2 А.Байтұрсыновтың шығармаларын сабақ үрдісіне енгізудің әдістемесі
2.1 А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сыныпта оқытудың әдістемелері
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен төрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу ұсынды. Мұнда ұлтгық салт-дөстүр, тарих, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің өлемдік стандартына сай келгіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлтгық тарих, салт-дөстүрлерімізді еркін игеріп,пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердін бірі - қазақ халқы еді. Халқымыздың біртуар перзеңттері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Т.Рысқұлов, Х.Досмұхамедов, С.Қожанов т.б. осы зұлматгың құрбаны болды.
1997 жыл Қазақстан Республикасының халықтары үшін "Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарьн еске алу жылы деп жарияланды. Ел презденті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу тастай отырып, былай деген еді:
"Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай-ақ, басынан кешкен қасіреті өле-өлгенше санасында жаңгыртып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді...
Осы күнге жете алмай, зорлық пен зомбылық көріп, көздерін жұмған аталарымыз бен аналарымыздың, ағаларымыз бен апаларымыздың жандары жанатта болғай!". 1998 жыл "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл жұртшылықтың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, ұрпақтардың өзара байланысын дамыту жөне Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында « Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»,- деп жарияланды. Яғни, "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы - салт-дәстүрді келер ұрпаққа жеткізудің жолы. Сондықтан, осы жылдың басты идеясы аға, ұрпақ жинақтаған адамгершілік жөне өлеуметгік төжірибеге аялай қарау болып табылады". Демек, аталған жылдары жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруды көздейді.
Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүниетанымымызды кеңейтіп, жеке тұлгалар өмірінің тәлімдік мөнін зертгеуге баса назар аударып келеміз. Мәселен, 1990-1999 жылдар аралығында М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, Д.Бабатайұлы, Т.Шонанов, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев және т.б. еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері мен олардың ұлттық педагогикаға қосқан үлестері жан-жақты педагогикалық тұрғыда сөз болды. А.Байтұрсыновтың 125 жылдық мерей тойына орай "Ахмет Байтұрсынов тағылымы» және Қазақстан Республикасыңдағы Тіл туралы заңның орындалу барысы тақырыбына арнайы енгізілген конференцияда ғалымның мұрасын оқытуға байланысты төмендегідей мөселелер қарастырылды:
ұлы ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновтың 125 жылдық мерей тойына арналған конференциялар, жиыңдар "Ахмет тағылымы» атты семинар сабақ, оқулар өткізу;
барлық мемлекетгік жөне мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіпдің қолданылу аясын кеңейте түсіп, мемлекетгік тілді оқыту деңгейін көтеру. Сөйтіп, оны жеке адамдар арасындағы қарым-қатынаста, іскерлік байланыста жөне қазіргі кезден іс жүргізуде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты іспен айналысу;
А.Байтұрсыновтың еңбектері ең алғаш филология ғылымы тұрғысынан зертгелді Оны ғылыми түрғыда зертгеп, ғылымға қосқан үлесін айқындауда С. Сейфуллин мен М.Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз. М.Әуезов АБайтұрсыновтың оқу-ағарту саласына қосқан үлесін:"Ахаң ашқан қазақ мекгебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салган әдебиеттегі елшілдік ұраны - "Қырық мысал», "Маса», "Қазақ» газетінің 1916 жыдцағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын», - деп бағалайды. Орталық мемлекетгік архив деректеріне сүйенсек, А.Байтұрсыновтың көзі тірі кезінің өзінде-ақ, оның елу жылдық мерейтойын атап өту шараларына екі тұрғыдан қарағандар болғанын көреміз.
А.Байтұрсыновтың ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алгашқы ақындығы "Қырық мысалдан» (1909 ж, Петербург) басталатынын жазады. "Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезінде туындаған. Ол орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуде әдебиетгің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мекгеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылықпең қарсы күресіп, білім жолына үгіттеу ниетін ұстанады» - деп жазады.
Ал белгілі ғалым К.Құсайынов: "...тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үйлесімді сабақтастығын тауып, кейінгі маман қазақ лингвист-ғалымдарының еңбектерімен жалғасты. А.Байтұрсынұлы өз кезінде ешбір ғылыми дәреже, атаққа ие болмағанымен тіл білімі саласының іргетасын қалауішы ретінде таныллғаны еш дау туғызбайды,-дейді. Яғни, А.Байтұрсыновтың филология саласы бойынша айтылған ой-тұжырымдары, ғылыми-теориялық еңбектері жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда занды жалғасын тапқанын жоғарыдағы ғалымдар пікірлерінен аңғарамыз.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі әдістемесі, әдебиеті, аудармашылығы, ақындығы жайлы филология саласы бойынша біраз ғылыми-зертгеу жұмыстарының бар екендігіне көзіміз жетті. Ал, А. Байтұрсыновты мемлекет және қоғам қайраткері, тарихи тұлға ретінде айқындайтын арнайы ғылыми-зертгеу жұмысы жоқ болғанымен ғылыми мақалалар бар.
Мәселен, К.Нүрпейіс "Алаштың күрескер ұлы» атты мақаласында А.Байтұрсыновтың саяси қызметін, Алаш партиясындағы рөлін жан-жақты сарап ап көрсетеді. Академик М. Қозыбаев XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозгалысының өзіндік ерекшеліктерін, соның ішінде сол қозғалыс көсемдерінің бірі - А.Байтұрсынов өмірінің тарихи келбетін ашып: "Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың ipi құбылысы, феномені. Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан да, Байгұрсыновтану шын мәнінде ғасыртану десе де болады.
Ендеше, Ахаң болмысы жан-жақты ашылғанда ғана ұлттың ұлы перзетінің қырлары мен сырлары ашылады, әлемдік ұлт-азаттық қозғалысына қазақ халқының қосқан сүбелі үлесі сомдалады. Сөз жоқ, бұл болашақтың ici. Ахаң, ең алдымен, Ресей шығысының ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі. Алаш қозғалысы ең аддымен XIX ғасырдағы ағартушылар қозғалысының жалғасы, оның жоғары сатысы. Абай заманында ағартушылық ұлтымызды өркениетке таныстыру кезеңі болды. Белгілі тарихшы Т.Омарбеков, А.Байтұрсыновтың патша манифесі ықпалымен Қарқаралының Қояңды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған, тарихымызда "Қарқаралы петициясы» деген атпен белігі болған, 11 баптан тұратын құжатты жасауға белсене қатысқаңдығы жөніндегі мәліметті жан-жақты талдайды. Осы мәселе жайлы М.Әуезов Ахметгің 50 жылдық тойында сөйлеген сөзінде былай деп көрсетеді:
"1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: біріншіден - жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші - қазақ жүртына земство беруці сүраған. Үттгінттгі - отарпіылардың орыс қылмақ саясатынан қүтылу үшін қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ipi мәселелер осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған". Демек, А.Байтұрсыновтың қазақ елінің тәуелсіз дамуьша алғаш талап еткен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі екен.
Ал, А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі философиялық көзқарастар әлі де болса жан-жақты зерттелмей келеді. Дегенмен де, А.Қасабеков, Ж.Алтаевтардың "Қазақ философиясының тарихына кіріспе», "Философия жене мәдеңиеттану» атты еңбектерінде қазақ философиясының тарихи даму ерекшеліктері, оның пайда болу, қалыптасу тарихы туралы айта келе, А.Байтұрсыновтың "Қазақ өкпесі», "Тәні саудың-жаны cay», "Қазақша оқу жайынан» атты мақалаларындағы ағартушылық-философиялық пікірлер білдіргенін сөз етеді. Белгілі философ О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV начала ХХвв» атгы еңбегінде АБатұрсыновтың "Әдебиет танытқыш», "Маса» еңбектеріндегі философиялық көзқарастарына талдау жасай отырып: "АБайгұрсынов сол кезенде жарыққа шыққан философиялық еңбектерді жақсы меңгерген. Әйтпесе, тіл, сөз өнерінің құдіретін философия ғылымын терең түсінбей соншалықты саралау мүмкін емес еді. Себебі, мұнда адамның табиғатқа қатынасы, табиғат әлемі мен адамның ішкі жан дүниесінің apa қатынасы философиялық тұрғыда терең талданған» - деп бағалаиды.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерін зерделегенде оның өмірі мен сан-салалы қызметі, отбасы, заман өзгеруіңе сәйкес ғұмырындағы елеулі өзгерістермен терең таныспау мүмкін емес екені белгілі. Ал, мұндай мәліметтерді берегін басты орындар бұл - мемлекетгік орталық архив қорлары, ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қоры, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және облыстық архивтің деректері. Соның ішінде, орталық мемлекетгік архив қорындағы А.Байтұрсынов туралы деректерге қысқаша шолу жасасақ, мұнда оның өмірі мен қызметін қамтитын құжаттар 1893 жылдан басталып, 1936 жылғы қыркүйектегі бұйрықпен аяқталады. Біз ҚРОМА-нен басқа жерлерде тұпнұсқасы кездесе бермейтін, оеынау құнды деректерді АБайтұрсынов мұрасымен тереңірек танысам деген оқырман қауымға көмегі тиер деген ниетаен төмендегідей хронологиялық кесте түрінде реттеп, бірізге келтіріп ұсынамыз.
Бұл деректерді үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа: Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі құжаттар; Орынбордағы мұғалімдер школасы, Далалық генерал-губернатор канцеляриясы, Торғай, Ақмола, Семей облыстық басқару ұйымдары және т.б. Онда А.Байтұрсыновтың Орынбор мұғалімдер мекгебіндегі оқуы, бағалары қойылған табелі, мұғалім мамандығын беру туралы куәлігі және 1900-1917 жылдар арасындағы саяси-ағартушылық қызметінен хабардар ететін мәліметтер. Екінші топқа: 1917 жылдардағы Уақытша Үкіметтің-Торғай облыстық комиссарының және Торғай облыстық басқармасының құжаттары. Мұнда А.Байтұрсыновтың саяси-қоғамдық қызметінен мол мәліметтер бар. Оның Торғай облыстық басқарма ісіне араласуы, Орынбордағы жалпы қазақ съезіне қатысуы, 1-2 Торғай облыстық қазақ съездері туралы деректер. Үшінші топқа: Қазревкомның, Орталық атқару комитетінің, Халық ағарту комиссариатының және басқа кеңес ұйымдарының құжатгары.
Архив деректеріне сүйенсек, А.Байтұрсыновтың ғұмырында 1920 жылдардан бастап ipi де елеулі өзгерістердің орын алғанына көз жеткіземіз. Яғни, Қазревком төрағасының орынбасары, Қазревком ішкі істер бөлімі меңгерушісі, Орталық атқару комитетінің мүшесі, Халық ағарту комиссарының орынбасары, Халық ағарту комиссары, Академиялық Орталық төрағасы болып жүрген кездерінде қазаққа "қазақ» атын қайтару, жерінің тұтастығының сақталуына, жергілікгендіру саясатына, Қазақ Автономиясын құру, сауатсыздықты жою, ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсету, қазақ мектептерінің негізін қалау, білім жүйесін реттеу, оқу-ағарту мәселесінің жандануына, төл оқулықтар жазу және тарату, Қазақстанды зертгеу қоғамының негізін салу, тіл саясатын көтеру, қазақ жазуын реформалау, баспасөзді көтеру т.б. істерде көшбасшы, ipi тұлға болғанының куәсі боламыз.
Міне, осындай деректерді оқып-үйрену, зертгеу арқылы А.Байтұрсыновтың қысқа ғана өмірінде келер ұрпақ болашағының жақын болуы үшін бар ғұмырын күреске арнаған XX ғасырдың ipi тұлғасы болғандығына көз жеткіземіз. Демек бірегей тұжалардың бірінің өмірі арқылы "тұлға» мен "тұлға», "қоғам» мен "дәуір» қосбірлігін зерделей отырып, оның жеке бастық, қайраткерлік қасиеті арқылы болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлгі-өнеге етуге толық мүмкіндік туады.
А. Байұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңыш жарияланған санындағы "Құрметгі оқушылар», "Мектеп керектері», "Қазақша оқу жайынан», "Орысша оқушылар"атгы мақалалары дәлел. Автордың бұл мақалаларының мазмұнына үңілсек, оның негізгі мақсаіы-бастауыш сатыны өркендету және ондағы білім сапасын арттыру, ол үшін кәсіби шебер мамандар даярлау, мұғалімнің біліктілігін жетілдіру үшін педагогикалық білім беруді ғылыми негіздеу болғанын байқаймыз. А.Байтұрсынов бұл мақсаттарына жетгі де. Оның "Баяншы», "Оқу құралы» т.б. ғылыми-әдістемелік еңбектері көп ұзамай дүниеге келген еді. Сонымен қатар, ол осы мақалаларында қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің ілгері баспау себептерінің бірі - қоғамдағы саяси-әлеуметтік теңсіздік, үкімет және қазақ бай -шонжарларының тарапынан болған озбырлық десе, екіншіден-жоғары және орта оқу орындары жоқ болғандықтан шолақ оқумен қалатын аздаған қазақ балаларының тілмәш, писарь болып шен қуып, шекпен табуға көшуі деп қынжылады, балаларының болашғына сылбыр-салақ қарайтын қазақ атқа мінерлерінің ой-өрісінен де хабар береді.
А.Байтұрсынов тек күндізгі білім беру ісіне ғана емес мектеп жасынан асып кеткен ересектердің сауатын ашу мәселесіне де ерекше көңіл аударды. Ол үшін: Сауат ашқыш. Дыбыс әдіс жолымен төртіптелген қазақша әліп-биді жазды. Архив деректерінен оның ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісінде де аянбай еңбек еткеніне көз жеткізуге болады. 1920 жылғы 8 қырқүйектегі және т.б. халық комисеариатының мөжілісінде кешкі мектеп үшін оқу бағдарламалары, жоспарлары және сауат ашу кітаптарын шығару ісін көтеріп отырды.
Осы мәжілісте денсаулық сақгау және халықгы әлеуметгік қамсыздандыру мәселелері, қазақ еңбекшілеріне тегін білім беру ici заң жүзінде бекітілуі сұралған. Архив қорында АБайтұрсыновтың жетім балалар жайын жақсартып, олардың мүмкіндігінше білім алуына жағдай жасағандығы туралы көптеген мәліметтер бар. Осы жұмысты орындауға байланысты "Балалар апталығын» ұйымдастыратын комитеттің халық комиссариатының арнайы қаулысы бойынша құрылуын талап етті. Демек, А.Байтұрсынов мұраларындағы ең негізгі мәселелер - оқу-ағарту ісін жандандыру, қазақ алфавитін жасау еді. Ахметгің жаңа әріпті енгізуге байланысты идеясын замандасы - Т.Шонанов былай қуатгайды: "...Ахметгің жаңа алфавиті мен жаңа еліппесі біздің мәдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемдік мәдниетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа алфавитгің халық мекгептерінің өркендеуі жолында алып адым жасағаны анық» Алфавит мәселесінен басқа Ахметгің үкіметтен талап еткен мәселелерінің тағы бірі -жергіліктендіру саясаты еді.
Т.Шонановтың Ахаңның 50 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде: "Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы соңдай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң - күрделі түйға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқймыстысы», - деп әділ бағалаған.
1920-1929 жылдар аралығында ғалым еңбектерінің шарықтау шегі болған. Көптеген еңбектері жарыққа шықты. Олар туралы жақсы ойлар баспасөз беттерінде жарық көрді. Ал, 1937 жылы ғалымның жазықсыз жазаға ұшырауымен оның еңбектерін жариялауға тиым салынуына байланысты ол туралы жағымсыз көзқарастар туды. Мәселен, Ғ.Тоғжановтың "А.Байтұрсынов жөне байтұрсыновшылдық туралы», А.Сембаевтың "Қазақ-совет мектебінің даму тарихы», Қ.Жарықбаевтың "Қазақ психологиясының тарихы» , С.Мұқановтың "Есею жылдары» атты еңбектерінде А.Байтұрсынов туралы кертартаа, сыңаржақ пікірлер білдірілді. Мысалы, С.Мұқановтың "Есею жылдарында»: "Советгік құрылыстың алғашқы жылдарында-ақ араб алфавиті қазақ жазуын қанағаттандыра алмайтынын көрсетті. Бірнеше әрпі қазақ тілінде жоқ, қазақ тілінің бірнеше әрпі онда жоқ. Осы қиындықты біреулер (әсіресе АБайтұрсынов) оңай шепшек боп, араб әрпінің түсін өзгерге бастады: "б» әрпі - астында екі ноқат тұрса, "жаңашылдар» сол сызықтың астына үш ңоқат қойып, арабта жоқ, қазақта бар "и» әрпін жасады. Осындай жаңалықтар көп болды. Соның бірі» әліптің қасына» қол салу. Олай ету -қағаз басатын қазақша машинка жасау мәселесінен кеп туды. ...Қиындықты жеңілдету үшін "жаңашылдар» шүбалаңқы әріптердің "құйрыған» кесіп, кассаға сиярлықтай етіп шүнтитқан, осы "науқанның» кезінде "артық тұр» деп "әлітің» де қасын жұлған»,- деп А.Байтұрсыновтың араб әліп-биін жақтап, латынға көшуге қарсы болған іс-әрекетіне өзіндік пікірін білдірген.
Қаулыны жүзеге асырудың алғашқы сөзін Мұстафа Қайыпназаров КазАПП съезіндегі баяндамасында (1932 жылы 26-29 февраль) айтса, Өгебай Тұрманжанов"КазАПП-тың I сьезі не деді ?" атты мақаласында "Алашорда оқығандарын (жазушылар) төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де қазақ еңбекшілерінің, пролетариатгың дұшпаны болды дейміз. Еңбекшілердің досы емес, қасы болды дейміз» ("Әдебиет майданы» журналы 1932, М94, 3 бет) деп шығандатып жіберді.
Бірлескен қаулыда аты аталған Ғ.Тоғжанов өзінің қатесін түзету мақсатымен, "Большевик Казахстана» журналының 1932 жылғы 5 - санында "Байтұрсынов және байтұрсыновшылдық туралы» мақала жазып, бұрыннан айтып, жазып келген ойларынан теріс айналды» деген пікірлерден мұндай тұлғалардың өз пікірлерінен бас тартып, солақай саясатгың шоқпарын соғу жолына ауытқу себептерін аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |