Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


а- қалыпты тыныс алу кезінде; б-сөйлеу кезінде



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

а- қалыпты тыныс алу кезінде; б-сөйлеу кезінде
Ұзақ   дем   шығару   үшін   қор   ауаның   көлемі   де   жоғары   болуы 
ықтимал. Сөйлеу кезінде дем шығаратын ауаның көлемі, соған сәйкес 
дем алғандағы ауа көлемі 1500-2000 см³ дейін жоғарлайды. Сонымен, 
сөйлеу   кезінде   дем   алу   тек   қысқа   уақытты   ғана   емес,   ол   сонымен 
қатар терең болуы қажет. Бұл үшінші ерекшелік.
Сөйлеу   демінің   келесі   төртінші   ерекшелігі,   бұл   -   сөйлеу 
кезіндегі   дем   шығарудың   арнайы   дем   шығару   бұлшық   еттерінің 
белсенді қатысуымен іске асуында. 
Сөйлеу демінің ерекшеліктері төмендегі кестеде көрсетілген: 
66

Сөйлеу демінің ерекшеліктері
Көрсеткіштер
Қалыпты тыныс алуда
Сөйлеу кезінде тыныс 
алуда
Дем алу және дем 
шығару 
ұзақтықтарының 
қатынасы
1:1,25
1:5-1:8
1 минуттағы тыныс алу
16-20
8-10
Дем шығару кезіндегі 
ауа көлемі
500 см³
1500-2000 см³
Дем алу не арқылы іске 
асады
Мұрын арқылы 
Ауыз арқылы 
Дем шығару бұлшық 
еттерінің қатысуы
Қатыспайды
Қатысады
Балаларда   қалыпты   сөйлеу   демі   сөйлеу   қызметінің   даму 
процесіне   сәйкес   қалыптасады.   Есту,   сөйлеу   қабілеттері   бұзылған 
балаларда   және   басқа   да   сөйлеу   ырғақтарының   бұзылыстарында 
сөйлеу   демінде   дефектілер   байқалады:   өкпеге   ауаның   тым   толып 
кетуі, немесе терең дем ала алмау. 
2. Дауыстың пайда болуы (фонация)
Дауыстың   пайда   болу   механизмдері.  Қалыпты   дем   алған 
уақытта   дауыс  саңылауы  ашық және  оның пішіні тік  бұрышты  үш 
бұрышқа ұқсас болады. Дем алатын және дем шығаратын ауа осы кең 
дауыс саңылауы арқылы өтеді. 
Фонация   кезінде   нағыз   дыбыс   қатпарлары   түйілген   күйінде 
болады (33 сур.). Дем шығарғандағы ауа ағыны осы түйілген дыбыс 
қатпарларын шет жақтарға қарай жылжытады. Дыбыс қатпарларының 
серпімді болуына және бұлшық еттердің әсеріне байланысты дыбыс 
саңылауын  тарылтатын   дыбыс   қатпарлары   қайта   бастапқы   қалпына 
келеді.   Сонымен,   фонация   кезінде   дауыс   қатпарларының   тербелісі 
болады.   Осы   тербелістер   көлденең   бағытта   іске   асады,   яғни   дауыс 
қатпарлары ішкі жақтан сыртқа қарай орын ауыстырады (жоғарыдан 
төменге қарай емес). 
Фонация   кезіндегі   дауыс   қатпарларының   тербелісін   орган 
түтігінің пружиналы тілшелерінің   тербелісімен салыстыруға болады 
(34   сур.).   Пружина   әсерінің   салдарынан   тілшелер   бір-біріне   тығыз 
қысылады.   Ауа   ағыны   түтікке   түскен   кезде   астыңғы   жағынан 
тілшелерді   басады.   Осы   қысымның   әсерінен   тілшелер     жан   жаққа 
67

таралып,   ауаның   бір   бөлігін   сыртқа   шығарады.   Бұл   кезде   тілше 
астындағы   қысым   төмендеп,   пружина   әсерінен қайта   бір-біріне
33 Сурет. Дауыс қатпарларының сызбанұсқасы:
а- тыныс алу кезінде; б-дауыстың пайда болуы кезінде; в-фальцет 
кезінде; Бағдарша дауыс қатпарлары тербелісінің 
бағытталуын көрсетіп тұр.
жанасып,   қысылады.   Ауа   ағыны   қайта   түтікке   түсіп,   барлық   цикл 
қайталанады.   Тілшелердің   ашылып,   жабылуы   ауаның   қоюлануын, 
түтіктің   жоғарғы   бөлімдерінің   тітіркенуін   тудырады,   яғни   белгілі 
күші, биіктігі бар дыбыстың қабылдануын тудыратын ауа толқының 
қалыптастырады. 
34 Сурет.Тілше түтігінің сызбанұсқасы.
Осылай дауыс қатпарлары да тербеледі. Олардың тербелісінің 
нәтижесінде қысымның әсерінен трахея бойымен қозғалып жатқан ауа 
ағынының   қозғалысы   дыбыс   қатпарларының   астында   ауа 
бөлшектерінің тербелісіне айналады; осы тербелістер жұтқыншақта, 
ауа   қуысында   және   мұрын   қуысында   сәйкес   өзгерістерге   ұшырап, 
сыртқы ортаға беріліп, дауыс дыбыстары ретінде қабылданады. 
Фонация кезіндегі олардың тербелісінде дауыс қатпарларының 
әр бір ажыраған уақытында өте аз мөлшерде ауа шығады. Сондықтан 
68

дыбыс   толқынының   сыртқы   ортаға   түсетін   қысымы,   қалыпты   дем 
шығару   кезіндегі   ауа   ағынының   қысымымен   салыстырғанда   төмен. 
Осындай тәжірибе негізінде соған көз жеткізуге болады: қалыпты дем 
шығарған кезде ауыз алдына әкелінген қағаз алға қарай қозғалады, ал 
фонация кезінде ауызға әкелінген қандай болсын жеңіл зат мүлдем 
қозғалыссыз қалыпта қалады. 
Сыбырлау   механизмі.  Егер   дыбыс   шығару   кезінде   дыбыс 
қатпарларының   жанасуы   көлденең-қалпақты   бұлшық   еттердің 
қатысуынсыз жүрсе, онда сыбырлау кезінде дыбыс қатпарлары өзінің 
тартылысымен   жанаспайды,   түйіспейді:   олардың   сыртқы   бөлігінде 
кішкентай тік бұрышты үшбұрыш пішінді саңылау қалады, ол арқылы 
дем   шығарылатын   ауа   ағыны   өтеді   (35сур.).   Осы   кезде   дауыс 
қатпарлары   тербелмейді,   бірақ   үшбұрышты   саңылау   шетінде   ауа 
ағынының   үйкеленуі   шуды   тудырады,   бұл   сыбырлау   түрінде 
қабылданады.
35 Сурет. Сыбырлау кезінде дауыс қатпарының орналасуы.
Фальцет механизмі.  Фальцет дегеніміз (итал. falso – шынайы 
емес, фальшивті) табиғи емес жоғары еркек дауысы. Фальцеттің пайда 
болу механизмі осыда: дауыс қатпарлары өзінің қалыңдығы бойынша 
емес,   тек   оның   жұқа   шет   жағының   тербелісі   және   тербеліс 
көлденеңнен  емес,  ұзыннан, яғни  үстінен астына  қарай бағытталып 
іске   асады.   Фальцетті   дыбыста   дауыс   қатпарлары   толығымен 
жанаспайды, олардың арасында ұршық тәрізді саңылау қалады.
Дауыс   күші,   биіктігі   және   тембрі.  Дыбыс   сияқты   дауыстың 
күші, биіктігі және тембрі болады.
Дауыстың   күші  негізінен   ауа   қысымының   мөлшерімен 
анықталатын дауыс қатпарларының тербеліс амплитудасына, яғни дем 
шығару күшіне тәуелді. Өкпеге көп мөлшерде ауа толған кезде және 
жоғары   интенсивтілікте   дем   шығарған   кезде   дауыс   қатты   шығады. 
Бірақ   жұтқыншақта   пайда   болатын   дауыс   барлық   жағдайда 
салыстырмалы әлсіз болып келеді. Дауыс күшіне дыбысты күшейтетін 
жұтқыншақтың, ауыз қуысының және мұрын қуысының резонаторлық 
қуыстары маңызды әсер етеді. 
Дауыстың   биіктігі  дауыс   қатпарларының   тербеліс   жиілігіне 
тәуелді, олар өз алдына ұзындыққа, қалыңдыққа және оның кернеуіне 
тәуелді. Дыбыс қатпарлары неғұрылым ұзын, соғұрылым олар қалың 
69

және неғұрылым кернеу аз, соғұрылым дауыс дыбысы төмен болады. 
Дауыс   биіктігінің   өзгерісін   көмейдің   бұлшық   етті   аппараты 
қамтамасыз етеді. Төмен дыбыстарды шығарған кезде (өлең айтқанда) 
дыбыс   қатпарларының   тартылуы   сондай   жоғары   емес:   дыбыс 
қатпарларын   тартып   тұратын   сақиналы-қалқанша   тәрізді   бұлшық 
еттер жұмыс істемейді; дауыс бұлшық еттері (қалқанша-қалпақ тәрізді 
бұлшық ет) белсенді болады, олар жиырылған кезде қалыңдап, соның 
салдарынан   дауыс   қатпарларының   қалыңдығын   жоғарлатады. 
Дыбыстың   жоғарлауы   сақиналы-қалқанша   тәрізді   бұлшық   еттің 
жиырылуынан   пайда   болатын   дыбыс   қатпарларының   тартылуы 
арқылы жүзеге асады. Осы механизм белгілі бір шекке дейін жүреді. 
Сақиналы-қалқанша тәрізді бұлшық еттер максималды жиырылғаннан 
кейін дауыс қатпарларының тартылуы мүмкін емес, осы кезде басқа 
механизм жүре бастайды – дауыс қатпарларының тербелетін бөлімінің 
қысқаруы.   Бұл   көлденең   бұлшық   еттердің   жиырылуы   арқылы   іске 
асады. Егер дыбыс қатпарларының тербеленетін бөлімінің тартылуы 
мен қысқаруы белгілі бір шекке жетсе, сонда фальцет механизмі іске 
кіріседі. 
Сонымен,   дауыс   қатпарларының   тербеліс   жиілігі,   яғни   дауыс 
биіктігі екі фактордың өзара әсеріне тәуелді – дыбыс қатпарларына 
ауа   ағынының   қысымы   және   дауыс   қатпарларының   құрылымы 
(ұзындығы, қалыңдығы, тартылу дәрежесі). 
Француз   физиологы   Р.Юссон   (P.Husson)   дауыстың   пайда 
болуының басқа бір теориясын ұсынды. Осы теорияға сәйкес дауыс 
қатпарларынң   тербеліс   саны,   яғни   жиілігі   дауыс   бұлшық   еттеріне 
төменгі   көмей   жүйкесінің   талшықтары   арқылы   жететін   жүйке 
импултстерінің санымен анықталады. Юссон теориясын қазіргі кезде 
емкім мойындамай отыр. 
Дауыс қатпарларының тербеліс жиілігі негізгі тонның биіктігін 
көрсетеді. Көмейде негізгі тоннан басқа қосалқа, немесе обертондар 
пайда болады. Олардың дыбысталу жиілігі мен күші көмейдің құрлыс 
ерекшелігіне,   сонымен   қатар   резонаторлық   қуыстардың   көлемі   мен 
пішініне   (жұтқыншақ,   ауыз   қуысы,   мұрын   қуысы)   тәуелді. 
Обертондардың   белгілі   бір   үйлесуі  жеке   адамның  дауысын,  немесе 
тембрін анықтайды,  яғни  осы дауыс,  немесе  тембр арқылы адамды 
даусынан айырып, тани аламыз.
Дауыс   диапазоны.  Адам   дауысы   шамамен   екі   окт 
аралығындағы   биіктік   бойынша   өзгеруі   мүмкін.   Қалыпты   жағдайда 
сөйлеу   үшін   4-6   тон   жеткілікті.   Дауыс   диапазоны,   яғни   биіктік 
бойынша   дауыстың   өзгеруге   мүмкін   аралығы   әртүрлі   адамдарды 
әрқилы. 
70

Дауыстардың   негізгі   типтері   үшін   осы   аралықтар   орташа 
шамамен алғанда осындай: 
Бас
80-340 гц
Баритон
96-426 гц
Тенор
128-512 гц
Контральто
170-680 гц
Меццо-сопрано
216-864 гц
Сопрано
256-1024 гц
Балаларда дауыс диапазоны ересек адамдарға қарағанда төмен 
болады. Жас ұлғайған сайын дауыс диапазоны жоғарлайды (қыз бен 
ұлдарда бірдей): 
8-ден 10 жасқа дейін
320-512 гц
10-нан 12 жасқа дейін
290-580 гц
12-ден 14 жасқа дейін
256-680 гц
Қыз балалар да, ұлдарда да одан жоғары (дискант) және төмен 
(альт) дауыстар кездеседі.
Балалар даусының диапазоныңда шектеу болғандықтан, ән күй 
сабағында   және   әртүрлі   қойылымдарда   репертуарды   таңдау 
барысында ескерген жөн. 
Регистрлер.  Дауыс   регистрі   дегеніміз   пайда   болу   механизмі 
мен дыбысталу сипатына қарай ұқсас дыбыстар қатарын айтады. Үш 
регистр   түрлерін   ажыратады:   кеуделік,   басты   және   аралас   (микст). 
Кеуделік   регистр   деп   аталу   себебі:   кеуде   клеткасының   қабырғасы 
қолмен   сезілетін   қозғалысты,   вибрацияны   береді.   Кеуделік   дауыс 
обертондарға  бай.  Кеуделік дауыс  кезінде  дауыс  қатпарлары  тығыз 
жанасады,   бүкіл   массасымен   ауа   ағынына   перпендикуляр   бағытта 
тербеледі,   яғни   көлденең   бағытта.   Кеуделік   регистрге   дауыстың 
төменгі тондары жатады.
Басты регистр қолды төбе бөліміне қойған кезде ми сауытында 
вибрация   түрінде   болатын   бас   резонансымен   сипатталады.   Бас 
регистріне   қарапайым   үлгі   болатын   бұл   фальцетті   дауыс.   Фальцет 
обертондардың   аз   болуымен   ерекшеленеді.   Фальцеттің   пайда   болу 
механизмі   жоғарыда   айтылған   бас   регистрін   жоғары   тонды 
диапазондарда қолданады.
Аралас дауыс (микст)  фальцетке қарағанда обертондарға бай, 
бірақ кеуделік дауысқа қарағанда аз болады. Дауыс саңылауы толық 
жабылмайды,   фальцет   кезіне   қарағанда   дауыс   қатпарлары   кең 
71

беткейде   тербеледі,   ал   кейде   барлық   массасымен.   Микстке   дауы 
диапазонының орташа тондары жатады.
Ән айтқан кезде барлық үш регистр қолданылады, ал сөйлегенде 
микст басым болып келеді (ересек адамдарда). Балаларда жыныстық 
жетілуге дейінгі кезеңде тек фальцетті дауыс қызмет етеді. 
Дыбыс шабуылы. «Шабуыл» деген ұғым тыныштықта жатқан 
дауыс қатпарларын іске келтіру сөйлейтін немесе ән айтатын қабілетті 
білдіреді. Кейде дыбыс шабуылын дыбыс бастамасы дейді. Үш түрлі 
шабуылды ажыратады: қатты, жұмсақ және дем алуға дейінгі. 
Қатты шабуыл кезінде дауыс қатпарлары дыбыстың басталуына 
дейін   тығыз   жанасады,   содан   шығарылатын   ауа   бітелген   дауыс 
саңылауы   арқылы   күшпен   шығады   және   дауыс   қатпарларын 
тербеліске әкеледі. Қатты шабуыл үшін дыбысталудың басында анық 
дыбыстың   шығуы   тән.   Қатты   шабуылға   мысал   бола   алатын,   бұл 
қанағанатсыздықты   білдіретін   одағай   сөздерінің   айтылуы.   Мысалы, 
«Ах, бұл қандай жайсыздық!».
Жұмсақ шабуыл кезінде дауыс қатпарларының жанасу уақыты 
мен ауа ағынының өте бастауы сәйкес келеді, және жанасудан кейін 
дауыс   қатпарлары   вибрациялана   бастайды.   Жұмсақ   шабуылды 
қанағаттанарлық   сезімді   айту   үшін   қолданады.   Мысалы:   «Япырай, 
осында қалай жайлы!».
Дем алуға дейінгі шабуылда дауыс қатпарларының жанасуына 
дейін дауыс саңылауы арқылы дем шығарылатын ауа өте бастайды, 
осы кезде ауаның қатпар шетіне үйкеленуі естіледі, тек содан кейін 
дауыс   қатпарлары   жанасып,   дірілдей   бастайды.   Украиннің   г   әрпін 
және ағылшынның, немесе неміс тілінің һ әрпін дауысты дыбыспен 
айту дем алуға дейінгі шабуылға мысал бола алады. Мысалы, Ганна 
(украинша айтқан кезде) немесе неміс тілінде haben.
Нәрестелердің даусын шығарып шынғыруы қатты шабуылмен, 
ал олардың былдырлап мәз болуы жұмсақ шабуылмен іске асады. 
Гигиеналық жағынан жұмсақ шабуылдың маңызы зор, өйткені 
қатты шабуыл кезінде дауыс қатпарлары шамадан тыс жиырылады.
Мутация.  Балалық   шақта   қыз   бен   ұл   балалардың   дауыс 
диапазондары   бір-бірінен   ерекшеленбейді.   Жыныстық   жетілу 
кезеңінде   ұл   балаларда   дауыс   тез   өзгереді.   Бұл   процесс   көмейдің 
қарқынды өсуіне байланысты, оны дауыс мутациясы немесе дауыстың 
сынуы дейді.
Мутацияның   пайда   болу   уақытының   аралығы   ауытқиды. 
Оңтүстік елдерде көбнесе ол ерте басталады (10-12 жаста), солтүстік 
жақтарда   14-15   жастан   кеш   емес.   Қыз   балаларда   мутация,   ұл 
балаларға қарағанда бір жас ертерек басталады. 
72

Дауыстың өзгеруі ең біріншіден сөйлеуге әсер етеді. Фальцетті 
дауыспен   сөйлейтін   ұлда   төменгі   кеуделік   дыбыстар   байқала 
бастайды. Дауыс мутациясы кезінде ұлдарда дауыс бір октаваға дейін 
төмендейді, кейде одан көп, содан балалық дисканттан немесе альттан 
еркек дауысына – тенор, баритон немесе басқа айналады. Осы кезеңде 
дауыс   тұрақсыз   болады.   Дауыс   жиі   қырылдап,   жағымсыз   тембрлі 
болып келеді. Көмейді осы уақытта байқаған кезде дауыс қатпарлары 
қызарып, қалыңдаған күйде көрінеді. Мутация кезеңінің аяғына қарай 
осы барлық өзгерістер жойылып, қалыпты еркек дауысы қалыптасады.
Жыныс бездері дамымай қалған кезде, сонымен қатар оларды 
жасанды түрде алып тастағанда (кастрация) мутация болмайды, және 
дауыс өзінің балалық тембрін өмір бойы сақтайды (евнухов дауысы).
Қыз балаларда ұлдардағыдай осы кезеңде дауыс қатпарларының 
қызаруы   байқалады,   бірақ   дауыс   тембрі   сондай   өзгеріске 
ұшырамайды.   Балалық   дисканттан   немесе   альттан   әйелдік   сопрано 
немесе   контральтоға   айналуы   дауыстың   екі   тонға   дейін   ғана 
төмендеуімен   жүреді.   Мутация   кезеңі   қыздарда   оңай   өтеді   және 
дауыстың сондай өзгерісін тудырмайды. 
Балалық   дауыс   пен   пайда   болатын   ересек   адамның   дауысы 
арасында   қандай   да   бір   заңды   өзара   тәуелділік   жоқ.   Төменгі   бала 
дауысыныан (альт) ересектерде жоғары дауыс (ұлда – тенор, қызда – 
сопрано)   пайда   болуы   мүмкін,   және,   керісінше,   дисканттан   ұл 
балаларда бас, ал қыздарда – контральто. 
Мутациялық кезеңнің ұзақтығы бірнеше айдан екі жылға дейін 
созылуы мүмкін. Мутация кезеңінде балалардың дауысын қадағалап, 
сақтау   қажет,   яғни   қатты   дауыстап   оқуға,   қойылымдар   мен 
концерттерге қатысуға тыйым салу. 
Кейде ерте түрде 10-11 жаста немесе одан кеш (19-20 жаста) 
басталатын   патологиялық   мутация   байқалады.   Осындай   мутация 
көбнесе эндокриндік ауытқулардан болады. Ерте басталған мутация 
көп жағдайда бірнеше жылға дейін созылады.
Патологиялық   мутацияның   барлық   жағдайларында 
эндокринолог–дәрігердің кеңесі қажет.
Патологиялық мутацияны емдеу кезінде оның себебін анықтап 
алу керек: егер эндокриндік ауытқулар болса, онда сәйкес емдеуден 
өткізу қажет. Көп уақытқа созылған мутация емдеуді қажет етпейді; 
дауыс   дефектілерін   (фальцетті   ұстап   қалуда,   дауысының   әлсіз 
болуында,   қырылдауда   және   т.б.)   жоюда   арнайы   тыныс   алу   және 
дауыс жаттығуларын қолданады. 
73

3. Сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция) 
Адамның   дауыс   аппараты   түтігінің   шекті   музыкалық   аспап 
түтігінен салыстырғандағы ерекшелігі, оның тек дауысты күшейтуде 
және даралық (тембр) беруінде ғана емес, ол сөйлеу дыбыстарының 
пайда болу орны да болып табылады. 
Дауыс аппаратының бір бөлігі (тіл және тіс альвеолалары, қатты 
таңдай,   жұтқыншақтың   артқы   қабырғалары,   мұрын   қуысы) 
қозғалыссыз   қалыпта,   оларды   сөйлеудің   пассивті   мүшелері   деп 
атайды   және   қозғалмалы   қалыпта   болады,   ал   оларды   сөйлеудің 
активті   мүшелері   деп   атайды.   Төменгі   жақтың   қозғалысы   кезінде, 
ауыз   ашылады   және   жабылады.   Тілдің   және   еріннің   әр   түрлі 
қозғалыстары   ауыз   қуысының   пішінің   өзгертеді.   Жұмсақ   таңдай 
көтеріліп,   жұтқыншақтың   артқы   қабырғасына   жанаса,   мұрын   кіре 
берісін жабады, ал төменге қарай түскен кезде оны ашады.
Сөйлеудің   активті   мүшелерінің   қызметі   артикуляция   деп 
аталады   және   ол   сөйлеу   дыбыстарының   (фонем)   пайда   болуын 
қамтамасыз етеді. Сөйлеу дыбыстарының акустикалық ерекшелігі бір-
бірінен   айыруға   мүмкіндік   беретін   артикуляция   ерекшелігіне 
негізделген. 
Орыс   тілінде   фонем   жүйесі   42   дыбыстардан   тұрады,   оның 
ішінде 6 дауысты (а, и, о, у, ы, э) және 36 дауыссыз дыбыстар (б, в, в', 
г, г', д, д' , ж, з, з', й, к, к', л, л', м, м', н, н', п, п', р, р', с, с', т, т', ф, ф', х, 
х', ц, ч, ш, щ).
Дауысты   дыбыстардың   артикуляциясы.  Барлық   дауысты 
дыбыстыр артикуляциясының дауыссыз дыбыстар артикуляциясынан 
ерекшелейтін   белгісі:   шығаратын   ауа   жолындағы   дауыс   түтігінде 
кедергілердің болмауы. Көмейде пайда болған дыбыс дауыс түтігінде 
күшейіп,   таза   түрінде   қабылданады.   Дауыс   дыбысы   жоғарыда 
айтылғандай негізгі үннен және қосалқы үндерден – обертондардан 
тұрады.   Дауыс   түтігінде   тек   негізгі   үндерінің   ғана   емес,   сонымен 
қатар обертондардың да күшейуі жүреді. Барлық обертондар бірдей 
күшеймейді: дауыс шығаратын қуыстардың пішініне қарай белгілі бір 
бөлімдер   (ауыз   қуысы,   жұтқыншақ)   жиілігі   көп   күшейеді,   ал 
басқалары   аз   немесе   мүлдем   күшеймейді.   Жиіліктің   күшейтілген 
бөлімдері,   немесе   форманттар   әр   түрлі   дауысты   дыбыстардың 
акустикалық ерекшелігін сипаттайды.
Сонымен,   әрбір   дауысты   дыбысқа   сөйлеудің   белсенді 
мүшелерінің – тілдің, еріннің, жұмсақ таңдайдың ерекше орналасуы 
сәйкес.   Осының   арқасында   жұтқыншақта   пайда   болған   бір   дыбыс 
дауыс түтігінде, әсіресе ауыз қуысында өзіне тән сипатқа ие болады. 
74

Дауысты   дыбыстардың   дыбысталу   ерекшелігі   көмейде   пайда 
болған   дыбысқа   тәуелді   емес,   ол   тек   ауыз   қуысындағы   ауа 
толқындарына тәуелді. Әрбір дауысты дыбысқа байланысты ауыз бен 
жұтқыншақтың пішіні негізінен тіл мен еріннің орналасуына тәуелді 
болады.   Тілді   алға   қарай   және   астына   қарай   қозғалысы,   оны 
таңдайдың   белгілі   бір   бөлімдерінде   көтерілуі   дауыс   шығаратын 
қуыстардың көлемі мен пішінің өзгертеді. Ерін алға қарай домалай 
резонатор саңылауын түзеді және дауыс шығаратын қуысты ұзартады. 
Дауысты   дыбыстардың   жіктелуі.  Дауысты   дыбыстардың 
артикуляциялық жіктелуіенде осыларды ескереді: а) тілдің қатысуы 
немесе қатыспауы; ә) тілдің көтерілу дәрежесі және б) тілдің көтерілу 
орны.
а) о және у дауысты дыбыстарын шығарған кезде ерін алға қрай 
шығыш   домаланады,   оны   лабиализденген   дауысты   дыбыстар   деп 
атайды   (латынның   labium-   ерін);   қалған   дауысты   дыбстарда   ерін 
сондай   белсенді   қатыспайды,   оларды   лабиализденбеген   дауысты 
дыбыстар деп атайды. 
ә)   Дауысты   дыбыстарды   шығарған   кезде   тіл   белгілі   бір 
дәрежеде таңдайға көтерілуі мүмкін. Тілдің көтерілуінің үш дәрежесін 
ажыратады:   жоғарғы,   ортаңғы   және   төменгі.   Тілді   жоғары   қарай 
көтеретін   дауыстыларға   и,   у,   ы   жатады.   Тілдің   орташа   дәрежеде 
көтерген   кезде   э   және   о   дауысты   дыбыстары   пайда   болады.   Тілді 
төмен қарай түсіргенде тек бір ғана дауысты дыбыс – а түзіледі. 
б)   Тілдір   көтерілу   орны   тілдің   алға   және   артқа   қарай 
орналасуына байланысты. Бір дауысты дыбысты айтқан кезде тіл алға 
қарай   қозғалады,   соның   салдарынан   тіл   тамырының   астында   көп 
кеңістік   қалады,   тіл   ұшы   төменгі   тістерге   бекініп   тұрады.   Тіл 
мойнының ортаңғы бөлімі қатты таңдайға көтеріледі. Тілдің осындай 
орналасуында   пайда   болған   дауысты   дыбыстар   алдыңғы   қатардағы 
дауысты дыбыстар деп аталады. Алдыңғы қатардағы дауыстыларғы и 
және э жатады.
Басқа  дауысты  дыбыстардың   пайда болуында тіл  артқа  қарай 
итеріледі, тіл тамырының астында аз кеңістік қалады, тіл ұшы төменгі 
тістерден алшақтайды, тіл мойнының артқы бөлімі жұмсақ таңдайға 
көтеріледі, оларды артқы қатардағы дауыстылар деп атайды. Оған о 
және у дыбыстары жатады. 
Тілдің   көтерілу   орнына   байланысты   а   және   о   дауысты 
дыбыстары   ортаңғы   қатардағы   дауыстыларға   жатады.   Ы   дыбысын 
айтқан кезде барлық тіл мойны қатты таңдайға көтерілген болады. А 
дауысты   дыбысы   тілдің   көтерілуінсіз   айтылады,   сондықтан   тілдің 
көтерілу   орнына   байлансты   оны   лабиализденбеген   дауысты   дыбыс 
75

деп есептеуга болады.  Кесте түрінде дауысты дыбыстардың жіктелуі 
төменде көрсетілген: 
Дауысты дыбыстырдың жіктелуі 
Тілдің көтерілу 
дәрежесі 
Қатар
Алдыңғы 
Ортаңғы 
Артқы 
Жоғарғы
и
ы
у
Ортаңғы
э
-
о
Төменгі
-
а
-
Дауыссыз   дыбыстардың   артикуляциясы.
 Дауыссыз 
дыбыстардың   артикуляциясындағы   ерекшелігі   -   олардың   пайда 
болуында дем шығаратын ауа ағынының жолында дыбыс шығаратын 
түтікте әр түрлі кедергілер пайда болады. Осы кедергілерден өткен 
кезде ауа ағыны дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігін 
анықтайтын   шуды   түзеді.   Жеке   дауыссыз   дыбыстардың   дыбысталу 
сипаты   шудың   пайда   болу   тәсілі   мен   оның   пайда   болу   орнына 
байланысты. 
Бір жағдайларда дыбыс шығаратын мүшелердің толық жанасуы 
болады, ол шығарылатын ауа ағынының күшімен жарылып шығады. 
Осындай   жарылыс   кезінде   шу   пайда   болады.   Осылай  қатаң 
дауыссыздар түзіледі. 
Басқа   жағдайларда   дыбысталуға   белсенді   қатысатын   мүшелер 
пассивтіге   жақын   болып,   олардың   арасында   тар   саңылау   пайда 
болады. Осындай жағдайда ауа ағынының саңылау шетіне үйкеленуі 
нәтижесінде шу түзіледі. Осылай ызың дауыссыздар пайда болады. 
Ауа ағыны дыбыс шығаратын мүше жолындағы кедергілерден 
өту   нәтижесінде   дірілді   күйге   әкелуі   мүмкін.Осылай  діріл 
дауыссыздар пайда болады. 
Дауыс шығаратын түтіктің бір жеріндегі толық түйісу кезінде 
(мысалы,   ерін   немесе   тіл,   тіс   аралықтарында)   басқа   жерлерде 
(мысалы, тілдің бүір жақтарында) ауа ағынына бос жол қалуы мүмкін. 
Осындай   жағдайда   шу   дыбыс   мүлдем   шықпайды,   бірақ   дауыс 
дыбысының өзіндік тембрі қалыптасады. Мұндай артикуляция кезінде 
пайда   болатын   дауыссыз   дыбыстарды  шұғыл  деп   атайды.   Ауа 
ағынының   -   мұрын   қуысына   немесе   ауыз   қуысына   бағытталуына 
байланысты   шұғыл   дауыссыздар  мұрындық  және  ауыздық  деп 
бөлінеді. 
Дауыссыз  дыбыстарға  тән  ерекшеліктер   тек  оның  пайда  болу 
тәсіліне ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу орнына тәуелді. 
Жарылыс   шуы   болсын,   үйкеліс   шуы   болсын   дыбыс   шығаратын 
76

түтіктің   әр   түрлі   жерлерінде   туындауы   мүмкін.   Бір   жағдайларда 
белсенді   болып   келетін   мүше   астыңғы   ерін   болуы   мүмкін,   ондай 
жағдайда   пайда   болған   дауыссыздар  ерінді  деп   аталады.   Басқа 
жағдайларда   тіл   белсінді   болады,   пайда   болған   ондай   дауыссыздар 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет