Кәсіпорындағы жұмысшылардың салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жазатайым жағдайларды және кәсіби ауруларды ескертуді ұйымдастыру жұмыстары еңбекті қорғау қызметіне жүктеледі.
Еңбекті қорғау қызметі келесі функцияларды орындайды:
– өндірістік жарақаттың және кәсіби сырқаттардың себептері мен жағдайларына талдау жасау, кәсіпорындағы жазатайым жағдайларды ескерту шараларын жобалайды және олардың орындалуын бақылайды;
– кәсіпорындарда жұмыс орындардағы санитарлы-техникалық жағдайды тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
– еңбекті қорғау шараларын орындау үшін қажетті арнаулы киімдерді, арнаулы құрылғыларды және т.б. жеке қорғаныс құралдарды алуға сұранымдардың дұрыс жасалуын бақылау;
– кіріспе нұсқау өткізуді және жұмысшыларды еңбекті қорғау сұрақтары бойыенша ГОСТ 12.0.004-93 сәйкес оқытуды ұйымдастыруды жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |