Бақылау сұрақтар: Ауадағы улы газдарды анықтаудың қандай жолдары бар?
Индикациялық жолмен анықтаудың негізгі принципі неде?
Сызықтық-колористикалық әдістің негізі қандай?
УГ-2 құралының құрылымы мен жұмыс істеу принципі
Ауадағы улы газды сезім мүшелерімен анықтаудың жолдары, оның негізі неде жатыр?
Өндірісте қолданылатын газды одаранттайтын қандай одаранттың түрлерін білесің, олар қалай пайдаланылады?
№3 Зертханалық жұмыс
Электрмен жарықтандырудың түрлері.
Оқу шеберханаларының, зертханалардың, кабинеттердің
жарықпен қамтамасыз етілуін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Табиғи және жасанды жарық кезіндегі оқу ғимараттарының жарықпен қамтамасыз етілуін анықтайтын приборлар мен әдістерді оқу.
Приборлар мен бұйымдар: Ю-116 (Ю-117) типті объективті люксметр, екі хронометр немесе секундтық стрелкасы бар сағат, үлкен шамдардың орналасуы көрсетілген оқу ғимаратының жоспары.