Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет25/28
Дата06.01.2022
өлшемі134,12 Kb.
#16253
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
f20e6576-3b44-11e3-9713-f6d299da70eeалаш алыптары

Бақылау сұрақтары:

  1. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы қай жылы жарық көрді?

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының қандай мақалалары бар?

  3. Шәкәрім мұрасының құндылығы жөнінде не айталасыздар?


Дәріс - 15 . Тақырыбы: Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы
Дәріс жоспары:

  1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы

  2. Мұхтар Әуезов алғашқы мақалалары

  3. Мұхтар Әуезов - әдебиеттанушы

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрілі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол XIII гасырда Таяу Шығыста тұрған.

Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

М.Әуезовтың алғашқы әңгімелеріне «Дауыл», «Қорғансыздың күні» (1921), «Оқыған азамат» (1922), «Қыр суреттері» (1922-23), «Қыр әңгімелері» (1923), «Үйлену» (1923), «Барымта» (1925), «Кінәмшіл бойжеткен» (1925), «Қаралы сұлу» (1925), «Жуандық» (1926) және т.б. туындылары жатады. Автордың әңгімелері «Шолпан», «Сапа», «Таң», «Абай», «Қазақ тілі» газетінде жарияланады. «Қорғансыздың күні» жазушының ең алғаш жарияланған дүниесі бастапқыда «Қызыл Қазақстан» журналының 1921 жылғы наурыздағы нөмірінде жарық көрді, содан кейін ол «Еңлік-Кебек» сияқты 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шықты.

М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бiрi болып әдебиет тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырған. Жазушы өз мақала, еңбектерiнде айтып өткенiндей, әдебиеттi тану, оның тарихын, осы күнге дейiн жүрiп өткен жолын, өсу кезеңдерiн, түрлi заңдылықтарын бiлуден басталады деп түсiнедi. 20-жылдары: “Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi” (“Шолпан” журналы, 1922-23ж.№ 2-3, 4-5). “Ыбырай Алтынсарыұлы” (“Шолпан” журналы, 1923 ж. №6-7-8, 173-196 б.). “Халық әдебиетi туралы” (“Жас қайрат” журналы, 1924 ж. №3-4, 15-19 б.). “Қобыланды батыр” (“Таң” журналы. 1925 ж. №1,119-126 б.:№2,115-118б.). “Әдебиет ескiлiгiн жинаушыларға” (“Қазақ тiлi” газетi, 1925 ж. 23-апрель) атты мақалалары мен “Әдебиет тарихы” (Қызыл-Орда, 1927 ж.) атты көлемдi зерттеу кiтабын жариялайды.

Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi” атты алғашқы мақалада автор қазақ ауыз әдебиетiне, оның ерекшелiгi мен маңыз-мәнiне қысқаша шолу жасап өтедi. Өйткенi жазушы: “Ескi әдебиеттiң түрiн бiлу, бетiн ұғу, ағымына түсiну бiздiң өзiмiз үшiн керек” - дейдi. Яғни, бұл бiздiң бүгiнгi әдебиетiмiздiң жай-жапсарын терең танып, келешек бағыт-бетiн дұрыс белгiлеу үшiн өте қажет деп бiледi. М.Әуезов: “Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда, бiздiң ескi ауызша әдебиетiмiз бай өрнектi, түрлi, тарауы көп кестелi, қысқасын айтқанда, қазақтың даласы секiлдi кең, келешегi көрiктi үлкен, жалпы түрiк әдебиетiнiң iшiнде үлкен орын алатын әдебиет секiлдi көрiнедi... Себебi, әдебиетiмiзде өзге көп жұрттың ауызша әдебиетiнде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бiр заманда тәртiптi жазба әдебиеттiң қызметiн атқарғандығы бiлiнiп отыр. Сол мiндетiн ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрiсiн кеңейтiп әкеткенiн көрiп отырмыз. Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ өмiрiнiң әрбiр дәуiрi, әрбiр мезгiлi және жеке-жеке суреттерi де айтылған” — деп жазады.

Халық әдебиетi” атты келесi мақаласында автор осы ой-пiкiрiн ары қарай өрбiтiп, қазақ халық әдебиетiнiң, яғни ауыз әдебиетiнiң осылайша өте жоғары сапалы болуы — әдебиетiмiздiң келешегi үшiн де жалпы халқымыздың “болашағы гүлдi, түбiнде iргелi ел болуына” негiзгi тұлға, себепшi деп түсiнедi. Сондықтан мақалада қазiр сол халық әдебиетiнiң үлгiлерiн ертерек қамдастырып, төгiлiп-шашылып, жоғалмай тұрғанда жинақтап, жүйелеп хатқа түсiрiп алу қажеттiгiн баса айтады. Бұл iсте, әсiресе, оқып жүрген шәкiрттердiң көп қолқабыс тигiзе алатынын жазушы өте дұрыс ескертедi.

Қобыланды батыр” атты мақалада М.Әуезов ауыз әдебиетiнiң халықтың азаматтық тарихымен байланысы жайлы өте қызықты, әрi ғылыми тұрғыдан құнды ой-пiкiрлер айтқан. Автор жалпы ауыз әдебиетi шығармаларының, соның iшiнде батырлар жырының да негiзiнен ел хиялынан, арманынан туатындығын, бiрақ солай бола тұра олардың өмiрлiк, тарихи белгiлi бiр негiзi болатындығын “бiзге тiптi анық қылып тарих бетiн ашып бередi десек те, сол ескi тарих көлемiнде болған iрi мезгiлдердiң барлығының да ұлы суретiн нобаймен, тұспалмен көрсететiндiгiн” атап айтады. Бұл шағын мақалаларда ауыз әдебиетi, әдебиет тарихының кейбiр мәселелерi, жеке өкiлдерi мен шығармалары жайлы қысқаша барлау, шолу түрiнде көрiнген алғашқы қадам жасалса, “Әдебиет тарихы” кiтабы жазушының сол ой-пiкiрлерiнiң жинақталып, жүйеленген тұңғыш тұлғалы зерттеу еңбектiң үлгiсi бола алған едi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет