Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облысы білім басқармасы



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі29,96 Kb.
#17708
түріБағдарламасы
1   2   3
2 Тақырыптық жоспар


№ р/с

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы



Оқытудың күндізгі нысанындағы оқу уақытының көлемі

Белгіленген деңгей

Жоғары деңгей

Орта буын маманы

1

2

3

4

5




Оқу тәжірибе













1 тарау

Электр монтаждық жұмыстар







*

1

1.1.тақырып

Сым, арқан және кабель кесу









*

2

1.2. тақырып

Кабельдерді тарқату









*

3

1.3. тақырып

Сымдарды бір-біріне дәнекерлеу









*

4

1.4. тақырып

Сымдарды сұлбада дәнекерлеу жұмыстарын орындау









*

5

1.5. тақырып

Сымдар мен кабель талсымдарын жалғау және ұштау









*

6

1.6. тақырып

Орнатушы, бекіткіш бұйымдарды және шамдалдарды жинақтау









*

7

1.7. тақырып

Жарықтандырушы электр тартылымдарын жинақтау









*

8

1.8.тақырып

Электржабдығын жерлендіруді жинақтау









*

9

1.9. тақырып

Электр тартылым трассалары үшін құрылымдарды жинау









*

10

1.10. тақырып

Қорғаныстық құбырлардың және металл жеңдердің төсемі









*

11

1.11.тақырып

Қорғаныстық құбырлардың және қораптағы сымдардың төсемдері









*

12

1.12 тақырып

Жинама, қалқан және пульттерге кабельдік кірмені жинақтау









*




Кәсіптік тәжірибе бойынша қорытынды







72


1 тарау Электр монтаждық жұмыстар

1.1 тақырып Сымдарды, арқандарды және кабельдерді кесу

Сымдарды, арқандарды және кабельдерді кесу мен шабу кезіндегі механизмдер, құралдар және айлабүйымдар. Сымдарды, арқандарды және кабельдерді кесу тәсілдерін көрсету және түсіндіру. Сымдар мен арқандарды орау және жаймалау.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: сымдарды, арқандар мен кабельдерді кесуді және шабуды орындау; кабельдің ұшын қаптау.
1.2 тақырып Кабель тарқату
Күштік және бақылау кабельдерімен жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс орнын ұйымдастыру. Күштік және бақылау кабельдерін тарқату тәсілдерін көрсету және түсіндіру.

Өндіріс жұмысы үшін құрал-саймандар, механизациялау құралдары. Кабель­ жинақтауға арналған материалдар, кабель массалары және компаудтар.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: күштік құрышталған кабельдерді тарқату; қоңыраулы бақылау кабельдерінің ұштарын тарқату; жалғастырғыш үшін кабельді тарқату.
1.3. тақырып
Сымдарды бір-біріне дәнекерлеу
Дәнекерлеу мен қалайлылау туралы түсінік. Қалайлылау кезінде қолданылатын айлабүйымдар. Дәнекерлер. Қалайлылау тәсілдерін көрсету. Сырғанау ішпектердің материал туралы мәліметтер; ішпектерді құю үшін айлабүйымдар; ішпктерді құю тәсілдерін көрсету.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: 100 мм2дейін қимасы бар мыс шиналардың ұштарын қалайлылау; 100 мм 2 қимасы бар болат жолақтардың ұштарын қалайлылау.




1.4. тақырып
Сымдарды сұлбада дәнекерлеу жұмыстарын орындау

Дәнекерлеу жұмыстарын орындау барысында әрбір студент сұлба бойынша қауіпсіздік техникасын сақтай отырып лабораториялық қорек көзін құрастыру



1.5. тақырып

Сымдар мен кабель талсымдарын жалғау және ұштау
Электрлік түйіспеге қойылатын талаптар. Алюминийден жасалған сымдар мен кабель талсымдарының жалғану ерекшеліктері. Сымдар мен кабель талсымдарын жалғау және ұштау тәсілдері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Механикалық қыспақтардың көмегімен алюминий және мыс талсымдарын үштау. 16-240 мм 2 сығымдаумен қима сымдарын және кабель талсымдарын жалғау және ұштау. Түйіспелі қыздыру тәсілімен сымдар мен кабель талсымдарын пісірі және дәнекерлеу. Кабель талсымдары мен сымдарды термит және газбен балқытып біріктіру. Термиттік және газдық балқытып біріктіру көмегімен сымдар мен ка­бель талсымдарын жалғауды өндірістік оқу шебері жариялап көрсетеді.

Жұмысты өндіру құралдар, материал, аппаратура және механизация құралдары. Жұмыс барысындағы қауіпсіздік шаралар.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: сымдар мен кабель талсымдар ұштарынан оқшауламаны алу; жалғау үшін сымдар ұштарын дайындау; ұсақ қималардың бір талды сым ұштарына сақиналар жасау;

бір- және көп талсымды кабельдер, бір- және көпталды сымдарды ұштау және сымдар мен талсымдарды қыспаққа қосу;

люстралық қыспақтың көмегімен сымдарды жалғау; баспақ құрылғысымен және жұмысымен танысу; басу тәсілімен алюминий талсымдарымен үшталсымды кабельді жалғау және ұштау; бірсымды мыс (S= 1÷ 2,5 мм2) сымдарын және (S= 2,5 мм2) алюминий сымдарын дәнекерлеуге дайындау; мыс сымдарын дәнекерлеу; түйіспелі қыздыру тәсілімен жалғау үшін 16÷ 240 мм2 қима сымдарын және айлабұйымдарды дайындау; пропан-бутанды жанарғымен танысу; термиттік және газдық балқытып біріктіру үшін жабдықтар, сымдар мен кабель талсымдарын дайындау.
1.6 тақырып Орнатушы, бекіткіш бұйымдарды және шамдалдарды жинақтау
Жарықтандырушы құрылғылар, жарықтандыру және жарықтық шамалар туралы негізгі мәліметтер. Электр станциялары мен қосалқы станциялардағы электрлік жарықтандыру қондырғыларының сипаттамасы. Жарық көздері, шамдал түрлері және олардың қолдану саласы. Шамдалды зарядтау мен жинақтау. Жарықтандыру қондырғыларының құрылғысы және жіктелуі, оларды монтаждау. Жарықтандырушы электр тораптарын қорғау.

Жоғары және төмен қысымды газразрядтық шамдар. Іске қосу реттеуіш аппара­тура. Сынап доғалы және люминисцентті шамдарды қосудың сұлбалары.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: шамдал құрылғыларымен танысу, оларды талдау және жинау; шамдалдарды зарядтау; жиналған тізбекті шамдалды жинақтау; шылдырлату; электрді тарту үшін штампелді розеткалар, ажыратқыштар, электр қоңыраулар, патрондарды талдау, тексеру, жинау, қондыру және қосу. Пәтерлік және өндірістік жарықтандырушы қалқаншалардың сұлбаларын жинау және тексеру; жарықтандырушы қалқаншаларды жинақтау;

Күндізгі жарық шамдалдарының элементтеріне тексеру жүргізу, оларды жи­нақтау;


1.7 -тақырып Жарықтандырушы электр тартылымдарын жинақтау
Жарықтандырушы электр тартылымдар түрлері. Жарықтандырушы электр тартылымының трассаларын көздеу және элементтерін дайындау. Ашық, жасырын электр тартылымдарын жинақтау технологиясы, құбырлардағы, сауытталмаған кабельмен, арқан мен ішектердегі, қораптар мен науадағы электр тартылымдарын жинақтау технологиясы.

Электр тартылымдарын қазіргі заманға сай индустриалдық жинақтау әдістері. ЩОС-4 жинақы жарықтандырушы шина сымдарының көмегімен электр тарты­лымдарын монтаждау технологиясы.

Жарылыс және өрт қауіпті аймақтардағы жарықтандырушы электр торапта­рын жинақтау ерекшеліктері. Жарықтандырушы электр тораптарындағы жинақтау жұмыстарын орындау үшін қолданылатын құралдар, айлабұйымдар және механизмдер. Жұмысты өндіру үшін ерітінділер, материалдар, қондырушы және бекітуші бұйымдар. Жұмыс өндіру қауіпсіздік шаралар.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: жинақ жарықтандырушы шинасым секциясының көмегімен қораптар мен науалардағы, арқандар мен струналардағы, жасырын тартылым құбырларында, сауытталмаған кабельмен, жазық сымдармен берілген сұлба бойынша жарықтандарушы электр тораптарын жинақтау; тізбекті кернеу бе­ру жолымен тексеру.



1.8- тақырып Электржабдығын жерлендіруді жинақтау
Қорғаныстық жерлендіру туралы жалпы мәлімет, жерлендіруші құрылғылардың элементтері, жер қабаттары. Жерлендіруге жатқызылатын электр қодырғыларының элементтері. Ішкі және сыртқы контур. Жерлендіру түрлері, оларды жер қабатына батыру, сызықтарды қосу, жерлендіруші өткізгіштердің жалғау жері.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: ішкі және сыртқы жерлендіру контурын орындау тәсілдері; жерлендіру құрылғыларды жөндеу; жерлендіру контурын өлшеу; ішкі жерлендіру контурына жалғау; басқару аппаратура мен қозғалтқыштар ішкі жерлендіру контурына жалғану; тасымал құрал- саймандарды жерлендіру.


1.9- тақырып Электр тартылым трассалары үшін қүралымдарды жинақтау
Шамдалдарды қондыру орындары мен трасса тартылымдарын белгілеу. Ажыратқыш, розетка, тармақталу қорап, бекіту жақшаны орнату.

Ұштық анкерлік тіліктердің қондырғысы. Ішектердің созылуы. Трассалардың төсемдері үшін инженерлік құрылыстарды пайдалану. Қабырға мен төбе арқылы өткелдер.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: қабырғалар мен панельдерде тартылым трассаларын белгілеу; бекітпе арматура бұйымдарды қондыру.
1.10 -тақырып Қорғаныстық құбырлардың және металл жеңдердің төсемі
Құбырларда төсемдер қолдану саласы. Химиялық орта мен ылғалға байланысты, өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі бойынша бөлмелерді топтастыру. Құбырлардың жалғану тәсілдері, қораптың нормаланған элементтері. Құбырларды ашық төсемде бекіту.

Винипласт құбырларға тартылым трассаларын төсеу, құбырларды жалғау, нормаланған бұйымдар. Құбырларда ашық тартылымдарды орындау тәсілдері. Айырбасталатын және айырбасталмайтын электр тартылымдары.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: құбырлық тартылымға трасса белгілеу; бекіту бұйымдарды таңдау; құбырлық тартылымды орнату және жинақтау.
1.11 -тақырып Қорғаныстық құбырлардың және қораптағы сымдардың төсемдері
Қорапа, науалар және қорғаныстық құбырларда төсемді орындау мен қолдаңу саласы. Сенімділігі мен бағасына қарай төсемдерді бағалау тәсілі. Науалар, қорап және қорғаныстық құбырларда төсем технологиясы. Сымдар мен кабельдерді дайындау, жаймалау, орнату (тарту). Кабель мен құбырлардың диаметрін қабыстыру.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: тартылымды орындау; оның орындалуы үшін бекіту бұйымдар мен элементтерді таңдап алу.


1.12 -тақырып Жинама, қалқан және пульттерге кабельдік
кірмені жинақтау

Кабельді тарқату. Құрал-сайман. Ұштарын бітеу және оларды орындау (қүрғақ және компаундтық). Болаттық, пластмассалық, құрғақ, Кабельдерді бекіту. Адасқан токтан қорғаныс шартымен металдық воронка жерлендіру. Кабель мен тарты­лымды сынау нормалары.

Білім алушылар орындайтын жаттығулар: күштік немесе бақылау кабельдерін тарқату және оларды қалқандар мен жинақтарға қосу; шылдыр және қыспақ қатарға қосу; тартылымның оқшауламасын сынау.


4 Әдебиеттер мен оқу қуралдары
1. Козловский Н.С., Виноградов А.Н., Основы стандартизации. М.:Машиностроение, 1982

2. Макиенко Н.И. Слесарное дело с основами материаловедения. М.: Высшая школа, 1973

3. Дубинин А.Д. Приемы слесарных работ. Москва,1973

4. Кроповицкий Н.Н. Общий курс слесарного дела. М-Л, Машиностроение, 1971

5.Никифоров В.М. Технология металлов и конструкционные материалы. М, Высшая школа, 1988

6. Гринберг Д.Е. Разметчик механических цехов. Ленинград, Машгиз,1956

7. Цигольский В.Л. Электросварщик Москва, Высшая школа,1967

8. Горбунов Б.И. Обработка металлов резанием. Москва, Машиностроение, 1981

9. Кувшинский В.В. Фрезерование. Мсоква, Машгиз, 1958

10. Ятченко С.В. Токарное дело. Москва, сеоьхозиздат,1960

11. Дорошев К.И. Эксплуатация комплектных Ру 6-220кВ. М.: Энергоатомиздат,1987

12. Мусаэлян Э.С. Наладка и испытание электрооборудования электрических станций и подстанций. Москва, Энерогатомиздат,1986

13. Пантелеев Е.Г. Справочник электромотажника «Монтаж и ремонт КЛ». М.: Энергоатомиздат,1990

14.Ройзенман М.И. Трансформаторы. Ремонт магнитопроводов трансформаторов. Москва, Энергия,1979

15. Зевин М.Б., Рифонов А.Н., Электромонтер-кабельщик. Москва, Высшая школа, 1989

16. Худяков З.И. Ремонт трансформаторов. Москва, Высшая школа,1977

17. Справочник по ремонту и технологическому обслуживанию электрических сетей. Под редакцией Антипова К.М. Москва, Энергоатомиздат,1989

18. Крючков В.И. Обслуживание и ремонт электрооборудования подстанций и РУ. Москва, Высшая школа,1989

19. Дорошев К.И. Выключатели и измерительные трансформаторы в КРУ 6-220 кВ. Москва, Энергоатомиздат,1990

20. Гемке Р.Г. Неисправности электрических машин. Ленинград,1989



21. Коротков Г.С. Реомнт оборудования и аппаратуры РУ. Москва, Высшая школа,1984

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет