Сәндік қолданбалы өнер элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық Қасиеттерін арттыру кіріспе



Дата15.10.2023
өлшемі431,5 Kb.
#115393
түріСабақ



СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Кіріспе
Баланы жастан жақсы ілімге жетелеп, жадының әлем-жәлем жаңғырықтарға толып кетпеуін қадағалауымыздың өзіндік сыры қатпар-қатпар.
Қолданбалы өнер тек ою-өрнек қана емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, ең-түс, сабақтасатықты жан-жақты шығармашылықпен ойландаратын тәрбие құралы.
Қолданбалы өнер игеру-оқушыны еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.
Басқа пәндер сияқты сәндік-қолданбалыы өнер құралдарымен жұмыс істеуді уйрете отырып, білімі мен шеберлігін қалыптастырады.
Оқушының ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау;
Өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, қоғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылықпен жұмыс істеу тілегі, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлық;
Ою-өрнек халықтық өнердің ежелден келе жатқан бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс-тіршілігіне, тұрмыс салтына орай өзгеріп, жетіліп отырған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнері қайта түлеп, бай мазмұнмен жаңа түр тауып, материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр.
Өнердің басқа түрлері секілді, ою-өрнекте оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуда әсері мол. Оқушы тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт сөздермен танысады.
Оқушыларды оқуға саналы қарауға тәрбиелеу, танымдылық, белсенділік пен ой еңбегі және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеттері негізінен бұйымдар жасау барысында, яғни кілем эскизін жасау, кілем өрмегі тарихын білу кезеңдерінде жүзеге асырылады.
Қолданбалы өнер-түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Сәндік-қолданбалы өнер элементтері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың шығармашылығын ғылыми түрде ұйымдастыру ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруды қажет етеді.әрбір пән өздерінің жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейінне қарай іріктеп қолданылады. Тиімді жақтарын жетілдіре түседі, деген көрнекті педагог В.А. Сухомилинский. Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құрған сабақ болып қалмас үшін ол қызықты болу шарт. Осыған қол жеткізгенде ғана жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесіне айналады деп айтқан.


Қызықты сабақтар ғана мұғалімнің ашқан жаңалықтары, өзіндік әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Балалардың өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына, дамуына әсер ететін нәрсе –еңбек.
Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім берудегі дамыту тұжырымдамасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ғана білім беру сапасы жаңа деңгейіне алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді.
Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрлері мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып білім беруге, еңбек етуге үйрету қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында елімізді әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынғаны баршамызға белгілі.Ондай дәрежеге жету үшін біздің еліміз жахандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып қана қоймай,әрқашан қатаң бәсекеге әзір тұрып,оны өз мүддемізге пайдалана алатындай қабілетті болу қажет.Сондықтан да «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бүгінгі күннің ең басты талабы.
Болашақ ұрпақты эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде,халықаралық өнер әлемін дұрыс түйсіне білуге үйретуде бейнелеу өнері пәнінің орны зор.
Экономикалық тұрғыда алсақ,кез келген өндірісте сапалық жағынан ғана емес,әсемділігімен де таңдандыратын өнімдер шығарып жатсақ,бәсекелесу деген сол.
Мектептің бастауыш сатысындағы «Бейнелеу өнері» пәнінің негізгі функциясы мектеп оқушыларының табиғи қабілеттерінің дамуына ықпал ететін көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Білім берудің алғашқы кезеңінде композиция құрастыру, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер бойынша білім, білік, дағдыларының негізі қолданады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік,эмоционалды құндылық тәжірибелерін тереңдетіп байыту болып табылады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін бейнелеу өнері ең сүйікті де қызықты пәндердің бірі.Сондықтан,бейнелеу өнері сабағы кезінде, бағдарлама бойынша жүретін тақырыптардың мазмұнын әдіс-тәсілдерін өзгертіп,дәстүрден тыс тәсілдермен байланыстырып жүргізсе,балалардың өнерге деген қызығушылығы артып, дүние – танымын кеңейтеді.
Оқушыны бейнелеу өнеріне қызықтыру үшін,бейнелеудің неше түрлі техникасының сырын ашып,оларды өз беттерімен өмірде қолдана алатындай ету керек.
Мысалы, жай ғана натюрмортты алайық.Оқушы көріп тұрған түстерін қылқаламның көмегімен керек жеріне жағып бейнелеп шығады дейік.Осылай 2-3 натюрморт бейнеленгеннен кейін,әлгі оқушы мұндай жұмыстан жалыға бастайды.Сондықтан осы бір ғана натюрмортты неше түрлі техникада бейнелеуге болатындығын айтып,іс жүзінде бейнелеп көрсету.Осы натюрмортты гризайль, аппликация, мозаика техникасын пайдаланып көрсетуге болады, тағы басқа техника түрінде бейнелесе,оқушылардың ойлау қабілеттері дамып,бейнелеуге деген қызығушылық қасиеттері одан әрі дами түседі.Бейнелеу өнерін қабылдауы және өзіндік көркемдік іс-әрекеті арқылы жеке қабілеттері дамиды. Өнерге, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастыру арқылы,оқушының әр түрлі техникамен орындалған жұмыстары, өз бетінше көркем-шығармашылық іс-әрекеттер туғызады.
Қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа берілетін білім іскерлік дағдылар,оқушының ынталылығына,қызығушылық,білім құмарлық талап-жігерлеріне қарай оқытылу мәселесі көзделуде. Осы тұрғыда мұғалім-ұстаздарға қойылатын жаңа бағыттағы талаптарда молшылық,.
Бүгінгі кезеңде ұлттық мектептерде бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жан-жақты дамыту әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге баулу мәселелері кеңінен қолданылуда.
Осыған орай сабақтың көптеген тақырыптары халық қазынасымен, мұрасымен, ауыз әдебиетімен байланысты жүргізіліп отыр. Есте сақталатын халық ауыз әдебиетінің көрнекті салалары болған ертегі, аңыздар, әңгіме, жұмбақ, мысалдар балалар шығармашылықтарына арқау болудың озық үлгісі.
Ал,шығармашылық ой-қиял деген балалық шақ кезінен басталады. Шығармашылық ойын, оқу-іс әрекетінен,айналадағы қоршаған табиғат сырын көріп-біліп, оқып үйренуден басталады. Мысалы, оқу бағдарламасында бейнелеу өнерінде барлық сыныптарда күрделі тақырыптар кездеседі. Міне, осы кезде баланың жас ерекшеліктеріне байланысты тақырыпты бала ойына жеткізу үшін мұғалімнің ізденісі қажет. Өйткені, бұл тақырып баланың жадында қалып,қызығушылықпен орындауы керек. Осы талаптарды бастауыш сынып оқушыларының жас деңгейіне байланысты қарапайым заңдылықтармен жүзеге асыру қажет. Бейнелеу өнерінің бағдарламасы бойынша, затқа қарап сурет салу,күзгі жапырақ және жеміс-жидек салудан бастап, 3-4 сыныптарда 2-3 денеден құралған натюрмортпен жалғасады. Бір көзге қарағанда қарапайым заттардың суретін салу оңай болып көрінгенімен,сауатты сурет салу барысында, біршама қиындықтар кездеседі.Аз уақыттың ішінде оқушыларымыз жеміс-жидектерді,күзгі жапырақтарды біркелкі етіп бояп тастайды. Бұл ,мұғалімнің тарапынан кеткен үлкен қателік. Кез-келген көлемді заттың арасындағы реңдік қатынастар, яғни жарықтан көлеңкеге дейін баратын баяу қатынас.Олар: жарық. жартылай көлеңке, көлеңке, рефлекс, заттың жерге түскен көлеңкесі.Осы заңдылықтарды орындау арқылы заттың көлемі анықталады.
Бастауыш сыныптарда салынатын суреттердің дені табиғатқа,ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзін қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес,оқушылар живопись жанрының алуан түрлі тақырыптық суреттерін салып,бояулар әлемінің түсін меңгеру басталады.
Осы ретте түстану,түстер ерекшелігін аз да болса ғылыми тұрғыда түсінік берген дұрыс. Жалпы, түстану ғылымы өте күрделі сала. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым, түр-түстану ғылымы деп аталады. Живопись-белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын шығарма.Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі-ғылыми жолмен, екіншісі-халықтық дәстүр тәжірибе жолымен танып біледі. Жалпы, өнерді түсіну адамның бойына табиғи түрде келмейді,адам кез-келген нәрсені қарайды, көзбен көреді, бірақ бейнелі көру сезімі болмайды. Бұл қабілет кішкене кезден кірпіш болып қаланатыны сөзсіз. Кез-келген көзге көрінбейтін қарапайым көріністен сұлу бейне,таңғажайып дүние,фантастикалық образ шығуы мүмкін.
Көз алдыңызға елестетіңіз, бұрышта өрмекшінің өрмегіне торға түскен жәндік-Суретші көзімен, қағаз бетінде көркем бейне пайда болады. Ескі үйдің қабырғасынан,түсіп қалған дақ орнынан алуан түрлі образдарды көруге болады. Аспандағы будаланып, бұйраланып жатқан көшпе бұлттардан фантастикалық образдарды, суретші көзімен көркем туынды жасайды.
Сиқырлы қылқаламның ұшымен бояулар әлемінің құпиясын ашатын балалар әлемінің қиял-ғажайып ертегісі ұшан-теңіз.Көптеген оқушылар шығармашылық тақырыпта жұмыс істеуді қиынсынады.Осы кезде мұғалімнің бірден бір міндеті, балаларға дұрыс тақырып таңдау және таңдауға көмектесу. Мысалы, оқушылардың жазғы демалалысы кезіндегі «Ауыл» тақырыбына байланысты сурет салғанда, мынадай мысалдар келтіріп, балаларды қызықтыруға болады». Ат арбамен отын тасып келе жатқан балалар».Ауыл балалары сабақтан тыс уақыттарында үй шаруасымен тығыз араласып, малға қарау, отын жинау, бақша күту т.б. жұмыстарды атқаратынын,пейзаж композициясын таңдауда да.өздерінің жаздағы шомылатын жерлерін, орман, егіс алқабында қызықтап қараған,ұнаған жерлерін еске түсіру керектігі айтылады.Міне, осылай әр бала өздері композициялық шығарманы құруды үйренеді.
Балаларды шығармашылық қиялын дамытудағы міндет- оларды заттар мен құбылыстарды жай ғана көшіруге емес,көркем заттар мен құбылыстарды өсерлі бейнелеуге бағыттау.Соның нәтижесінде пайда болған айқын бейнелер балаларды жағымды көңіл күй және сезімін оятады.Орындалған бейненің,көріністің сәтті шығуы эстетикалық көзқарасының, талғамының дамуына мүмкіндік жасайды.
Бейнелеу өнері-эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін құралы.Бастауыш сынып кезінде бейнелеу іс-әрекеті баланың жеке басының жан-жақты дамуына айналадағы дүниені тануына ықпал етеді. Оқушыларды көру, сезіну, қабылдау, түсіну қабілеттерін қалыптастыру және әсемдікті өздері жасай алатындай етуге баулиды.
Жалпы, түйіндеп айтсақ бейнелеу өнері сабағы барысында тәрбиенің алуан түрлері жүзеге асады.
1. Ақыл-ой.
2. Эстетикалық..
3.Адамгершілік.
4.Еңбек.
1.Ойша елестету. Бала ақыл-ой операциялары негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.Олар іс-әрекетке кірісер алдында, теориялық білімдерін жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді.
2 Эстетикалық тәрбиеде-айнала қоршаған ортадан әдемілікті көре білуге, еленбейтін заттан сұлулықты көруге баулиды.
3 Адамгершілік тәрбие-жақсыға сүйсіне білуге,жаманға жек көре қарауға,өнердің алуан түрін көріп,сезіп,тыңдау арқылы,рухани жан-дүниесін байыту,өз өлкесінің әсем табиғатымен,өз халқының өнеге боларлық әдет-ғұрпымен ұлттық өнерін сүйіп,кең түрде танысуға жол ашады.
4. Еңбек-адамдар жасаған заттардың өн бойында олардың еңбегі жатыр.Адамдар адам үшін, оның бақыты үшін жасаған өнер игіліктері әсемдік ретінде қабылданады.Осы тәрбиенің барлық сыртқы сұлулығы бір жерге түйіскенде, эстетикалық талғаммен адамгершілік қасиеттер үйлесім табады.Осы үйлесімді бала бойына сіңіру біздер бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің негізгі міндеті деп білемін.
Жалпы,түйіндеп айтсақ, бейнелеу өнері арқылы рухани, адамгершілік көркем мәдениеттің мұрагері етіп тәрбиелеу.Суретші көзімен қарайтын көрермен тәрбиелеу.
Нағыз суретші, ақын болу жүздің бірі, мыңның бірі.Ал, көрермен әрқайсымыз болуымыз мүмкін.Жай көру бар,көркем көру бар.Өнерді түсіне білетін,өнерді бағалай,саралай білетін Суретш-Көрермен тәрбиелеу.
Қолданбалы өнер- түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Қай мектептің аймағында болмасын, аға ұрпақтың өкілдері өз халқының ою-өрнегін, өнерін біледі. Жас мұғалімдер олардан өз ісіне жан-жақты көмек алып, шәкірттеріне халық өнерін үйрете алады.
Қолданбалы өнер тек ою-өрнек қана емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс, сабақтастығы жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы.
Ою-өрнек халықтық өнердің ежелден келе жатқан бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде.
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша «Орнамент» көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин, мағынасы сәндеу, әсемдеу.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бұл өнер, бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Біздің заманымызға дейін 6-7 ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлерінде бір-бірімен тығыз байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғым бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден-жер-су, көшіп қону, үшіншіден- күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың бейнесін береді. «Ою» -белгілі бір затты ою ( тас, ағаш, темір), кесу ( ағаш, сүйек), тігу ( былғары, тері): қию ( қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады.
Мысалы: бұрынғы ру тайпалары малдың денелеріне, ен таңбалары, діни сенімдері негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және т.б.
Жалпы ою-өрнектер атауларын мағынасына қарай мынадай етіп жіктеуге болады.
«Жұлдыз өрнегі » -ай-күн, жұлдыздағы көк аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер.
« Қошқар мүйіз»- малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
«Бұғы мүйіз»- аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
«Тышқан із»- құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
«Қарлығаш»-құстарға байланысты өрнектер.
«Мақта оюы»-жер-су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер және т.б.
Халқымыз ежелгі замандардан бері еңбек етумен қатар, уақыт ағымымен бірге өнерін де ұдайы дамытып отырды. Солардың бірі халқымыздың сәндік-қолданбалы өнері.
Қолданбалы өнер тарихи-экономикалық, саяси- әлеуметтік жағдайларға байланысты әр заманда әр түрлі сатыда дамып, түрленіп отырды.
Халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына Алдыңғы және Орта Азия, Шығыс Европа скифтері мен Қиыр Шығыс, Сібір, Алтай халықтарының ықпалы зор болды.
Ерте кездерден-ақ көршілес жатқан мемлекеттермен мәдени қарым-қатынас нығайып, саяхат, сауда жасау арқылы, әр мемлекет бір-бірінен өнердің озық үлгілерін үйреніп, жетілдіріп отырған.
Ал, енді қолөнер дегеніміз не, оның адам өміріндегі қызметі қандай? Қолөнердің қандай салалары бар деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Қолөнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық өнерінің сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп, жаңарып икеліп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейді.
Қолөнер адам баласын әсемдікке, нәзіктікке деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Ол арқылы біз үлкен рухани- эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз.
Кіп-кішкентай түймеден бастап, толып жатқан үй жиһаздары, ат әбзелдері, қару-жарақ, музыка аспаптары, кілем, киім-кешек, ыдыстар, әсемдік, сәндік бұйымдарының барлығы да халық қолөнерінің туындылары болып саналады.
Қолөнер бұйымдарын көркем эстетикалық талғаммен, нақышына келтіріп өрнектеп, әшекейлеп шығаратын адамдарды қолөнер шеберлері дейміз.
Әрбір шебердің өзі сүйетін материалы мен сол материалды ұсатып, әшекейлеп-өңдеуде меңгерген өз тәсілі болады.
Қазақ шеберлері көп қолданылатын материалдарға ағаш, металл, тері, былғары, тарамыс, қайыс, жүн, жіп, ши, қамыс, мата, тас, бояу, сүйек, мүйіз тағы басқалары жатады.
Аталған материалдарды өңдеп, әшекейлеп әр түрлі бұйымдар жасау үшін қолданылатын тәсілдер: ою, қашау, құю, шеку, өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, өру, тоқу, иіру, бедерлеу, тігу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, дәнекерлеу, құрсаулау, т.с.с. болып кете береді.
Әртүрлі ою ойып, ою-өрнек үлгілерін жасайтын адамдар оюшы, ағашты көркемдеп өңдеп, одан түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе ағаш ұстасы дейміз.
Темірден түйін түйіп, әртүрлі өндіріс құралдарын соғатын адам темір ұстасы, ал түрлі металдар мен тастарды пайдаланып, өте нәзік сәндік бұйымдарын жасайтын шеберлерді зергер деп атайды.
Осы сияқты істейтін ісінің ыңғайына қарай әр шебер: тігінші, кестеші,, өрімші, бәдізші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы, т. б. болып атала береді.
Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс-тіршілігіне, тұрмыс салтына орай өзгеріп, жетіліп отырған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнері қайта түлеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып, материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысымызда жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығырмашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлардың тарихы бар. Қазақ халқы өздерінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім –кешек тігуді, азық-түлік өңдіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күн тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән салтанат та құра біледі. Бұдан біз халық шығарммаларының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтардың қоғамдық өмірімен, қоғамның тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, сырмақ, кілем, аяқ қап, алаша, ши, түрлі бау басқұрлар тоқып, арқан жіп есіп, тері илеп қайыс, таспа тіліп, өріп әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, бесік және тағы басқа көптеген заттарды, халық шеберлері өнерпаз өз қолдарымен жасап әшекейлейтін болды. Саз балшықты күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа көз жасап, оны тұтанғышилеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Халықтың қолөнерінде мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы қайыс өру, қару жарақ жабдықтары еді.
Өнердің басқа да түрлері секілді, ою-өрнекте оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуда әсері мол.Оқушы тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт болған сөздермен де танысады.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері бол,ан. Соған қарамастан барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі- «мүйіз» тектес ою-өренк болып саналады.Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем ,алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз,даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен қатар ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Ою сөзін латынның ornamentum ( орнамент), ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.
Ою-өрнектер композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөледі:
1.Өсімдік типтес ою-өрнек.
Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні, т.б.негізгі элементтері көрінеді.
Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң-құс, балық т.б. түрлі жәндіктердіжәне олардың мүшелерін бейнелейді.
Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай, торкөз т.б.ққұралады.
Жоғарыда аталған негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданылатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар:
а) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ, т.б.
ә) Заттардың атауына байланысты өрнектер балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ, т.б.
б) Эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір зеттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
в) Ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері: тұмар, айшық,, босаға, абақ, тарақ, көз, шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай,т.б.
Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері- бай мұра, сарқылмас қазына.
«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып , тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: қошқармүйіз, арқармүйіз, бұғымүйіз, қырықмүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз, сынықмүйіз, төртқұлақ, түйетабан, сыңарөкше, қосалқа, құсқанаты, қазтабан.Қолөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланады. Мұны көбіне заттың шет бұрыштарын, кебеже, жүк аяқ, киіз үй, кілем, түс киіз, түп киіз беттерін әшекейлеуде қолданылады.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күгнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды,бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нұсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оқушы ою-өренк жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны « мүйіз» тектес ою-өренктер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау , қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін тұспауылдан пайда болған.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді. Халқымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл әрі берік болу жағын қарастырған.
Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден –ақ барлық түрінде арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді.Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болады.
Халқымыздың мәдени тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті.
Жаңадан көркем-кәсіпшілік орындары ашылып , олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде.
Ою-өрнек үлгілерін жасаушылар ойлап тапқан сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркемдігіне баса назар аударады.Сондықтан қазіргі ою-өрнектерден композициялық жағынан нақты әрі мейлінше жетілдірілген шаршыою, араласөрнек сияқты жаңа түрлерді жиі кездестіреміз.
Оның үстіне бұйымды көркемдеуде әрбір жануар мен аңның, құстың бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмі, сондай-ақ оған арналған мәні де байқалуы тиіс.
Композиция- латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы, ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек, сол себепті қолөнер шебері салынатын бұйымның бетіндегі жазықтықтың мөлшерін өлшеп алу керек.
Ою үшін симметрияның маңызы зор. Оюдың екі жағы бірдей болуы үшін симметрия заңдылықтарын берік сақтауымыз керек. Белгілі бір бұйымға ою қию үшін ең алдымен қағаздан үлгі қиылады, ал екінші ою-өрнекті әрлендіре түсетін бояу түрлері талғаммен қолданылады. Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар.Көк түс аспанның символы, қызыл түс- оттың, күн көзінің символы, ақ түс- ақиқаттың, қуаныштың,бақыттың символы, қара түс- жер символы,сары түс- ақыл парасаттың, қайғы мұнның символы, жасыл түс- жастықтың, көктемнің символы,с.с.т.б. Оюлардың бір-бірімен үндесіп,жарасым табуын колорит дейді.
Колорит –көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі.Оюды қиғанда симметрия заңдылықтарынан басқа, ырғақ сақталуы керек.Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі мән беріледі.
Қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар.
Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм (ырғақ ) дейді.
Мысалы: қошқармүйіз элементінің бірнеше рет қайталанып отыруын- ритм дейді. Ал қошқармүйіз өрнегі 5,6,7,8 рет қайталанып шексіздіккке ұласқан шетою жасайды.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сурет сабағы- эстетикалық тәрбиенің алғашқы ғана бастамасы.
Оқушылар мектепке келісімен сурет сабағында түрлі заттың бейнесін салуды үйрене бастайды.
Сурет сабағының алғашқы күндерінен бастап танымдық мақсатпен оқушыларға қарапайым ою үлгілерінен сурет салдырып, қидырып үйрете бастай керек.
Мұндай сабақтар оқушыларға дәстүрлі қолөнерімізді үйренуге жағдай туғызады.
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны — ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Соңдықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ою-өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрінен саналады. Біз осы еңбегімізде бұрын-соңды әдебиеттерде жазылып, өмірде күні бүгінге дейін жиі кездесетін мұралар мен қазіргі шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталған ою-өрнектердің 200-ден астам түрімен таныстырамыз. Бірақ осынша көне әрі тың да жауапты мәселені әңгімелемес бұрын кейбір ғылыми деректерге біраз тоқталып өтейік.
Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествосын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің Отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Европа мен Америка ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В. Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф. Т. Куглердің, советтік ғалым С. В. Ивановтың, В. В. Стасовтың , Ф. К. Волковтың, С. А. Давыдовтың, Н. Ф. Сумцовтың, А. А. Боголюбовтың, В. Чепелевтың, А. Н. Бернтамның және казақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың, Э. Масанрвтың, М. Мұқановтың және тағы басқаларының зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құңды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының кандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) т. б. кайдан шықты екен дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер есімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі түрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою-өрнек
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны — ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Соңдықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ою-өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрінен саналады. Біз осы еңбегімізде бұрын-соңды әдебиеттерде жазылып, өмірде күні бүгінге дейін жиі кездесетін мұралар мен қазіргі шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталған ою-өрнектердің 200-ден астам түрімен таныстырамыз. Бірақ осынша көне әрі тың да жауапты мәселені әңгімелемес бұрын кейбір ғылыми деректерге біраз тоқталып өтейік.
Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествосын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің Отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Европа мен Америка ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В. Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф. Т. Куглердің, советтік ғалым С. В. Ивановтың, В. В. Стасовтың , Ф. К. Волковтың, С. А. Давыдовтың, Н. Ф. Сумцовтың, А. А. Боголюбовтың, В. Чепелевтың, А. Н. Бернтамның және казақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың, Э. Масанрвтың, М. Мұқановтың және тағы басқаларының зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құңды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының кандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) т. б. кайдан шықты екен дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер есімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі түрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол ою-өрнектердің 200 шамалы түрлерімен жұртшылықты кеңірек таныстырып және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.
...Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. "Ырғақ", "сағат бау", "түйе табан", "жүрекше", "қаз табан" деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында олпы-солпы болып шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа тұр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К. Бәсеновтің "Орнамент Казахстана в архитектуре" деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қаңдай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған.
Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы, "арқар мүйіз", "қырық мүйіз", "сыңар мүйіз", "кармақ", "ырғақ", "қошкар мүйіз", "күлте", "жапырақ", "гүл" т. б.
Т. Бәсеновтің осы кітабында архитектуралық өрнектер де көрсетілген. Омардың, Айшабибінің мазарларындағы өрнектер — өз заманында жасалған сәулет өнеріндегі асқан шеберліктің тамаша үлгісі. Сонымен қатар ауыз әдебиетінде сақталып келген өлең-жырларда, археологиялық қазындыларда, ескі кітаптардың мұқабаларында, тарауларында және бөлім аралықтарында кездесетін өрнектер мен суреттер, жұлдызшалар мен айшықтар, батырлардың қару-жарақтарында кездесетін кейбір жеке белгілер, таңбалар, әшекей әріптер де халықтық тарихи этнографиялық мұралар. Мұндай халықтың ою-өрнектердің ішінде, олардың экспозиция құрамында әр түрлі ендер мен таңбалардың, ру таңбаларының элементтері жиі ұшырайды. Осыларды егжей-тегжейлі зерттей келіп қазақтың ұлттық ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытыңдының дұрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жаткын ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер. Біздіңше бұл топшылау да орынды сияқты. Шынында да осы күнгі көп жапырақты гүлдер мен геометриялық өрнектер, жазу-сызуды бейнелеген өрнектеу, крестеп тігу әдісі, өрнектеп шілтер тоқу, өрнектеп тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері Октябрь революциясынан кейінгі халықтар достығының нәтижесінде ғана сіңісіп, қазақтың ою-өрнек өнерін байыта түскендігінің белгілі. Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени-тұрмыс дәрежесі, дүңиеге көзқарасы. ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамыды, Осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің творчестволық ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көрінітерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық Ою-өрнегіндегі бір ерекшелік — осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегеңде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болган мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтері де ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу, өрнектерінің де белгілі орын алғандығы байқалады. Мысалы, бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және тағы басқалары.
Оюшы. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды "оюшы" деп атады. Оюшылықты өз дәуірінде суретшілік өнердей, күрделі өнер деп санады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан тандаулы оюшылар болды. Оңдайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. "арғын үлгісі", "керей "үлгісі" немесе "ұлы жүздің үлгісі", "орта жүздің үлгісі", кіші жүздің үлгісі" деген мәнерлер пайда болды. Мұндай ою-өрнектердің, үлгілердің негізінде туған әңгіме, ертек, аңыздардың әр алуан қызықты сюжеттерін қазақ ауылдарының қарт шеберлерінен жиі естисіз. Соған қарағаңда кейбір оюлардың шығуында да бір тарихи оқиғаға байланыстылық бар тәрізді. "Найман ер", "арғын тымақ", "адай бөрік", "дулат тымақ", "қыздай камзол", "семейлік бешпет" деген атаулар сол елдің үлгісімен істелген заттарды, тігілген киімдерді білдіреді. Тіпті сол үлгілердің өздерін де, өрнек мәнерін де, кейде осылай аймаққа, руға бөліп атай береді. Мәселен "жетісу үлгісі", "жетісу мәнері", "алтай үлгісі", "алтай мәнері" деу осыдан шыққан.
Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың қиындысын "үлгі" дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын косып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырды. Қай кезде болса да ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап ұнасым мен әдемілік жағынан кездің жауын алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп. Солардың бірі Ленин орденді, пенсиядағы мұғалім, Сәрсембин Рахым ақсақалдың оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алды. Оның ою-орнектері республикада, одақта шығып жатқан халық творчествосы туралы жинақтарға енді. Рахан салған өрнектердің бір тамашасы олардың көпшілігі архитектуралық құрылыстарды ажарлауға, керамика мен ағаш, мүйіз, сүйек заттарын әшекейлеуге арналған. Оның қыл қаламынан туған үй сыртының ішкі кәрнездері мен діңгектердің әдемі өрнектерін қазір Алматы көшелеріндегі үйлердің көбінен кездестіреміз.
Біз сол ою-өрнектердің 200 шамалы түрлерімен жұртшылықты кеңірек таныстырып және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.
...Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. "Ырғақ", "сағат бау", "түйе табан", "жүрекше", "қаз табан" деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында олпы-солпы болып шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа тұр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К. Бәсеновтің "Орнамент Казахстана в архитектуре" деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қаңдай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған.
Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы, "арқар мүйіз", "қырық мүйіз", "сыңар мүйіз", "кармақ", "ырғақ", "қошкар мүйіз", "күлте", "жапырақ", "гүл" т. б.
Т. Бәсеновтің осы кітабында архитектуралық өрнектер де көрсетілген. Омардың, Айшабибінің мазарларындағы өрнектер — өз заманында жасалған сәулет өнеріндегі асқан шеберліктің тамаша үлгісі. Сонымен қатар ауыз әдебиетінде сақталып келген өлең-жырларда, археологиялық қазындыларда, ескі кітаптардың мұқабаларында, тарауларында және бөлім аралықтарында кездесетін өрнектер мен суреттер, жұлдызшалар мен айшықтар, батырлардың қару-жарақтарында кездесетін кейбір жеке белгілер, таңбалар, әшекей әріптер де халықтық тарихи этнографиялық мұралар. Мұндай халықтың ою-өрнектердің ішінде, олардың экспозиция құрамында әр түрлі ендер мен таңбалардың, ру таңбаларының элементтері жиі ұшырайды. Осыларды егжей-тегжейлі зерттей келіп қазақтың ұлттық ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытыңдының дұрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жаткын ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер. Біздіңше бұл топшылау да орынды сияқты. Шынында да осы күнгі көп жапырақты гүлдер мен геометриялық өрнектер, жазу-сызуды бейнелеген өрнектеу, крестеп тігу әдісі, өрнектеп шілтер тоқу, өрнектеп тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері Октябрь революциясынан кейінгі халықтар достығының нәтижесінде ғана сіңісіп, қазақтың ою-өрнек өнерін байыта түскендігінің белгілі. Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени-тұрмыс дәрежесі, дүңиеге көзқарасы. ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамыды, Осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің творчестволық ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көрінітерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық Ою-өрнегіндегі бір ерекшелік — осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегеңде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болган мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтері де ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу, өрнектерінің де белгілі орын алғандығы байқалады. Мысалы, бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және тағы басқалары.
Оюшы. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды "оюшы" деп атады. Оюшылықты өз дәуірінде суретшілік өнердей, күрделі өнер деп санады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан тандаулы оюшылар болды. Оңдайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. "арғын үлгісі", "керей "үлгісі" немесе "ұлы жүздің үлгісі", "орта жүздің үлгісі", кіші жүздің үлгісі" деген мәнерлер пайда болды. Мұндай ою-өрнектердің, үлгілердің негізінде туған әңгіме, ертек, аңыздардың әр алуан қызықты сюжеттерін қазақ ауылдарының қарт шеберлерінен жиі естисіз. Соған қарағаңда кейбір оюлардың шығуында да бір тарихи оқиғаға байланыстылық бар тәрізді. "Найман ер", "арғын тымақ", "адай бөрік", "дулат тымақ", "қыздай камзол", "семейлік бешпет" деген атаулар сол елдің үлгісімен істелген заттарды, тігілген киімдерді білдіреді. Тіпті сол үлгілердің өздерін де, өрнек мәнерін де, кейде осылай аймаққа, руға бөліп атай береді. Мәселен "жетісу үлгісі", "жетісу мәнері", "алтай үлгісі", "алтай мәнері" деу осыдан шыққан.
Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың қиындысын "үлгі" дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын косып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырды. Қай кезде болса да ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап ұнасым мен әдемілік жағынан кездің жауын алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп. Солардың бірі Ленин орденді, пенсиядағы мұғалім, Сәрсембин Рахым ақсақалдың оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алды. Оның ою-орнектері республикада, одақта шығып жатқан халық творчествосы туралы жинақтарға енді. Рахан салған өрнектердің бір тамашасы олардың көпшілігі архитектуралық құрылыстарды ажарлауға, керамика мен ағаш, мүйіз, сүйек заттарын әшекейлеуге арналған. Оның қыл қаламынан туған үй сыртының ішкі кәрнездері мен діңгектердің әдемі өрнектерін қазір Алматы көшелеріндегі үйлердің көбінен кездестіреміз.
Шымкенттік шебер Ғани Иляев кілем, алаша, басқұр, сырмақ сияқты заттарға арнап таза қазақ мәнерімен 400-ден астам мүйіз өрнегін жасады. Ол өзі өрнек жасаумен қатар бүкіл оңтүстіктегі қазақтардың оюларын жинаумен де көп шұғылданып келеді. Қазір Ғ. Иляев те, Р. Сәрсембин де республикада Суретшілер одағына мүшелікке қабылданып отыр. Сол сияқты жамбылдық Қоқымбаева, Керімбаева, ақтөбелік Қаракүшіков, семейлік Ыскақова, павлодарлық Темір Болатова, Шалғымбаева шығыс қазақстандық Молдаханова, Рүстемовалардың оюлары мен кесте өрнектері халыққа жақсы ұнады.
Қошқармүйіз. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығыңда қойдық құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Арқармүйіз. Бұл "қошқармүйізге" жақын бейнелес ою. Бірақ одан айырмашылығы "арқармүйіз" өте шиыршықтанып келеді. Кейде тармағы да көбейе түседі.
"Қырықмүйіз" бірімен-бірі қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. "Қырықмүйіз" оюы кейде дөңгелек немесе квадрат ішінде, кейде бұтақты ағаш тәрізді болып көсіле бейнеленеді. "Қырықмүйіз" көбінесе түскиіз, тон, кежім сияқты заттардың кестесінде, сырмақ, текеметтерде, архитектура сәулеттеріңде молырақ кезде-седі.
"Қосмүйіз". Қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейтін, кейде "ырғақ", кейде "ілмек" деп аталатын оюларды қосмүйіз дейді. Суреті онша күрделі емес.
"Сыңармүйіз". "Сыңармүйіз" бен "сыңарөкше" деген оюлар бір-біріне" ете ұқсас. Көбінесе жоғарыда айтылған "қошқармүйіз", "қосмүйіз" деп аталатын өрнектердің тек бір жақ сыңарын ғана келтіріп оюлайды. Бірақ оюшының шебер композициясы бұл мүйіздің сыңар екенін мүлдем байқатпай тұрады.
"Сынықмүйіз". Қазақтың "мүйіз" оюы әдетте тік бүрыш жасамай ылғи дөңгелене иіріліп түрады. Кейде оюшының ұнасымды жаңа композиция жасауымен байланысты не төрткүл, не үшкүл, не шеңбер ішіндегі мүйіздер морт сынып иіліп келеді. Көбінесе сынық жасап барып қайта тармақтанған оюлар күрдеділене түседі. Мұңдай оюлар ши орауға, терме бауға, алашаға қодданылады.
"Сыңарөкше". Жоғарыдағы "сыңармүйіз" оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, жетесінен өкше шығарылады.
Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданында тұратын Сертпен деген қарт етікшінің айтуы бойынша, "сыңарөкше" оюының шығу тарихы былай болса керек. Бір үйде отырған шебер қыз екінші үйде отырған етікшінің балға ұрған дыбысын есітіп отырып: "Пәлі-ай, ана жігіт ертең сыңар өкше жүретін болды-ау",— депті. "Оны қайдан білдің"— деп сұрағандарға: "Бір өкшесіне ылғи жаңа былғары қақты, екінші өкшесіне ылғи шіріген қасаң былғары қақты",— дейді. Ісмер адам алыстан-ақ балғаның бірде нық, бірде бос ұрылғанын аңғарып отырған екен. Қыздың әлгі сөзі рас болады да, кесте тігіп отырған қыздар тігіп келе жатқан қошқар мүйіздің бір тармағын тастап кетіп, оны "сыңарөкше" деп атайды.
"Төртқұлақ". Бұл "қошқармүйіз" оюының 4 тармақтан құралып, ортасы крест бейнесін жасап келген түрі. Мұны көбінесе оюлардың ортасын, не шет бұрыштарын, кебеже, жүкаяқ, аяққап бетін, батырлардың шапанының жауырынын, қалқандарын, кейде шалбардың тізе тұсын, дөдегелерді әшекейлеуде жиі қолданады. Осы айтылған өрнектердің бірсыпыра жақсы, анық түрлері 1939 жылы Москвада шыққан "Казахский народный орнамент" деген альбомда берілді.
"Түйемойын"— түйенің мойны сияқты иіріліп мүйіз ою. Мұңдай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен тұтас келеді де "түйемойын" өрнегі сол топтан оза, өз алдына оқшауланып, өзге денеден озып тұратын түйенің мойнын, басын еске түсіреді. Кейде ожаудың сабын, есіктің тұтқасын және т. б. заттарды мүйізден жасағанда да осы өрнек бейнелес етіп жасайды.
Мүйіз оюларының бір ерекшелігі оны бір ойғаңда екі пішін, екі өрнек, яғни бір заттың іші мен сырты бірдей шығып отырады, мысалы, сырмақ ойғанда оның сырты қара киізбен оюланса, іші ақ киізбен оюланып, осы екі ойындыдан екі сырмақ жасауға қолайлы болады. Сондықтан ішкі ойыңдыны кейде "қолтық" деп атайды.
Қазақтың "қазмайын", "құсмойын", "құсмұрын", "құстұмсық", "жыланбас", "арпабас", "түйетабан", "ырғақ" деген өрнектер осы "түйемойын" өрнегінің мәнерінде оюланып, бір бөлшегі немесе жалпы сырт бейнесінің ғана ұқсастығымен өздеріне аттас жәңдіктердің бір мүшесін тұспалдап тұрады.
"Түйетабан". Көгалды, сазды жерге шығатын көп жапырақты, тікенекті, ортасында үлпілдек мамығы бар өсімдік бейнесінде берілетін өрнек. Бұрын түйетабан өсімдігінің тамырын қазып алып, сүтке жаншып жейтін. Түйетабан өсімдігінің бейнесі дөңгелек табаққа ұқсас. Сондықтан "түйетабан" өрнегінің осы екінші түрі өсімдік тектес өрнектер қатарына жатады. Кестенің, көркем тігістің барлық түрлерінде, алтыннан, күмістен жасалған заттардың әшекейінде, ағаштан жасалған заттардың бетінде ең көп кездесетін өрнектердің бірі осы "түйетабан" өрнегі. Оны кей жерлерде "табақ" өрнегі деп те атайды. "Түйетабан" өрнегі өте ұсақ белшекті болғандықтан, ол сырмақ, аяққап сияқты киізді кесіп оюлау ісінде қолданылмайды. "Түйетабан" өрнегі негізінең тігіп, батырып, сызып өрнектеуге қолайлы.
1-кесте – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениеті қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері



Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

Эмоционалдық-мотивациялық

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушы-лығы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін қажетсінуі, қызығушылығы, өмірдегі мәнін түсінуі, эмоционалдық сезіммен қабылдауы, оны үйренуге ерік-жігерінің болуы, ұжымда өнер түрлерін жасауға байланысты берілген тапсырмаларды орындауы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығы өте жоғары, эмоционалдық сезіммен қабылдайды, оны үйренуде белсенділік көрсетеді, ұжымда берілген әртүрлі тапсырмаларды сапалы, тиянақты орындайды

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығы жоғары, жақсы әсермен қабылдайды, оны үйренуге талпынады, ұжымда берілген әртүрлі тапсырмаларды орындайды

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығы бар түсінікпен қабылдайды, оны үйренуге ішінара талпынады, ұжымда берілген әртүрлі тапсырмаларды мұғалімнің көмегі арқылы орындайды

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызықпайды, оны үйренуге талпынбайды, берілген тапсырмаларды орындай алмайды, оқушылармен бірлесіп жұмыс істей алмайды

Мазмұн-дық

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен білімі

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін білуі, түсінуі, мазмұнымен таныс болуы, оларды жасау технологиясынан білімінің болуы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін, оның мазмұнын, жетік меңгерген, жасалу технологиясынан білімі жоғары

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін де, оның мазмұнын да біледі, жасалу технологиясын меңгерген

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін атай алады, мазмұнын, жасалу технологиясын жүзеге асыруда мұғалімнің көмегін қажет етеді

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерінің кейбірін біледі, мазмұндық сипат бере алмайды, жасалу технологиясын білуге талпынбайды

Іс-әре-кеттік

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен практика-лық іскерлігі мен дағдысы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен алған білімін практикада қолдана білуі, өзін-өзі бақылай білуі, технологиялық тапсырмаларды орындауы, жоспар құра білуі, шығармашылық қабілет танытуы

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен практикада еркін қолданады өзін-өзі бақылай білу дағдысы жақсы дамыған, жоспарды және технологиялық тапсырмаларды сауатты орындайды, шығармашылық қабілеті жоғары

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен алған білімін практикада қолдана алады, өзін-өзі бақылай алады, жоспар мен технология тапсырмаларды орындайды, шығармашылық қабілет танытады

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен алған білімін өзіне таныс ортада ғана пайдаланады, өзін-өзі соңғы нәтижеде ғана бақылайды, технологиялық тапсырмаларды орындауда ішінара қателіктер жібереді мұғалімнің көмегі мен жоспар құрады, кейбір кезеңдерде шығармашылық ізденіс танытады

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінен меңгерген білімін практикада ұдайы қолдана алмайды, өзін-өзі бақылау дағдысы дамымаған, технологиялық тапсырмаларды жасауда қателіктер жібереді

Оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерінен білімінің төмендігін, «Технология» пәні сабағында сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын жан-жақты меңгеруге, технологиялық мәдениетті қалыптастыруға байланысты жұмыс формалары мұғалімдердің бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығына байланысты ішінара қарастырылатынын көрсетеді.
Бұны мұғалімдердің сауалнамаларға берген жауаптары дәлелдейді. Мысалы, «Технология» пәні бағдарламасында берілген қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиялық мәдениет проблемасын толығымен шеше алады деп ойлайсыз ба?» деген сауалға: 15% - «иә», 52% - «жоқ», 20% - «ойламаппын» деп жауапсыз берсе, 10% - сұрақты жауап қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің бағдарламаға енгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің шешімін өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән бермейтінін айғақтайды.
Біз осының бәрін ескере отырып оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бүгінгі негізге алынып жүрген 8-ші сыныпқа арналған «Технология» пәні бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері», «Түксіз кілем тоқу» бөлімдеріне педагогикалық талаптарды, оқушылардың меңгеретін білім, іскерлік, дағдысын ескере отырып қосымшалар жасадық. Бұл бөлімдерге не бәрі 16-20 сағат көлемінде уақыт бөлінетіндіктен (бұл әрине аз) біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін оқушыларға меңгертуді үйірме сабағы арқылы жүзеге асыруды жөн көрдік. 5-9 сыныптармен кезеңдеп өтетін үйірме жұмысының жылдық жоспарын жасадық.
Бағдарламаларға ендірілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлері тақырыптарының мазмұнын нақты өлшемдер арқылы (қарастырылатын мәселенің баланың жасына қарай түсінікті болуы, көркемдік құндылығы, орындалу технологиясының жеңілдігі) сұрыптадық.
«Технология» пәні бағдарламасының бөлімдеріне арнап жасаған қосымшалар жүзеге асты. Оқушылардың анықтау эксперименті кезінде берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді, сабақты меңгеру барысында киім тігу, кілем тоқу технологиясына, аса назар аударылды. Оқушылардың техникалық-технологиялық білімі мен іскерлігін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін кезеңдеп жүзеге асыратын (ұйымдастыру даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық, технологиялық кезең, қорытынды кезең) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау кезеңдері айқындалды (2-сурет). Бұл кезеңдер оқудың барлық сатыларынан өтеді, оқушылардың дербестілік деңгейі мен оқу материалының күрделілігі сыныптан-сыныпқа өсіп отырады. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы іс-әрекеттің нақты нәтижесін, оқушылардың танымдық және әлеуметтік қызығушылық бағдарын болжайтын практикалық-бағдарлық тәсілге негізделеді.
Жұмыс барысында халықтың тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдері кең көлемде пайдаланылды. Халықтың ауызекі шығармашылығындағы (ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, әндер және т.б.) көріністер, мысалы, «Ақылды қыз», «Жігіт пен өнерлі қыз» ертегілеріндегі тігін, кесте өнерін жетік меңгерген зерек қыздардың іскерлігі, жасаған заттарының әсерлілігі, өрнектілігі, бояуының қанықтылығы мен үйлесімділігі оқушыны өзінің жоғары эстетикалық талғамымен қызықтырып, эмоционалдық сезіміне әсер етсе, «Ермек» ертегісіндегі Ермек есімді кісі қызының шеберден тігін өнерін үйреніп, өздігімен жіп, мата сатып алып, кестелеп-өрнектеп, киім тігуі еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетіп, «шебер» атануы оқушының еңбекке деген көзқарасының, дұрыс қалыптасуына, адами қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізді. «Өнеріне қарай өрнегі», «Өнерлінің өрісі кең», «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып жатқан шырақ», «Өнерлі қол – бақытқа жол», «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» деген мақал-мәтелдер оқушыларды «өнерді», «қолөнерді» бағалауға, оған құрметпен қарауға үйретті.

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымы шешімінің тиімділігі



4. Қорытынды
кезең

Конструктивтік



Технологиялықық

Эстетикалық

Экологиялық

Экономикалық

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымы шешімінің көрсеткіштері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Сәндік-қолданбалы өнер бұйымын өңдеу

3 . Технологиялық


кезең
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау

Шешімнің оңтайлы амал-жолдарын таңдау және бағалау

Еңбек процесін жоспарлау

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымының көркемдік- конструкторлық шешімі

2. Көркем-конструкторлық


к езең
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымының композициялық шешмін айқындау және ақпарат жинау, оны талдау, топшылау, жұмыс орнын ұйымдастыру

1 . Ұйымдастыру



Сәндік-қолданбалы өнердің қажеттілігін анықтау
даярлық



Сәндік-қолданбалы өнер түрі бойынша ақпарат көздері


2-сурет – Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау кезеңдері


Мектеп мұғалімдеріне арнап «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиясының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинар жүргізілді.Мақсаты-мұғалімдерді қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің жасалу технологиясымен, технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен таныстыру және оларды оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға үйрету.


Үйірме жұмысының жоспарына енген тапсырмалар қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай үйрету қағидалары арқылы жүзеге асырылды. Оны оқушылардың үйріме жұмысы барысында меңгерген білім мазмұны айғақтайды. Мәселен, егер «Ынталылар тобы» (үйірме жұмысында: құрақ құрау, кестелеу, бастырмалау технологиясын меңгерсе, «Іскерлер тобы» ши тоқу, сырмақ сыру, киіз, текемет басу технологиясының қыр-сырын меңгеріп, оны өздері дербес жасауға талпынды, ал «Шеберлер тобы» кілем (түкті, тақыр) тоқу, ұлттық бас киімдер жасау технологиясын меңгерді, оларды жасауда шығармашылық ізденіске бағдарлады. Оқушылардың меңгерген білім, іскерлік деңгейі кішігірім (естелікке ұсынатындай) «құрақ көрпе» жасау, «ши тоқу», «тақыр кілем тоқу», «Қазақтың дәстүрлі қолөнері» тақырыбына шығарма жаздыру арқылы айқындалды. Тапсырмалар бойынша жасалған бұйымдардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолөнеріне қызығушылығын арттырып, оларды жасау технологиясынан іскерлігін шыңдаса, шығармалардың мазмұны «қол өнер», «ою-өрнек», «сәндік өнер» ұғымы саласынан теориялық, технологиялық білімінің тұрақтала түскенін, оларды күнделікті өмірде еркін пайдалана алатынын көрсетті. Алынған нәтиже оқушылардың «Технология» пәнінен алған білім, іскерлігін міндетті түрде үйірме жұмыстарында логикалық бірізділікте жетілдіріп отыру қажеттігін дәлелдейді.
Оқушылардың сәндік-қолданбалы өнер түрлерінен меңгерген білім, іскерлік, дағдысы, технологиялық мәдениеті олардың, көрмелерге қойған шығармашылық туындылары арқылы, көрме барысында жүргізілген сауалнамалар арқылы бағаланды. Шығармашылық туындылар да, сауалнамаға берген жауаптар да оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, соның ішінде ою-өрнек түрлерін бір-бірінен жақсы ажырата алатынын, оларға деген қызығушылығының жоғары екенін, олардың символикалық, семантикалық мәнін, дүниетанымды, адами қасиеттерді, рухани-мәдениетті дамытудағы мүмкіндігін жақсы түсінетіндігін көрсетті. Мысалы, «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері саған несімен ұнайды?» деген сауалнамаға оқушылар: Өзінің көркемдік көрінісімен» «Өзінің көпжақтылығымен, ол ши тоқуды, кілем тоқуды, зергерлік заттарды жасауды қарастырады» «Ою-өрнектерінің әдемілігімен» «Сезімге әсер етуімен»,«Оларды күнделікті өмірде пайдалануға болады» «Халықтың ой-арманы мен тілек-мүддесін жеткізіп тұрғандай болады» «Жоғары эстетикалық талғамымен» және т.б. жауап берген.Сынып оқушыларының шығармашылық зерттеу жұмыстарына қатысып (семинар, конференция, олимпиада және т.б.), жүлделі орындарға ие болуы да олардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығының артып, аялы көзқарасының қалыптасқанын, білім деңгейлерінің жоғарылағанын, айғақтайды. Нақты тақырыптар бойынша жазылған рефераттар мен баяндамалардың мазмұны да («Қазақтың ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері», «Өнер түрлерінің ертегідегі көрінісі», «Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер - әдеміліктің символы және т.б.) оқушылардың танымдық санасының өсуінен, рухани-мәдениетінің, эстетикалық талғамының жетілгенін, мәдени мұраның қажеттілігін түсінгенін дәлелдейді. Оқушылардың шығармашылық туындыларының облыс, аудан көлемінде ұйымдастырылған көрмелер мен байқауларда жүлделі орын алуы да, мектеп бітіруші оқушылардың жоғары оқу орындарының 050120- Кәсіптік оқыту («Бейнелеу өнері және сызу» «Дизайн» т.б. мамандандыру) мамандығын таңдауы да оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне танымдық қызығушылығының артқанын, оның болашағын түсіне білгенін, мұғалімдердің оқушылармен жұмыс істеу әдістемесінің тиімділігін көрсетеді.
Ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс формалары мен әдістері (шеберлермен кездесулер, пікір-талас, дөңгелек стол, «Ою-өрнек өнері әлемінде» апталығы, «Ою-өрнек сыры» диспут және т.б.) оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда елеулі рөл атқарды, жұмыс нәтижесі диссертацияда баяндалады. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы, бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген анкеттік сұрақтардың нәтижесі оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейге көтерілгендігін дәлелдейді
ӨРНЕКТЕРДІ ҚҰРУДЫҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ою-өрнектің элементтерін жүйелі құрудың әдіс-тәсілдеріне үйрету. Ою-өрнек арқылы бейнелеу іс-әрекеттің дамуы жайлы қызықты деректі беру.
Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнек элементтері бейнеленген кестелер. Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр түрлі пішімдегі бұйымдар. Фотосуреттер. Слайдтар.
Сабақтың барысы: Мұғалім көрнекіліктер арқылы ою-өрнек элементтерінің орналасу тәртібіне оқушылар назарын аударады.
Ұлттық өнер, оның ішінде ұлттық ою-өрнектер қазіргі таңда эстетикалық төрбие мен көркем білім беруде мек-тептерде кеңінен пайдаланып жүр.
Түркістандағы алты ғасыр бойы сақталып, бүгінге дейін жеткен Ахмет Йасауидің алып кесенесі өзінің ою-өрнекті безендіру жұмыстарымен бүкіл әлемді таңдандырып келеді. Ғылым мен техника дамыған бұл заманда да кесенедегі ою-өрнектер құпиясы ашылмай, бояу технологиясы да табылған жоқ. Қазақстанда сәулет өнерінде ен негізгі безендіру құралы ою-өрнек болып табылады. Қазақ халқының кез келгені оюшы, он саусағынан өнер тамған шебер болғанын осы ою-өрнек үлгілерін көріп отырып байқау қиын емес.
Қазақта ою-ернек түрлерінің көптеп саналатынын көптеген ғалым зерттеушілер еңбегінен білеміз.
Сурет салудаің сызықтардың өте шебер де әсем берілуін ою-өрнектерді шимайлап сызып, көп жаттығулар жасау нәтижесінде алуға болады.
Өрнектер, арабеск, гротеск, оюлар ырғақты ұйымдасу мотиві негізінде құрылады.
Ою-өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Жануарлардың терісінен, ішектерінен, өсімдік сабағынан тоқу, өру жұмыстары тоқымашылық өнерінің келіп шығуына, әр түрлі өрнекті суреттер мен бейнелеудің пайда болуына әсер етті.
Өрнектер бұйымының материалы, пішіні, функциясымен байланысты, сонымен қатар көркем бейнені өзінің тілімен, өзіндік заңдылықтарымен, композициялык принциптерімен бере алатын ғажайып касиеті бар.
Кейбір жағдайда өрнек өзіндік құндылығы бар көркемдік феномен болып табылады.
Өрнек түрлерінің бірқатар тобын көрелік.
Біріншісі фактуралық топ - бұл өрнек түрлерінің ең қарапайым табиғи, табиғатта кездесетін (ағаштың, тастың табиғи фактурасы), техникалық топ - бұл технологиялық харекеттердің нәтижесі (қамшы өру, арқан есу, даіп иіру), сондай-ақ суретпіінің қалауымен заттың, нөрсенің бетін көркемдеп өрлеу (ағаш, металл, керамика, тас, терінің фактуралық өңделуі).
Символикалық өрнектер қазіргі заманда өте шапшаң дамып келе жатыр, бұл - фирмалық белгілер эмблемасы, сандар мен өріптердің информатикалық жүйесі жене т.б.
Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы - геометриялық топ, бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құраушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік-ырғақты қасиеттерімен шектеледі. Әрбір халықтың өзіне төн, өзіне ғана түсінікті бейнелеу хабарлау тарихы болған. Ежелгі өнер тарихында меандраны бейнелеу бір өзен ағысының бұралаң арнасын көрсетуге бағышталған.
Қазіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып табылады. Өсімдік өрнегін өнер шығармасы үшін ағаштар немесе өсімдіктердің шешек атып, гүл жарған шағы, оның құрылым негізі деп тұжырымдауға бола­ды.
Бұйымдық өрнек түрлеріне қайта дәуірлеу кезеңіндегі барокко, классицизм, белгілі өрнекті натюрморт жатады; астральді өрнек түрлеріне галактика - Күн, Ай, жұлдыз, комета, Жер ғаламшарлары жатады;
Гротеск деп бірнеше өрнек түрлерін аралас түрде бейнелеуді айтады. Суретші палитрада бейнелі жене ком­позициялык мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс жасайды.
Қазіргі заманның компьютерлік графикасы мен теледидар көрсетілімдері бұрын-соңды болмаған аралас өрнек пен көркемдік оюларды іске асырып жатқандығы мәлім.
Гротеск жұмысында өрнектер мотивінің біреуі басты Рөл атқарып, қалғандарын иерархиялық жолмен орналастыру шарты орындалуы тиіс.
Ою-өрнекті салуды жақсы меңгерген адам долбар жасауды (наброскіні) да жақсы меңгеретіні белгілі.
Үйге тапсырма ретінде ою-өрнек атауларын тізіп, дәл барын қағаз бетіне түсіру тапсырылады.

ПЕРСПЕКТИВА, СЫЗЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕҢІСТІК ПЕРСПЕКТИВАСЫ


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға перспектива жайлы толығырақ түсінік беру. Сызықтық перспективаның орны жайлы білімін толықтыру. Перспективалық заңдылық-тарды қолдана отырып сурет салуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Перспективалық көріністер бейнелеген суретші шығармалары. Перспективалық заңдылықтар көрсетілген кестелер.
Сабақтың барысы: Мұғалім тақтаға перспектива сы-зықтарын, қиылысу, шығу нүктелерін сызып көрсетеді.
Перспектива латын сөзінен анық көріп түрмын деген мағынаны білдіреді. Жазықтық бетінде немесе басқа жазықтықта көлемді денелерді, олардың кеңістік құрылымын бақылаушыдан қашықтаған кездегі көрінісін есепке ала отырып бейнелеуде перспективалық көру аса қажет. Бір тік сызықтық өзектен бірнеше нүкте қатар шығатын, бір-бірімен қиылыспайтын сызықтар да болады. Сызықтық перспективасы арқылы бұйымды жазық бетінде бейнелеу панорамалы бейнелеу, күмбезді бейнелеу болып бөлінеді.
Түзу параллель сызықтар шығу нүктесінде қиылысады, ал жазықтық параллель сызықтар шығу сызығында қиылысады. Мұның барлығын мүғалім тақта бетінде сызу іс-өрекеті арқылы оқушыларға көрсетуі тиіс.
Сызықтық перспективасы сәндік живописьте және кеңістікті көбейтіп көрсету мақсатында сәулет өнерінде көбірек пайдаланады.
Заттардың қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктердің өзгеруіне графикалық сурет пен кескіндемеде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа райына, жыл мезгілдерінде, тәуліктік, сағаттық уақытта, жарықтың түсуіне, сонымен катар ауадағы улану, шаң және түтіннің болуы заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді.
Суретші С. Мөмбеевтің "Киіз үй маңында" атты көркем шығармасында жаздың жұмсақ реңктік грациясы тамаша берілген. Суретте аспан кеңістігі өте кең, аздап құрғақ
ауа сезіліп тұр.
Шығарма авторы жыл мезгілі мен ауа айының ерекшелігін поэтикалық жағдайда бере білген. Бұл жерде сызықтық перспектива мен реңктік қатынастар арқылы табиғаттың бейнелі көріністерін беру өз деңгейінде орындалған.
Кеңістік перспективасы кескіндеме өнерінде ерекше орын алады. Жазық пен көлеңкенің қарама-қарсылық дәрежесі, заттың көлемдігі, оның нұсқасының анықтығы, түстік бояуы сурет салушыдан қашықтаған кезде күрт өзгеріп отырады.
Әдетте сурет өнерінде алдыңғы план, ортаңғы және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді, олардың жарық-көлеңкесімен бояуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы бо­лып табылады. Екінші планда мұның бәрі жұмсарады, ал үшіншіде ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былайша үш бөлікті планға бөлу шартты түрде алынған.
Кеңістік перспективасын беру жарықтылық және түстік қатынастарға негізделген, оның өзінде бірнешелері үлкен орын алады.
Кеңістік перспективасы сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп, еніп бара жатқан көз жетпес қиырды, ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды. Кеңістікті беру ар-қылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады.
Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде кескіндеменің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ.
Көлем-кеңістікті келістіріп бейнелеуде суретші заттың көлемі мен кеңістікті көз алдына әкелетіндей иректерді, сынық бұрыштарды, дақтар мен сызықшаларды қолдана-ды. Өмірді қабылдап, бейнелеуде олар сезімдік-нақтылық, иллюзорлық, көлем-кеңістік тұрғысынан есірелей берумен қатар, шартты түрде жаңаша баяндау әдісін де пайдала­нады. Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуге импрес­сионизм әдісін айтуға болады.

СӘНДІК ӨНЕРІ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өр түрлі халықтың сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру. Жас жеткіншектерде ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: Қолөнер бұйымдарының үлгілері. Қолөнер бұйымдарының фотосуреттері.
Сабақтың барысы: Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан архитектурамен туыстас.
Қолданбалы өнер халық шығармашылығымен ерекше тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларынан үй жиһаздары, кілемдер, ыдыс аяқтар, үй іші тұрмысында қолданылатын басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықтар жатады. Ресейде мысалы, Дымков ойыншықтары деп аталатын ойыншықтар халық арасында ердайым кең тарап отырды. Ойыншықтардың пішіндері барынша жалпыланған әрі тапшы, яғни онда екінші маңызы бар нәрселердің барлығы алынып тасталынып, ең бастысы ғана берілген. Бірақ оның нені бейнелеп түрғанын - қандай жануар немесе адамды әрдайым танып білуге болады. Кейде мұндай ойыншықтар белгілі бір қызмет атқаруы мүмкін. Бұл не ысқырғыш-ойыншық немесе жинақ қобдиша болуы мүмкін.
Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, шығармашылықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға пластик резеңкемен жұмысқа бейімдейді. Резеңке ойыншықтарда да пішін барынша жалпыланған, бірақ өзінің фактурасы бойынша ерекше жұмсақ, жылтыр болып келеді.
Бейнелеу өнерінің рөлі мен маңызын толық дәрежеде бағалау үшін, қазіргі заманғы пәтер үйлерді алып көріңдерші. Онда бәрі архитектурамен үйлесіп тұр. Жапсырма өрнектер мен басқа әшекейлері болмайтын, зәулім терезелі қазіргі сымбатты архитектура талабы басқа жиһаздармен толықтыруды қажет етті.
Үй жиһазы қарапайым, тегіс бола бастады, шырағдандар барлық басы артық әшекейлерінен айырылып, біркелкі, шашыраңқы, жарық төгетін қарапайым шырағ-дандарға айналды. Шырмауық оюлармен көмкерілген ауыр ойма шкафтар мен кебежелер өткенге кетті, барқыт, шашақ, ала-құла перделер мен орасан зор күрделі люстралар ғайып болды. Мұның бәрі қолданбалы өнер суретшісінің жұмысы.
Көбіне, сәндік қолданбалы өнер заттары ұлттық нақыштармен, сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы халқымыздың ерекшелігін көре аламыз.
Қазақ халқының қолөнерінің даму тарихы Андронов мәдениетінен басталғанын Доспай тауларынан тасқа гүсірілген суреттер және Ұлытауда табылған керамика шынылары дәлел бола алады. Андронов дәуіріндегі сақтардан кейін Қазақстан аумағында үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген. Бұл кез темірден жасалған бұйымдардың тараған кезі болатын. Осы уақытта өрнек тоқитын ста­нок пайда болды, ағашты өңдеу кең өріс алды, қолөнер дами бастады. Қоладан, мыстан жасалған бұйымдарға жануарлар суреті салынды. ІХ-ХІІ ғ-дан бастап Ислам идеологиясынан кейін қолөнерде жаны бар нәрселердің аңдардың, құстардың, жан-жануарлардың бейнесін салуға шектеу қойылды. Дін иелері бірнеше ғасырлар бойы бей­нелеу өнеріне тыйым салып келді.
IX-XI ғасырдың басында Батыс Қазақстанда құрылыстар салу өнері кеңінен дамыды. Құлпытастар көбінесе жануарлық ою-ернекпен әшекейленді. Осы кезде қазақ халкының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап, оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Өткен ғасырларда қазақтың қолөнері киіз үйдің ішіндегі үй жиһаздарының әшекейленгеніне байланысты бағаланған.
Қазақ халқының іскерлік қолөнері негізінен үй кәсібі түрінде дамыған деп айта аламыз. Көшпелі тұрмыстың қажетіне байланысты қолөнер шеберлері мал шаруашылығына қажетті шылбыр, ноқта, жүген, шідер, кісен, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданған, Олар саз балшықтан, ағаштан, сүйектен, металдан, мал және аң терілерінен нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, дауылпаз сияқты саз аспаптарын жасаған. Қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің кереге, уық шаңырағын жасау, тоқымашылық термешілікпен айналысу кең epic алған. Халық шеберлері өз іскерлік дағдыларын -, шәкірттерге үйрету нәтижесінде қазіргі таңда бұл өнер аз жалғасын табуда.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық; жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды-жасауларды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік қолданбалы өнерді өзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи немесе жасанды заттар (пластмассалар, гипс, жүн, мақта, балшық, т.б.). Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді. Мысалы: алтынмен, күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. жұмыстар. Сәндік қолданбалы өнер кескіндеме мен мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты.
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері: керамика (терра­кота, майолика, фаянс, фарфор), өйнёк (ыдыстар, құмыра, құрылыс детальдары, мозаикалар), көркем оймыш (ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар (зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар, т.б.), жиһаздар, тек­стиль (сәндік маталар, кілемдер), ойыншықтар.
Сәндік қолданбалы өнер технологиясы:
Нұсқалы ою немесе ойма (гравировка);
Оймалық немесе тереңдетілген ою;
Биік рельефті ою;
Жазық рельефті ою;
Жарма, қиық немесе селдір ою;
6.Көлемді ою немесе мүсіндеу;
Қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне негізінен түрлі үй жиһаздарын (мебель, зергерлік, ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сөндік құрал-жабдықтар, жөдігерлік, құмыра, сый кеселер т.б.) жасау кіреді. Бұл өнерге қолданылатын материалдар негізінен металл, керамика, ағаш, қыш, тері, шыны, асыл тастар, сүйек т.б.
Қолданылатын негізгі техникалық әдістері - көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма және т. б. Мұның өзі сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, әсемдеу, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді.
Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркөсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және кершілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырады.
Өрнек салу ісінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Кілем тоқу (негізінен түкті және тықыр кілем) жедел өріс алды. Қазіргі кезде танымал суретшілеріміз гобелен өнерін меңгеріп, ұлттық өнер үлгілерін толықтыра түсуде.
Алматы облысының Есік қорғанынан табылған (б.з.б. V—VI ғ.) сақ жауынгерінің "Алтын адам" киімдері де алтын қаптамалармен және хайуандардың (арыстан, жолбарыс, елік, ат т.б.) құйма бейнесімен безендірілді.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СӘНДІК ӨНЕРІ


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман сәндік өнерімен таныстыру. Қазақ халқының халық шеберлері туындыларын көріп, талдап оның құндылығын бағалауға үйрету.
Сабақтың барысы: Мұғалім сабақты қазақ халқынын өнеріне кіріспе жасаудан бастайды.
Бірнеше жылдар бойына ұмыт болып қалған ұлттық мұрамызды бірден көркейтіп алып кетудің басты құралы - ата-бабамыздың өнерімен сабақтастырып оқыту екендігі даусыз. Оқушыларда мынадай қасиеттер қалыптасуы қажет.
1. Өзінің ұлттық мәдени тарихына үңілуге мәжбүр ету.
2.Ата-баба көсібінің өнерін дұрыс меңгеру үшін этнографиялық ерекшелігін білуге ынталандыру.
З.Ана тілі арқылы ғана қолөнерінің атауларынан түсініктеме ала алу қажеттілігі.
4.Халық шеберлерінің жасаған бұйымдары арқылы ата-баба өмірімен таныс болу, ұлттық өнерге деген құрмет пайда болады.
б.Ұлттық психологиямызға тән халқымыздың мәдениетін көтеруге дәнекер болуға баулу.
Ою-өрнектер адамзат баласының тарихындағы ең көне өнер туындыларының бірі.
Қазақтың ою-өрнек деген сөзі латынша орнамент де­ген үғымды білдіреді. Орнамент сөзінің мағынасы - сәндеу, есемдеу.
Осы сәндеу, әсемдеудің түрлеріне жан-жануарлар, өсімдік, геометриялық, космогониялық, яғни, ғарыштық белгілер мен фигуралар элементтері кіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары, тері), қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, тігілген, қиылған оюды екінші затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып, желімдеп, әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Бүктелген қағазга қарындашпен ою сызып алып, өрі қарай қайшымен қию жұмысын орындаса ою пайда болады.
Төрт бұрышты қағазды нүктелі сызық бойымен бір бүктеп, бетіне қарындашпен ою үлгісін сызып алып қайшымен қиып шығу қажет.
Дайын үлгіні басқа түсті фонға қойып түс үйлесімділігін табуға болады.
Қазақ ою-өрнектерінде жан-жануарлар өрнегі, ғарыштық өрнек, өсімдіктер өрнегі және геометриялың өрнектер айқын көрініп тұрады. Бұл өрнектер бір-бірімен қиысып, жарасымды үйлесіп жатады. Мысалы, өрмекші өрнегінің элементтері геометриялық өрнекке ұқсайды.
Жануарлар өрнегі де қазақ ою-өрнектері арасында кең тараған. Бұл дөңгелек шеңбер сызықтар емес, жалғыз мүйізге ұқсас қошқармүйіз атымен аталған ою-өрнектерді құрайтын мүйіз, қос мүйіз, сынық мүйіз, сонымен қатар жануарлардың өрбір мүшелерін: табан, түйе, мойын, құсқанат мойын, қаз мойын және т.б. ою-өрнек атауларын атауға болады.
Қазақтың ерте дөуірдегі бейнелеу, сән және қосалқы өнері оқшау сипаттағы өнер туындылары болып табыла­ды.

Қазақстан аумағындағы Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпайы түрінде кездесетін бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері палео­лит дәуіріне саяды.


Біздің заманымыздан бұрынғы IV ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері және осының негізінде 6-8 ғ-да (археологиялық қазбалар жүргізу кезінде Ертіс, Есік, Өлеңті) байырғы түркі өнері өркен жайды. Мұның өзі археологиялық қазбалар жүргізу кезінде Ертіс, Есік, Өлеңті, Шідерті, Сыр бойындағы, сонымен бірге Орталық, Батыс және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ежелгі обалар мен қорымдардан табылған ер түрлі әшекейлі заттар арқылы айқындала түсті. Әсіресе, ежелгі тайпаларда, зергерлік өнерімен қатар, жоғары сатыға көтерілді. 1970 ж. Алматы облысы, Есік қаласы маңынан табылған алтын бұйымдар (Алтын адам 4 мыңға тарта әсемдік бұйымдар) біздің заманымыздан бұрынғы қазақ жерінде өмір кешкен тайпалар өнерінің озық үлгілеріне жатады. Қолөнері мен сән өнері және қосалқы өнер ағаш, тері ұқсату, зергерлік өнері, кесте мен кілем тоқу секілді салалары да кең өріс алды. Бұған киіз үйі түріндегі қыш ыдыстар, бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, қара, қоңыр, қызыл, сары түсті бояуларды өзара астастыра әшекейлеген қабырға өрнектер мен су құбырлары (Тараз қаласының орталығында), ромб немесе шеңбер түріндегі айшықты да айқын ұлттық ою-өрнек термен көмкерілген теріден, металдан жасалған түрлі бұйымдар дәлел. Сән және қосалқы өнердің халықтық үлгілері XVIII-XIX ғ. дейін жеткен қазақ өнерінің халықтық үлгілері өзінің одан әрі даму жолын тапты. Мысалы, қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын барлық бұйым заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырды. Киіз үйдің бау басқұры мен іші-сыртына тұтынатын әр түрлі сәндік жиһаздардан көз тар­тар әдемі ою-өрнекпен әсемделуімен халықтың рухани мәдениетін байқауға болады. Киіз үй ішіне төселетін текемет көгілдір, ашық-сары, қызыл түсті жайылмалы өрнекке, ал сырмақ негізінен ашық ақ қара түсті ою-өрнекке түс киіз көбіне қара түсті және қызыл түсті матадан сырып немесе кестелеп келтірілетін көгеріс өрнекке, кілем сәнді құлпырмалы түстерге орайластырып жасалады.
Қазақ топырағына суретші ретінде алғашқылардың бірі болып орыс кескіндемешісі Штенберг (1818-1845) 1840 ж. Орынборға келді. Оның "Түйе", "Киіз үйлер" шығармасында қазақ тіршілік қарекеті өміршең әрі шынайы бейнеленген. Орыс суретшісі А. Н. Горонович (1818-1889) және поляк әуесқой суретшісі Б. Залесский (1820-1880) Ақмешітті (Қызылорданы) басып алуға өскери экспедиция құрамына қабылданды. Гороновичтің "Қыз қуу", "Ақмешітті алу" және Залесскийдің "Ақтау сілемі", "Қазақтың киелі ағашы", "Қазак даласының өмірі". Орынборлық А. О. Чернышев (1823-1863) жергілікті өлке табиғаты мен оның тұрғындарын ("Қырғыздар (қазақтар) көші", "Қырғыз (қазақ)") шебер көрсеткен.
Бұл суретшілер өткінші болғандықтан аз уақытта қоғамның өлеуметтік құрылысын, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігін терең танып, толық мінездеме жасай алмай, жалпылама үстіртін баяндаумен шектелді.
Украин ақыны, суретші, ойшыл, революционер, де­мократ Т. Г. Шевченко қазақ жеріне (1847-1857) жер аударылып тұрды. Маңғыстауда Новопетровское қамалында кескіндеме, графикалық еңбектерінде қазақ өмірін терең ашып суреттеді. "Байғүстар" (1853), "Киіз үйде" (1848-1849), "Қазақ қызы" (1856-1857) атты картиналарында дала халқының кешіп жүрген ауыр тұрмысын, қазақ жері табиғатының сұлулығын үлкен сезіммен, іңкәр көңілмен бейнеледі.

Қазақстанның XIX ғасырдағы бейнелеу өнері қазақ-тың үлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фолькло­рист, ағартушы, ориенталист, өуесқой суретші Шоқан Шыңғысүлы Уәлиханов (1835-1865) шығармашылығымен тығыз байланысты. Шоқан үйінде тұрған (орыс ғалымдары мен геодезистері) А. И. Шренг, С. М. Семе­нов, Н. О. Басартиндердің игі әсері болды. Ол сурет пәнінің мұғалімі А. Померанцевтан сабақ алды. Оның қаламымен, тушьпен, сулы және майлы бояумен салған суреттік туындылары кезінде "Всемирная иллюстрация", "Искра", "Русская художественная литература" журналдарында, Орыс географиялық қоғамының "Хабаршы" журналында жарияланып отырды. "Сартай - Сарыбағыш руынан", "Боранбай портреті", "Шапан киген қырғыз", "Ханқожа күйші", "Ұлы жүз қазақтары", "Шақырым бағандары" суреттері жасырын "Хабар аға" деген лақап атпен жарияланып жүрді. "Шаткалдағы" каланьің көрінісі" т.б. "Бақсы", "Үш өйел" қазақтың көне тұрмысын, этнографиясын зерттеуге арналған. Г. Н. Потаниннің дәптеріндегі саятшылық құрал-жабдықтарын (томаға, түғыр, дауылпаз т.б.), таңбалы тас "қапшағай таңбалы тасы" тас мүсіндердің (қызтас, келіншектас, кемпіртас), көне жазулардың сыртқы сипатьш қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпаққа баға беруіне үлкен жағдай жасайды.


Шоқанның інісі Мақы Уөлиханов (1845-1916) Петер­бург көркемсурет академиясының профессоры атанған, ал негізінде қазақтың ұлттық сән және қосалқы өнер дәстүрін Европа үлгілерімен ұштастыра отырып, тартымды ою-өрнекпен әсемдеуге жол салды. Мақы туындыларында ұлттық ою-өрнектер ырғақтары күрделі композициялық құрылымдарға ұласып жатады. "Күш атасын танымас" деген суреттен тұратын ауыл өмірі тақырыбындағы көркем туынды жасағандығы жайлы деректер сақталған.
Ағартушы маман адвокат Сералы Ұнайтпасұлы ою-өрнекпен айналысып, алғаш рет шығыс сәулет өнерінің тарихын зерттеуге ат салысты. Ол шығыс (араб, парсы) тілдерін жақсы білу арқасында Гор өмір мавзолейі, Регистан, Шахи-Зинда, Көкілтау медресесі т.б. зерттеген.
Революциядан бұрынғы қазақ бейнелеу өнері тарихында 1878 жылдан өмірінің соңына дейін Верныйда тұрған орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың (1850-1935) ерекше. "Отынға аттану", "Мал айдау", "Бие сауу", "Жасауыл" туындыларын салған.

Көшпелі тайпалардың қола дәуірінен кейінгі мәдени өркендеуін сипаттайтын байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері халық қолөнері бұйымдарының озық үлгілерін дүниеге әкелді. Бұл өнер түріне негізгі сюжет болған - жылқы, түйе, арыстан, қабылан, барыс, аю, жолбарыс, бөрі, қанатты жыртқыштар, сонымен бірге бұлан (қандағай), бөкен, киік, елік, таутеке, бұғы, марал бейнесі мен олардың әрекеті. Бұл бейнелердің бөрі қүю, қырнау, безеу, қақтау әдістерімен жұмыр мүсін не рельеф түрінде жасал-ды. Байырғы сақ, ғүн, үйсін халық өнерінің озық үлгілері қазақ зергерлік өнерінің бастауына айналды. VI-VIII ғасырда көшпелі түрік тайпалары жасаған мәдениет қазыналары, осыған орай оларды жасаушы шеберлердің өзіндік аттары алтын, күміс соғушы (зергер), қолашы (қола құюшы), темірші (ұста), кесуші (безеуші, қашаушы), қырнаушы, бәдізші (мүсінші), барқ етушілер (сәулетші) белгілі болды. Бұлар - Орхон жазуында кездесетін әрбір ісмердің мамандық аттары. Қазақ халық өнері бүйымдары негізінен қыш, жүн, тері, ағаш, сүйек, киіз басу арқылы жасалады.


Біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері және осының негізінде IV-VIII ғасырда байырғы түрік өнері өркен жайды. Мұнын өзі археологиялық қазбалар жүргізу кезінде бүкіл Қазақстан өлкесіндегі ежелгі обалар мен қорымдардан табылған әр түрлі әшекейлі заттар арқылы айқындала түсті. Әсіресе, ежелгі тайпаларда зергерлік өнерімен қатар көзешілік те кең етек алып, жоғары сатыға көтерілді.
1970 ж. Алматы облысы, Есік қаласының маңынан табылған есемдік алтын бүйымдар біздің заманымыздан бүрынғы V ғасырдағы қазақ жерінде өмір кешкен тайпа-лар өнерінің озық үлгілеріне жатады. Қолөнері мен сөн жөне қосалқы өнер агаш, тері үқсату, зергерлік өнері, кесте мен кілем тоқу секілді салалары кең өріс алды. Бүган киіз үй түріндегі қыш ыдыстарды бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалу, қара, қоңыр, қызыл, сары түсті бояуларды өзара астастыра өшекейлеген өрнекті қабырғалар мен су қүбырлары (Тараз қаласының орталы-ғында табылған), ромб немесе шеңбер түріндегі айшықты да айқын үлттық ою-өрнектер мен көмкерілген терідең, металдан жасалған түрлі бүйымдар дөлел.
Көп ұлтты Қазақстан үшін қазақ халқының аса құнды сендік, көркемдік мұралары талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы ғана емес, сонымен қатар халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді оқып үйренуге қажетті материал ретінде қазіргі заманғы, қоғам талабына сай дамыту үшін кеңінен пайдалануға жол ашады.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер. Бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Халық өнерінде графикалық, сәндік өнердің сызықтық, түстік шешімдері және бейнелеудің жазықтықта орналасуының орынды мысалдары көрініс тапқан.
Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір қазақ қызы, әйелі өзінің түрған үйін, яғни киіз үйді безендіре білген. Олардың шебер де қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді.
Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника - аппликация кеңінен пайдаланылады. Қазақ халық өнерінде өрнекті фигураларды (аппликация) негізгі астарға киізден, матадан, теріден ойып алатын болған. Ал қазіргі кезде бұл өнер коллаж жұмыстарында пайдаланылады.

№ 2 - сабаң. Қазақ халқының қолданбалы өнерінің даму кезеңдері


Сабақтың маңсаты. Қолөнердің даму кезеңдерін және өнердің қыздарға тән түрімен, атақты қолөнершілер өмірімен таныстыру
Сабақ мазмұны.
Өнердің тәрбиелік мәні — қазақ өнерініц басқа ұлт, халық өнерімен байланысы. Өнер туралы нақыл сөз, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
Халық қолөнеріндегі ерлерге тән және қыздарға тән өнер түрлері. Қолданбалы өнердің республикамыздың облыстарындағы ерекшеліктері және еңбегімен танылған қолөнершілер туралы мәліметтер.
Оқушыларға ата-аналармеп әңгімелесіп, олардың өскен жерлерінде халық өнерінің қай түрі дамығандығьн сұрап біліп, сабақта айту тапсырылады. Ал өпердің әр облыстағы даму ерекшеліктерін оқушылар тыңдаған мәліметтері бойынша өздері анықтап, талқыға салады. Оқушылар сабаққа мүмкіндігі болса, жеңіл-желпі қол өнеріне байланысты бұйымдар әкелсе—көпшілікке көрнектілікке жарар еді.

өнер түрлері


Бұл тақырыпта мұғалім оқушылардың бастауыш кластағы сурет салудан алған білімдерін пайдаланады. Олардан ою-өрнек туралы білетіндерін сұрап, түрлі оюлар са-луға үйретіп, суретші, өнер шебері мамандықтарымен қиыстырады.

№ 4 - с, а б а қ. Ою-өрнектің түрлері, аталуы. Квадрат және тіктөртбұрыштан тұратын өрнектер.


Сабақтың мақсаты. Ою-өрнек түрлерімен та­ныстыру, аталу мағынасын, тұрмысымызда қолданылу түрлерін және ою-өрнектің қазіргі жаңа түрлерімен та­ныстыру


Сабақтың мазмұны.
Ою-өрнектің анықтамасы, оның қазақ қолөнерінде алатын орны. Ою-өрнектердің мағынасына қарай бөліну. Ою-өрнектің қазіргі жаңа түрлері, тіктөртбұрыш және квадраттан тұратын өрнектер. Көршілес республикалардың ою-өрнектері, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
Ою-өрнектің кейбір қарапайым түрлерімен оқушылар бастауыш класта танысқан. Сол білгендерін еске түсіру мақсатында түрлі сұрақтар қоюға болады.
Ою-өрнектің халық тұрмысының кез келген саласында тең тарағандығына мысалдарды алдымен өздерінен сұрап, содан кейін ою-өрнекті кілем, алаша, ыдыс түрлеріп, үй сырты не ішінің оюланған бейнесін, т. с ою-өрнекпен безендірілген көше суреттерін эпидиаскоптен корсету. Бұл бұрынғы көне заманнан келе жатқан халықтық қолөнердің бір түрі болса, енді заманымыздың өзгеруіне қарай жаңа түр, жаңа сипат алған.
Н. Тамапованың тұскиізге арналған оюын (1-сурет) көрсетуге болады. Осы орайда оқушыларға бұрынғы бүкілодақты көрмелердің лауреаты атанған Н. Тамапонаның Шымкентегі Спатаен атындағы мектепте ашылған ұлттық музейдің негізін қалаушы екендігін таныстырып, оның оюын көрсетуге болады.

Ою-өрнектердің суреттерін эпидиаскоп, лейти арқылы көрсете отырып, тақтада бір оюдың горизонталь және вертикаль симметрия осьтерін сызып көрсету, анықтамасын беру. Енді жеке сурет дәптері беттеріне түсті бояумен салынған түрлі оюлар оқушыларға үлестіріледі. Бұнда өздері кара қаламұшпен оюдың симметрия осьтерін жургізуі керек. Болған соң үлестірме оюларды жинап, симметрияны оқушының қалай түсінгендігін байқап, бағалау керек. Оқушыларға тепе-тең емес ою-өрнекті көрсетіп, «оюдың эскизін салуды қалай жеңілдетуге бола­ды?»— деп сұрақ тастау керек. Жауабы: қосымша сызьқ жургізу керек.


Енді сурет салудағы жалпы білу керек үғымдар: кон­тур, ритм, гармония — сөздеріне түсінік беріліп, тақтада түрлі оюлар сызып көрсету керек. Ритмді муяыкамен, пропорцияны математикамен байланыстыра айтқан дұрыс, яғни 5-класта математикада тереңірек өтетіні ескертіледі.


Практик а лық ж ұ м ы с.
Жіліншік пен қошқар мүйіздің эскизін сызуда мұғалім дайын сызылған үлгілерін көрсетеді. Оқушылар әр оюды талдап, симметрия осьтерін көрсетеді. Жіліншік эскизін тақтада оқушы орындап, шахмат, дойбы тақтасына ұқсайтынын айтады. Енді қошқар мүйіздің эскизін жасау үшін (2-суретте) көрсетілген бойынша мұғалім түсіндіреді. Оқушылар оюлар эскизін салып жатқан кезде, оларды аралап, тепе-теңдік осьтерін дұрыс сызып, пропорцияны сақтауын қадағалайды. Осы оюларды оқушылар қай жерде пайдаланғысы келетінін сұрауға болады.
Оқушыларға суретті сала білу қабілеттігінің архитекторлар мен конструкторға ғана емес, агрономға да, жүргізушіге де, станокпен жүмыс істейтін жұмысшыға да, хирургке де, ңазіргі өмір талап етіп отырған өнеркәсіптік және өндірістік эстетикаға да қажет екені айтылады.
Көк түс — аспанның символы, ақ түс —куаныштың символы, сары түс — ақыл парасаттың, қайғы символы, жасыл түс — жастықтың, көктемнің символы, с.с. т.б. Колорит — көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі. Оюды симметрия заңдылықтарынан басқа, ырғақ сақталуы керек. ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм (ырғақ ) дейді.
Оқушылар мектепке келісімен сурет сабағында түрлі заттың бейнесін I үйрене бастайды.
Сурет сабағының алғашқы күндерінен бастап танымдық мақсатпен оларға қарапайым ою үлгілерінен сурет салдырып, қидырып үйрете керек. Мұндай сабақтар оқушыларға дәстүрлі қолөнерімізді туғызады. Сіздерге ұсынылған оқу құралында қазақ халқының мәдени өнері, — оюды бастауыш сыныптан өрнек элементтерін үйренуге және көне атаулардың мазмұнымен толық танысуға береді.

ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІН ОҚЫП ҮЙРЕТУ


Ою-өрнек ертеден келе жатқан қазақ халқының төл өнері. Ежелден бүгінгі күнге дейін сақталған оюлардың элементтерін компьютер түрлендіру арқылы мындаған элемент алуға болады. Ұсынылып отырған әртүрлі ою-өрнектерді мұқият карай отырып, үлгі бойынша оқушылар жаңа ою-өрнектер жасатуға болады. Бейнелеу өнерінде жаңа түр, жа мазмұн ендіру бүгінгі танда еш қиындығы жоқ.


Компьютер арқылы әрбір оқушы дүниетанымы мен ой-өрісіне қар жүзге тарта оюдың жаңа түрін ойлап табуына болады. Сол жаңадан пайда болған ою симметриялық және ырғақ зандылыктарын сақтаса жасалу үлгі әдемі көрінеді. Оқушыларға ою-өрнекті қиюды, оюды, сызуды бірін сыныптан сурет, еңбек сабақтарында үйрету керек. Бастапқда оюшыларға қайшыны үстай білу, түрлі-түсті қағаздарды кию, қиып алынғанды желімдеу, қағаздан жасалған заттарды әсемдеп бояу секілді тапсырмаларды орындап жаттығу.
Оқушыларға түр мен түс туралы көркемдік тәсілдер туралы жал түсінік берумен катар табиғи формаларды өрнекке қолдану. Мысалы, алі шие, алхор, помидор, қияр жапырақтарынан жолақ ішінде ою-өрнек жасауға болады. Өсімдік тектес өрнектер жөнінде әңгімелеуден кей олардың кию жолдары, жай ою-өрнектер үлгісін жасау үйретіледі. Оқушылар ою-өрнек жасауда шеберліктерін одан әрі дамытып, жетілдіру үшін олар өз бетінше ою үлгілерін құрастырады.
Оқушыларға түрлі жемістердің жапырақтарымен суретін қоса сыдырып, ою-өрнектер қиып, ұнамды бояулармен бояп көрсетіледі.
Жолақ ішінде шаршылардан ою-өрнек элементтері салынады, сол сияқты шаршы ішіне ою-орнек салу үйретіледі. Оқушылар жаттығудан соң қазақтың ою-өрнектер элементтерімен танысып, оларды киі жаңа ою-өрнектер құрастырулары тиіс.
ОЮ-ӨРНЕК ЭЛЕМЕНТТЕРІН КАҒАЗДА ОЮ, СЫЗУ, ҚИЮ ӘДІСТЕРІ

Ою-өрнекке аз уақыт жұмсап, тез бітіру үшін түрлі-түсті қағаз; жиынтығы пайдаланады. Оюларды жасау үшін сурет дәптері, қарандаш, қайшы, ақ жұмсақ өшіргіш, желім болу керек. Түрлі-түсті қағаз;


Қиып алынған үлгілерді сурет дәптерінің бетіне рет-ретімен желімдеп отырады. Ою-өрнек элементін қағаздан қию үшін қағазды бір бүктеп "қошқармүйіз" жарты көрінісін қарындашпен сызып болған соң қайшымен қарындаш ізі бойынша қиылады.


Күрделі ою-өрнектер жасау үшін қағазды бір, екі және төрт бүктеп, оның бетіне қалам мен күрделі ою-өрнектердің суреті салынады да ұқыпты қиылады. Қиып алған ою-өрнектің бүктеуін жазып жібергенде әдемі ою алдыңнан шыға келеді. Міне, сен жасаған ою-өрнек дайын. Оны керекті бұйымының бетіне түсіре беруге әбден болады.
Барлық ою-өрнек қималарын сурет дәптерінің бетіне желімдеп отырған жөн. Ою-өрнек өнерін қиып, ойып, сызып, жасаудың орындау тәсілдерінің үлгілері беріліп отыр. Алдымен қағазда үлгі жасап үйренген соң матаға ою-өрнек түсіру оңайға түседі. Оқу құралында көрсетілген кезендерді мұқият орындасандар ою-өрнек көрікті болып шығады. Егер бір бүктеп ою қиюды жақсы орындай білсендер, оның басқа тәсілдерін де жақсы меңгересіңдер.
Салынатын ою-өрнек заттың немесе бұйымның бетіне дөп орналасып, өз жарасымын табу керек. Мысалы, шаршы сиякты заттар бетіне шаршы оюлар салынып безендіріледі.
Сондай-ақ, дөңгелек пішіндес заттар "дөңгелек" оюлар үлгілері са­лынады. Киімдерге, оның жиектеріне (жаға, етегіне) жолаққа ою-өрнек үлгілері салынады.
Біздер көріп, біліп жүрген заттарымыз геометриялық денелердің жиынтығынан құралады. Сол себепті геометрия пішіндес (форма) сияқты ою-өрнектер үлгілері берілді. Оқу кұралда алдымен ою-өрнектердің ұлттық түрлерімен танысып, жете үйренгеннен кейін, оюларды компьютерде түрлендіре отырып жаңа элементер жасауларыңа болады.
СЫРМАҚ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Үй жиһазының бірі — сырмақ ата-бабамыздың дәстүрлі төсеніші болған. Сонымен бірге ол — халқымыздың бай колөнерінің қайталанбас туындысы, тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдарының бірі. Әдемі өрнекпен оюланған сырмақ көркемдігі жағынан кілемнен кем түспейді. Еденге төсеуге, әрі шаңын қағуға ыңғайлы болу үшін оның көлемі теке-метке қарағанда кішілеу.


Әдетте, сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт. Киіздің жүні, оның өңі күні бұұрын тандалып, көбінесе қозы жүнінен жасалады.

КАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІНІҢ ЕЖЕЛГІ НҮСКАЛАРЫ МЕН АТАУЛАРЫ


Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туьндысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнекте өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналас қанын байқау қиын емес. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаула рында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша құс —балық — судың, ағаш — жердің белгісі болған. Сол қазақ ою-өрнегіні мақлұқаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түскені белгілі (С.Жәнібеков, ЭХО, 13 бет). Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.
Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан алпысқа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасын, атауларын жинақтаған оқырмандарымызға ұсынып отырмыз. Ежелгі ою-өрнектердің мазмұнында, қолөнер шеберлері ғасырлар бойы сақтап келген дәстүр кеңінен қамтылған. Біздегі жинақталған мәліметтерге сүйенсек, ше берлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейне дәлме-дәл түсіруге ұмтылған.
Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығі т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.
Ою-өрнек өнері қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдені шежіре. Болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып, қолөнер, сурет, архитектура және өндіріс салаларына ендіріп қана қоймай, осы өнерді қайта жаңғырту біздің мақсатымыз.

ОЮ-ӨРНЕК АТАУЛАРЫНЫҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ


Халқымыздың ежелден бастау алған мал мен егін кәсіпшілігін атамағанда, зергерлік өнері, ұсталық кәсібі қолөнердің тамаша туындылары. Бұл өнердің бір-бірінен ерекше тұстары көп.


Кәсіптің түрлеріне байланысты еліміздің әр аймағында, әр алуан кәсіби сөздер пайда болады. Кәсіби сөздер белгілі территориялық аймақты ғана қамтып, шектеулілігі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Диалект сөздердің белгілі бір балама сөзі, синонимі болса, кәсіби сөздердің көп жағдайда баламасы кездеспейді.
Осы жағынан карағанда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі термин сөздерге бір табан жақын. Өйткені кәсіби сөздер негізінен бір мағыналы болады және шаруашылықтың белгілі бір саласына байланысты ғана тарайды.
Еліміздің белгілі этнографы — Садык Қасиманов казір колданыстан шығып қалған қолөнер саласына байланысты кәсіби сөздерді ұзақ жылдары ел арасынан жинап, С. Қасиманов сөздік қорды байытты ғылымның жинаған кәсіби сөздерін зергерлер, ұсталар ғана өз кәсіптеріне байланысты ғана атауларды қазіргі кезде қайта қолдануда. Бұл сөздер жағдайда ел арасында кең қолданыс таппай ұмыт бола бастаған және қолөнерге байланысты айтылатын бұл сөздер сөздік қорда сирек кездеседі.
Қазіргі кезде қолөнеріміз қайта жаңғырып, жаңа үрдісте дами бастағанда қолөнер бұйымдарына қажетті заттарды ата-бабаларымыздың ұмыт ған сөздерін қайта қолдану үшін "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" оқу құралына ою-өрнекке, қолөнерге байланысты кәсіби атауларды тізіп отырмыз. Оқушылар түрлі қолөнер бұйымдарын жасағанда, қолөнерге қажетті заттарды ескі атауларын қолданады. Бұл кәсіби сөздер ел арасында кең қолданысқа ие болу қажет. Сондықтан текемет жасағанда немесе ер-тоқым жасағанда осы бұйымдарға байланысты іс-қимылдар атаумен атаулары керек. Мысалы: кірлеу әдісі, ақ-кара түсті текемет-асуда колданылады. Кірлеу-өрнектеліп болған текеметті ыстық су құйып, буландырып білектеу. Ал ер-тұрманның құрамына ердің жеке басанан басқа тоқым, желдік, терлік, тебіңгі, үзеңгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, жүген, жабу, ат көрпе, тұсау, шідер сияқты заттар қосылады осылардың бәрін халык күнделікті өмірде жеке атауларын атап жатпай жалпылама түрде ер-тоқым деп атайды. Жоғарыда берілген кәсіби
Сөздер мен қатар олардың мағынасын, қолданылатын саласыңда түсіндіріп өттік соңдықтан қолөнер бұйымдарын жасау кезінде былғарының, тігістердіі басу кезіндегі әдіс-тәсілдерді көне атаулармен атаған жөн. Себебі, қолөнер бұйымдарын жасау ежелден келе жатқан халықтық өнер. Қазіргі заман да қайта дамып, ел арасында кең қолданысқа ие болып отыр

Абзал — күмістен жасаған ер-тұрман. Ер-тұрмандағы былғар жасалған айылдарға қадалған күміс түймелерге әдетте зооморфтык өрнектер түсіріледі.


Ағаш аяқ — ағаштан жасалған ыдыс-аяқ. Қазір ыдыстың сыр ою-өрнек бейнелейді.


Адалбақан — өрнектелген бұтақты сырық. Шеберлер адалбақан бас жағын темірден жасап, ал ағаштан жасалған негізін ою-өрнек бедерлейді (ет, сүзбе немесе киім ілетін мүлік).


Айсырға — жарты ай бейнелі сырға, сырғаның сыртқы көрінісі "і "жартылай" өрнегін тұспалдап түрады.


Айыл — шап айыл, төс айыл, кер айыл, құр айыл, тартпа айыл т.б. тоқымды ат үстіне бекітіп тұратын жалпақ тартпа баулар. Оны қайыст құрдан, былғарыдан өрнектеп істейді.


Айылша — өрім мәнерінің бір түрі, көбінесе төрт таспадан жалпақ өреді (ер-тұрман). Ұлттық киімдер


Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой – дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртында өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан – сұлтандар салтанатқа киетін болған.
Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан – сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.
Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі – түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал – серілер салтанатқа киген.
Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Камзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.
Кебіс мәсі. Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына оюсалынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Бөрік – жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп (жапсырылып) дөңгеленген пошымда тігіледі. Пошымына, тігілген материалынақарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.
Тақия. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі,көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үкі тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар ұзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғұмырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.
Көкірекше – жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім. Оның өңірі мен етегі өрнектеліп, кестеленеді. Қыз балалардың көкірекшесінде теңгелер, маржан сияқты әшекей заттар қадалады. Ыңғайлы, ықшам көкірекшені көбінесе балалар жейденің, көйлектің сыртынан киеді.
Сәукеле - әйел әшекейінің ең қымбаты. Ұзатылатын қыздың үйінен киіп шығатын бас киімі – сәукеле. Огың негізін ақ киізден биік конус тәрізденіп жасайды. Сыртын қызыл шұға немесе қамқамен тыстап, алтыннан, күмістен, әр түрлі асыл тастардан, түсті шынылардан әшекейлер тағып, құндызбен жиектеледі. 

Ән – күй аспаптары


Адырна – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе таптып, аң – құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.
Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты – үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарысен іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.
Домбыра – қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалынады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.
Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Дауылпаз – ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолдданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.
Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында – «Тәбльбасс», қырғызда «Дообас» деп аталады.
Жетіген – қазақ халқының ертеден келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен – деседі.
Желбуаз – үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінде қолданды.
Қыл қобыз – ерте заманнан келе жатқа қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабын екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілері және «нар қобыз»,жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екендігі айтылады.
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспабының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысмен қой, қозы қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген. Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді. Бұл аспапты сілкіп ойнайды.
Шаң қобыз – бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Аспапта ойнау ерін мен тістің қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.
Қоңырау – қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Қоңырау дыбысы сыңғырлап шығатын металлдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдыңмойынына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады.
Айыр калпақ — ақ киізден иленіп жасалады, алды-артын жырық еі түріп киетін бас киім. Қалпақтың төбесіне жай және күрделі элементтерден ою салады.

Ақ орда — ақ киіздерін, әр түсті матамен оюлаған үлкен киіз үй.


Ақ боз үй — бозғылт киізбен жапқан, іші-сыртын оюлаған әсем үй.


Алаша — әр түрлі жіптен өрмек арқылы арқау салып, жолақтап тоқитын өрнекті тақыр кілем.


Алтын жүргізу — металдан жасалған әшекей заттардың арасына алатыннан сыздық жүргізу. Алтын мен күміспен бұйымның сыртын жалату.


Аркау — өрмектің үстіңгі жібі мен астыңғы жібінің арасына көлденең түсіп тоқылатын негізгі жіп.


Арқау бар — кілем өрнегінің бой жібінің бір жақ бет жібін "арқау бар", бір бетін "арқау жоқ" деп те атайды.


Асадал — ішіне тамақ, ыдыс-аяқ қоятын биік кебеже. Асадал бетін өрнектеуде күрделі элементтер, өсімдік тектес ою-өрнектер және геометриялық өрнектердің түрлері сүйекпен безендіріледі.


Асмалдық — әшекейлеген түйе жабу.


Аяқкап — ыдыс-аяқ салатын киізден жасалған әшекейлі дорба: уықтың, керегенің аяғына кигізіп жанайтын киіз қап.


Әшекей — өрнек, бір нәрсені әдемілеп тігу, алтын, күміс, маржанмен шекейлеу.


Әдіптеу — әдіп салу, әдіп жүргізу (заттың не киімнің шетін екінші шеті мата немесе терімен жапсыра тігу, жиектеу).


Әбдіре — сандық, көбінесе әбдіренің таңдай бетін қаңылтырмен әшекейлеп істейді. Әбдіренің ортасына "қошқармүйіз", "төртқұлақ" салады, бұрыштарына "үшбұрыш", "үшжапырақ" оюлары қолданады да, сандықтың бетінің жиегіне "шетоюлар" бейнеленеді.


Бағдар — күміске ойып өрнек салу.

Бағдарлау — күміске әшекей салу: байқау, болжау, өрнектеу, ою салу.


Балбал тас — тастан жасалған бағана: тіреу тас мүсін. Тасты ойып түсіру.


Бала торсық — былғарыдан жасалған кішкентай иықты торсық. Торсыққа ойып өрнек түсіреді.


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ЖАС ҰРПАҚТЫ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ИГЕРУ САЛАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ




Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің бір жолы олардың көркемдік талғамын дамыту, сәндік-қолданбалы өнері туындыларымен таныстырып, жас ұрпақтың өрісі қалыптасатын мектеп қабырғасында рухани-эстетикалық тәрбие беру, негізінен өнер пәндеріне қатысты. Осы өнерлердің ішінде, адамның өмір сұлулығы туралы талғамын, дүниетанымын бейнелі айқындайтын адамзат мәдениетінің қазыналарының бір саласы – бейнелеу және сәндік қолданбалы өнері туған тарихын, табиғат сұлулығын, халықтың тұрмыс-салтын, эстетикалық дәстүрлерін айқын бейнелей отырып, көркемдік білім мәдениетімен ұштастыруға мүмкіндік туғызатын басты тәлім-тәрбиенің құралы болып табылады. Мектептегі сәндік-қолданбалы өнері пәнінің мақсаты – оқушылардың дүниетанымдық, эстетикалық, әсемдік пен сұлулық өрістерін байыта түсу. Сәндік-қолданбалы өнері қазақ халқының жарқын көрінісі болып саналады. Қазақ қол өнері өзінің төлтума қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы, үй бұйымдарын төсеніштерді, ұлттық киімдерді кестелеген. Негізгі қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны мәлім. Киім кестесінде адамның жас ерекшелігіне, кестеге тігілетін жіптің түсіне кестелеу барысында үлкен мән беріледі. Кестенің ашық түсті болуы жастарға лайық болса, жасы үлкен кісілерге кесте түсінің қоңырқай болуы лайық деп қабылданған. Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен тығыз байланысты. Әр халықтың өзіндік кесте тігу нақыштары бар. Көне заманнан бері, біздің эрамызға дейінгі V-VI ғасырдан кестелеу өнері жалғасып келеді. Мысалы, Қытайда кестені таза жібек пен алтын, күміс жіптермен тіккен. Кесте арқылы киімдерді ғана емес, кілем, сәнді панноларға құстар мен ағаштар бейнелеген. Үнді, Иран елдерінің кестелері өсімдік тектес, жан-жануарлар мен бейнелерді тігумен ерекшеленеді. Ал Византия кестесінде таза жібек немесе алтын жіптерді төгіп зерлеген. Бұл кестелеріне үлкен жетістіктер енгізді. Сонымен қатар, ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырдың басында Франция, Германия, Швеция, Англия, Дания, Норвегия елдерінде ұлттық киімдер мен үй-тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қолданған. Соның ішінде, кеңінен өріс алған түрлері тігінен немесе айналдыра тығыздап тігу мен қолдан тігу болды. Халық өнері ғасырлар бойы әртүрлі болып өзгеріп, адам өмірімен, олардың тұрмысымен әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Кестенің әдемі әшекейлері адамдардың тұрған жерлеріне, мәдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарым-қатынасына байланысты болған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері, өздеріне тән ерекшеліктерімен тігудің сан түрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді. Ал біздің жыл санауымыздан екі мың жыл бұрын сәулет өнері, мүсіндеу және бейнелеу өнері жоғары дамыған. Орта Азия мен Қазақстандағы қолөнердің тамыры неолит және қола дәуірінен басталған. Бұған Жасыбай мен Ұлытау маңындағы тастарға ойып салынған суреттер мен ою-өрнектер куә. Ата-бабаларымыздың өмірі көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болған емес.
Қашанда кесте өнерінің түр-түсі, үйлесімділігі, әдемілігі, қайталанбастығымен ерекшеленеді. Бабаларымыздың киімдеріне, ат-әбзелдеріне, үй бұйымдарына өрнек сала білген. Өрнектердің орналасу композициясы да ерекше болған. Ғасырлар бойы өрнектердің, кестелердің орналасуы өзгеріп пішімі өлшемге сай болып келген. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» - халық мақалы айтқандай, ал бүгінгі күнде өрнектердің, кестелердің орналасуы, өлшемі, пішімі тігушінің талғамына, фантазиясына байланысты.
Кесте тігу үшін керекті құрал-жабдықтар мен материалдар және олармен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктері.
Инелер. Тігіс үшін иненің бірінші сортын және мықтысын қолдану керек. Иненің мықтылығын білу үшін бір инені алып қолмен сындырып көру жеткілікті. Егер ине оңай сынса, немесе сым сияқты иілсе иненің нашар болғаны. Жұқа маталарға тігісті қысқа немесе жартылай ұзын инелермен тігеді. Сондықтан, иненің №5-12 үш сортын алып қою керек, және ине жіптен сәл жуандау болуы шарт.
Қайшы. Жұмыс істейтін қайшы екі түрлі болу керек. Біреуі – үлкен, бір ұшы өткір, екінші ұшы – доғалданған, ал екіншісі – кішкентай, жіпті, матаның үлкен емес бөліктерін қию үшін. Қайшының сақиналығы дөңгелек, мүмкіндігінше кеңірек болғаны дұрыс. Себебі, кішкентай сақиналық қолды тұсап, қиып, саусақта із қалдырады.
Оймақ. Оймақты оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Ол инені қолға шаншып алудан сақтайды және қатты маталарға инені оңай оңай шаншуға көмектеседі. Оймақтар металдан, пластмастан жасалғаны болады, бірақ міндетті түрде саусақтың өлшеміне сәйкес болуы керек.
Кергіш. Квадрат және шеңбер формалы болады. Шеңбер кергіш екі шеңбер бөліктен тұрады – үлкен және кіші. Кішісі үлкеніне еркін кіріп шығатындай болу керек. Қазіргі кезде ағаштан, металдан, пластмастан жасалған кергіштер бар. Бірақ соның ішінде ең ыңғайлысы ағаштан жасалған кергіштер. Ал темір кергіш ауыр, оның тегіс бетіне бекітілген мата сырғанап тұрмайды және де матада шеңбердің орны, кірленіп, қалып қояды, ал пластмастан жасалғаны берік емес.
Кесте тігу үшін мата мен жіп таңдау. Мата мен жіпті кестеленетін бұйымның ыңғайына, оған түсетін өрнек пен орындалу әдісіне қарап таңдайды. Кесте тігу үшін лен және мақта мата жіптер, Ресейден шығатын бұрынғы түрлі-түсті ленинградтық мулине жіптер пайдаланады. Бұл жіптер жақсы боялған, оңбайды, жылтыр және мықты болып келеді. Сонымен бірге жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер де пайдалануға болады. Ал жіптердің ұзындығы 50 см-ден ұзын болмауы керек. Бұйымның шеттерін көктеу үшін, катушкадағы № 40, 50, 60 ал әредік кесте үшін № 80 жіптер пайдаланады.
Кесте түрлері.
«Барқыт тігісі». Тігістің бұл түрімен балалардың киімдерін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда матаның екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп алады. Кестелеу төменнен жоғары қарай басталады.
«Айқас тігіс». Кестенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым, әрі әдемі кесте болып табылады. Айқас тігіс кестені селдір матаға түсірген дұрыс. Оның өлшемі кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын қадағалау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады.
«Ойма кесте». Өрнектің жеке бөліктері бағаналар мен жіптен өрілген шырмауықтармен біріктіріліп тігілетін кесте түрі. Оны «Ришелье» деп те атайды. Бұл кестенің негізі «бедерлеп тігу» тігісімен тігіледі. Ойма кестеге арналған өрнекті матаға қатарласқан екі сызықпен түсіреді. Өрнектің сызығының бойымен «инені алға салу». Бағана мен шырмауық бірнеше тәсілмен орындалады: жұқа матада жіпті келесі шетінен өткізіп алып, сол жіпті орау арқылы артқа қояды. Егер бағана бедерлі тігіспен орындалатын болса, бірнеше жіп өткізіп алып, оларды орайды. Үшінші тәсілінде – 2-4 жіп өткізіп алып, арасын ашып, инені араларынан кезек өткізіп орайды. Бұл тәсілмен орындалған баға жазық формалы болады, өте бекем және жуылғанда бүлінбейді.
«Сабақты кесте». Кестенің бұл түрімен көйлектің өңірін, тықыр барқыттан тігілетін ұлттық киімдерді, теріден тігілетін киімдерді әшекейлеуге болады. Ол үшін бір сызықпен түсетін өрнектер салынады. Тігілу тәсілі тігіс солдан оңға қарай жүреді. Инені бекітілген жіптің оң жағынан кіргізіп, осы қашықтықтың ортасынан шығарады. Осылайша әрбір тігіс алдындағысының ортасынан басталып отырады. Тігістің ұзындығы неғұрлым кіші болса, соғұрлым ширатылған жіпке ұқсайды. Тігістің бұл түрімен өрнектің суын, өсімдіктердің сабақтарын тігеді.
«Әредік кесте» Әредік кесте деп материалдың әр жерін әшекейлеп, бөлек-бөлек өрнектейтін кестені айтады. Орамал, жастық, жапқыш, кежім, сәукеле, тақия, балақ, жаға, етекке және кең қонышты етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты үй жиһаздарын кестелейді.Әредік кестеге өсімдіктер бейнесіндегі: дала гүлдері, жидектер сияқы өрнектер түсіреді.
Мектептерде жиі қолданылатын түрлері айқас кесте мен әредік кестелер. Көп жағдайда мектеп мұғалімдері сәндік-қолданбалы өнер сабағында тек ою-өрнек үлгілерін қағаздан қиып жапсыру жұмыстарымен шектелетіні белгілі. Өнердің жасалу принциптері, сәндік әшекей дәстүрлері т.б. қасиеттері туралы көркемдік мәліметтер беру ісі сабақ мазмұнынан тыс қалады. Бейнелеу өнері пәні арқылы балалардың туған халқының мәдени құндылықтарын игеру, және сәндік-қолданбалы өнер саласында көркем сурет әдістерімен ұштастыруы, көркемдік іс-әрекеттері өнерге тән мазмұнын заңдылықтар ескеріліп, жоспарлануы және жүзеге асырылуы толық қамтамасыз етілуі керек. Осы өнердің түрлерімен, мәнерлік құралдарымен, ішкі мазмұны мен мақсатын таныстыра отырып, оқушының кеңістікте бейнелі ойлау қабілетін, шығармашылық қиялының дамуын қадағалау қажет. Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінде аты шыққан шеберлер өте аз, солардың ішінде кесте өнерінде Батима Зәуірбекова, Айман Саудагерова, Егізбай Бибатыров, Бахтияр Аханов халқымызға танымал шеберлері бар. Осы халық өнер шеберлерінің шығармашылықтары арқылы жасөспірімдерге көрсетілген үлгі-өнеге, айтылған ақыл-өсиеттері балаларды мәдениеттілікке, әсемдікті, сұлулықты дұрыс түсініп, қабылдауға үйретеді деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, оқушының мектептегі алғашқы күнінен бастап өнерді практикалық, эстетикалық қабылдау іс-әрекеттері, бірізділікпен жүйелі ұйымдастырылуы қажет. Мұғалімнің сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жұмысы тәрбие беру түрлерімен тығыз байланысты және эстетикалық тәрбиенің бастамасы болып табылады. Соңғы жылдары жалпы халықтың, өнер сүйер қауымының кесте өнеріне деген қызығушылығы артып отыр.
Жалпы кесте өнері бұл ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзінің ерекше сұлулығын заман талабына сай жаңартып, дүние жүзі халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінде кең етек жайып, жоғарғы дәрежелі орынды алып отыр.

Әдебиеттер:


1.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-127 бет
2.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ..- Алматы: Қазақстан, 1977.-96 бет.
3.Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері.- Алматы: Рауан, 1992.-120 бет
4. Шокпарұлы Д. Қазақ қолөнері.-Алматы: Өнер, 2005.-176 б.
5. М.Ш. Өмірбекова Қазақ халқының дәстүрлі өнері.- Алматыкітап,ААҚ, 2004

Конец формы



.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет