Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Аягөз қаласының политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Оқытушының күнтізбелік – тақырыптық жұмыс жоспары
Пән «Еңбекті қорғау»
Оқытушы: Ислямова А.Е
Топ – II курс
Мамандығы: 1414072 «Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері »
Пәннің жалпы сағаты – 40.
3 семестрге берілген сағат саны – 20;
4 семестрге берілген сағат саны – 20.
Теориялық сағаттар саны – 32;
Оның ішінде практикалық сағаттар саны – 8;
Курстық жоба (сағат саны) - 0.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар «28» 09 2015 ж. Аягөз қаласының политехникалық колледжінің педогогикалық кеңесінің отырысында № 1 хаттамасы бойынша бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде бекітілді.
Бағдарлама ауытқу: ________________________________
Пән «Ақпараттық технологиялар және АЖШ» бірлестігінде қарастырылып бекітілді
Барлық сағат санының бөлінуі
Курс
|
Барлық сағат саны
|
Соның ішінде
|
теориялық сабақ
|
зерт. сабақ
|
практик. жұмыс
|
бақылау жұмысы
|
Сынақ жұмыс
|
Емтихан
|
1сем
|
2сем
|
1сем
|
2сем
|
1 сем
|
2сем
|
1сем
|
2 сем
|
1 сем
|
2 сем
|
1
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2
|
40
|
16
|
16
|
4
|
4
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
1/4
|
3
|
36
|
32
|
-
|
4
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пәнге берілген барлық сағат саны
|
76
|
48
|
16
|
8
|
4
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
1
|
№
|
Күнтіз-белік
уақыты
|
Бөлім және сабақтың
Тақырыбы
|
Сабақтың түрі
|
Сағат саны
|
Оқушылардың өздік жұмысының түрі және орындалатын уақыты
|
Көрнекіліктер және техникалық жабдықтар
|
Үй тапсырмасы, қолданылатын оқулықтар
|
1.
|
|
Кіріспе
|
Теориялық сабақ
|
2
|
|
Буклет «Еңбекті қорғау негіздері»
|
№1 оқулық, 1.1 тақырып оқып келу.
|
|
|
1 бөлім. Еңбекті қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық, негіздері
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
ҚР Еңбекті қорғауға байланысты еңбек заңнамасының негіздері
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Реферат «ҚР Еңбек заңнамасы»
|
Слайд «ҚР Еңбек заңнамасы»
|
№1 оқулық, 2.4 тақырып оқып келу.
|
3.
|
|
Кәсіпорындарда еңбек қорғауды ұйымдастыру
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Слайд « Кәсіпорындарда еңбек қорғауды ұйымдастыру»
|
Тест №1-еңбекті қорғауды ұйымдастыру
|
Өткен тақырыпты оқу, интернет желісінен қосымша мәлімет жазу.
|
4.
|
|
Еңбек жағдайын талдау
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Лекция оқып, қосымша ақпараттар жинақтау
|
Слайд « Еңбек жағдайын талдау»
|
№2оқулық, 2.4 тақырып оқып келу.
|
5.
|
|
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Буклет «қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
|
Плакат №1 «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар»
|
№2 оқулық, 1.1 тақырып оқып келу.
|
6.
|
|
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
|
Практикалық сабақ №1
|
2
|
Буклет «қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
|
Плакат №1 «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар»
|
№2 оқулық, 1.1 тақырып оқып келу.
|
7.
|
|
Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттар
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Тест сұрақтарын жасап келу
|
Еңбекті қорғау оқулығы, слайд
|
№2 оқулық, 2.2 тақырып оқып келу.
|
8.
|
|
Кәсіпорындардағы оқыс жағдайларды есептеу, зерттеу және оны талдау
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Буклет жасап келу « Кәсіпорындардағы оқыс жағдайларды есептеу, зерттеу және оны талдау Кәсіпорындардағы оқыс жағдайларды есептеу, зерттеу және оны талдау»
|
Плакат №5, слайд
|
№2 оқулық, 4.1 тақырып оқып келу.
|
9.
|
|
Кәсіпорындардағы оқыс жағдайларды есептеу, зерттеу және оны талдау
|
Практикалық сабақ №2
|
2
|
Лекция оқып келу
|
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
|
|
2 бөлім. Техника қауіпсіздігі
|
|
|
|
|
|
10.
|
|
Мамандығы бойынша қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіздік шаралары
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Бкулет « қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіздік шаралары»
|
Слайд №5, плокат №6 Қауіпсіздік техникасы
|
№2 оқулық, 2.3 тақырып оқып келу.
|
11.
|
|
Мамандығы бойынша қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіздік шаралары
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Лекцияны толықтырып оқып келу
|
Слайд №5, плокат №6 Қауіпсіздік техникасы
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
12.
|
|
Электрқауіпсіздігі. Адам ағзасына электр тоғының әсері
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Реферат « Электрқауіпсіздігі. Адам ағзасына электр тоғының әсері»
|
Слайд «электр жабдықтау жүйелерінде қойылатын талаптар»
|
№2 оқулық, 3.6 тақырып оқып келу.
|
13
|
|
Электрмен жарақаттанудың негізгі түрлері. . Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек түрлері
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Сөзжұмбақ құрастырып келу
|
Кітап «Еңбекті қорғау, слайд №7»
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
14.
|
|
Электрмен жарақаттанудың негізгі түрлері. . Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек түрлері
|
Практикалық сабақ №3
|
2
|
Дәрістерді оқып келу, тест құрастырып келу
|
Кітап «Еңбекті қорғау, слайд №10
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
15.
|
|
Ағаш жону станоктарында жұмыс жасаудағы негізгі қауіпсіздік ережелері мен нұсқамалар.
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Реферат « Ағаш жону станоктарында жұмыс жасаудағы негізгі қауіпсіздік ережелері мен нұсқамалар »
|
Кітап «Еңбекті қорғау, слайд №15
|
№2 оқулық, 4.1 тақырып оқып келу.
|
16
|
|
Ағаш жону станоктарында жұмыс жасаудағы негізгі қауіпсіздік ережелері мен нұсқамалар.
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Практикалық сабақты аяқтап жазып келу
|
Кітап «Еңбекті қорғау, слайд №15
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
|
|
3 бөлім. Өндірістік санитария
|
|
|
|
|
|
17.
|
|
Өндірістік аймақтар мен жұмыс орындарына қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Діріл мен шу. Олардан қорғану шаралары
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Өткен тақырып бойынша тест құрастырып келу.
|
Слайд « Өндірістік аймақтар мен жұмыс орындарына қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Діріл мен шу. Олардан қорғану шаралары »
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
18.
|
|
Өндірістік аймақтар мен жұмыс орындарына қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Діріл мен шу. Олардан қорғану шаралары
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Лекция оқып келу
|
Слайд « Өндірістік аймақтар мен жұмыс орындарына қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Діріл мен шу. Олардан қорғану шаралары »
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
19.
|
|
Өндірістік сәулеленуден қорғану шаралары
|
Теориялық сабақ
|
2
|
Реферат « Өндірістік сәулеленуден қорғану шаралары»
|
Слайд « Өндірістік сәулеленуден қорғану шаралары »
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
20.
|
|
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру
|
Практикалық сабақ №4
|
2
|
Тест сұрақтарына дайындалып келу
|
Реферат « Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру»
|
К.Абенова, Д. Әмірбек «Еңбекті қоғау» кітап
|
|
|
Барлық сағат саны
|
|
40
|
|
|
|
Рет. №
|
Негiзгi және қосымша әдебиеттер
|
1
|
Чекалин Н.А., Полухина Г.Н., Чекалина С.А. «Электр шаруашылық өндіріс кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау». М. Энергоатомиздат. 1990ж.
|
2
|
Князевский Б.А. «Энергетикадағы еңбекті қорғау» М. 1985ж.
|
3
|
Еңбекті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары
|
4
|
Кораблев В.П. «Сұрақтар мен жаұаптардағы электр қауіпсіздігі» М. Московский рабочий (Москвалық жұмысшы), 1985ж.
|
5
|
«Электр энергетика қондырғыларындағы қауіпсіздік техникасы». М.Энергоатомиздат, 1987ж Путилов А.А., Копреев А.А, Петрухин Н.В. «Қоршаған ортаны қорғау». М., Химия, 1991ж.
|
6
|
Энергетикадағы еңбекті қорғау туралы әрекет ететін директивті құжаттар.
|
7
|
Қазақстан Республикасының конституциясы.
|
Дәрістер кешені
1-Дәріс. Мақсаты: Еңбекті қорғау сабағының мақсатын түсіндіру.
Кіріспе
Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
құқықтық
медициналық
экономикалық
техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады: • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан; • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан; • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан; • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен; • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.
Еңбек қорғаумен еңбек процесіндегі адамның жұмыс қабілетін жəне денсаулығын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін емдеудің алдын-алу шаралары жəне гигиеналық, техникалық ұйымдық, социалды экономикалық шараларын, заңды акттердің жүйесі түсіндіріледі.
Еңбек қорғаудың маңызды бөлігі қауіпсіздік нормаларының шарттары болып табылады. Нормативті құжат еңбек қорғау аумағында нормалау принциптерінен көрсетіледі. Еңбекті қорғау жұмысында еңбектік процесте қолданылатын техника жəне техникалық құралдар маңызды мағынаға ие.
Қауіпті өндірістік факторларда жұмыс істеушілерге əсер ететін техникалық құрал жəне ұйымдық шаралар жүйесі техника қауіпсіздігі деп аталады.
Кəсіптік ауруларды алдын-алатын техникалық құралдар зиянды факторлар əсерінен жұмысшыларды қорғайтын, техникалық орта жəне ұйымдық шаралар жүйесімен түсіндірілетін өндірістік санитарияның маңызды элементі болып табылады. Еңбек қорғау жұмысындағы негізгі мəселе еңбек қорғау туралы заңдарды қабылдау болып табылады. Осы заңдарда еңбек процесіндегі адамдардың өзара қатынасының негізгі ережелері анықталады. Заңдардың дамуымен салалық нормативтік құжаттар жəне еңбек қорғау бойынша. Ережелер жəне салааралық нормалар реті, еңбек қорғау бойынша стандарттар жүйесін жасау болып табылады (жұмыстың, қауіпсіз жүргізілуі бойынша нұсқау, қауіпсіздік ережелері). Заңды нормативті жəне ұйымдық қызмет ету адам еңбегінін шарттарын жасауға бағытталады. Осы шарттарды анықтау үшін ең алдымен адам организмнің медико-биологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Соңғы уақытта механизм жəне машина басқарудың жоғары сапасы, адамдардың олармен өзара əрекетінің қауіпсіздігі, адамның минималды шаршағандығын қамтамасыз ететін машиналарға, жұмыс орнына, кейбір жасаушы машинамен өзара қатнастағы ғылым-эргономиканың дамуы.
Еңбек қорғау аумағындағы барлық əрекеттер еңбек процессіндегі адамның қорғау құралдары мен техникалық тəсілдерін жасаумен аяқталады. Барлық жасалған техникалық құралдар мен технологиялық процестер еңбек қорғау талаптарын қанағаттандыру қажет, яғни эргономикалық, гигиеналық жəне қауіпсіз болу.
«Еңбек қорғау» жүйесінің маңызды элементі болып қоғаммен бірге: еңбек мүгедектері, балалар жəне əйелдер еңбегі, социалдық сақтандыру, еңбекті қорғау бойынша финанстық жұмыстар жəне олардың эргономикалық тиімділігімен өзара қатнасын анықтаушы еңбек қорғауды социалды- эргономикалық аспектілері саналады.
Аталып шыққан еңбек қорғау жүйелері белгілі ұйымдық формаларда жүзеге асады. Еңбек қорғау бойынша жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуынан олардың тиімділігі тəуелді. Бұл тағыда бір маңызды жүйе элементі.
Еңбекті қорғау жəне оның жағдайы ҚР конституциясындағы азаматтарды əлеуметтін кепілдеме беруін сақтауға қамтамасыз ететін жүйе сияқты əлеуметтік-экономикалық мəнгі ие болады.
Еңбек процессінде əрбір адам тек еңбек объектісімен ғана емес, сонымен қатар басқа адамдармен де өзара қатнаста болады. Мұндай өзара əрекеттер əлеуметтік сипатқа ие.
Бір топ басқа адамдарға əсер ету қабілеті процессіндегі адамдардың мұндай өзара əрекеттері əлеуметтік деп аталады. Мысалы: даңқ, жұмыстық жəне жеке сапарларды ұжымды басқару жұмыстың тиімділігінен анықтайды.
Қолайсыз жағдайларды еңбек өндірістің технико-экологиялық көрсеткіштерін төмендететін, еңбек өнімділігі мен сапасын төмендуге алып келетін ауруларды пайда етеді. Мұнан басқа, қалайсыз жағдайдағы еңбек əлеуметтік- экономикалық сипаттың кері нəтижелеріңде ие болады.
Оларға келесілер жатады: · Кəсіптік аурулар жəне өндірістік зақым –бұл өнімнің көбеюіне, тұрғын өмірлерін қысқартуға, алдын-ала мүгедек болуға алып келеді.
Экономикалық шығындарды негіздеуші өндірістегі аурулар мен зақымдарға төлемдер. Қалайсыз жағдайлардағы жұмыс үшін қосымша ақша төлеудің өнеркəсіптік шығындары еңбек ақысының қорымен сəйкес.
Еңбектің қолайсыз жағдайларды экономикаға тікелей сияқты жанаша шығында əкеледі.
Жұмыс беруші мен жұмысшының экономикалық реттелуге негізделген əлеуметтік қоғау жүйесі бір жағынан қауіпсіздік деңгейін, ал екінші жағынан қолайсыз өндірістік жағдайларда жұмыс істеушінің кері нəтижелерінің орнын толтыруға кепілдеме беру қажет.
Өнеркəсіптегі еңбекті қорғау басқармасының мақсаты мен функциялары.
Еңбекті қорғау басқармасы-бұл өндіріс процесіндегі адамдардың еңбек қатнастарын реттеу, еңбек шарттарын қауіпсіз, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша олардағы мемлекеттік, жəне қоғамдық ұйымдар тұрақтысы, мақсаттылығы . Ол өндіріс басқармасының аз ғана бөлігін құрайды.
Өндірістік басқару əрекеті немесе шешімі сондай –ақ өндірістік басқарманың барлық құжаттары мен жобалары еңбек қорғау бойынша шараларды алдын-ала қарастыру қажет.
Өнеркəсіпте еңбекті қорғау басқармасы келесі функциялардан тұрады: · Өндіріс жəне еңбекті ұйымдастыру жəне жабдықтауды қолдану, олардың орындалуын бақылау, технологиялық процестердің орындалу барысында пайда болатын қауіптер мен зияндықтарды болжау.
Олардың орындалуы бойынша ұйым жəне еңбек қорғаудың жақсаруы бойынша əлеуметтік жəне экономикалық шаралар, арнайы техникалық, ұйымдық шаралар жасау.
Еңбек қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау.
Еңбек қорғау бойынша арнайы қызметтер мен ұйымдардың құрылымының жақсаруы (олардың жұмысының тиімділігінің жоғарлауы бойынша шаралар қабылдау).
Еңбек қорғау жағдайын сипаттаушы көрсеткіштерді жасау жəне еңбек қорғауды жақсарту бойынша жұмыста қолдану жəне еңбекті қорғау сұрақтары бойынша статистикалық жəне оперативтік мəліметтерді жинау, оның жақсаруы бойынша жұмыстар жасау.
Еңбек қорғау жағдайына оперативті жəне жоспарлы тексеріс жүргізуді іске асыру, жəне жұмыс орындарында, цехтарда, учаскелердегі нормативті құжаттарды орындау, олардың басшыларымен тексерімен жұмысты бағалау, өндірістік жұмыс шешімінде осы бағаларды ескеру жəне еңбек қорғау құралдары жəне шарттары құжаттандыру.
Жұмысшыларды қауіпсіз, тиімді еңбекке дайындауды басқылау ұйымы: үйрету, нұсқау, атқарушы жұмысына жұмысшылардың дайындығын тексеру.
Еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар жəне ережелер талаптарын барлық техника-технологиялық құжаттарға сəйкес бақылау еңбекті қауіпсіз енгізу жəне жасау, еңбекті қорғау бойынша ұйымдық-техникалық құжаттарды енгізу жəне жасау ұйымы.
ҚР заңының 3-статьясында («Табиғи жəне техногенді сипаттың төтенше жағдайлары туралы») белгіленгендей, төтенше жағдайда шаруашылық объектілері, қоршаған орта, тұрғындарды қорғауда табиғи жəне техногендік сипаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады: Ø Болжанған жəне пайда болған ТЖ жəне олардың алдын-алу шаралары туралы ұйымдар мен тұрғындарды хабарлау.
Алдын-ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асыру жəне тұрғындарды қорлау əдістеріне үйрету, азаматтар жəне ұйымдардың қызметінің зияндылығын алдын ала анықтау.
Еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру жəне оның кəсіпорындарыда басқару тəсілдері Көптеген кəсіпорындарыда еңбек қауіпсіздігінің басқаруын тиімді жоғарлату үшін кəсіпорынды автоматтандырылған басқару жүйесіне кіретін (АСУП) арнайы автоматтандырылған еңбек қауіпсіздігін басқару жүйелері қолданысқа ие.
Бұл жүйелер келесі істерді жүзеге асырады: - жинау, өңдеу жəне əртүрлі нысандарда, цехтарда, учаскелерде еңбек қауіпсіздігінің жағдайы туралы шұғыл ақпарат сақтау; - кəсіпорындардың еңбек қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жасалатын əрекеттерді бақылау; - басталу кездегі апаттың тартылуына байланысты əрекет жүргізу; - өндірістік жарақаттану мен апаттылығын анализдеу.
Құжат берілген кезде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру міндетті; себебі забойдың жағдайы күрт өзгеріске ие жəне қосымша шараларды өткізуді талап етеді. Шаралар жұмыс орынның жағдайына байланысты жəне ескерт, үйрету элементтерінен құралу тиіс.
Еңбек қауіпсіздігін басқару үрдісінде төмендегі ақпараттық материалдарды қолданған жөн: - өндірістік апаттар мен жарақаттанудың динамикасы мен сатылары туралы мəліметтер; - жарақаттың кең тараған себептерінің тізімі жəне олардың қатысты қауптілігі мен жарақаттанудың меншікті салмағы; - апаттардың жəне адамдардың қауіпті жағдайлардың объективті, субъективті жəне ұйымдастырушылық, техникалық себептері; - қауіпті жерлер мен зоналардың тізімі жəне ережесі; - өндірістік процесттер мен технологиялық операциялардың салыстырмалы қауіптілігі; - негізгі кəсіптердің қатысты қауіпсіздік туралы мəліметтер; - апта күндері, тəулік жəне сағаттың кезектерінде орындалған қауіпті жағдайлардың жиілігіне қатысты мағлұмат; - апаттардың экономикалық, қоғамдық салдары туралы мəлімет.
Құқықтық жəне ұйымдық сұрақтары ҚР конституциясы мен «Еңбекті қорғау» бойынша Қазақстан Республикасының заң шығарушылық актілері негізінде қалыптасады, ҚР заңдарының ішіндегі негізгілері: - 28.02.04 жыл «Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік» туралы; - 19.05.97 жылы өзгерген ҚР «Денсаулықты қорғау туралы» заңы, 13.01.04 жылы толықтырылған; - 10.12.99 жылғы «ҚР еңбек қорғау туралы»; - 3.04.02 жылғы «Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы»; - 27.03.97 жылы өзгерген «Табиғи жəне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», 21.12.04 жылы толықтырылған, - «ҚР Азаматтық кодексі»; - «Өрт қауіпсіздігі туралы».
Сонымен қатар «Еңбекті қорғаудың» құқықтық негіздерін, заңдық актілер сияқты əртүрлі юристік күші бар актілерден тұрады: - ҚР Президентінің бұйрығы; ҚР Басқармасының бұйрығы; сот шешімдері жəне абстрактілі сот шешімі, министрліктер мен ведомствалық бекітулер, өзінің компентенциясында шегіндегі орындаушы органдармен орындалған нормативті актілері.
Еңбекті қорғау бойынша осы актілер, негізгі нормативті – құқықтық актілерге жататындары: - МЕСТ-тер - «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары» (ЕҚСЖС); - мемлекеттік санитарлы – эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар (санитарлы ережелер, гигеналық нормативтер, санитарлы ержелер мен нормалар, СанЕмН, санитарлы нормалар); - құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмЕ), құрылыс жəне жобалау бойынша ережелер жиыны; - еңбекті қорғау бойынша сала аралық ережелер, «Еңбекті қорғау» бойынша сала аралық типтік нұсқаулама; - «Еңбекті қорғау» бойынша салалық ережелер, «Еңбекті қорғау» бойынша типтік нұсқаулама; - қауіпсіздік ережесі, қондырғыларды қауіпсіздігін шеттету ережесі, қауіпсіздік бойынша нұсқаулама.
Сала аралық ережелер, СНмЕ-лер жəне СанЕмН əрбір 5 жылда жаңартылып отырады, ал сонымен бірге ведомствалық нұсқаулар мен ережелер -3 жылда жаңартылып отырады.
Заңдық актілер Маңызды құқықтық құжаттар, ол 4.07.2001 жылы өзгерген,3.03.2001 жылғы ҚР Басқарушылары бекіткен «еңбек əрекетімен байланысты, жұмысшылардың денсаулығының зақымдалуы мен сəтсіз жағдайларды ескеру мен зерттеу ережелері». Ережелер ұйымдардағы кез –келген жеке меншіктіктің формасы мен сəтсіз жағдайларды есептеу жəне зерттеу тəртібін бекітеді, сонымен бірге жеке меншік иелерінде.
Онда сəтсіз жағдайлармен байланысты қабылданған, өндірістегі сəтсіз оқиғалардызерттеу туралы алғашқы кезекті шаралар жазу түрі жəне актінің формасы аталып көрсетілген. Ережелерде өндірістік жарақат ретінде көрсетілген жағдайлар топталынған: 1) жұмыс орны тəртібінде, өндіріс құралдары, жеке қорғаныс құралдарын дайындау мен жүргізу кезінде, жұмыс уақытының аяқталуы бойынша немесе басталар алдында.
2) жұмыс ұйымдастырушы немесе жұмыс берушінің тапсырмасымен байланысты, өзінің міндетін немесе жұмысын орындаумен болған орнында немесе іс сапар уақытында жəне жұмыс орнында, жұмыс уақыты аралығында; 3) өндірістік зиянды жəне қауіпті əсерлердің нəтижесінже; 4) жұмыс уақытында, жұмысшы зерттеуінің жолы бойынша, жұмыс орнында қызмет ету объектілері арасындағы жылжумен байланысты əрекеттерді, жұмыс берішінің тапсырмасын орындауы бойынша əрекеттерді, жұмыс берушінің тапсырмасын орындауы бойынша; 5) жұмыс берушінің көлігінде; 6) қызметтік жол жүруі үшін пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазба түріндегі келісімі бар болған кездег, жеке көлікте; 7) жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, өзінің жəне басқа ұйымның территориясына келген кезеңінде, сонымен бірге жұмыс берушінің жеке меншігін қорғау кезінде; 8) жұмыс орны бойынша немесе іс сапары кезінде жұмысшының қызметтік міндетін орындауы кезінде, оны қасақана өлтіру жəне оны жарақаттауы.
Өндіріспен байланысты əрбір нақты жағдайды тексеріп комиссия анықтайды. Егер жұмысшыға, жұмыс берушінің қатесінен сəтсіз жағдайдың нəтижесінде денсаулығына зиян келсе, онда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері қарастырылған жағдайлар мен тəртіпте, егер жұмысшыға сақтандыру салымы төленбейтін болса, жұмыс берушіні жазалайды.
ҚР 17.03.93 жылы өзгеріп, қосымша 28.06.2002 жылы толықтырылған Министрлер кабинетінің бұйрығымен бекітілген «Еңбек қызметін орындаумен байланысты жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығының зақымдалуы мен жеке меншігінің барлық шығынын есептеудің ұйымдық ережесіне» сəйкес зиян келтіру мөлшері 12 айда, орташа еңбек ақысы негізінде есептелінеді.
Егер жарақат алған жұмысшы, тұрғындарды əлеуметтік қорғау аймағындағы орталық орындаушы органдардың территориялы бөлімшесінде көмек түрлерін (емдеу, қосымша тамақтану, дəрі –дəрмек алу, медициналық тексеруден өту, санитарлы-курорттық емдеу, зиян шегушінің емделу орнына барып – қайтуына төлем ақысын қоса алғанда), алмаса, ұйым жарақат алған жұмысшыға еңбек ақысына қосымша жəрдем ақы береді жəне қосымша шығынды төлейді.
Арнайы медициналық жəне тұрмыстық күтім қажет, зиян шегушіге, шығынды əрбір күтім түріне байланысты бірден кем емес есептік айлық көрсеткішінен бөліп отырады.
Ұйым зиян шеккен жұмысшыға жəне оның отбасы мүшелеріне жəне зардап шеккен жұмысшыныңы қаза болуына байланысты шығынын төлеуге, тұрғын ауданның төлемі бойынша жеңілдіктер жасауға, балалар мекемелеріндегі балалардың шығынын төлеуге, жалпы көлік түрлеріндегі жол ақысын төлеуге жəне басқа да көмек түрлерін көрсетуге міндетті.
15.01.98 жылы ҚР Министрлігініңеңбек пен əлеуметтік қорғанысты енгізу бұйрығымен «Еңбек жағдайы бойынша ұйымның өндірістік объектілерін аттестациядан өткізу туралы жағдаймен» сəйкес, объектіні аттестацидан өткізу мерзімі (3 жылда 1 реттен көп емес) жəне кезектен тыс қайтадан аттестациядан өткізу, сонымен бірге комиссия мен оның құрамын аттестациядан өткізу жəне ұымдарды регламенттеу. Еңбек шарты мен объектінің жарақат қауіптілігіне бағаны комиссия береді.
Қауіптілік пен еңбекті қорғау мен бақылаудағы Мемлекеттік басқару мен негізгі жағдайлар Берілген жағдай ҚР «Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы» заңымен регламенттеледі. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік облысындағы, бақылау, болжау, мемлекеттік басқару, ҚР Басқару орындарымен, басқарушы органдармен жəне оның территориясындағы бөлімшелерімен, сонымен бірге бұрынғы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Осы заңда «Еңбекті қорғау» аймағындағы құқықтары ұсынылған.
50 адамнан көп жұмысшысы бар, барлық ұйымдарда, жұмыс беруші еңбек пен қауіпсіздік қызметін құруға міндетті жəне ол өзінің статусы бойынша, негізгі өндірістік қызметтермен теңестіріледі. 50 адамға дейінгі жұмысшы бар ұйымдарда, «Еңбекті қорғау» бойынша міндеттері, жұмыс берушінің бұйрығы бойынша мамандыққа біріктіріліп басқарылады.
Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша заң шығарушылықты сақтауды бақылау мен қадағалау түрлері келесідей бөлінеді: - мемлекеттік; - ведомствалық; - ұйымдық_______.
Мемлекеттік бақылау, арнайы мемлекеттік органдардың басқаруымен жүзеге асырылады (ҚР ТЖ Министрлігі, ҚР əлеуметтік қорғанысы мен еңбек Министрлігі; Мемлекеттік энергияны бақылау; Мемтаутех бақылау, Мем жол бақылау).
Министрліктер мен ведомствалар, мекемедегі алынған еңбек туралы заң шығарушылықты ведомствалық бақылаумен жүзеге асырылады.
Еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің жағдайын ұйымдық бақылауды («Еңбек қорғау» бойынша мекеменің басинженері) жұмысшыларп ұйымдарының 17 басқарушылары жəне оларға сəйкес органдар түріндегі профсоюздар жүзеге асырады.
Қауіпсіз еңбек шартын құруға бағытталған, шараларды орындамаған жəне техника қауіпсіздігі ережелерін бұзған кезде, ол сəтсəз оқиғаларға ұшырауы мүмкін, сол себептен қауіпсіздік дəрежесіне байланысты заңды бұзуына байланысты заңмен қудаланады. Еңбекті қорғау бойынша заңды бұзуына байланысты, жауапкершіліктің келесі түрлері қарастырылады: 1) Дициплинарлы 2) Административті 3) Материалды 4) Қылмыстық.
Дисципнарлы жауапкершілікте, ұсыныс айту туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. Еңбекті қоғау бойынша заңды бұзғанда дисциплинарлы ұсыныстары, ол ескерту сөгіс, қатаң сөгіс жəне жұмыстан шығару. Жауапты объектілер, бағыныштылар мен жалдамалы жұмыскерлер.
Дисциплинарлы жауапкершіліктен административтінің артықшылығы, ҚР административтік заң шығарушылық кодексімен сəйкес, мұнда басшылар жауапты адамдар жəне басқада жауапты жұмысшылар түгелдей қатысты.
Ұсыныс айту туралы шешімдер, ол əртүрлі мөлшердегі айып төлеуді, Мембақылау органдарының басшылары мен инспекторлары тағайындайды.
Материалды жауапкершілік еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан мемлекетке жəне зардап шегушіге материалдық шығын келтірген жағдайда пайда болады.
Бақылау сұрақтары: 1. Еңбекті қорғау пəні. Еңбекті қорғау құрамы.
2. Еңбекті қорғаудың “Еңбекті қорғау заңдылығы” мен “Еңбек туралы заңындағы” сұрақтары.
3. Өндіріс салаларындағы еңбек қорғауды басқару жүйелері. ЕҚБ-ның негізгі жағдайлары.
4. Қауіпсіздік техникасы.
5. Қандай аспектілер “Еңбекті қорғау ” жүйесінің маңызды элементі болып табылады?
6. Еңбекті қорғаудың маңызды бөлігі не болып табылады?
7. Өнеркəсіптегі еңбек қорғауды басқарудың функциялары мен мақсаты?
8. Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мен оны өнеркəсіпте басқарудың тəсілдері?__
2-Дәріс. Мақсаты: Студенттерге еңбек заңнамаларының негіздері туралы түсін беру.
ҚР Еңбекті қорғауға байланысты еңбек заңнамасының негіздері.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы еңбек және тікелей онымен байланысты қатынастарды реттейді. Еңбек құқығы қатынастары – бұл қызметкер мен жұмыс берушiнiң ара- сындағы еңбек шарты негізінде пайда болатын және одан туын- дайтын, онымен тығыз байланысты заңдық қатынастар, бұдан әрі оларға осы Анықтамалықта қаралып, түсінік беріледі. Халықаралық практикаға сәйкес еңбек құқығы қатынастарының қатысушылары басым көпшілігінде «жұмыс беруші» мен «қызмет- кер» («қызметкерлер») деген жалпы терминдермен аталады. Еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті 2007 жылы 15 мамырда қабылданған және өзінде 341 бапты құрай- тын 6 бөлімнен тұратын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – ЕК, Кодекс, Еңбек кодексі) болып табылады. Қызметкердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің жалпы қағи- далары Еңбек кодексінің 4-бабында бекітілген. Қағидалар – бұл, латын тілінен аударғанда, нормативтік-басқарушылық сипатқа ие, құқықтық реттеудің барлық саласында қолданылатын және бар- лық қатысушыларға таралатын негізгі бастаулар. Еңбек құқығын- да еңбек заңнамасының қағидалары, жоғарыда көрсетілгендей, Кодекстің өзінде бекітілген. Еңбек заңнамасы қағидаларының әрбірі одан әрі Еңбек ко- дексінің және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілердің нормаларында егжей-тегжейлі бекітілген.
Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң актiлерінде, келiсiмде реттеледi.
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжым- дық, еңбек шарттарының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызмет- керлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жарамсыз деп та- нылады және қолданылмауға тиiс. Келiсiмдердiң, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары бiр- жақты тәртiппен өзгертiлмейдi. (ЕК-нің 10-бабы)
Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңна- масымен, ұжымдық шартпен, келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын не белгіленген рәсiмдер сақталмай шығарылған актiлерi жарамсыз болып та- былады және қолданылмауға тиiс.
Еңбек қатынастарын реттеуде күнтiзбелiк күнмен есепте- летiн, уақыт кезеңiнiң аяқталуымен не міндетті түрде басталуға тиiс белгілі оқиғаны көрсетумен есептелетін мерзім маңызды мәнге ие.
Мерзiм күнтiзбелiк күннен басқа жылдармен, айлармен, ап- талармен немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiнiң аяқта- луымен айқындалады. Мысалы, «сәби үш жасқа толғанға дейін». Мерзiм басталуға тиiс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкiн. Мысалы, қызметкер объектісінің құрылысы уақытына жұмысқа қа- былданған. Құрылыстың аяқталуы мұнда басталуы тиіс оқиға бо- лады. Кодексте көзделген жағдайларда мерзiм күнтізбелік күндермен емес, жұмыс күндерiмен есептеледi. Уақыт кезеңiмен айқындалатын мерзiмнiң ағымы оқиғаның басталуы белгiленген күнтiзбелiк күннен кейiнгi күнi басталады. Мысалы, ЕК-нің 172-бабы жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жүгiну үшiн мынадай мерзiмдерді белгiлейді: 1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – еңбек шартын бұзу туралы бұйрық көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап үш ай. Бұл үш ай мерзім бұйрықтың көшірмесін табыс еткеннен кейінгі ке- лесі күннен бастап өтетіндігін білдіреді. 2) басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс берушi өз құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi күннен бастап бiр жыл.
Мысалы, сәбиін 3 жасқа толғанға дейін күтіп-бағуы бойынша демалыстан жұмысқа келген әйел екі жыл бұрын өзінің келісімісіз төмен лауазымға ауыстырылғандығын білді. Заңмен өз құқығын қорғауға берілетін бір жыл мерзім оны заңсыз ауыстыру туралы бұйрықтың шыққан күннен бастап емес, оның бұл туралы нақты білген күннен бастап өтетін болады.
3-Дәріс. Мақсаты: Үлкен өндірістік орындарда еңбекті қорғау жағдайларын ұйымдастыру жолдарын білу.
Достарыңызбен бөлісу: |