Ауадағы улы газды сезім мүшелері арқылы анықтау (иісінен, түсінен)
Сезім мүшелері арқылы (тыныс, көру мүшелері) бензин, бензол, аммиак, күкіртті сутегі, көмір қышқыл газдарын, күкіртті газдарды, т.с.с. газдарды анықтауға болады.
Улы газдарды анықтаудың ең жай және жалпыға бірдей белгілі әдістер- ол сол газдардың иісін сезу арқылы. Адамның иіс сезімі ауада улы иіс бар заттарды, олар тіпті ауада аз мөлшерде болса да сезе алады. Мысалы, тұрмыс қажетіне жиі пайдаланылатын (отын ретінде) пропан, метан газы немесе көмір қышқылды сутегі газы (пропан, бутан) айтарлықтай иісі сезілмейді, сондықтан да бұл газдардың кездейсоқ жағдаймен ауада пайда болса адам сезбей де қалуы мүмкін. Сондықтан, адамдар бұл газбен тұрмыс жағдайында өте қатты уланып, тіпті қайғылы жағдайға ұшырауы да мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, ол газдарға қолдан, алдын ала, өте күшті иіс шығаратын газды заттар қосады. Бұл заттарды одарант (латыншадан аударғанда - иіс ) деп атайды. Бұл одаранттандыру газдардың адамға зиянды әсерінде немесе негізгі пайдаланылатын газдардың қасиеттеріне ететін әсері жоқтың қасы. Ең негізгісі бұл одаранттар улы газдардың ауадағы концентрациясы адамды уландыратын мөлшерге жетпей жатып-ақ адамның иіс сезу мүшелеріне әсер етіп, ерте бастан сақтандырады, иіс білдіреді, осы иісті сезісімен адамдар ауада улы газдың пайда бола бастағанын сезініп, тиісті шара қолданады.
Одаранттардың қандай қасиеттері болуы міндетті: Олар мынадай қасиеттер:
Тиісті мөлшерде және тез әсер ететін иістік қасиеттері болуы керек және ол иіс үйдегі, тұрмыстағы кездесетін басқа иістерден өзгеше болуы кажет.
Адамға әсер ететін иісі сезілгендегі одаранттың концентрациясы адам организміне залалсыз болуы тиіс.
Одаранттар қажетті газдармен қосылысқанда олар металл құбырларға, газжүретін басқа да жүйелерге, құрал- жабдықтарға (газ плиталарына) зиянды әсер етпеуі тиіс.
Одаранттар қосылған газдың құрамына еш әсер етпей, пайдаланудан кейін, олар тез арада ауаға тарап жоқ болуы тиіс.
Одаранттар суда немесе газ құбырларын жалғастырғанда пайдаланылатын немесе басқа құрылымдарда (смола, деготь, бензин және т.б.) ерімейтін болуы тиіс.
Қазіргі уақытта жоғарыдағыдай қасиеттері бар одаранттар мыналар:
Этилмеркаптан (С2 Н5 РН). Бұл одарант көмір және сутекті табиғи сұйықтандырылған газдарға араластыруда пайдаланылады. Иісі өте жағымсыз, сасық иісті, тез газға айналатын, ұшқыш, сұйық зат. Қолдану мөлшері-бір м3 газға 16 мг қосылады.
Архангельскінің орман шаруашылығы институты ұсынған сульфан деп аталатын одаранты-күкірт қосындыларынан тұрады. Сульфан түсі сарғылт, мөлдір, өте күшті жағымсыз иісі бар, сұйық зат. Сульфан ауада қалдықсыз тез тарап кетеді, сумен араластырғанда ерімейді. Газды одаранттағанда керекті мөлшері жоғарыдағыдай бір м3 газға 16-20 мг шамасында.
Бүкілодақтық отын өңдеу және пайдалану ғылыми-зерттеу институты да сланцодарант деген сұйықты: жеңіл газға айналатын, сарғылт түсті сұйықтықты ұсынды. Оның да пайдалану жолдары жоғарыдағыдай.
Достарыңызбен бөлісу: |