Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

мұрынжұтқыншақ,  ортаңғы,  немесе  ауызжұтқыншақ,  және 
төменгі, немесе көмейжұтқыншақ (26 сур.).
26 Сурет. Мұрын, ауыз және жұтқыншақ құрлысының сызбанұсқасы:
І – мұрын қуысы, ІІ – ауыз, ІІІ – жұтқыншақ: а – мұрынжұтқыншақ; б – 
ауызжұтқыншақ; в – көмейжұтқыншақ.
1 – қатты таңдай; 2 – төмен түсірілген жұмсақ таңдай; 2а – жоғары 
көтерілген жұмсақ таңдай; 3 – тілше; 4 – жоғарғы орталық азу; 5 – 
альвеолярлы өсінді; 6 – қатты таңдай;7 – төменгі орталық азу; 8 - тіл; 9 – тіл 
ұшы; 10 – тіл арқасы немесе мойыны; 11 – тіл түбінемеме тамыры; 12 – 
көмей үсті; 13 – қалқанша тәрізді шеміршек; 14 – көмей және трахеяның 
жоғарғы бөлімі;15 – өңештің басы.
Мұрынжұтқыншақ жоғарыдан ми сауытымен шектелген, оның 
артқы қабырғасын омыртқа құрайды. Мұрынжұтқыншақтың алдыңғы 
қабырғасы   болмайды,   ол   мұрын   қуысымен   хоана   тесігі   арқылы 
байланысады. Мұрынжұтқыншақтың төменгі шекарасы қатты таңдай 
деңгейінде өтетін горизонтальды жазықтық болып табылады. Тыныс 
алу   кезінде   бұл   шекара   шартты   болып   саналады,   ал   жұту   кезінде 
жұмсақ таңдай артқа қарай жылжып, омыртқамен жанасады және бұл 
шекара мұрынжұтқыншақты жұтқыншақтың ортаңғы бөлімінен бөліп 
тұрады. 
55

Мұрынжұтқыншақтың   бүйір   қабырғаларында   есту   түтігінің 
жұту   саңылаулары   орналасқан.   Мұрынжұтқыншақтың   артқы 
қабырғасынан   жоғарыға   қарай   өту   жерінде   жұту   миндалинасы 
болады,   ол   аденоид   пайда   болған   кезде   ісініп,   өседі.   Ол   көбінесе 
балаларда кездеседі (сур.64).
Мұрынжұтқыншақтың   қабырғасы   кілегей   бездеріне   бай 
кілегейлі қабатпен қапталған. 
Жұтқыншақтың   ортаңғы   бөлімі,   немесе  ауызжұтқыншақ 
бөлімі  мұрынжұтқыншақтың   жалғасы   болып   есептеледі.   Оның 
төменгі шекарасы тіл тамыры арқылы өтетін горизонтальды жазықтық 
болып   табылады.Артқы   қабырғасын   омыртқа   құрайды. 
Жұтқыншақтың ортаңғы бөлімі алдыңғы жағынан зев деп аталатын 
кең саңылау арқылы ауыз қуысымен байланысады. 
Зев  жоғары   жағынан   жұмсақ   таңдаймен,   төменгі   жақта   тіл 
тамырымен,   ал   бүйір   жақтарда   таңдай   доғаларымен   шектелген. 
Таңдай   доғалары   бұлшық   ет   талшықтары   бар   кілегейлі   қабаттың 
қатпары   түрінде   болып   келген.   Екі   таңдай   доғалары   болады:   ол 
алдыңғы,   немесе  таңдайтілді   доға,   және  артқы,   немесе 
таңдайжұтқыншақты   доға.   Осы   екі   доға   арасында  таңдай 
миндалиналары  орналасқан   (оң   және   сол   жақ).   Жұтқыншақтың 
артқы қабырғасының кілегейлі қабатының астында гранула тәріздес 
лимфа   түйіндері   жинақталған.   Лимфа   түйіндерінің   осындай 
жинақталуы   жұтқыншақтың   бүйір   қабырғаларында,   есту   түтігінің 
маңында   да   болады.   Жоғарыда   айтылған   төрт   миндалиндер   (тілді, 
жұтқыншақты   және   екі   таңдайлы)   жинақталған   лимфоидты 
ұлпаларымен   бірігіп,   жұтқыншақ   қабырғасында   жұтқыншақты 
лимфоидты   аппаратты,   немесе   жұтқыншақты   лимфоидты 
сақиналарды   түзеді.   Мұрын   мен   ауыз   арқылы   организмге   түсетін 
инфекциялардан қорғауда осы аппараттың маңызы өте зор. 
Жұтқыншақтың   төменгі
 (көмейді)
 бөлімі,   немесе 
көмейжұтқыншақ  воронка тәріздіс тарылып, төменге қарай өнешке 
өтеді. Алдынан ол көмеймен шектеседі. 
27 Сурет.Тыныс 
алған кезде (а) және 
жұтқан кезде (б) жұмсақ таңдай мен көмей үстінің қалпы:
1 – жұмсақ таңдай; 2 – көмей үсті; 3 – трахея; 4 – өңеш.
56

Жұтқыншақтың   көмей   бөлігінің   жоғарғы   жағында   алдыңғы 
қабырға болмайды (көмейге өту жолы орналасқан), ал төменгі жақта 
алдыңғы   қабырға   ретінде   көмейдің   артқы   қабырғасы   болады. 
Жұтқыншақтың ортаңғы және төменгі бөліктерінің кілегейлі қабаты 
жұқа эпителимен жабылған. Жұтқыншақ қабырғалары екі бұлшық ет 
тобынан   тұрады:   дөңгелек   және   көлденең.   Дөңгелек   бұлшық   еттер 
жұтқыншақтың   үш   қысқышын   –   жоғарғы,   ортаңғы   және   төменгі 
түзеді. Бұл бұлшық еттер бірінен соңы бірі толқын тәріздес қысқарып, 
жұту   әрекетін   қамтамасыз   етеді,   яғни   азықты   өңешке   итереді. 
Жұтқыншақтың   көлденең   бұлшық   еттері   өзінің   қозғалысы   кезінде 
жұтқыншақты жоғары көтереді.
Жұтқыншақта   екі   жол   ұштасады,   ол   -   тыныс   алу   және   ас 
қорыту. Мұндағы   «ұштастырушы»  рөлін жұмсақ  таңдай  мен көмей 
үсті   атқарады   (27   сур.).   Мұрын   арқылы   тыныс   алу   кезінде   жұмсақ 
таңдай төменге қарай түскен және ауа мұрыннан жұтқыншақ арқылы 
көмей мен тыныс алу жұтқыншағына (осы кезде көмей үсті көтерілген 
болады)   жеңіл   өтеді.   Жұтқан   кезде   жұмсақ   таңдай   көтеріліп, 
жұтқыншақтың артқы қабырғасымен жанасады және жұтқыншақтың 
ортаңғы   бөлімін   мұрынжұтқыншақпен   байланыстырады;   көмей   үсті 
осы   кезде   төменге   қарай   түсіп,   көмей   жолы   жабылады.   Осындай 
механизмнің   арқасында   тамақ   өнімдерінің   мұрын   мен 
мұрынжұтқыншаққа түсу мүмкіндігі болмайды, сонымен қатар тамақ 
көмейге немесе тыныс алу жолына түспейді. 
4. Көмей 
Көмей шеміршек және жұмсақ ұлпалардан тұратын қысқа, кең 
түтікті   мүше   болып   табылады.   Ол   мойынның  алдыңғы   бөлімінде 
орналасып,   алдыңғы   және   бүйір   жақтарынан   терінің   сырт   жағына 
шығуы да мүмкін, әсіресе ол арық адамдарда байқалады. 
Көмей жоғары жақтан және артқы жақтан жұтқыншақтың көмей 
бөлімімен   байланысады.   Төменгі   жақтан   ол   тыныс   алу   жолына 
(трахея)   жалғасады.   Бүйір   жақтарында   ірі   мойын   тамырлары   мен 
жүйкелері   орналасқан,   көмейдің   төменгі   бөлімінің   артқы   жағы 
өңешпен   жалғасады.   Көмейдің   ішкі   жағы   қалқанша   безбен,   мойын 
бұлшық еттерімен және терімен қапталған. 
Көмей үш жұпты емес (қалқанша тәріздес, сақиналы және көмей 
үсті)   және   үш   жұпты   (қалпақты,   мүйізді   және   клинтәрісдес) 
шеміршектерден тұрады. 
Қалқанша тәріздіс шеміршек көмейдің ең ірі шеміршегі болып 
табылады.   Ол   бұрыс   төрт   бұрышты   екі   пластинкада   тұрады.   Ер 
57

адамдарда   ондай   бұрыш   алға   қарай   орналасқан,   оны   кейде  адам 
алмасы  деп   атайды.   Балаларда   ондай   байқалмайды,   қалқанша 
тәріздес шеміршектің мөлшері қыз балаларға қарағанда ірілеу болады. 
Қалқанша   тәріздес   шеміршек   пластинкаларының   байланысқан 
жерінде кескін болады, оны қолмен ұстап сезе аламыз. 
Қалқанша   тәріздес   шеміршектің   екі   пластинкасының   артқы 
жақтарынан жоғары және төмен қарай мүйіздер орналасқан. 
Сақина   тәріздес   шеміршек  барлық   көмейдің   негізі   болып 
табылады. Сақина тәріздес шеміршек қалқанша тәріздес шеміршектің 
астында орналасқан. 
Көмей   үсті  шеміршектің  пішіні   тілге   немесе   жапырақшаға 
ұқсас,   оның   кеңейген   бөлімі   жоғары   қарай   және   артқа   қарай 
бағытталынған,   ал   тарылған   жағы   қалқанша   тәріздес   шеміршекке 
бекітілген. Көмей үсті шеміршегі қақпақша ретінде қызмет етеді: жұту 
қозғалысы кезінде артқа қарай және төменгі жаққа түседі, ол көмей 
жолын   жабады,   яғни   көмей   қуысын   тамақ   пен   сілекейдің   түсуінен 
қорғайды. 
Қалпақ тәріздес шеміршектің  пішіні пирамидаға ұқсас, оның 
жоғары   жағы   жоғарыға   бағытталынған,   ал   негізі   сақина   тәріздес 
шеміршектің   үстінде   жатыр.   Осы   байланысқан   жерді 
сақиналықалпақты   буын   деп   атайды.   Әрбір   қалпақ   тәріздес 
шеміршектің   негізінде   екі   өсінді   болады:   алдыңғы-ішкі,   немесе 
дыбысты, және артқы-сыртқы, немесе бұлшық етті. Дыбысты өсінді 
дыбыс   қатпарларының   бекітілуі  үшін  қажет,   ал   бұлшық  етті   өсінді 
көмейдің бекіну жері болып табылады. 
Қалпақ   тәріздес   шеміршектің   үстіңгі   жағында   мүйіз   тәріздес 
шеміршектер,   ал   қалпақты-көмей   үсті   қатпарларының   астында   төс 
тәріздес шеміршек
 
болады. 
Көмейдің бұлшық етті аппараты  ішкі және сыртқы бұлшық 
еттерден тұрады. Көмейдің барлық бұлшық еттері жұпты (көлденең 
бұлшық еттен басқасы). Сыртқы бұлшық еттер көмейді бекітіп, оның 
төмен қарай және жоғары қарай қозғалуына мүмкіндік береді. 
Көмейдің   ішкі   бұлшық   еттері   үш   топқа   бөлінеді:   1)   дыбыс 
байланыстарын тартып тұратын бұлшық еттер; 2) дыбыс саңылауын 
кеңейтетін бұлшық еттер; 3) дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық 
еттер.
Бірінші топқа ең алдымен қалқанша-қалпақты, немесе дыбысты 
бұлшық  еттер  жатады,  ол дыбыс   қатпарларын  түзеді  (нағыз   дыбыс 
байланыстары). Осы бұлшық еттің алдыңғы ұшы қалқанша тәріздес 
шеміршектің   артқы   беткейіне,   ал   артқы   ұшы   қалпақ   тәріздес 
шеміршектің дыбыс өсінділеріне бекінеді. 
58

Көлденең   кескінде   дыбыс   қатпарының   пішіні   үш   бұрышты 
болады: оның бір жағы жоғары жаққа, басқа бір жағы сыртқа, үшінші 
жағы көмей қуысының ішкі және төменгі жағына қараған. Екі дыбыс 
қатпарларының бос шеттері үшкірленіп, көмей қуысына жалғасады. 
Дыбыс   қатпарларының   арасында   дыбыс   саңылауы   пайда 
болады.   Қалқанша-қалпақты   шеміршекті   бұлшық   еттер   жиырылған 
кезде   дыбыс   қатпарлары   созылып,   кеңейгенде   дыбыс   саңылауы 
кішкене тарылады. 
Осы топқа сақиналы-қалқанша бұлшық еттер де жатады. Оның 
бір   ұшы   сақина   тәріздес   шеміршекке,   ал   басқа   бір   ұшы   қалқанша 
тәріздес шеміршектің пластинкасына бекітіледі. 
Дыбыс   саңылауын   кеңейтетін   бұлшық   еттер   тобына   тек   бір 
бұлшық ет қана кіреді, ол артқы сақиналы – қалпақты бұлшық ет, оны 
қысқаша   артқы   бұлшық   ет   деп   атайды.   Ол   сақина   тәріздес 
шеміршектің   артқы   беткейінен   басталып,   қалпақ   тәріздес 
шеміршектің бұлшық етті өсіндісіне келіп бекінеді. Жиырылған кезде 
ол   қалпақ   тәріздес   шеміршекті   вертикаль   осьі   бойымен   айналдыру 
салдарынан, осы шеміршектің дыбыс өсінділері ұштарымен бекітілген 
дыбыс қатпарларымен бірге ажыратылып, дыбыс саңылауын ашады. 
Дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшы еттер тобына екі бұлшық 
ет жатады. Біреуі – бүйір сақиналы–қалпақты бұлшық ет, ол артқы 
бұлшық  еттің  антогонисті  болып табылады.   Ол бір  ұшынан сақина 
тәрізді бұлшық ет доғасының бүйір жақ беткейіне, ал басқа ұшымен – 
қалпақ   тәріздес   шеміршектің   бұлшық   етті   өсіндісіне   бекінеді   ол 
жиырылған кезде –бұлшық етті өсіндіні алға қарай тартады, осы кезде 
дыбыс өсіндісі ортаңғы сызыққа орын ауыстырып, дыбыс саңылауын 
жабады. 
Осы   топтың   екінші   бұлшық   еті   –   көлденең   қалпақ   тәріздес, 
немесе көлденең бұлшық еті, ол жалғыз жұпты емес бұлшық ет болып 
табылады.   Ол   екі   қалпақ   тәріздес   шеміршекті   байланыстырып, 
жиырылған   кезде   осы   екеуін   жақындастырады,   осының   арқасында 
дыбыс қатпарларының толық түйісуіне мүмкіндік болады.
Осы бұлшық еттің әсері қисық қалпақ тәріздес бұлшық етпен 
толықтырылады,   ол   бір   қалпақ   тәріздес   шеміршектің   бұлшық   етті 
өсіндісін   басқасымен   байланыстырады.   Оң   және   сол   жақ   қисық 
бұлшық еттер өзара айқасады. 
Көмей   айнасын   қолдану   арқылы   дауыс   қатпарларының 
қозғалысын байқауға болады (28 сур.). 
59

28 Сурет. Айна арқылы көмейді байқау.
Көмейдің барлық қуысы кілегейлі қабатпен қапталған, үстіңгі 
беткейінде   эпителии   жатыр.   Көмейдің   бүйір   қабырғаларында 
кілегейлі   қабат   дауыс   қатпарларының   үстіңгі   жағында   орналасқан 
қатпарларды түзеді, оны асқазан қатпарлары деп атайды. Дауыс және 
асқазан қатпарларының арасында қапшық тәрізді ойыс келген көмей 
қарны болады. 
Әйел адамдарға қарағанда, ер адамдардың көмейі ірілеу, дауыс 
қатпарлары   ұзын   және   қалың   келген.   Дауыс   қатпарларының 
ұзындығы   әйелдерде   шамамен   18-20   мм,   ал   еркектерде   20-24   мм 
шамасында. 
Жыныстық   жетілуге   дейін   қыз   және   ұл   балаларда   көмейдің 
ұзындығы   мен   құрлысында   ерекшеліктер   байқалмайды.   Оның 
қарқынды   дамуы   5-7   жаста,   содан   жыныстық   жетілу   кезеңінде 
байқалады:   қыздарда   13-14   жаста,   ұлдарда   14-16   жаста.   Балаларда 
көмейдің   пішіні   воронка   тәріздес   болады,   өсе   келе   оның   пішіні 
цилиндр тәрізге айналады.
5. Трахея, бронха және өкпе 
Трахея – жұтқыншақтың жалғасы болып есептелетін, цилиндр 
тәріздес   ұзын   түтік   (29   сур.).   Ересек   адамдарда   оның   ұзындығы 
шамамен   11-13   см.   Ол   саны   16-20   дейін   жететін   сақиналы 
шеміршектерден тұрады, олар өзара талшықты ұлпамен байланысқан. 
Сақиналы   шеміршектің   толық   бітпеген   артқы   жағындағы   трахея 
қабырғасы бұлшық етті жарғақтан түзіледі. Бұл қабырға өңешкепен 
жанасып жатыр.
Бесінші   арқа   омыртқасының   тұсында   трахея   екі   түтікке 
бөлінеді:  біріншілік,   немесе  негізгі   бронхаларға.   Бронхалардың 
құрлысы трахея құрлысына ұқсас, бірақ мөлшері мен пішіні кішілеу 
болады. Біріншілік бронхалар өкпеге жақындай  бергенде    екіншілік
60

29 Сурет. Көмей, трахея, бронха, өкпе:
1–оң жақ өкпе; 2–сол жақ өкпе; 3–бронхалар; 4–трахея; 5–сақина тәрізді 
шеміршек; 6–қалқанша тәрізді шеміршек;7–тіл асты сүйегі.
бронхаларға  бөлінеді.  Оң  жақ  бронха  үш  бұтақталып,   сол  жақ  екі 
бұтақталады.   Әрбір   екіншілік   бронхалар   өкпеге   кірген   кезде   ағаш 
сияқты бұтақталып, үшіншілік бронхаларды, содан ұсақ бронхаларды 
түзеді. Ұсақ бронхалардың қабырғасы да шеміршекті және бұлшық 
етті   талшықтардан   тұрады.   Трхея   мен   бронхалар   кілегей   қабатпен 
қапталған.   Ең   ұсақ   бронхалы   бұтақтарды   бронхиолдар   дейді.   Ұсақ 
бронхалардың бұтақталуы өкпе көпіршіктерімен, яғни альвеолдармен 
қоршалған   альвеолды   жолдармен   аяқталады.   Альвеолдардың 
қабырғасы   серпімді   ұлпадан   тұрады;   ол   қан   тамырларына   (өкпе 
капиллярлары) бай. Мұнда дем алғандағы ауа өз оттегін қанға беріп, 
қаннан көмір қышқыл газын алады. 
Өкпе   көпіршіктері   бұтақталған   бронхалармен   бірігіп   өкпе 
ұлпасын   құрайды.   Оң   жақ   өкпе   үш   бөліктен,   ал   сол   жақ   өкпе   екі 
бөліктен   тұрады;   әрбір   бөлігі   бірнеше   бөлікке   бөлінген.   Өкпенің 
сыртын тегіс серозды қабық - плевра жауып жатыр
6. Кеуде клеткасы және диафрагма
Кеуде клеткасы омыртқа, қабырға мен кеуде сүйектері арқылы 
қалыптасады   (30   сур.).   Оның   пішіні   конус   тәріздес.   Қабырға 
аралықтарында  ішкі және сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер 
орналасқан. Кеуде клеткасының ішкі жағы жұқа серозды қабықпен, 
яғни  плеврамен  қапталған.   Осындай   қабатпен   өкпе   де   қапталған. 
Плевраның жапырақшалары сероздық сұйықтықпен дымқылдатылған, 
61

бұл   қажалуды   төмендетеді.   Өкпе   мен   кеуде   клеткасы   қабырғасын 
жауып жатқан плевра жапырақшаларының арасында плевралы қуыс 
болады.   Негізінен   мұнда   ешқандай   қуыс   болмайды,   өйткені 
плеврааралық   саңылауда   теріс   қысым   болады   және   өкпе   кеуде 
клеткасының қабырғасына үнемі тығыз болып орналасқан.
30 Сурет. Кеуде клеткасы:
1–омыртқа; 2–қабарғалар; 3–қабырқа шеміршектері; 4–кеуде сүйегі.
Диафрагма  кеуде қуысы мен құрсақты бөліп тұратын бұлшық 
етті   құрылым.   Ол   төменгі   қабырғаларға,   омыртқаға   және   кеуде 
сүйегіне бекініп тұрады. Жиырылған кезде ол тегістеліп, босансыған 
кезде оның пішіні дөңестенеді, осыған сәйкес кеуде қуысы кішірейеді.
62

II ТАРАУ
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
Перифериялық   сөйлеу   аппараты   функционалдық   жағынан 
алғанда   үш   бөлімнен   тұрытын   кішкене   тіл   мүшесі   түтігімен 
салыстырылады.  Бірінші   бөлім   қызметін   өкпемен   бірге   тыныс   алу 
бұлшық еті мен тынс алу жолдары (бронха, трахея) атқарады; екінші 
бөлім   қызметін   дауыс   қатпарлары,   ал   үшінші   бөлім   қызметін 
жұтқыншақ, ауыз қуысы мен мұрын қуысы атқарады. 
Сөйлеу аппаратының осылай бөлінуіне орай сөйлеу қызметтерін 
де үшке бөліп қарастыруға болады:
1) ауа ағынының пайда болуы;
2) дауыстың пайда болуы (фонация);
3) сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция).
Дауыстың және сөйлеу дыбыстарының пайда болуына қажетті 
ауа   ағыны   тыныс   алу   процесінде   түзіледі,   әсіресе   дем   шығару 
фазасында.   Осыған   байланысты   сөйлеу   мүшелерінің   қызметін 
сипаттаған кезде ең бірінші тыныс алу процесін қарастырған жөн.
1. Тыныс алу
Тыныс алу аппаратының негізгі қызметі бұл газ алмасу процесі, 
яғни   организм   ұлпаларына   оттегін   жеткізіп,   көмір  қышқыл   газын 
шығару. Осы алмасу өкпеде жүйелі түрде ауысып, жаңарып отыратын 
ауа арқылы іске асады.
Дем алу кезінде кеуде қуысының алға қарай кеңейуі жүреді. Бұл 
тыныс   алу   бұлшық   еттерінің  негізінде,   әсересе   сыртқы 
қабырғааралық еттер мен диафрагма арқылы жүзеге асады. 
Кеуде клеткасы кеңейген кезде өкпе көлемі де кеңейеді, өйткені 
плевра   қуысындағы   теріс   қысымның   болуы   өкпені   кеуде   клеткасы 
қабырғасымен   сәйкес   пассивті   қозғалтады.   Осы   кезде   өкпе 
альвеолалары   тыныс   жолдары   арқылы   атмосферадан   түскен   ауаға 
толады. 
Қалыпты дем шығару үшін бір рет дем шығару бұлшық еттерін 
босатса   болды.   Осы   жағдайда   кеуде  клеткасының   қабырғасы   түсіп, 
диафрагма   көтеріледі,   ал   өкпе   альвеолалардың   серпімді 
қабырғаларына байланысты көлемі жағынан кішірейеді және ондағы 
ауаны тыныс жолдары арқылы сыртқа шығарады. Терең дем шығару 
дем   шығару   бұлшық   еттері  арқылы,   яғни   құрсақ   қабырғасының 
және ішкі қабырғааралық бұлшық еттер арқылы іске асады.
63

Қалыпты дем алу мен дем шығару мұрын арқылы жүреді. Дем 
алған ауа мұрын қуысында болатын эпителий түктеріне байланысты 
әр түрлі микроорганизмдерден, шаң-тозаңнан тазарып, жылынады. 
Мұрын   арқылы   қалыпты   дем   алу   үшін   мұрын   жолдары   таза 
және бос болуы қажет. Егер мұрында ауа ағынының өтуіне кедергі 
болатын кедергілер болса (мұрын полиптері, мұрын жарғақшасының 
қисаюы, тұмау кезінде кілегей қабатының ісінуі, мұрынжұтқыншақта 
аденоидтардың болуы), онда тыныс алу ауыз арқылы іске асады. Осы 
кезде   мұрынның   кілегейлі   қабатының   қорғаныс   қызметі   өшіп,   ауа 
қажет емес тыныс алу жолдарына түсіп, өкпеге сондай жылынбаған, 
тазармаған күйде барады. 
Мұрын   жолының   өткізгіштігінің   қалыпты   болуы   иіс   сезу 
қызметі үшін де маңызды. Ауаның құрамында болатын иістер мұрын 
қуысының   жоғарғы   бөліміне   түсіп,   иіс   сезу   жасушаларын 
тітіркендіреді де, иіс сезімін тудырады. 
Тыныс   алу   түрлері.  Тыныс   алудың   осындай   түрлерін 
ажыратады   (31   сур.):   1)   бұғаналы;   2)   қабырғалы   (кеуделі);   3) 
диафрагмалды   (құсақты).   Тыныс   алудың   бұғаналы   түрінде   иық 
белдеуі   және   жоғарғы   қабырғалар   көтеріліп,   нәтижесінде   жоғарғы 
кеуде клеткасының кеңеюі жүреді. Қабырғалы, немесе кеуде арқылы 
дем алған кезде кеуде клеткасы алдына және шет жақтарына қарай 
кеңейеді.   Диафрагмалды   дем   алу   түрінде   белсенді   қызмет   ететін 
диафрагма   болып   табылады.   Жиырылып,   тығыздалғанда   диафрагма 
түседі,   осының   салдарынан   кеуде   клеткасының   төменгі   бөлімінің 
көлемі   кеңейеді;   осы   кезде   құрсақ   қабырғасы   шығып,   дөңестеледі. 
Қандай   болмасын   тыныс   алу   түрінде   белсенді   қызмет   ететін   бұл 
диафрагма.   Тыныс   алу   түрлері   жыныс,   жас   және   қызмет   жасау 
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, әйел адамдарда көбнесе кеуде 
арқылы тыныс алу жүреді, ер адамдарда құрсақ арқылы тыныс алу 
басым;   физикалық   еңбек   түрімен   айналысатын   адамдарда   құрсақ 
арқылы   тыныс   алу   басымырақ,   ал   үнемі   отырып   жұмыс   істейтін 
адамдарда тыныс алу типі кеуделік болады. Балаларда көбнесе аралас 
тыныс алу типі, яғни олар құрсақ арқылы да , кеуде арқылы да тыныс 
алады. Терең, немесе толық тыныс алған уақытта барлық үш тыныс 
алу түрлері ұштасады. 
64

31 Сурет.Тыныс алу түрлері
Кеуде клеткасының, қарынның алдыңғы қабырғасы мен диафрагманың 
орналасуы:
_________________
қалыпты тыныс алу кезінде
_________________
қабырға арқылы тыныс алу кезіндегі дем алу
-------------------------
диафрагма арқылы тыныс алу кезіндегі дем алу 
………………….....
бұғана арқылы тыныс алу кезіндегі дем алу
1   минут   ішінде   16-20   тыныс   алу   циклі   (дем   алу   және   дем 
шығару)   болады.   Дем   алу   ұзақтығы   мен   дем   шығару   ұзақтығы 
шамамен бір-біріне тең (1:1,25) болады. 
Өкпе сыйымдылығы.  Қалыпты дем алып, дем шығарғандағы 
ауаның   көлемі   орташа   алғанда   600   см³.   Бұл   көлемді  тыныс   алу 
көлемі  деп   атайды.   Қалыпты   жағдайда   жай   ған   дем   алғаннан   соң, 
демін шығармай тұрып, тағы да 1500-1800 см³ ауаны сіңіруге болады. 
Мұндай көлемді қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан 
кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1000-1500 см³ 
ауаны   сыртқа   айдауға   болады.   Бұл   қалдық   ауа.   Қалыпты   дем 
шығарған кезде қалдық ауадан басқа, тек максималды дем шығаруда 
бөлінетін резервтік ауа көлемі болады. Резервтік ауаның көлемі 1500-
1800 см³. Сонымен, адам терең дем алғаннан кейін терең дем шығару 
кезіне өкпеден шамамен 3500-4000 см³ ауаны шығарады. Тыныс алу, 
қосымша және резервті ауа көлемі өкпенің тіршілік сыйымдылығы 
болып табылады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның жасына, 
65

жынысына   және   спортпен   шұғылдану   ерекшеліктеріне   байланысты 
болады.   Әйел   адамдарға   қарағанда   ер   адамдарда   ӨТС   жоғары. 
Спортпен   шұғылданып,   жаттыққан   кезде   ӨТС   5000-6000   см³   дейін 
жетеді. 1-3 жастағы балалардың ӨТС - 300-400 см³, 4-7 жаста - 440-
900 см³, 8-12 жаста - 1100-1600 см³, 13-16 жаста - 1900-2400 см³.
Сөйлеу   кезінде   тыныс   алу.  Сөйлеу   кезінде   тыныс   алу 
мүшелері өзінің газ алмасу қызметін жалғастыра отыра, бір уақытта 
дауыс шығару мен артикуляциялық қызметтерді атқарады. 
Сөйлеу кезіндегі тыныс алу, немесе  сөйлеу демі  қалыпты дем 
алудан   ерекшеленеді.   Ол   сөйлеу   кезінде   тыныс   алуға   бірнеше 
талаптарды қояды. 
Сөйлеу қызметі дем шығарған фазада пайда болатының білеміз. 
Толық   мағына   беретін   сөздерді,   тіркестерді   қосып   айту   үшін   ұзақ 
мерзімді дем шығару қажет. Ал дем алу қысқа болу керек. Сөйлеу 
демінің ең басты ерекшелігі осыда, яғни дем шығару уақытының ұзақ 
болуында.   Егер   қалыпты   жағдайда   дем   алу   мен   дем   шығару 
ұзақтықтары   шамамен   бірдей   болса,   сөйлеу   демі   кезінде   дем   алу 
фазасы 5-8 есе ұзақ болады (32 сур.). Қалыпты дем алу кезінде тыныс 
алу   қозғалысы   (циклі)   минутына   16-20   тең,   яғни   бір   циклге   3-4 
секундтан;  сөйлеу   демінде   тыныс   алу   қозғалсы   екі  есе   төмендейді, 
осыған   байланысты   әрбір   тыныс   алу   цикліне   екі   есе   көп   уақыт 
жұмсалады (6-8 секунд). Бұл сөйлеу демінің екінші ерекшелігі. 
32 Сурет.Тыныс алу қисығы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет