Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет52/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   122
Байланысты:
УМК Еңбекті қорғау

СӨЖ (Студенттің өздік жұмыстары)

Дәріс №

Тапсырма

Орындалу уақыты

1

Кіріспе. Танысу




2

«ҚР Еңбек заңнамасының негіздері» реферат





3

Кәсіпорындарда еңбекті қорғауды ұйымдастыру тақырыбына баяндама




4

«Еңбек жағдайын талдау» слайд




5

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар тақырыбына қосымша мәліметтер жинақтау




6

Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттар тақырыбына реферат




7

Кәсіпорындардағы оқыс жағдйларды есептеу, зерттеу және оны талдау тақырыбында слайд




8

Мамандығы бойынша қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіздік шаралары тақырыбына қосымша мәліметтер іздеп жазып алып келу




9

Мамандығы бойынша қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіздік шаралары тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру




10

“Электрқауіпсіздігі” тақырыбына тест сұрақтарын немесе карточка дайындап келу




11

Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек түрлері тақырыбына слайд




12

Станоктарда жұмыс жасауда негізгі қауіпсіздік ережелері мен нұсқамалар тақырыбына қосымша ақпарттар жинақтап жазып келу




13

Станоктарда жұмыс жасауда негізгі қауіпсіздік ережелері мен нұсқамалар тақырыбына реферат




14

«Діріл мен шу және олардан қорғану жолдары » презентация




15

Өндірістік орындарына қойылатын санитарлы-гигиеналы талаптар тақырыбына баяндама




16

Өндірістік сәулеленуден қорғану шаралары тақырыбына 25 сұрақтық тест құрау




Зертханалық жұмыстар
1 Зертханалық жұмыс

Қауіпті және зиянды факторлар
1 тақырыбы: Жұмыс (өндіріс) орындарында ауа құрамындағы улы газдар мен буларды жедел анықтау жолдары.

Жұмыстың мақсаты:

Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы улы газдар мен буларды УГ-2 маркалы газ сараптаушы құралымен анықтау



Негізгі керекті құрал: газ сараптағыш –УГ-2

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Газ сараптағыш құралдың құрамы меноны пайдаланудың жолдарын игеру.

  2. Зерттелген ауадағы улы заттың мөлшерін анықтау

  3. Жүргізілген жұмыс бойынша қысқаша қорытынды шығарып, тұжырымдау. Тұжырымдамада мына төмендегілерге назар аударылуы керек:

  • анықталған улы заттың қауіптілік класы

  • ол заттың уландырғыш қасиетін саралау

  • ол уландырғыш заттан жеке адамның қорғану құралдары және жолдары.

Жұмыс орындарында, атмосфералық ауада улы газдарды анықтаудың басқа да жолдары мен таныстыру: иіс сезу мүшелері арқылы (органолептикалық), индикациялық (анықтағыш қағаздар немесе ұнтақтар арқылы)жолымен.
Индикациялық жолмен сараптаудың негізгі принципі

Ол мынаған негізделген: ауадағы улы затпен қолданылған реактивтің (анықтағыш заттың) арасында химиялық реакция жүрудің арқасында реактивтің түсі өзгереді. Ламборта-Вэридің заңына сәйкес реактив түсінің өзгеруі жылдам да қанықты жүрсе, соғұрлым улы заттың ауадағы мөлшері көп болмақ.

Анықтаудың қортындысын екі әдіспен жүргізуге болады: колориметриялық және сызықтық-колористикалық жолдарымен.

Колориметриялық жолмен анықтағанда сараптаудың қортындысын шығару үшін реактивтің өзгерген түсін стандартты түрлі түсті шкаламен салыстыру арқылы шешуге болады.

Сызықтық-колористикалық әдіс-негізгі әдіс болып саналады, ол практикада ауаның улы газдары мен буларын анықтауда жиі қолданылатын прогрессивті әдіс болып саналады. Бұл әдіс бойынша ауаны сараптаудың қортындысын анықтағанда, түсі өзгерген индикациялық ұнтақтың биіктігін ( немесе ұзындығын) шкалаға салып өлшеу арқылы мг/м3 мөлшерде табуға болады. Төмендегі айтылғалы отырған УГ-2 сараптағышының жұмысы да осы сызықтық-колористикалық әдіске негізделген.
УГ-2 ауа сараптағышының құрлысы

Ауа сараптағыш УГ-2 маркалы құрал мынадай бөлшектерден тұрады: ауа соратын цилиндр секілді кеңірдек сильфон, ол сыртқы ауамен резинка түтікшемен жалғасады, сыртқы темір қорапшаның бетінде шкала орналасатын қондырғысы бар: шток және оны енгізетін тесікше, тесікшенің жақтауында пружинвлы ұстағыш (фиксатор): темір беткейдің бір жақ бұрышында шток салатын тесік бар. Сильфонды сыртқы ауамен қосып тұрған резинка түтікшкнің сыртқы ұшына индикациалайтын ұнтаққа толтырылған шыны түтік кигізіледі. Сильфонмен ауа сорғызылудан бұрын, штоктың көмегімен оны бағыттағыш түтікшеге кіргізіп, төмен қарай басып сильфонды қысады, сонда сильфонның ішіндегі ауа резинка түтікше арқылы сыртқа шығады. Штоктың жақтауындағы екі шұңқыр ойықшаның жоғарғысына дейін штокты қысып жеткізген соң, пружиналы ұстағышпен штокты қайта көтерілуін тоқтатып, ұстатады. Штоктың төрт жақтауында, оның жоғарғы жағындағы қалпақшасының астындағы көрсетілген сан, сол штоктың жоғарғы жағындағы шұңқырдан төменгі шұңқырға дейінгі аралықта ауа сорғыш, қанша ауа соратынына сәйкес келеді. Енді шыны түткішені индикациялық ұнтақпен толтырулы күйінде резинка түтікшеге кигізеді де, қондырғыдағы шкаланы орналастырады. Сөйтіп, штокты алақанмен сәл басып, пружиналы ұстағышты кейін тартып, штокты жібереді. Осы кезде уақытты белгілейді. Бұл кезде сыртқы зерттелетін ауа ұнтақ салынған шыны түтікше арқылы сильфонға сорыла бастайды. Индикациялайтын ұнтақ зерттеліп отырған ауадағы газды анықтауға арналған (специфический порошок) болуы шарт. Осы шарт бойынша ауадағы улы газбен ұнтақ реакцияға түсіп, ұнтақтың түсі өзгереді. Бұл өзгерістің шапшаңдығы мен айқындылығы ауадағы улы газдың көп-азына тікелей байланысты. Штоктың жақтауындағы жоғарғы және төменгі шұңқырдың арасына шток қанша уақыт көтерілетініне әрбір улы газдарға сәйкесті түрде белгіленген. Шток төменгі шұңқыршасына жеткенде ұстағыш сырт етіп сол шұңқыршаға түседі де, штоктың жүруін тоқтатады, бірақ бұдан кейін де сильфонға ауа сорылуы сильфондағы қалдық вакуумның әсері мен біршама тағы одан әрі жалғасады, сондықтан да ұстағыш төменгі шұңқыршаға дыбыс беріп түскеннен кейін де 1-2 минут ұнтақты түтікшені суырмай қол тұру керек. Белгіленген мөлшердегі уақыт еткен соң, ұнтақты түтікшені алып, шкаламен салыстырып, көрсетілген санды 102, яғни жүзге көбейту керек. Бұл табылған санды, яғни улы газды мг/м3 –ке айналдырған болып табылады. Енді табылған санды бір м3 –тегі улы газдың мөлшерін таблица бойынша белгіленген (ең жоғарғы мөлшер) нормамен салыстырып, егер улы газ мөлшері нормадан асып жатса, тиісті шара қолданылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет