Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет22/28
Дата06.01.2022
өлшемі134,12 Kb.
#16253
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
f20e6576-3b44-11e3-9713-f6d299da70eeалаш алыптары

Қорытынды сұрақтары:

1.Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиеттану саласында алатын орны қандай?

2. Сәкен Сейфуллин тарихи-мемуарлық романында нені көрсетеді?

3. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбектері жайлы тоқта.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті А., 2002

  2. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір А., 1986

  3. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры А., 1962


Дәріс № 12
Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров

Жоспраы:


І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
2.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы.
3.Сұрақтар мен тапсырмалар
І.Жансүгіров 1894жылы Алматы облысы,Ақсу ауданында дүниеге келген.Анасынан тым ерте айрылған Ілиясты әкесі Жансүгір жетімсіретпей, мінезді,ұстамды етіп тәрбиелейді.Ең алғаш сауатын ауылдағы татар үлгісіндегі Қарағаш мектебінде ашады.

Жиырмасыншы жылдар Ілиястыңөсуінің шешуші кезеңі.ақын Алматы ,ташкент қалаларында оқиды,Мәскеуде журналистер институтын бітіреді.осыдан кейін ақын қоғамдық әдеби жұмыстарға белсене араласады.Ағарту жүйесінде,газетжурнал,баспа,жазушылар одағыныңбел ортасында жүреді. Көптеген мақала,фельетон өлең жазады. 1928 жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көреді. Оның әдеби мұрасынбірін бірі толықтырып тұрған үш салаға бөлуге болады:өнер,өнер адамы жайлы жыр,поэма ; тарих керуені туған дала туралы дастан «Дала»,заманына арналған.Өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы «Жолдастар» романы да (1935) осындай көтеріңкі рухта жазылған туынды.

2. Ілияс Жансүгіровтың "Күйші" поэмасы.

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.


Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы


Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -

деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз:


Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан
Боздатып "бозінгенді" күңіренткен.

Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.


Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі "Күйші" поэмасын жазды.

3.Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Ақынның өмірі меналғашқы туындыларын оқып,танысыңдар.

2.“Күйші” негізгі идеялық көркемдік мазмұнын түсіндіріңдер.

3. “Ілияс Жансүгіров қазақ өнерінің жыршысы” атты тақырыпта шығарма жазыңдар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Алматы 1965

2.Қаратаев М. “Қазақ поэзиясының құлагері” Таңдамалы шығармалар 1-том.Алматы,1974

3.Нұрғалиев Р.Қазақтың ревалюциялық поэзиясы.Алматы,”1987



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет