Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып
табылады. З.И. Калмыкова бұл
айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті
процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық
деңгейіне” негіздейді.
7. Ойлаудың функцияларына байланысты:
Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа
білімдерді тауып, негіздеумен байланысты
болатын ойлаудың түрі.
Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар
жөніндегі көзқарастар мен
пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты
болатын ғылыми дәйектелген сындық
пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.
8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:
Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.
Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде
шешу.
Достарыңызбен бөлісу: