Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет33/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Метилен көгі Метилен көгі
(боялған, тотыққан форма) (түссіз, тотықсызданған форма)
Егер метилен көгінің түссіз ерітіндісін ауада сілкісе, ерітінді қайтадан көк түске боялады: МС+Н2 + О2 → МС + Н2О2
Бірінші қайнатылған сынамада активті фермент және қайнатылмаған сынамалардың бірінде субстрат болмағандықтан оларда метилен көгі түссізденбейді.
Тәжірибе 12. Сүттегі витаминдерді ашу. Витаминдердің сапалық реакциялары қолданылады.
Тәжірибе 13. Сүттегі кальций иондарын сандық анықтау. Бір пробиркаға 1 мл 10 есе сұйылтылған сүт, ал екінші пробиркаға 1 мл су құяды. Екі пробиркаға да 0,5 мл-ден аммоний оксалатының қаныққан ерітіндісін қосады және 1 сағатқа қалдырады. Содан кейін сынамаларды 10 минут 3000 айналым жылдамдықпен центрифугалайды. Тұнба үстіндегі сұйықтықты пробирканы еңкейте отырып, құйып алады немесе шыны капиллярмен сорып алады. Пробиркалардағы тұнбаға 2 мл-ден 2 %-дық аммиак ерітіндісін қосады, тұнбаларды шайқайды және қайтадан центрифугалайды. Кальций оксалатының тұнбасы минералды қышқылдарда оңай ериді, ал әлсіз сілтілік ортада ерімейді. Сондықтан аммоний оксалатының артық мөлшерін 2 %-дық аммиак ерітіндісімен бірнеше рет (3-тен кем емес) тұнбаны шаю арқылы жояды. Содан кейін әр пробиркаға 1 мл-ден 5 %-дық күкірт қышқылы ерітіндісін қосады. Тұнбаны шыны таяқшамен араластыра отырып, толығымен ерітеді. Пробиркалар ішіндегісін 25 мл-лік қыздырылған 5 %-дық күкірт қышқылы ерітіндісі бар колбаларға ауыстырады және ыстық ерітінділерді микробюреткадан калий перманганатының 0,01 н. ерітіндісімен әлсіз қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.
Сүттегі кальций мөлшерін (мг %) келесі формула бойынша есептейді:

Мұндағы 0,2 – калий перманганатының 0,01 н. ерітіндісінің 1 мл-не сәйкес келетін кальций массасы (мг); V1 – тәжірибе сынамасын титрлеуге кеткен калий перманганатының 0,01 н. ерітіндісінің көлемі (мл); V2 - бақылау сынамасын титрлеуге кеткен калий перманганатының 0,01 н. ерітіндісінің көлемі (мл); 0,1 – сұйылту дәрежесіне кері шама.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет