95
ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын
және жетекші ғылыми-
әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Училище
–
мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Ұлттық
бірыңғай тестілеу
–
жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу
емтихандарының бір нысаны.
Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру ұйымы
–
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
Ұлттық зерттеу университеті
–
ерекше мәртебесі бар зерттеу уни-
верситеті.
Философия докторы (РhD)
–
Қазақстан
Республикасында немесе
одан тысқары жерлерде Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша
докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация
қорғаған
адамдарға
берілетін,
Қазақстан
Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.
Халықаралық мектеп
–
дербес әзірленген интеграцияланған білім
беру
бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат
Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институ-
ционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны.
Шағын
жинақты мектеп
–
білім алушылар контингенті шағын,
сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдас-
тырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
Эксперименттік алаң
–
жаңа педагогикалық
технологиялар мен
білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент
режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымы.
Экстернат
–
білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім
беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысан-
дарының бірі.
Элиталық білім – дарынды адамдарға
арналған маманданды-
рылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған
жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша
алынатын білім.