Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Табиғат, оның адамдар өміріндегі маңызы



бет47/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   168
Табиғат, оның адамдар өміріндегі маңызы. Табиғат — органикалық (тірі) және органикалық емес (өлі) дүниелері бар бүкіл әлем. Бүкіл өмірлік процестер Жердің жоғарғы қабатында — б и о с ф е р а д а болып жатады, оның құрамды бөліктері тірі организмдер — өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және адам.

Тірі табиғат денелерінің өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы — заттардың алмасу процесінде тірі дененің өсуі, дамуы, көбеюі болып табылады. Әлі дене сыртқы ортаның өзара әсерінен өздігінен қайта жаңармайды, бұзылады да, өлі материяның басқа бір түріне ауысып отырады.

Организмнің орта жағдайларына икемделуі — табиғаттың мезгілдік құбылыстарынан, жануарлар мен өсімдіктердің мүше құрылыстарынан, сондай-ақ қозғалудың әр түрлі тәсілдерінен, қоректенулерінен, жапуарлардың қылықтарынан, өсімдіктердің жарықты, дымқылды, ауаны, температураны түрліше қажет етулерінен көрінеді.

Ш и п а л ы табиғат. Ол адамды сауықтыруда үлкен роль атқарады: жасыл өсімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын өз бойьша сіңіреді де оттегін бөліп шығарады. Ормандардың ауасы ірі өндірістік қалалардың ауасынан 200 есе таза екендігі анықталған.

Форманың бояу мен дыбыстың әдемілігін және үйлесімділігін қабылдау, табиғатта болып жатқан құбылыстарды бақылау қуаныш сезіміне бөлеп, зор қанағат береді.

Табиғат б а ғ а л ы ө н е р т у ы н д ы л а р ы н жасауда үлкен роль атқарады. Ақындар, жазушылар, суретшілер, музыканттар өз шығармаларын оны суреттеуге және жырлауға арнайды.

Табиғат — т а н ы м н ы ң қуатты қ а й н а р б ұ л а ғ ы. Оның күрделі органнзмдерін зерттеп білу — техникаға, өнертапқыштар мен жаңашылдарға құралдар жасауға тетік болып танылады. Адамдар өмірінде табиғаттың маңызы зор және сан алуан. Табиғат — адамның м а т е р и а л д ы қ ж ә н е м ә д е н и е т і л і к те р і н і ң қ а й н а р к ө з і.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет