Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет41/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Бақылау сұрақтары:
1. Витаминдер деп қандай заттарды айтады, олар қандай қасиеті бойынша жіктеледі?
2. Витаминдердің физиологиялық номенклатурасы неге негізделген?
3. Кофермент түзетін витаминдерді және олардың коферменттерін атаңыз.
4. В1 витамині қандай кофермент түзеді және оның әсер ету механизмі қандай?
5. В6 витамині қандай кофермент түзеді және оның әсер ету механизмі қандай?
3.3 Шайдың әр түрлеріндегі Р витамині мөлшерін анықтау (зертханалық жұмыс)


Р витамині (permeability - өткізгіштік) деп XX ғасырдың басында ашылған биофлавоноидты қосылыстардың комплексі аталады. Олар қан капиллярлары қабырғаларының өткізбеушілігін, беріктілігін ұстап тұруға қабілетті. Бұл витамин көк және қара шай жапырақтарында, цитрустардың қабығында, итмұрын (шиповник) жемістерінде, қара жемісті аронияда, қарақұмық, софора, спорыш гүлдерінде, иманжапырақ (подорожник), астрагал, долана (боярышник), талшын (каштан), емен жапырақтарында, қаражидек (черника), бүлдірген (земляника), таңқурай (малина) және т.б. жидектерінде болады.
Табиғи объектілерден 2 мыңнан флавон туындылары табылған. Қазіргі кезде көп зерттелген жəне қарапайым болып келетін биофлавоноидтардың бірі – рутин:

Бұл витамин гиалуронидаза ферментінің ингибиторы болады. Әдетте қан тамырларының өткізгіштігі, онда гиалурон қышқылы гетерополисахаридінің болуына байланысты. Егер организмде Р витамині жеткілікті болса, гиалуронидаза ферментінің активтілігі төмен болып және гиалурон қышқылы да ыдырамайды, соның нәтижесінде қан тамырларының өткізгіштігі де қалыпты болады. Ал бұл витамин жетіспесе, гиалуронидаза ферменті гиалурон қышқылын түрлі құрам бөліктеріне ыдырату салдарынан ұсақ қан тамырларының өткізгіштігі бұзылып, теріге және ішкі органдарға қан құйылады.
Қазіргі уақытта Р витаминін 50-100 мг мөлшерде капиллярлардың нәзіктігін және өткізгіштігін азайту үшін ғана қолданып қоймай, сонымен бірге ревматизм мен полиартриттерді емдеуге де пайдаланады.
Жұмыс барысы. Бұл жұмыста титрлеу экспериментінің нəтижелері алынады. Биофлавоноидтардың сандық анықталуы олардың калий перманганатымен тотығу қабілетіне негізделген. Шайдың 1 грамына (немесе 0,5 г-на) 50 мл қайнаған дистилденген су құяды жəне 5 минут бойы шайды экстракциялайды. Титрлеуге арналған колбаға 10 мл экстракт құяды, оған 10 мл дистилденген су қосады, 6 тамшы индигокармин индикаторын жəне оны 0,05 н. КMnO4 ерітіндісі бар бюреткадан тұрақты сары түске боялғанша титрлейді.
Зерттеу нысаны: шай сорттары.
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: электрондық таразы, 100 мл-лік өлшеуіш колба, 200-250 мл-лік конустық колбалар, 25 мл-лік бюреткалар, өлшеуіш пипеткалар, дистилденген су, 0,05 н. КMnO4 ерітіндісі.
Рутин мен калий перманганатының əрекеттесу реакциясы үшін эквивалент заңына сəйкес мына теңдеу жазылады:


 (1)

Колба мен пипетка көлемін ескергенде рутиннің бастапқы үлгідегі массалық үлесі мына теңдеу арқылы анықталады:




 • 100 % (2)

Эксперимент жүзінде 0,05 н. КMnO4 ерітіндісі 3,2 мг рутинді тотықтыратыны белгілі. Сондықтан шайдың құрамындағы рутинді анықтаудың 2-ші теңдеуін мына түрде жазады:




 • 100 % (3)

Мұндағы: V(KMnO4) – титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің көлемі (мл); VК – колба көлемі (мл); VП – пипетка көлемі (мл); m – үлгі массасы (г).


Шайдың құрамындағы биофлавоноидтарды анықтау үшін көк шайдың 3 сортын («Ассам», «1001 түн», «Император шайы») жəне қара түйіршіктелген шайдың 5 сорты («Пиала», «Lipton», «Ассам», «Симба», «Рахмет»), қара жапырақ шайдың 4 сортын («Lipton», «Ассам», «1001 түн», «Император шайы»), пакеттелген шайдың 4 сортын ( «Lipton (жасыл, қара)», «Жемчужина Нила», «Принцесса Ява») қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет