2.2 Альфонс Ламартин (1790 – 1869)
Шығармашылық ғұмырнамасы. Альфонс Ламартин Франция поэзия көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түсті. Ламартинның танымал өлең жинақтары “поэтикалық ойлар” (1820), “Жаңа толғаныстар” (1823), “Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта жаңғыртушылар оны бірден өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді.
Француз жұртшылығы әу бастан-ақ Ламартиннің әуезді де мұңға толы өлең- жырларынан тек діни және монархистік сарындарды ғана емес, басқа да өз жүректеріне тым жақын ырғақтарды сезініп, соларды бағалай білген еді. Ламартин өзінің ең жақсы өлеңдерінде ерекше бір ойшыл, сезімтал, даңғазасыз, оқшаулығы басым ақын ретінде көрінді. Оның ең сүйікті жанры лирикалық элегиялардың өзі сол кезеңде жоғары классикалық үнді одаларының немесе рококо дәуіріндегі сезімтал өлеңдердің дәстүрінде қалыптасқан француз поэзиясы үшін жаңалық еді.
Алайда бұл өлеңдердегі жанға жайлы әуез шын мәнінде мәнерлі дәстүрлі сөз саптауларын жоққа шығармайды, тек оны өзгеше бір сезімталдық өріске бағыттайды
2.3 Пьер Жан Беранже (19.8.1780 – 16.7.1857)
Француз ақыны. 1798 жылдан бастап өлең жаза бастаған. Беранже ода, гимн, дифирамб сияқты көтеріңкі жанрларды жасаушылардың бірі. Оның өлеңдері марш әні, үндеу әні, памфлет әні, сатиралық ән, публицистика, элегия болып келеді. Реставрация дәуірінде Беранже өзінің уытты сатираларында король өкілетін («Шексіз аз»), эмиграцияда жүрген топас дворяндарды («Маркиз де Караба», «Ақ кокарда»), католик дін иелері мен иезуиттерді («Әулие әкелер», «Албастының ажалы»), реставрация дәуірінің барлық қайшоқпарын селтіре сынады. Оларға қарсы Наполеон солдаттарының («Қарт сержант», «Қарт капрал») ұнамды бейнелерін жасайды және оларды отанның нағыз адал ұлдары деп есептейді. Осындай еркін байлылығы мен саяси сатиралылығы Беранже екі рет сотталып, абақтыда отырады. Беранже 1830 жылғы шілде революциясына қатысты, оның жеңісін жырлады. Ақын халықты бақытқа жеткізудің жолын утопиялық социализм идеяларынан іздеді. Солардың басшыларын мадақтады. 1840 жылы халық наразылығы оның «Топан су» атты өлеңінен айқын сезіледі. К.Маркс Беранжені «өлмейтін ақын» деп атады. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.П.Добролюбов оның әдеби мұраларын жоғары бағалады. Беранже өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударғандар Н.И.Дмитриев пен А.А.Дельвиг болды. 1850 ж. В.С.Курочкин мен М.М.Михайлов аударған өлеңдері халық арасына кең тарады. Совет ақындары П.Антокольский, В.Дмитриев, В.Левик, Вс.Рождественский де Беранже өлеңдерінен тамаша аудармалар жасады. Беранженің бірен-сараң өлеңдері қазақ тіліне аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |