Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Орта мектепте шетел әдебиетін оқытудың жолдары»


Шетел әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері



бет3/8
Дата23.10.2022
өлшемі60,78 Kb.
#45038
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-72438

1.2. Шетел әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі болып табылады. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын танытып отырады, яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше деп санаймын. Әңгімелеу әдісінің тәжірбиемде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн. Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет. Көркем мәтінді бірінші не екінші жақта әңгімелеуде, автор баяндауын өзгертіп, мәтін мазмұны, негізгі айтар ойы өзгертілмейді. Тек бірінші жақта жазылса, оны үшінші жақта әңгімелеу талап етіледі. Әңгімелеудің бұл түрінің маңыздылығы оқушының тілін дамытады, кейіпкерлер іс -әрекетін түсінуге, талдауға баулиды. Әсіресе, бас кейіпкер атынан сөйлеу қызықты да, күрделі де болып келеді. Бұл жұмыста оқушылар кейіпкер іс-әрекетін тереңірек түсінеді, өз сезімін, толғанысын да арқау етеді.
Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:
а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.
ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады.
Оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отыратындықтан, қазіргі тіл үйренушіге қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Соңғы кездері оқушылардың мүмкіндіктерін ашып, белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятуға арналған жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады. Ол тәсілдер тіл үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша оқыту әдістемесі.
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты – оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі - белсенділікті арттырып оқыту. Бұл әдістемеге рольдік ойындар, өрнектеу (моделирование), диаграмма арқылы тіл үйрету, іскерлік ойындар т.б. жатады. Бұл әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: аудио-бейне құралдар, әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер, лайдпро, кодоскоптар қолданылып, үйренушінің тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Ақпараттар жиынтығын жақсы қабылдайды, белсенділігі жоғарылайды, өз бетінше естігенін, көргенін, байқағанын, бойға сіңіргенін ойда қорытады.
Рольдік ойындарды ойнаған кезде үйренушінің барлық қабілеті оның іс-әрекеті негізінде беріледі. Оның ойлауы мен іс-әрекеті қатар жүреді. Тіл үйренуші өткен материалдарды қайталау арқылы лексикалық та, грамматикалық та дағды қалыптастырады.
Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндігінше бұрыннан бар дағды, әдістерді басшылыққа ала отырып, оны түрлендіріп, жандандырып тәжірибеде қолданады. Бұдан ұтатынымыз – тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамытуға, әрбір тілдік материалға, қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым-қатынас жасай білуіне ықпал етеміз.
Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процессті ұйымдастырудың ең тиімді жолы.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай-ақ ағылшын тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері түсіндіріледі.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі әрі жиі қолданылады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талаптарға сай әрі екі немесе үш түстен болуы керек. Бұл әдістің сөздік қорды дамытуда орны бөлек.
Келесі әдіс – сұрақ-жауап әдісі. Бұл - балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға қолайлы. Өте белгілі де тиімді әдіс.
Практикалык әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады. Оқытушы ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. Оқушылармен түрлі әдеби-музыкалық ойындар өткізу – олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар сөйлемді оқығанда сөйлеу дикциясын дұрыс келтіріп үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.
Интерактивтік әдіс. Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне кезегімен әсер етуі. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интеракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін.
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.
Қазіргі әдебиет тану ғылымында Абай шығармалары мен неміс әдебиетінің өзара қатынасы аз зерттелген. Неміс әдебиетінің Абай шығармашылығына қандай дәрежеде әсер еткені, олардың өзара уқсастық шамасы айқындалған жоқ. Абайдың жеке өмірі мен ақындықжолының неміс әдебиетінде (шетелжәне отандық) бейнелеуін көрсету де тапшы. Абайдың білімді, көп оқыған адам екені белгілі, оны тарих, социология мәселелері қызықтырды, экономикалық, философиялық еңбектерді көп оқыды, қоғамдық ойдың дамуына ой жұгіртті. Немере інісі Кәкітайдың естеліктері американ саяхатшысы Дж. Кеннанның «Сібір және сүргін» (1906) атты кітабына енген жазбалары, сондай-ақ Ә. Бөкейхановтың ақынға арнаған азанамасы (1907) Абайдың көп оқып, ерінбей ізденгенін дәлелдейді. Абай орыс сыншыларының еңбектерімен таныс болды, неміс классикалық философиясы мен әдебиеті туралы көптеген мәліметтер жариялаған 19 ғ-дың 2- жартысындағы белгілі орыс журналдарын оқыды. Осы көзде Россияда И. В. Гетенің, Г. Ф. Шиллердің, Г. Гейненің, Э. М. Губер, П. И. Бейнберг, А. А. Фет т. б. тәржімелеген нұсқалары жарық көрді. Абай осы аудармалармен танысты. Абайдың жақын достарының ішінде «орыс немістері» Е. П. Михаэлис пен А. Л. Блек те бар еді. Абай 20 жыл бойы Михаэлиспен шынайы дос болды. Блек 1883-1884 ж. Семейде айдауда журіп, Абай да мүшесі болып сайланған Семей облыстық Статистика комитетінде жұмыс істеді. Абайдың Михаэлиспен және Блекпен көздесе жүріп, олармен Гете, Шиллер т. б. туралы әңгімелеспеуі мүмкін емес. Демек, Абайдың неміс әдебиеті женінде едәуір мағлүматы болды деуге толық негіз бар. Гете мен Абай шығармаларының терең салыстырыла оқытылуы екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін шебер аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің «Алматы. Қазақ көктемі» кітабына Абайдың патриархалды-феодалық көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы айтылады. Абайдың Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін аударғаныженіндегі мәліметтерді жазушы Рут Крафтың «Алатау аясындағы достар» деген очеркі мен «Катаринаға арналған раушан» (Берлин, 1971) жинағында айтылады. «Шетел жазу- шыларының лексикасында» Абай туралы өмірбаяндық деректер берілген. Мәдени-саяси «Зонтаг» апталығы оқушыларға Семей облысының Қарауыл қыстағында «Ақындар аллеясы» ашылып, Гете-Лермонтов-Абай мүсіндерінің орнатылғанын насихаттауда қазақ жазушысы Қ. Исабаев көп улес қосты. 1979 ж. оның тікелей қатысуымен Габельбахтағы Гете музейінде «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің тексі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. В. Веймердағы Гете музейінде өз қолымен жасаған Абай бейнесі бар «Қазақтың Гете аудармашылары» планшетін, Мүрсейіт қолжазбаларының суретке тұсірілген данасын және «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің музыкасы мен нотасын тапсырды. Абай шығармалары Германияда онша мәлім емес. Бұл алдымен неміс тілінде сапалы аудармалардың жоқтығына байланысты. Абай мұрасын Түпнұсқадан тікелей неміс тілінде тәржімелеушілер тапшы. Орыс тіліндегі аудармалардың деңгейі Түпнұсқадан гөрі төмен. Басқа шет елдегі сияқты Германияда да Абайды негізінен М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы біледі. Абай шығармаларын неміс тіліне аударуға неміс ақындары - Герберт Генке, Зени Эстеррейхер, Роза Пфлюг елеулі үлес қосып жүр. Аудармашы Герольд Бельгер Абай шығармалары туралы бірнеше ғылыми мақала және екі кітап жазды.
Шекспирден бастап Б.Шоуға дейінгі қаламгерлерін Әуезов мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ оқып білді,
«Қазақ жағасы бір сәрі - Еуропа әдебиеттерінен көп дүниеге көз қадап көрдім» деп ағынан жарыла жазуының сыры осында. Әуезов «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» мақаласында: «XVI ғасырда Англияның патшасы Елизавета деген әйел болатын. Ағылшын театры Шекспир мен Елизаветаның тұсында бұрынғыдан көп ілгерілеп, көп ірілеп кетті деп тарих айтады, Шекспирдің Гамлетін ойнап жүрген театр мен сол замандағы театрдың жайын салыстырып көрсек, ескі театрдың таң қалдыратын үлгісі көрінбейді, Шекспир театрынан соңғы заманда жалпы Еуропа театры заман өткен сайын тұр тауып көркейе берді» деп, Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орнына ерекше мән берді. Драматургия заңдарын «Глобус» театрының актеры болып жүріп терең ұғынған Шекспир соған сәйкестендіріп шығармалар жазуды қолға алды. Ол өзінен алдыңғы драматурттердей өмір мен күресті мифтік жағдайда емес, реалистік әдісте суреттеді, заманының ауыртпалығы шығармаларының көпшілігін трагедиялық сарында жазуына себепкер болды. «Еңлік - Кебектің» жазылуы «Ромео мен Джульеттаның» жазылуы сияқты, Еңлік пен Кебекке байланысты «қайғылы оқиға» Әуезов жазғанға дейін Шәкәрім мен Мағауияның жырлауында белгілі болса, Ромео мен Джульетта туралы Шекспирге дейін А.Брук дастан жазған. Шекспир шығармашылығынан шәкірт кезінде хабары бар Әуезовке бұл әдістің ықпал етуі әбден мүмкін. Бертін келе ол ұлы драматургтың «Огелло», «Асауға тұсау» атты екі шығармасын қазақшаға аударды. «Отеллоны» Б. Пастернак, А. Радлова орысшалаған. Әуезов ұлы жазушы Радлованың аударуындағы 1935 жылғы басылымын пайдаланды. Әуезовтің жеке кітапханасында Шекспирдің 1902-04 жылы «Ұлы жазушылар кітапханасы» сериясымен «Брокгауз-Ефрон» баспасы шығарған және 1937-49 жылы «Академиядан» шыққан толық жинақтары бар. Бұлар Шекспирді білуіне мол мүмкіндік берді. Ағартушылық дәуірінде Дж.Аддисон, Д. Дэфо, Дж.Свифт, Г. Филдинг дараланып шықты, бұлар бүкіл дүниеге танымал болды.
Осы дәуірдің екінші сатысында романтизм басты орынға көтерілді. Прозада С. Ричардсон (1689-1761), Т. Смоллетт (1721-71), О. Голдсмит, Л. Стерн, драматургияда Дж.Лилло, Э. Мур, Р. Шеридан айрықша көзге түсті. Ричардсон шығармалары Әуезовке ертеден таныс, «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деп аталатын мақаласында:
«Екі кісінің айтысуынан немесе екі кісінің жайынан туатын әңгімелер ертерек уақытта ағылшын әдебиетінде Грандисон, Ричардсон, Достоевский уақыттарында туылған» деп жазды («Шолпан», 1923, №4). Өйткені оның романтикалық бағыттағы, әсіресе, «Памела», «Кларисса Харлоу» романдары жас Мұхтардың ойына қозғау салған, ондағы романтикалық кейіпкерлердің суреттелу тәсілдері, сомдалуы өзі ойластырып, жазып жүрген шығармаларына жақын, сәйкес келетіндей болып көрінді. Бұл бағыттағы суреткерлер шығармашылығы алғашқы кездегі әңгіме-повесть, пьесаларын жазу кезінде ғана емес, кейінгі «Абай жолының» жол-жобаларын қарастырып, оның алуан қырлары мен сырларын іздестіріп жүрген шақтарында да ойын аударды. Әуезовтің еуропа әдебиеттерінен көп дүниеге көз қадап көрдім дейтіні де осы кезде.
«Екі сала әдебиеттер көрдім: Стендаль, Шатобриан, Альфред де Мюссе, Бенжамен-Констан, Булвер-Литтондар да, екінші сала - өмірді еңбекпен, шығармашылық еңбекпен түземек болғандар жайы: Ромен Роллан, Жан Кристоф, Стефан Цвейг - үш мистер, үш жыршы, Моруа-Байрон, Шелли» (папка №643, 9-бет) деп, өзінің қаңдайлық бағыт, өрістерге бой ұрғандығынан хабардар етеді. Әуезов Булвер-Литтон есімі ағылшын романтизмімен байланысты аталады. Ол лордтар палатасының мүшесі, 1832 жылы парламентке реформа жүргізілгенде халық алдында беделден айрылғаны үшін билік басындағыларды сынады, сөйте жүріп өзін толғандырған ойын шығармалары арқылы жеткізіп отырды. Алғашқы романдарында романтизм мен ағартушылықты қатар ұстанды, бұл қатарға «Поль Клиффорд», «Юджин Эрам» романдары қосылса, «Помпейдің соңғы күні», «Риенци - Рим трибундарының соңғысы», «Ақырғы барон», «Соңғы саксондық - Гарольд» романдарында тарихи тақырыпқа барды, сондағы мақсаты тарих қателігін қайталамауды көркем түрде жеткізу еді. Өз заманына көне мәдениеттің күйреу кезеңі деп қарады. Ол өмірді жаңа ағымға бейімдеп, сәнді, әсем түрде көрсетуді жақсы көрді, алдындағы ірі драматургтардың ізімен «Герцогиня де ля-Вальер», «Ришелье», «Леондық леди» сияқты тарихи драмаларын жазды. Чарльз Диккенс, Уйльям Теккерей, Джордж Ноэл Гордон Байрон т. б. Литтонның қатты еліктеушісі болды. Байрон «Гияур», «Абидос қалыңдығы», «Қорсар», «Лара» атты шығыс циклындағы поэмаларында сол еліктеудің әсерінен шыға алмаса, «Манфред», «Дантенің көрегендігі», «Қиямет елесі», «Дон Жуан» поэмалары романтизмнен реализмге ойысқандығын танытты. Әуезов «Абай (Ибраһим) Құнанбайулы (1845-1904)» атты монографиясында ұлы ақынның еуропа ақындарынан оқығандарынан: Гете, Байрон, философ білгіштерінен: Спенсер, Спиноза, Дарвин, Дрепер сияқты талайларды оқығанын жазса, Батыс Еуропа ақындарынан аударғандарының кейбіреулерін кұр аударма деп қарамай, Пушкин, Лермонтов, Байрон сарынымен жазылған шығармалар» деп тану керектігін ескерткен (12 томдық шығармалар жинағы, А., 1969, 286, 303-беттер). Әуезовтің өз кітапханасында көптеген ағылшын қаламгерлерінің туындылары кездеседі. Байрон мен Шиллердің «Брокгауз-Ефрон» баспасынан шыққан толық жинақтары, Диккенс, Джонсон, Шелли, Б. Шоу, Джойстың әр алуан кітаптары ағылшын әдебиетін тереңдеп білуіне септігін тигізді. Әсіресе осы әдебиет туралы зерттеулерді оқыған кездерінде өзінің дағдылы сызу белгілерін қойып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет