Сорғының пайдалы қуаты – келтірілген сұйыққа сорғымен берілетін қуат:
, вт, (1.5)
мұндағы Q – (1-1) кейіптеме арқылы анықталатың, сорғы арқылы өтетін сұйықтың шығысы, м3/с.
Электр қуаты – электрқозғалтқыш клеммасындағы қуаты. Үш фазалы электрқозғалтқыштардың мына кейіптеме қолданылады:
, вт, (1.6)
мұндағы I – ток күші, а;
U – кернеу, в;
Сорғының пайдалы әсер еселеуіші – сорғының қайрат пайдалану тиімділігін көрсетеді. Сорғының ПӘЕ-і сорғы пайдаланған қуаттың жалпы (электр) қуатқа қатынасы:
. (1.7)
Сорғының жұмыс аймағы – сорғының руқсат етілетін ПӘЕ ескеретін жұмыс тәртіптер аймағы. ГОСТ бойынша сорғының максималды ПӘЕ-інен 7% өзгеруінен жұмыс істеу тәртіптеріне рұқсат етеді.
1.2 Ортадан тепкіш сорғының құрылғысы Ортадан тепкіш сорғының құрылғысы 1.1 суретте көрсетілген
1- кіру құбырша; 2 – жұмыс дөңгелегі.
1.1 Сурет - Ортадан тепкіш сорғының сүлбесі
1.3 Зертханалық қондырғы Зертханалық қондырғының сүлбесі 1.2 суретте көрсетілген
Қондырғының жалпы түрі 1.3 суретте келтірген. Су бактан 1 құбыр 2 арқылы сорғының кірісіне келеді. Сорғыдан кейін су құбырмен қайтадан бактің ішіне құйылады.
3-8 шарлы жапқыш көмегімен сорғыларды әр түрлі сүлбе бойынша қосуға болады.
Тура реттейтін реттегіш арқылы судың шығысын 0 ден максимум ға дейін реттеуге болады.
Қысымның құламасын электрондық дифференциалдық манометрмен 13 өлшеуге болады, тегеуірінді – электрондық манометрмен 12.
1.4 Қондырғының сипаттамасы Зертханалық қондырғы ортадан тепкіш сорғылардың сипаттамасын әр түрлі қ осқанда анықтау үшін құрастырылған.
Қондырғының құрамына екі сорғы, шығыс өлшейтін диафрагма, тұра реттейтін реттегіш, құбырлар, шарлы жапқыштар жене су құйятын бак кіреді. (1.2 суретті қара).
Қондарғыда вакуумметр, манометр, дифференциалдық манометр, вольтметр және амперметр өлшеулік приборларды орнатқан.
Сорғылар. 2 ортадан тепкіш сорғы WILO МР 603-ЕМ/С. Берісі Qопт = 8 м3/час; максимал тегурін Нмакс = 32 м; электроқозғалтқыштың қуаты Р1 = 0,84 квт, Р2 = 0,55 квт; кернеу: U = 220 в, 50- гц; максимал ток Iмакс = 4 а.
Шығыс өолшеу диафрагма ДФК. Диафрагманың тесіктің диаметрі d' = 17,669 мм; құбырдың диаметрі D' = 32 мм. Жапқыш инелі, микрометрлік, бөлігі – 0,1.
Құбырдың диаметрі d1 = 20 мм, d2 = 26 мм.
Қондырғыда вольтметр Э 378 0-250 в, 250 в және сандық амперметр DELIXI SX-48 – 5 a. орнатылған.
Жұмыстық орта – су. Судың тығыздығы rв20 = 998 кг/м3.