Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет19/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

СОӨЖ №1

Тақырып атауы: Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері. Әдістердің жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістерімен таныстыру (экскурсия)

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1.Экскурсияның күнделікті серуендерден айырмашылығы неде?

2.Экскурсияның ұйымдастырылуы мен өткізуі қалай болады?

3.Экскурсия үшін қандай жабдықтар керек?



Тапсырма:

Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастырудың формаларының бірі экскурсияларға қажетті жабдықтар тізімін дайындаңдар.



Әдістемелік ұсыныс:

Орманға немесе көгалға экскурсия жасау үшін: насекомдарды ұстайтын 5—6 тоспай (дәкеден жасалып, ұзындығы 50 см таяқтың басына ілінген, үлкендігі 40 см дорба) — Қазып алған өсімдіктерді алып жүретін, жемістер мен саңыраукұлақтарды жинайтын диаметрі 20—25 см, биіктігі 10—15 см, саны 3—5 кәрзеңке; жапырақтарды, тұқымдарды, ағаш қабығын және гүлдерді жинау үшін кішкене қораптар немесе ботанизиркалар, саны —3—5; бау-бақша пышағы немесе бау-бақша қайшылары, саны — 1; өсімдіктерді тамырымен қазып алу үшін мықты темірден жасалған күрек немесе к а л а қ, саны — 1; насекомдарды алып жүретін банкалар немесе тесіктері бар кішкене қораптар, саны—4—5; ұсақ заттарды қарайтын лупалар мен пробиркалар (түтік шынылар).
Су қоймасына экскурсия жасау үшін: үлкен су тоспайы (сирек кездесетін, бірақ мықты материалдардан істелген қапшық, ұзындығы — 50 см, шығыршықтың диаметрі 25—30 см, таяқтың ұзындығы 120—150 см шамасында, қалыңдыры — 3—4 см, саны—1); шағын су қоймасынан жануарларды ұстау үшін балалар тоспайы (шығыршығының диаметрі—10—12 см, дорбаның ұзындығы — 20—25 см, тұтқасының ұзындығы — 100—110 см саны—1); су қоймасынан ұстап алынған жануарларды қарайтын эмальды кішкене ш ы л а п -шын д а р, саны — 1—2; әр түрлі жануарларды алып жүретін тесігі бар қ а қп а қ т ы ш е л е к, немесе тұтқалы банкалар, саны —2—3; ұстап алынған иасекомдарды алып жүретін кішкене шарбақтар, саны — 2—3.

Ескертулер.

1.Су тоспайына арналған шығыршық (шеңбер) бірінін үстіне бірі біріктірілген серіппелі жуан сымнан жасалады. Ұштары егеліп, үшкірленген күйінде біріктіріліп, таяқтың басына сұғылады. Шығыршықтың таяққа бекітілген жерін жұқа бірақ мықты сыммен орап тастайды. Дөңгелекті матамен жол-жол етіп айналдыра тігеді де, оған түбі дөңгеленіп келген қапшықты тігеді.

2. Насекомдарды алып жүретін тоспайды қаңылтырдан немесе картон қораптан жасауға болады. Бұл үшін оның екі жағынан тесіктер жасайды. Тоспайды ұстап тұру үшін осы тесіктерден бау өткізеді. Насекомдар демалуы үшін қақпағынан тесіктер жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет