсіби педагогика


–  клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан  кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны.  Резидентура тыңдаушысы –



Pdf көрінісі
бет47/50
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#116807
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
– 
клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан 
кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны. 
Резидентура тыңдаушысы
– 
клиникалық мамандықтар бойынша 
жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің 
білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман. 
Рухани (діни) білім беру ұйымдары
– 
дін қызметшілерін 
даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары; 
Стипендия
– 
білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне 
және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара 
жабу үшін берілетін ақша сомасы. 
Стипендиялық бағдарламалар
– 
қазақстандық жоғары және 


94 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетел-
діктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып 
табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мем-
лекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар. 
Студент
– 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және 
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымында оқитын адам. 
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақ-
ханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
– 
мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, 
магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар 
беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай 
төлемдер. 
Сынып жетекшілігі
– 
педагог жұмыскерге сыныпта білім 
алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру 
бойынша жүктелген функция. 
Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі
– 
білім беру сала-
сындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақ-
тастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккре-
диттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына 
кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі. 
Тәлімгер
– 
өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы техно-
логияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға 
басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті 
жұмыскері. 
Техникалық және кәсіптік білім беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет