Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады
Кт = n1/N,
мұнда n1 – жыл бойына барлық жол берілген жазатайым оқиға бойынша зардап шегушінің еңбек ету қабілетсіздігі күндерінің саны.
Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициентін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 37-тарау, 322-бабына сәйкес барлық жол берілген жазатайым оқиға бойынша еңбек ету қабілетсіздігі күндерінің саны туралы деректер есепке алынады.
Еңбек ету қабілетін шектеумен жазатайым оқиға – бұл нәтижесінде жұмыскер еңбек ауысымында барлық жұмыс жүктемесін қалыпты орындауға қабілетсіз болатын жарақат немесе оны басқа жұмысқа уақытша немесе тұрақты түрде жарақат алғаннан кейін келесі күні тағайындайды.
Еңбекке қабілеттілікті жалпы тұрақты жоятын – өндірістік жарақат кезінде жұмыскерді тұрақты еңбек етуге қабілетсіздікке, медициналық көрсеткіш (аяқ қолдың сынуы, бастың жарақаттануы, көрудің жоғалуы және с.с.) бойынша жұмыстың тоқтауына соқтыратын, лауазымдық міндеттерді толық орындауға кедергі келтіретін еңбекке қабілеттілікті жою.
Достарыңызбен бөлісу: |