Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Жеміс ағаштары мен жидекті бұталар



бет123/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

Жеміс ағаштары мен жидекті бұталар. Жер учаскесінің орналасуы мен көлеміне қарай оған жеке жеміс ағаштары мен жидекті бұталар отырғызады немесе жеміс бағын салады. Бау-бақша дақылдарының тұқымдары мен сорттарын жергілікті жердің ауа райы мен топырағына қарай іріктейді. Барлық жерде дерлік өсіруге болатын жеміс-жидек дақылдарын қарастырайық.

5. Балабақша участкесндегі жануарлар

Балабақшалар алдында тұрған білімдік-тәрбиелік міндет тұрғысынан алғанда жер учаскесінде бірнеше кролик пен тауық болуы керек.

Кроликтер. Жабайы кроликтер бізде Батыс Украинаның оңтүстігінде таралған. Олар табиғатта інде тіршілік етіп, түнде өмір сүреді. Табиғат мүйісінде асыранды кроликтер ұсталады.

Кролик түсі әр түрлі, майда жүні бар, шағын денелі жануар. Оның құлақтары ұзын, қозғалмалы, тыңдаған кезде құлағын тігіп, үріккенде жымқырып алады, тұмсығы доғал, дөңгелек, бадырақ көзді, мұрттары екі жағына едірейіп тұрады. Бұл жануардың артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзынырақ, сондықтан ол секіріп жүреді. Қүйрығы қысқа. Кроликтер — қоян тәрізділер, олардың кемірушілерден айырмашылығы — үстіңгі жақ сүйегіндегі күрек тісі екеу емес, төртеу болады. Сәбіз, қызылша, капуста, шөп жейді.

Кроликтердің тұқымы өте көп. Табиғат мүйісінде ұстауға тамақ пен күтімді талғамайтындарын алған дұрыс. Кроликтер суықтан қорықпайды, бірақ өтпе желге төзімсіз. Оларды ашық ауада жасалған арнайы торларда ұстауға болады. Тордың биіктігі —60—70 см, еденінің ауданы — 125X70 см.

Тауықтар бұдан мыңдаған жыл бұрын, ежелден асыранды болған. Персияда, кейіннен Греция мен Римде киелі «күн» құсы деп есептеліп, өлтіруге рұқсат етілмеді. Тауықтар Европаға келгеннен кейін, оларды жұмыртқа және дәмді ет алу үшін өсіре бастады.

Тауықтардың қанаты қысқа және әлсіз, аяқтары күшті болады. Бұл құстар жерде жақсы жүгіреді, бірақ аспанда ұша алмайды. Аяқтарында 4 саусақтан болады: оның үшеуі алға, біреуі артқа бағытталған. Саусақтарында тырнақ болады; жем-дән, құрт, насеком личинкаларын іздеп, тырнақтарымен топырақты оңай тырмалайды.

Әтеш мекиенінен әдемірек болып келеді. Оның құйрығы үлкен, өрнекті, доғаша иіліп түрады. Басында — қызыл айдар, тұмсығының астында — тері сақал, кеудесі алға қарай шығыңқы болады. Аяқтарында өткір өсінділері- тепкісі болады, әтештер төбелескен кезде онымен бір-бірін қатты жарақаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет