Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет104/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

3.Әңгімелер. Әңгіме тәрбиешінің сұрақтарынан және оған балалардың қайтарған жауаптарынан тұрады. Бұл — бұрыннан бар білімді анықтап, оны кеңіте түсудің бағалы тәсілі, балалардың сөздік қорын молайту және олардың байланыстарын, сөйлеуін дамыту. Әңгіме кезінде тәрбиеші сұрақтар беру арқылы баланың ойлауына басшылык жасайды. Сұрақтардың саны мен реті осы сабақта шешілуге тиісті міндеттерге және балалардың жасына байланысты. Сұрақтарды балалардың тәжірибесін ескере отырып және олардың ойлауын белсенділендіруді көздеп құрастыру керек. Әңгімелесу кіріспе, қорытынды немесе бақылау және жаңадан алған білімді байланыстыру түрінде болуы мүмкін.

Кіріспе әңгіме қысқа болуы тиіс, оның мақсаты балаларда бұрыннан бар білімді жаңадан алған біліммен ұштастыру, оған деген қызығушылығын туғызу. Мұндай әңгімелер ересек және мектепке даярлық топтарында экскурсиялардан немесе- балалардың практикалық іс-әрекетінен бұрын жүргізіледі.

Барлық топтарда бақылаулармен немесе картиналарды көріп, қарай отырумен қатарласа жүргізілетін ең көп тараған және үнемі қолданылатын тәсіл әңгімелесу болып табылады. Бұл бүкіл дерлік сабақтың, экскурсиялардың, дидактикалық ойындардың элементі ретінде кіріп отырады.

Ең қиыны — қорытындылай әңгімелесулер болып табылады. Бұларды тек ересектер мен мектепке даярлық топтарында жүргізеді. Мұндай әдгімелер балалардың бақылаулары мен еңбек процесінде алған, бұрыннан таныс материалы негізінде құрылады және олардыи білімін нақтылай түсу мен жалпылау мақсатын көздейді.

Ересек балалар тобындағы корытынды әңгіменің үлгісі мынау. Бұл әңгіме балалардың күздегі табиғат құбылыстарын бақылауынан және күз туралы тақпақтар мен әңгімелерді тыңдағандарынан кейін өткізіледі. Мұндай әңгіме жүргізгенде төмеидегідей сұрақтарды ұсынуға болады: қазір жылдың қай мезгілі? Біз орманға (паркке) барғанда ауа райы қандай болды? Күзде ағаштардың жапырақтары қанда» жағдайда екен? Күзде орманда біз не естідік? Орманнан қандай құстарды көрдік? Торғайлар, қарғалар, қарлығаштар қайда кеткен? Олар неге ұшып кеткен? Көбелектер, қоңыздар, өрмекшілер қайда? кеткен? Күзде біз орманнан не жинадық? Күзде бақшада не істеледі? Күз кімге ұнайды? Неліктен?

Сұрақтар балалардың алған елестетулерін естеріне түсіріп, олардың «күз» туралы түсініктерін қорытындылай алатындай болуы тиіс. Әңгімені оларға таныс тақпақтар мен жұмбақтарды оқып берумен аяқтауға болады.

Мектепке даярлық тобының балаларына мына сияқты сұрақтарды; ұсынуға болады: неліктен сен күз келді деп ойлайсың? Құстар неге ұшып кеткен? Құрт-құмырсқалар неліктен жоқ болып кетті? Өсімдіктер неге солып қалған? Сұрақтардың қойылысы баланың ақыл-ой» мәселелерін өз бетінше шешуіне міндеттейді, мұнда ол өз тәжірибесіне, өз бақылауларынан алғандарына сүйенеді, осы мезгіл туралы түсінігін қорытындылайды.

Әңгіме балаларды фактілерді салыстыра, олардың арасындағы кейбір себептік байланыстарды аңғара білуге жетелеп отыруы тиіс, Бұған «неге?» және «сен қалай білдің?» деген сияқты сүрақтар көмектеседі, мысалы: қыста бақтағы ағаштардың бұтақтарында неге жапырақ болмайды, ал бөлмеде бұтақтардың жапырақтары пайда болған? Мұның қайың екенін сен қалай білдің?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет