86
лаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім
берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін иннова-
циялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы.
Біліктілікті беру
–
тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде
жұмысты орындау үшін
қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім,
машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
Білім алу үшін арнайы жағдайлар
–
ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін
оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын,
арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және
өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеу-
меттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар.
Білім алушыларды
аралық аттестаттау
–
білім алушылардың бір
оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір
біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл
көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру
сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
–
олардың тиісті білім
беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе)
модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында
жүргізілетін рәсім.
Білім беру
–
имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан
дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында
жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.
Білім беру бағдарламасы
–
оқытудың
мақсатын, нәтижелері мен
мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске
асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау
өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының
біртұтас кешені.
Білім беру гранты
–
"бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері
берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы
төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген
шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.
Білім
беру кредиті
–
қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық
және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз
алушыға беретін ақша.
Білім беру қызметі
–
білім беру субъектілерінің мақсатты,
87
педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке
адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.
Білім беру мониторингі
–
білім беру процестерін жүзеге
асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің
серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін,
сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін
жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
–
білім беру сапа-
сының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке
адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне
сәйкестігін
белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары
мен әдістерінің жиынтығы.
Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау
–
басқа мемле-
кеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың
филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың бала-
малылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
–
білім беру қызметтерінің
сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді
тетіктерінің бар екенін растау мақсатында
аккредиттеу органының
белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін
тану рәсімі;
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
–
білім беру
ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен
жүргізілетін рәсім.
Гимназия
–
білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне
сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бо-
йынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарлама-
ларын іске асыратын оқу орны.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс
–
ғылым жетістіктері мен озық педа-
гогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің
жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет
түрі.
Ғылым
кандидаты, ғылым докторы
Достарыңызбен бөлісу: