«Қазына» - бұл кітап Ақтөбе облыстық музейінде жинақталған материалдар негізінде жазылған. Сондықтан да мұнда өлкенің өткен тарихына қатысты бай мағлұматтар мен деректер бар. Көне ескерткіштер мен мұраларға қатысты аңыз әңгімелер қызықты оқылады. Руханият пен мәдениеттің жанашырлары туралы да тағылымды ойлар мен пікірлер айтылған. Кітап көпшілік қауымға және музейдің болмысы мен тарихына қызығатын оқырманға, зерттеушілерге арналған.
«Этнопедагогика » -қазақ этнопедагогика пәнінің ортақ белгілері, терминдік, теориялық анықтамалары әдістемелік тұрғыда қарастырылды. Онда осы бағыттағы этнопедагогикалық ғылыми, танымдық әдебиеттерге, дерек сөздерге сүйене отырып, түрлі практикалық жағдаяттар, тапсырмалар, мысалдар ұсынылған.
Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі, біртұтастын бір бөлігі ретінде алынады, оған педагогикалык белгілер тән: зандар, заңдылыктар, педагогика теориясының принциптері, олар өз кезегінде этнопедагогикаға қатысты әдіснамалык болып табылады; бірақ этно- педагогиканың өзіндік ерекшелігі бар, атап айтсақ: ол өзгешелік аспектіні этнопедагогикалык аспектіні зерттейді. Этнопедагогика-педагогикалық қасиеттердің, педагогикалык функциялардың басымдылығын ашық көрсететін педагогикалык білімнің калыптасып келе жатқан жас саласы болып табылады.
Этнопедагогиканың негізін этнофилософия, этнос теориясы, этнопсихология, мәдениет философиясы, педагогиканың әдіснамасы кұрайтын себепті, олардың әрқайсысы этнопедагогикаға біріктірілетін білім салалары. Мұнда назардан тыс қалдырмайтын бір жайт бар, себебі этнопедагогика педагогиканың кұрамдас бөлігі, онын міндеттері, пәні, нәтижесі -педагогикалык, бұнда білімнін кіріктірмелі саласы ретінде этнопедагогика өзінің максаттарын жүзеге асыру үшін, тәрбие іс- әрекетінін ерекшелік кұралы ретінде, этникалык мәдениеттін компоненттерін колданады.
Халык педагогикасынын» анықтамаларын талдау көрсеткендей, ең алдымен ғалымдар оны талдауға әлеуметтанушылық тұрғыда кіріседі, «халық» ұғымының терең мәні бойынша, әлеуметтік-тарихи категория болып табылатынын атап көрсетеді, ал қатаң ғылыми мағынасында әлеуметтік және ұлттық қырлары белгілі байланыста карастырылады. Әрбір ұлттың негізін құрайтын еңбекші бұқаралар таптар, шаруалар, жұмысшылар - «халық» ұғымының аясында түсіндіріледі.
Г. С. Виноградовтың көзқарасы бізге жақын, себебі біз халык педагогикасын халықтың білімінде шоғырланған халыктың тәрбие тәжірибесінін және педагогикалык ой-пікірлерінің жиынтығы ретінде карастырамыз. Осы мағынасында халык педагогикасы халықтық білім ретінде этнопедагогиканың кұралы, этнопедагогиканы толықтыратын кайнар көз. Сондықтан «халыктық» терминінің мәнін жал- пыадамзаттық» термині ретінде түсіндіру дұрыс болар еді.
Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тəрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп, теориялық тұрғыдан зерттейтін жəне оны тəжірибеде қолданудың əдістəсілдерін əдіснамалық тұрғыдан сөз ететін ғылыми-педагогиканың бір саласы.
Қорыта келгенде, этнопедагогика дегеніміз – фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дəстүрлердің тəлім-тəрбиелік мəнмағынасы мен оны оқу-тəрбие жүйесінде қолданудың, əдістəсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Халық педагогикасы – халықтың сан ғасырлық рухани байлығы, ол бүкіл халықтық санаға негізделген. Ол халықтық тəрбиенің эмприкалық білім, білігі мен сана-сезімінің жиынтығы. Онда халықтың бала тəрбиесінде сан ғасыр бойы жинақталған озық ой-пікірінің, тəлім-тəрбиесінің тұтас көрінісі қортылып көпшілік қауымға ұсынылған.
Р.Ильясова
Этнопедагогика педагогика ғылымын фольклормен, этнографиямен байланыстыратын сала. Оның нысаны-педагогикалық нысандар.
Этнопедагогика ұғымының көптеген анықтамалары бар. Г.Н. Волковтын пі кірінше этнопедагогика ғылымынын нысаны - ғылым болып есептелмейтін халықтық педагогика. Стельмаховичтің анықтамасы бойынша, этнопедагогика ұлттың өзіне тән тарихи жолы, сол жолда қалыптасып, жүзеге асқан ерек- шеліктері (Традиции и тенденции раз- вития семейной этнопедагогики укра инского народа. - Киев, 1989.). Қ. Бөлеевтің анықтамасы: Этно- педагогика халықтық педагогиканы зерттейтін ғылым саласы.
Ал белгілі ғалым Қ. Жарықбаев: «Этнопедагогика халықтық тәлім- тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым» деген анықтама берген. E. Сағындықұлының анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика - ұлт тәрбиесінің бөліктерін нақтылы материалмен қамтамасыз ететін қайнар көз».
Сонымен, ғалымдардың пікірлерінін қорытындысына сүйенсек, этнопедагогика - жас ұрпақты тәрбиелеген, тар- биелеп отырған бұқараның тәжірибесін зерттейді, халқының рухани қорын, атап айтсақ, өз ұлтының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қазіргі ұрпаққа жеткізеді. Этнопедагогиканын бастау бұлағы - халықтық педагогика.
Қорыта келгенде, халықтық педагогика - халық бұқарасының жеке тұлғаны қалыптастыру максаты мен
тәрбие мен оқыту мақсаты, міндеттері, оған жету жолдары, құралдары, тәрбие туралы эмпирикалық мәлімет, практикада тексерілген білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер ата-бабалар тәжірибесінің ең жаксы үлгілері. Солардың негізінде ұрпақтан- ұрпаққа, ауызша халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық туындылар ертегі, жыр, мақал-мәтелдер, музыкалық сәнді-қолданбалы өнері) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Педагогика ғылымы тарбиелік мәнін ашатын халықтық педагогиканын максаты ата-бабалар тажрибесің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.