|
|
бет | 9/10 | Дата | 21.04.2023 | өлшемі | 132,3 Kb. | | #85337 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын сабақ үрдісіне енгізудің әдістемесі (2)ҚОРЫТЫНДЫ
Қазірге кезде студенттерге болашақ мамандығына сай кәсіби шеберлікті меңгерту басты орын алады. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері үшін тәрбиешілер, бастауыш саты үшін мұғалім даярлауда тәрбиеші тұлғасын қалыптастыру мәселесіне аса зор көңіл бөлу қажет. Себебі, баланың кісілік келбетінің қалыптасуы отбасымен, тәрбиешінің тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. өйткені, тамырын тереңге салмаған шыбықтың өіп-өнбейтіні сияқты, өз халқының рухани негізінен нәр алмаған бала жан-жақты дамыған азамат болып өсе алмайды. Тәрбиеші өзінің бойындағы эстетикалық талғамды, адамгаршілік пен сезімталдықты, шыдамдылық пен бауырмалдықты жетілдіре отырып, жеке басы мәдениетімен бүлдіршін жүрегінде өшпес із қалдырады. Бұрынғы ойшылдарымыз «тәрбиешінің өзі алдымен тәрбиелі болу керек»,-деп тегін айтпаған. Педагогика, психология ғылымдарының зерттеулері бойынша тәрбиеші тұлғасына қойылатын негізгі талаптар: балаға деген, тәрбиешілік қызметіне деген махаббат, жоғары дамыған интеллект, жалпы мәдениет, адамгаршіліктің жоғары дәрежесі, кең эрудиция, педагогикалық интуиция, тәрбиенің түрлі әдістерін терең әрі кәсіби меңгеру деп көрсетілген. Бұл қасиеттер туа бітпейді. Оның бәрі тәрбиешінің өзін-өзі жетілдіру жолындағы жүйелі іс-әрекетінің, талмас еңбегінің арқасында келеді. Мұғалімдер мен тәрбиешілер көп, ал олардың ішінде қабілеттілер мен таланттылардың саусақпен санарлық болуы да кездейсоқтық емес екені анық. Тәрбиеші тұлғасына қойылатын қосымша талаптарға: әртістік, шеберлік, жақсы талғам және көтерінкі көңіл күй жатады екен. Яғни, негізгі және қосымша талаптардың бірлігі тәрбиеші тұлғасын құрайды. Қоғамдағы қалыптасып жатқан жаңа жағдайлар тәрбие мақсатына жаңаша талаптар қояды. Мұндай талаптар қоғам қажеттілігіне байланысты туатындықтан олардың өзгермелі, уақытша болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Демек, болашақ бастауыш саты мұғалімінің бойында болатын білім, білік, дағды және қарым-қатынас мәдени педагогикалық колледж табалдырығында қалыптасып жүйеленуі тиіс.
Қазіргі бастауыш білім беру бағдарламасында оқу мен тәрбие берудің төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алынады:
дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);
дүние танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми білім, біліктер).
А.Байтұрсыновтың 1914 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Әліппесінде» ұлттық тіліміз бен дініміздің бай мұралары оқушының жас ерекшелігіне байланысты айқын таңдалып берілген. Онда мақал-мәтел, жаңылтпаш, жер-cy, үй хайуанаттары, ыдыс-аяқ атаулары өте қызықты әрі балаға түсінікті тілмен берілген. Осы Әліппе 1928 жылы Қызылорда қаласында толықтырылып қайта өңделіп басылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы – олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге оқу үрдісіндегі баланың маңызды психикалық қызмметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Егер, ана тілі сабағын ізгілік сабағы дейтін болсақ, ондағы барлық материал жеке тұлғанаң рухани құндылықтарын дамытуға бағатталып, оның бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыратындай мазмұнда болуы шарт деп естейміз. Сонда ғана жеке тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасып парасатты азамат болып өсетіні даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|