Қорытынды Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар, фигуралар түрін меңгерту, теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге, бейнелі оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танытады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс аясында қазақ тіліндегі көркем әдеби кітаптарды басып шығару және оны тарату ісі біршама жолға қойыла бастады. Еліміздегі баспалардан жыл сайын әртүрлі сериялар бойынша шығып жатқан кітаптар аз таралыммен болса да, ең бірінші кезекте республика кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылуда.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын ұлғайтып, әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтетін бір сала – көркем аударма. Бұл бағытта да жергілікті аудармашылар, бүгінгі оқырманға қажетті де қызықты делінген шетел жазушыларының туындыларын тәржімалауда. Бұл өз кезегінде қазақ оқырмандарының әлем әдебиетімен өз ана тілінде сусыдауына мүмкіндіктер бермек.
Бүгінде «Туран-Азия» Холдинг-орталығы алыс-жақын шетелдік авторлардың үздік көркем туындыларының қазақ тіліндегі нұсқасын тәржімалап, бұрынғы басылғандарын жаңаша редакциялап шығарумен айналысып келеді. Өткен 2013 жылы француз жазушысы Александр Дюманың атақты «Үш Ноян»(тәржімалаған:Ә.Жұмабаев) және «Граф Монте Кристо» (2 том, тәржімалағандар: Ә.Жұмабаев, Қ.Жұмағалиев) атты кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқасы әрқайсысы 3000 таралыммен жарық көрді. Әлем әдебиетінің озық туындыларын қазақ оқырмандарына ұсынып келе жатқан холдинг-орталықтан бұған қоса жуырда Дэн Браунның «Да Винчи Коды» (тәржімалаған: Мекеев Б. Т.) және Агата Кристидің «Лорд Эджвердің өлімі» (тәржімалаған:С. Арпабеков) атты кітабын қазақ тіліне аударып басып шығарды.
Әлем классиктерінің озық туындылары қашанда оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыратындықтан, аударма кітаптар баспахана мен сөрелерде шаң басып қалмасы анық. Қанша жерден интернет дамып, электронды оқулық пен кітаптар қолданысқа ене бастаса да, қолға ұстап оқитын кітаптың қадір-қасиеті ерекше екені белгілі. Мұны әсіресе жас буын өкілдері терең ұғынуға тиіс.