Əдебиет: 1нег[596-665], 2нег[22-41].
Бақылау сұрақтары:
1. Интернет технологиясында соңғы миля нені білдіреді?
2. Модем функциясы қандай?
3. ASCII-кодировкасы?
4. Модем жылдамдықтары қандай?
Дəріс 4. Интернет жүйесіне қатынасу технологиялары. DSL, ISDN
технологиялары.
DSL-технологиялары
20
Қарапайым телефон тек төменгі жиіліктегі желілерді қолданады. Егер
”телефонды” жіңішке жолының орнына кеңірек жолды қолданса, телефон
сымы едəуір көп ақпарат жібере алады. Өткізу жолы немесе өткізу жолының
ені - өткізу каналы жиіліктерінің диапазонындағы ең жоғары жиілік пен ең
төменгі жиіліктің арасындағы айырымы. Телефон желісі арқылы сигналды
жіберудің аналогты түрі 300 Гц-тен 3,4 кГц-ке дейінгі диапазонды алады.
Цифрлы сигнал үлкендеу диапазонды талап етеді. Жіберу жылдамдығы өскен
сайын, жиіліктер диапазоны да өсу керек. Сондықтан, «өткізу жолы»
терминімен компьютер желісімен мəліметтерді жіберу жылдамдығының
жоғары шекарасы белгілеаптаі. «Кеңжолды қатынас» термині арна ақпарат
жіберу үшін кеңейтілген жиіліктер жолын береді дегенді білдіреді. Ақпаратты
жіберудің жоғары жылдамдығы кең жолды пайдаланған кезде бірнеше сигал
бір арнаның бойымен, бірақ əртүрлі жиіліктерде параллельді жіберілу
мүмкіндігіне байланысты. Өйткені, уақыт бірлігінде ақпараттың мол көлемі
жіберіледі. Арнаны
бірнеше
бөлікке
бөліп, сигналдарды
жіберу
мультиплексорлау деп аталады.
«Таржолды
қатынас»
терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна түсіндіріледі. Кейде «кеңжолды
емес қатынас» термині кездеседі. Ол арнамен мəліметтерді жіберу жылдамдығы
64 Кбит/с-тан кем екендігін білдіреді.
Телефон желісін цифрлы мəліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу үшін
қолдануға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL аббревиатурасы
- «Digital Subscriber Line». Бұл технология телефонмен сөйлесуге кедергі
жасамай, мəліметтерді жіберуге жоғары жиіліктерді қолдануға мүмкіндік
жасайды.
DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу жəне
телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда, DSL-қосылу
жылдамдығы едəуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар жүргізу керек емес,
өйткені телефон желісінің құрылғылары пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL)
Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны Желіден
пайдаланушыға өтеді. Желіге ақпараттың едəуір аз көлемі жіберіледі. Мысалы,
сіз Web-беттерді қараған кезде, кішігірім запрос жібересіз, ал желіден мəтін
ғана емес, сонымен қатар суреттерді де қабылдайсыз. Яғни, ақпарат алмасу
ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу үшін ассиметриялы арна
керек.
ADSL (Asymmetrical Digital Subscriber Line) немесе ассиметриялы DSL
пайдаланушыға мəліметтерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік
береді, сондай-ақ пайдаланушыдан Желіге келген сигнал Желіден
пайдаланушыға келген сигналға қарағанда төменгі жиіліктерде жіберіледі.
Ең жаңа технологияларды пайдалануға байланысты ADSL бойынша
ақпаратты жіберу жылдамдығы басқа қатынас түрлерімен салыстырғанда өте
жоғары: 8 Мбит/с абонентке бағытталғанда, 1 Мбит/с абоненттен желіге
бағытталғанда. Жоғары жылдамдық Web-сайттармен, мультимедиа-ақпаратпен
ыңғайлы жұмыс істеуге, үлкен файлдарды жылдам тасымалдауға жəне
интерактивті қосымшаларды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды. ADSL
21
артықшылығы болып орнатылуының жеңілдігі табылады: пайдаланушы мен
телефон компаниясын бірімен-бірін қосатын бұрыннан бар телефон кабелінің
сымдары қолданылады. ADSL Интернетке үнемі қатынасты қамтамасыз
еткеннің өзінде ADSL пайдаланушылары өткізу жолын басқа абоненттермен
бөліспейді. Бірақ ADSL кемшіліктері де бар, ең алдыңғысы – алыстықтың
шектелуі. ADSL-технологиясын қолданған кезде кері бағытта ақпаратты жіберу
жылдамдығы ара қашықтыққа байланысты болады. Егер абонентке бағытталған
ақпаратты 3 км қашықтықта 8 Мбит/с жылдамдықпен алуға болса, 5 км
қашықтықта – тек 1,5 Мбит/с.
Пайдаланушы ДК-і ADSL-модемге қосылады. ADSL-модемі жұмысының
принципі 24 кГц-тен 1100 кГц-ке дейінгі жиіліктер диапазоны əрқайсысына
виртуалды модем бекітілетін 4000-герцтік жолдарға бөлінетіндігіне
негізделген. Соған байланысты виртуалды модемдердің əрқайсысы өз жиідіктер
диапазонымен жұмыс істейді.
ADSL-модемі жиілікті айырымға қосылады. Жиілікті айырым (немесе
сплиттер) кəдімгі телефон байланысының төменгіжиілікті сигналы мен
жоғарыжиілікті ADSL-сигналын айыратын төменгі жиіліктердің фильтрі болып
табылады.Жиілікті айырым үш ұяшыққа ие блок түрінде жұмыс істейді: біреуі -
ADSL-модем қосылуы үшін, екіншісі – телефон құрылғылары қосылуы үшін,
үшіншісі – ADSL желісінің қосылуы үшін. Жиілікті айырым бір желіге
телефонды да, компьютерді де қосуға мүмкінік береді. Телефон
станциясындағы дəл сондай жиілікті айырым абоненттік сымның басқа
жағында жоғары жəне төменгіжиілікті сигналдарды бөледі.
Дыбысты сигнал телефонды желіге, ал цифрлы сигнал DSLAM (Digital
Subscriber Line Access Multiplexer) қатынас мультиплексоріне бағытталады.
Бұдан провайдер желісі арқылы Интернетке өтеді.
Қатынас
мультиплексоры
– барлық DSL-абоненттерін
бір
жоғарыжылдамдықты желіге қосатын, телефон компаниясының ғимаратында
орнатылған механизм.
ADSL – экономды технология. Қарапайым жағдайда аналогты өткізу
қабілеті бар бөлінген арнаға қарағанда, желі пайдаланушығ арзан түседі.
ISDN-технологиясы.
Бөлінген телефонды желі – екі абонентті үнемі қосатын телефонды
байланыс желісі. Бөлінген желінің едəуір таралған технологиясы болып ISDN
(Integrated Services Digital Network) табылады. ISDN – ақпаратты жіберудің
цифрлы түрінің стандарты. ISDN-желісінің негізгі компоненті - 64 Кбит/с
өткізу қабілеттілігі бар бірбағытталған bearer-арнасы немесе В-арна. Бұл
арнамен цифрлы ақпарат жіберіле алады. Өткізу жолын кеңейту үшін В-
арналар екі-екіден топтасады да, арналар тобына ақпарат алмасуды басқаратын
D-арнасы (16 Кбит/с) қосылады. Ақпарат алмасу кəдімгі мыс сымның
көмегімен атқарылады. Модемнің орнына ISDN-адаптерді орнатқан
пайдаланушылар 128 Кбит/с дейін баратын жылдамдықтағы Интернетке қол
жеткізе алады.
ISDN-адаптерлерін кейде ISDN-модемдері деп атайды. Бұл терминді
дұрыс деуге болмайды, өйткені ISDN-адаптерлер модуляция жəне демодуляция
22
функцияларын атқармайды, ISDN-желісі алдынан-ақ цифрлы болып табылған.
ISDN-арнасын телефон компаниясы береді. ISDN-желісімен телефонмен
сөйлесу жəне сол уақытта Интернетке ақпарт жіберуге болады.
Төменде əртүрлі технологиялар бойынша Интернетке қатынасудың
максималды жылдамдықтары келтірілген.
Қатынасу технологиясы
Максималды жылдамдық
Коммутируемая телефонная линия 56 Кбит/с
ISDN
128 Кбит/с
Кабельді телевидение
36 Мбит/с
ADSL 2
1 Мбит/с (запрос), 10 Мбит/с (ответ)
2,4 ГГц диапзонындағы радиоарна
До 54 Мбит/с
Серікті қатынас
Жүйеге байланысты бірнеше Мбит/с
Т1
1,544 Мбит/с
ТЗ
44,74 Мбит/с
GSM-data
9,6 Кбит/с
GPRS
160 Кбит/с (теоретикалық максимум)
UMTS
2,048 Мбит/с
Əдебиет: 1нег[596-665], 2нег[22-41].
Бақылау сұрақтары:
1. DSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі аптае?
2. ISDN– технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі аптае?
3. ADSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі аптае?
4. ISDN жəне DSL технологияларын қолдану үшін қандай құрылғы қажет?
Дəріс 5. Интернеттегі web серверлер. Web – сервер жұмысының
механизмі. Статистикалық жəне динамикалық беттер. CGI технологиясы.
Скриптер.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер
пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мəлімет жəне сервер атын алады.
Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгіаптаі.
Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен байланыс
орнатады жəне HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді ресурсты
сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін жібереді. Браузер
HTML- тэгтерін оқу нəтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет
ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нəтижесін көраласыз. Əдетте қарапайым
Web беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни əр түрлі
типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер
қандай файлды (HTLM форматындағы текст немесе JPG форматындағы
графика жəне т.б) жіберу керек жөнінде мəлемет береді содан соң файл
мазмұны жіберіледі. Əдетте, Web беттер көптеген файлдардан түрғанына
қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір файлды
жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып,
браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана
жіберу міндетті емес). Əрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа
23
HTTP сұранысын жіберу керек. Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп
потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс
орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса
онда Web сервер мұнандай мəлімет береді 404/File not found ( файл табылмады).
Статистикалық жəне динамикалық беттер.
Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың
нақ копиясы болып табылады жəне өңдеуші өзі онда бір нəрсені
ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен
беттер динамикалық
түрде
қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада
сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының бірнеше
əдістері бар.
Тікелей Web серверде сұранысқа сəйкес қалыптастыру.
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру
үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар «кəдімгі» болады,
ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда
бетті сервердің өзі құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі
бағдарлама). Беттердің динамикалық қалыптастыратын командасы болатын
программа мəтіні скрип деп аталады.
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.
Бұл жағдайда программа мəтіні динамикалық web- парағын
қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі,
бұнда браузер web- парағын алу жəне өңдеу үшін оған сəкес заттар шақыру
керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше технологиялар бар.
CGI- технологиясы.
Біздің сұранысымызға сəйкес дайындалған динамикалық беттер «жылдам
қалыптасты». Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы
көрсетеді бұнда сіз өз мəтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда
жаңа хабарлама тұрады. Web- парағына динамикалық мазмұнды қосуға
мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman Gateway Interface)
болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен статистикалық документі емес
программаны түсінуге мүмкіндік жасайды нəтижесінде нақты уақытта
мəліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз белгілі бір районда ауа райынын
дер кезіндегі мəліметінін бергіңіз келсе онда сіз əр бір ретте жаңа бетті
құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы
өлшеуіш құралына айналып температура,қысым жəне т.б мəліметтер береді. Əр
кезде осы адрестен мəлімет алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы
мəліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мəлімет
алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының нəтижесін ізделінді
адрестер жыйынтығы түрінде аласыз.
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде
қарастыруға болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді
ол оларды өңдеп жұмыс нəтижесін тұтынушы экранына қайтарып береді.
Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па немесе CGI программа ма
еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары жұмысының нəтижесі
24
статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI терминін тек қана
программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл жағдайда CGI Web
сервер үшін стандартты тəсіл болып табылады– тұтынушы сұранысын
бағдарламаға беру жəне одан мəлімет алу. Сервер мен оның қосымшасының
арасындағы бір біріне мəлімет жіберу жөніндегі CGI протоколы HTTP
протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI программасының үлкен бөлігі
CGI скрипталары болып табылады. Скрип дегеніміз интерпритацияланатын
немесе басқа программаларымен жұмыс жасайтын ережелер жинағы. Perl,
JavaScript тілдері тура осы скрипталық тілдер түрінде ойлап табылған. Олар
сценариилер жазу тілдері деп те аталады. Негізінен CGI программасы
скрипталық тілде жəне де компилирлық тілде жазылуы мүмкін. C,C++,Delphi.
CGI альтернативті техналогиясы Micrоsoft компаниясының технологиясы
болып табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP) ол да сол
принциппен құрылған: web- серверге қосылған скрипт, парақ тұтынушыға
жіберуден бұрын серверде орындалады. Осы принциппен орындалатын басқа
да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны сервер жағындағы
қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық мазмұны тұтынушы жағында
көріаптаі. Соңғы жағдайда активті құжаттар web серверде жəне локольдік
компьютерде сақталады. Онда белгілі бір есептеулер орындалады жіне осы
есептеулер нəтижесі экранда көрсетіледі. Активті құжаттарды дайындауда
түрлі технологиялар пайдаланады: бұл мəліметтер JavaScript те Java
апплеттерде жазылған қосымша болуы мүмкін жəне басқару элементі ActiveX
болады.
Əдебиет: 2нег[110-126], 6нег[15-32], 3қос. [128-184].
Бақылау сұрақтары:
1.
Web-сервер жұмысының механизімі қандай?
2.
Ститистикалық жəне динамикалық беттердің айырмашылығы?
3.
CGI,ASP серверлерінің технологияларының айырмашылығы?
4.
«Скрипт программа» ұғымы нені білдіреді?
Дəріс 6. Web-ресурстарды алу технологиясы. Web-парақтарды
кэштау. Прокси-сервер механизімінің жұмысы.
Web-парақтарды кэштеу.
Егер сервер үлкен жойылуда болса, Интернетке шығу жылдамдығы төмен
болса немесе қайта қосылу режимінде жұмыс істесе, көбнесе ақпарат
кешіктіріліп беріледі. Бұл кезде қосылуды жылдамдату сұрағы туындайды. Осы
сұрақты шешудің бір жолы, мəліметтерді жойылған серверлерден бірнеше рет
алуға болмауында. Web навигациясы кезінде көбінесе кітаптағындай «парақты
артқа парақтау» сияқты, яғни параққа қайта қосылу қажеттілігі туындайды.
Браузерде Артқа пернесін басып, алдында көріп өткен параққа қайта
оралғанда, оны серверден қайта алудың мағынасы жоқ екені анық. Сондықтан
көріп өткен құжатты компьютердің дискінің арнайы буферлік аймағында
(кэште) сақтаса, қолданушы ссылкамен қайта оралғысы келген жағдайда тез
ашып көруге мүмкіндігі болады. Қазіргі заманға сай браузерлер дəл осылай
істейді. Мəселен сіз парақтарды 1-2-3 кезегімен қарап, 3-ші парақ 4-ге
25
ссылкасы бар деп ойлайық. Осы жағдайда 3-ші парақтан 4-ге өтумен (Жүйеден
жүктеу) салыстырғанда 2-ге өту тез (кэштан жүктеу) орындалады.
Қазіргі заманға сай браузерлерде (Internet Explorer жəне Netscape
Navigator) кэштелген құжаттарды сақтау үшін папканың көлемін өзгерту
мүмкіндігі бар.
Прокси-сервер
Кэштеу технологиясында өзінің шектеулері бар. Мысалы, сіз жəне сіздің
əріптесіңіз Интернетке бір провайдер арқылы қосылған болсаңыз. Бір кезде сіз,
алдында сіздің əріптесіңіз алған құжатты сол провайдердің каналынан
сұрайсыз. Жүйеден қайта-қайта бір құжатты сұрау дұрыс емес. Мəліметтерді
сервер провайдер деңгейінде кэштау дұрыс.
Бұл мəселені шешу провайдерлер прокси-серверге (ағылшынның proxy-
орынбасар деген сөзінен) жүктейді. Прокси-сервер – бұл қауіпсіздікті,
əкімшілік бақылауды жəне кэштау функцияларын жоғарылатуға мүмкіндік
беретін, қолданушының жұмыс станциясы мен Интернет арасындағы
поӨЖедник ролін атқаратын сервер.
Прокси-сервер қолданушыдан қандай да бір интернет-сервисті орындауға
сұраныс алады, мысалы, web-парақты көріп өтуге сұраныс. Егер прокси кэштау
функциясын орындаса, ол сервердің локалді кэшінда сұрап отырған парақтың
жоқтығын қарайды. Егер бұл парақ бар болса, ол қолданушыға сұраныс
Интернетке берілмей қайтарылады. Ал, егер кэшта бұл парақ болмаса, прокси-
сервер клиент ролінде қолданушының атынан, өзінің IP-адресін қолданып,
Интернеттен керек параққа сұраныс жібереді. Парақ қайта оралғанда, прокси-
сервер оны қолданушыға жібереді. Прокси-сервердің кэштау функциясы
Интернетпен жұмысты едəуір жылдамдата алады жене жүйелік трафиктің
көлемін азайта алады. Web-парақтарды кэштеу Жүйенің жұмысын
жақсартудың бір жолы болып табылады, себебі ол web-түйіннің уақытты
бұзылыстарын компенсирует.
Əдетте, прокси-сервер программасы жұмыс істейтін компьютерде едəуір
дисктік аула бөліаптаі. Үлкен провайдерлар құжаттарды кэштеуге ондаған жəне
жүздеген гигабайт память бөле алады.
Осылайша, үнемі ізделіп отыратын құжат тек құжатты шығарушының
серверінде ғана сақталып қоймай, сонымен қатар «қолданушыға жақынырақ»,
провайдер прокси-серверінде немесе қолданушының өз компьютерінде сақтала
алатындықтан, іздеген құжаттарды тез көре алу мүмкіндігі бар.
Біз мыңдаған клиенттері бар провайдерлар жөнінде айтқана, жүйедегі
құжаттардың белгілі бір бөлігін ғана сұрайтынын айтып өткен жөн. Мыңдаған
клиенттермен жұмыс істейтін үлкен ISP-дің прокси-сервері, сұраныстардың
50%-ға жуығын өз дискінен орындайды. Əдетте ISP сервері регионның басқа
интернет провайдерлардың серверлерімен байланысты. Сондықтан, егер
клиентті қызықтырып отырған құжат провайдердің прокси-сервер кэшінде
табылмаса, ол басқа прокси-серверлерде табылуы мүмкін. Осылайша, кэш-
ауласындағы қолданушылардың көлемі көп есе көбейеді. Кэштейтін прокси-
серверлерді тек ISP-провайдерлер ғана емес, сонымен қатар жүйеге деген
26
нагрузканы азайтқысы келетін жəне сұраныстарды оптимально обрабатывать
үшін ірі компаниялар орната алады.
Құжаттардың жарамдылық мерзімі.
Ескірген кэштелген файлды алмау үшін, кэштелген құжаттарды қашан
сұранысқа қоюға болады, ал қашан қоюға болмайтығын анықтайтын бірнеше
ережелер бар. Бұл ережелердің бір бөлігі HTTP протоколында жазылып өткен,
ал қалғаны браузер настройкасында жəне прокси-сервер əкімшілігімен
ұсынады. Прокси-серверде кэштеуге шешім қабылдаудың бірнеше критерилері
бар. Мысалы, егер объект жасырын болса, ол кэштелмейді. Сол сияқты
кэштелген құжатты клиенттің сұранысы бойынша жіберіле алуға шешім
қабылданатын критерилер бар. Мысалы, егер құжаттың жарамдылық мерзімі
өткен болса, онда сервер оны клиентке жібермей, сайтты құрастырушының
серверінде жаңалау құжаттың бар, жоқтығын сұрайды. Жарамдылық мерзімі
өтіп кеткен құжат жай жаңартылмаған, яғни ескірмеген болуы мүмкін жəне оны
клиенттің сұранысына беруге болады.
WEB-жылдамдатқыштары.
Стандартты браузерлер кэштеу технологиясын Web-парақтарды жүктеуді
жылдамдату үшін қолданатынын айтып кеткен болатынбыз. Бірақ, жүктеу
процесін Internet Explorer-ға қарағанда жақсырық орындайтын арнайы
программалар бар. Жылдамдатуды жүйелік қосылулардың параметрлерін
оптимизациялау арқылы, мəліметтерді кэштеу жəне «қажеті жоқ» мəліметтерді
алып тастау арқылы жүзеге асыруға болады. Кейбір программаларда жоғарыда
айтып өткен механизмдердің бірден бірнешеуі жүзеге асырылған.
Кэштеу процесін оптимизациялау арқылы жылдамдату.
Мəліметтерді кэштеу кезінде Web-парақтарды жүктеуді жылдамдатуды
айтқанда 3 бағытты белгілеп өткен жөн:
-
IP-адрестерді кэштеу;
-
Локалді компьютерде дискті кэшті оптимизациялау;
Əр бағыттың аптаен құралғанын түсіндіріп өтейік.
Сіз URL браузерге сол немесе басқа ресурсты жібергенде, ол DNS-
серверге доменді атты IP-мекенге жіберуге сұраныс жасайтыны белгілі.
Қажетті мəліметтерді табу алдында қаншама DNS-серверлерді сұрап өтеді.
Əдетте, IP-адрес қолданушы компьютерінде кэштелмейді жəне сіз бірнеше
минут алдын қолданып отырған мекен қайта сұралып отырады, ол тағы да
уақыт алады. Сондықтан, Web-парақтарды көрсетуді жылдамдатудың бір жолы
DNS-серверлерді едəуір оптималды сұрау жүргізетін жəне IP-мекендерді
кештеуді ұйымдастыратын программаны қолдану болып табылады.
IP-мекенді алып болғаннан кейін, шолушы компьютердің кэшінде
көрсетілген парақ копиясының сақталғандығын тексеріп, егер кэштегі құжат
жарамды болса, ол қолданушыға жіберіледі. Бұл процесс та уақыт алады жəне
оны жылдамдату – бөлек мəселе, сондықтан оны басқа программаға жүктеуге
болады. Осы мəселемен айналысатын көптеген программалар көп орын алатын,
бірақ жылдам істейтін өз кэшін құрады. Жылдамдатудың екінші бағыты осыны
құрайды.
27
Үшінші механизмді (упреждающее чтение) түсіндіру үшін, кəдімгі
браузердің жұмысына қайта оралайық. Құжат браузермен көрсетілгеннен кейін,
əдетте үзіліс болады. Қолданушы құжатты оқығанша жүктеу процесі
тоқтатылады, яғни система простаивает. Упреждающее чтение үзіліс кезінде
қосылыстарды қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде осы параққа ссылкасы бар
құжаттар жүктеледі. Осы құжаттардың фондық режимде жүктелуі қолданушы
сұраныс жібергенде тез көрсетуге мүмкіндік береді. Үшінші механизм осы
упреждающее чтение немесе префетчингтан ( prefetch-ағылшынның алдан-ала
алып келу деген сөзінен) құралады. Кейде осы механизмді упреждающее
загрузкой (ағылшынның pre-loading деген сөзінен) деп те атайды.
Əдебиет: 2нег[100-126].
Бақылау сұрақтары:
1.
Web-парағын кештеу принципі аптае?
2. Прокси-серверінің жұмыс механизмі аптае?
3. Web-парағын кештеу оптимизациясының механизмі қандай?
4. Web-парағын кештеудің үш негізгі бағытын атаңыз?
Дəріс 7. Интернеттің іздеу технологиялары.
Қажетті ақпаратты іздеу принциптері. Іздеу машинасының жұмыс
механизмі. Индексті құру.
Web-тен іздеу
Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен
қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір
басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген
адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде,
интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп
адамдар мəн бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден
қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мəліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу
керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары
сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу
оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.
Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай əртүрлі аспаптар бар: іздеу
машиналары
(поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер,
метаіздеуіш жүйелер жəне тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн
энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде əр түрлі үлгідегі ақпаратты
табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып
келеді. Əр категорияны жеке қарастырайық.
Индекстелген каталогтер
Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық
құрылым түрінде берілетін мəліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші
деңгейіндегі тематикалық бөлімі «спорт», «демалыс», «ғылым», «дүкендер»
сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал əр бөлімнің бөлімшелері
болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу
облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дəл анықтай аласыз.
28
Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін:
Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті
ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз.
Катологтерді программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, катологтегі
барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта
жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты
бір құжатты табу керек болса, онда каталог тиімсіз іздеу құралы болып
табылады.
Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген
каталогтар да бар. Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды кең
таралуына байланысты бірнеше бөліктерге бөлуге (ражнирование) болады.
Мысалы, Яндекс каталогында бөліктеу басқа сайттардың біздің сайттағы
сілтемелерінің индексімен жүргізіледі.
Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің
айырмашылығы, мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта -
авторы, демек оның редакторлары суреттейді.
Сілтемелердің тематикалық жинағы
Сілтемелердің тематикалық жинағы – бұл кəсіби топтармен немесе жеке
жинақтаушылармен құрылған тізімдер. Шектелген кəсіби тақырыпты ірі
каталогтің жұмыскерлер тобына қарағанда сол жұмыстың кəсіби маманы
жақсы ашуы мүмкін.
Домендік атты теру
Каталог – бұл ыңғайлы іздеу жүйесі, бірақ егер сізге Intel немесе IBM
компаниясының сервері керек болса, сіз каталогке қатынай алмайсыз. Сəйкес
сайттардың атын табу қиын болмайды: www.intel.com, www.ibm.com.
Сол сияқты, сізге егер ауа райына арналған сайт қажет болса, оны
www.weather.com
серверінен іздеген дұрыс болады. Көп жағдайларда кілттік
сөз арқылы сайтты табу мəтінде көп кездесетін сөзден тұратын құжатты
тапқаннан ыңғайлы.
Іздеу кезінде танымалы емес компаниялардың адресінің атын интуитивті ойдан
тергенде, бірде-бір іздеу жүйесінде тіркелмеген сервермен байланыс орнатуы
мүмкін болғандықтан, ол іздеудің басқа түрлерімен табысты бəсекелесе алады.
Осыған ұқсас іздеулер тиімсіз, сондықтан ізделінетін сайттың атын таба
алмайтын болсаң, іздеу машинасын қолдану керек.
Іздеу машиналары
Сұранысқа жауап ретінде сіз əдетте құжаттардың ұзын тізімін алаcыз,
оның көбі сіздің сұрағыңызға жауап бермейді жəне сол тақырыпқа ешқандай
қатысы болмайды. Сондай құжаттар релевантты емес (ағылшын сөзінен
шыққан, relevant- лайықты, қатысты) деп аталады, ізденіс бойынша табылған
құжаттар релевантты құжаттар деп аталады.
Табылған сілтемелердің тізіміндегі релевантты құжаттардың проценті
сұраныстың дұрыс қойылуына байланысты болады.
Іздеу машинасы тапқан барлық құжаттардың ішіндегі релевант құжаттардың
бөлігін іздеу дəлдігі деп атайды. Релевантты емес құжаттарды шуы бар
құжаттар деп атайды. Егер табылған құжаттардың барлығы релевантты болып
29
келсе (шуы жоқ құжаттар), іздеу дəлдігі 100% құрайды. Егер барлық
релевантты құжаттар табылса, онда іздеу толымдығы 100% тең.
Сайып келгенде, іздеу сапасы екі өзара тəуелді параметрлермен анықталады:
дəлдікпен жəне іздеу толықтығымен . Толықтықтың артуы дəлдікті төмендетеді
жəне керісінше.
Іздеу машинасының жұмыс механизмі
Іздеу жүйелерін анықтама қызметімен салыстыруға болады, онда
агенттер кəсіпорындарды аралап, мəліметтерді деректер базасына жинайды.
Клиент анықтама қызметіне жолыққанда ақпарат сол деректер базасынан
алынады. Мəліметтер базада ескіріп отырады, сондықтан агенттер оларды
оқтын-оқтын жаңартады. Кейбір кəсіпорындар мəліметтерді өздері жібереді,
сондықтан агенттердің оларға барудың қажеті болмайды. Басқаша айтқанда,
анықтама қызметінің екі функциясы болады : жасау жəне деректер базасын
тұрақты жаңарту жəне клиент сұранысы бойынша базадан хабар іздеу.
Сол сияқты, іздеу машинасы да екі бөлімнен тұрады: робот - ол берілген
серверлерді аралап деректер базасын қалыптастырады, жəне іздеу механизмі.
Робот терминінің көптеген синонимдері бар, роботтан басқа оны желілі агент
немесе торапта жүргеніне байланысты құрт немесе өрмекші дейді.
Робот базасы негізі роботтың өзімен (робот өзі жаңа қорларға сілтемелер
тауып алады) жəне аз дəрежеде өз сайттарын іздеу машиналарында тіркейтін
қор иелерімен қалыптасады. Деректер базасын қалыптастыратын роботтан
басқа табылған сілтемелердің рейтингісін анықтайтын программа бар.
Іздеу машинасының жұмыс принципі пайдаланушы көрсеткен кілттік
сөздер арқылы ішкі каталогтан (деректер базасы) релеванттігі бойынша
сұрыпталған сілтемелер тізімін беру арқылы іске асырылады.
Іздеу жүйесі тек ішкі каталогтармен операциялайтынын атап айтқан жөн.
Іздеу машинасының мəліметтер базасы жүйедегі түйіндік адрестерді сұрау
арқылы əрдайым жаңартылатынына қарамастан, іздеу машинасының ішкі
қорларын жəне желі қорларын салыстыруға келмейді, сондықтан əрқашан
машина ескірген адрес немесе қажетсіз ресурс табатыны өте ықтимал.
Проблема тек қана ішкі қорлардың шектілігінде ғана емес, тағы роботтың
жылдамдығының шектілігінде тұр. Іздеу машинасының ішкі қорларының
көбеюі проблеманы шешпейді, себебі аралау жылдамдығы ақырлы.бірақ іздеу
машинасының ішінде каталогтарға бөлінген Интернеттің кіріс қорларының
белгілі бөлігінің көшірмесі болады деуге болмайды. Толық ақпарат (кіріс
құжаттар) бəрі бірдей сақталмайды, көбіне жиі тек оның бөлігі – индекстенген
тізім немесе индекс деп аталатын, құжат жолынан шағын бөлігі сақталады.
Индекс құрау үшін кіріс мəліметтер қор көлемі минималды, ал іздеу тез
əрі максималды пайдалы ақпарат беретіндей түрлендіріледі. Индекстелген
тізімді түсіндіру үшін оның қағаз аналогы – конкорданс, яғни сөздікті келтіруге
болады, онда белгілі жасушымен қолданылатын сөздер алфавиттік тəртіпте
болады, жəне де жазушы шығармасында келтірілгеніне сілтеме болады.
Айтпаса да түсінікті, конкорданс (сөздік) шығарма тексінен шағын жəне
одан керекті сөзді іздеген кітапты түгел парақтағаннан көп жеңіл.
Индексті құру
30
Желілік агенттер немесе робот-өрмекшілер Желі бойымен «өрмелейді»,
Web – беттерді талдайды жəне не əрі қай парақта табылғаны туралы ақпарат
жинайды. Кезекті HTML-парақтарды табысымен көптеген іздеу машиналары
(əр іздеу машиналарында əртүрлі) сөздерді, суреттерді, сілтемелерді жəне де
басқа да элементтерді белгілейді. Сөздердің парақта барлығы ғана емес, əрі
оның орналасуы, яғни бұл сөздің қайда орналасқаны: тақырыпта (title),
таќырыпшаларда ( subtitles ), метатэгте ( meta tags ) немесе басќа орындарда.
Əдетте негізгі сөз ескеріледі де, шылау мен одағайлар: «ал»,«біраќ» жəне
«немесе» еленбейді. Метатегтер парақ иелерінің өзіне сол арқылы ізделінетін
кілттік сөздер мен тақырыпты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл əсіресе кілттік
сөздің бірнеше мағынасы болғанда қажет. Метатегтер іздеу машинасын
сөдердің бірнеше мағынасынан дұрысын таңдауға көмектеседі. Алайда
метатегтер адал толтырылғанда ғана сенімді жұмыс істей алады. Web-
парақтардың кейбір иелері өздерінің метатегтеріне Желіде көп аталатын өз сайт
тақырыбына қатысы жоқ сөздермен толтырады, сол арқылы өзінің жаңа
келушілерін тарту əрі қор қатысуы рейтингісін жоғарылату үшін жасайды.
Іздеуден осы сияқты сайттарды шығару – жақсы іздеу жүйесінің тағы бір
тапсырмасы. əрбір роботтың өз қараниетті жарнама үшін жазаланған қор тізімі
бар.
Тапсырма берілген Web-парақтарда ақпарат жиналғаннан кейін алынған
мəліметтерді
индекстеу
жүреді. Робот-өрмекшілер Web-парақтардың
ақпараттарын қарастырып, кілттік сөздер арқылы индекстенген іздеу базасын
құрады, содан кейін пайдаланушы сұранысы арқылы жүйе дұрыстығына
(релевантты) қарай сайттар тізімін береді. Айқын, егер сіз сайтты «гүл» деген
кілттік сөзбен іздесеңіз, онда іздеу машинасы сол сөз бар парақтарды тауып
қана қоймай, бұл сөздің қай жерде сайт тақырыбына қатыстылығын анықтай
алуы керек. Сөздің Web-парақтың профиліне қатыстығын анықтау үшін оның
парақта қаншалықты жиі ұшырасатынын, берілген сөз туралы сілтемелердің
бар-жоқтығын бағалау керек. Қысқаша айтқанда, парақта табылған сөздерді
маңыздылық дəрежесіне қарай рангілеу керек.
Сөздерге салмақтылық коэфициенттері оның қанша жəне қайда
кездесетініне қарай (парақ тақырыбында, беттің басы не аяғында, сілтемеде,
метатегте жəне т.б) меншіктеледі. əрбір іздеу механизмі салмақ
коэфициенттерін берудің өз алгоритмдері бар – бұл əртүрлі іздеу
машиналарының бір кілттік сөз арқылы сұрауға əртүрлі қорлар тізімін берудің
бір себебі. Парақтар əрдайым жаңартылып отыратындықтан, онда индекстеу
үрдісі де жиі орындалып отырылуы керек. Робот-өрмекшілер сілтемелерді
аралай жүріп, индекстен тұратын файлды құрады, ол үлкен болуы мүмкін.
Оның көлемін азайту үшін ақпарат көлемін минимизациялау мен файлды
сығуға жүгіаптаі. өңделгеннен кейін мəліметтер үнемі жанарып отыратын
базада сақталады. Бірнеше роботтары бар іздеу машинасы секундына жүздеген
парақтарды өңдей алады. Бүгінде мықты іздеу машиналары жүздеген миллион
парақты сақтайды жəне күніне ондаған миллион сұранысты қабылдайды.
Индексті құруда көшірмелердің санын азайту тапсырмасы да шешіледі –
қатесіз салыстыру үшін алдымен құжаттың кодировкасын анықтау қажеттігін
31
ескерсек, тапсырма оңай емес. Бұдан да қиын тапсырмаға өте ұқсас құжаттарды
айыру жатады (оларды «көшірме дерлік» деп атайды), мысалы оларға мазмұны
бір ал тақырыбы əртүрлі болып келеді. Бұл сияқты құжаттар Желіде өте көп –
мысалы біреу рефератты көшіріп алып өз сайтында басқа атпен басып шығаруы
мүмкін. Қазіргі заманғы іздеу машиналары барлық бұл проблемаларды шешуге
мүмкіндік береді.
Индекс арқылы іздеу
Индекс арқылы іздеу мынадан құралады, яғни пайдаланушы сұраныс
құрастырып оны іздеу машинасына береді. Бірнеше кілттік сөздерді қолдануда
сұраныс тілін пайдаланған пайдалы, оның негізін буль операторлары құрайды.
Ең жиі қолданылатын буль операторлары:
-
AND – бұл арқылы біріктірілген барлық терминдер ұсынылған
құжатта қатысуы керек. Кейбір іздеу жүйелері «+» белгісін «AND» орнына
қолданады;
-
OR – кем дегенде бір кілттік сөз «OR »-мен қатысты, ізделінетін
құжатта болуы керек;
-
NOT- «NOT»-тан кейінгі кілттік сөз ізделінетін құжатта кездеспеуі
керек. Кейбір іздеу жүйелері «-» белгісін «NOT» орнына пайдаланады;
-
FOLLOWED BY – кілттік сөздер бірінен кейін бірі кезектесіп келуі
керек;
-
NEAR – сөздердің бірі екінші сөзден белгілі санды сөздерден кейін
келуі керек;
-
Тырнақшалар – тырнақша ішіндегі сөздер- бұл текст фрагменті
құжат немесе файл ішінде кездесуі тиіс. Айта кетейік, сұраныс тілі
семантикасы нақты бір іздеу машиналарында бір біріне ұқсамауы мүмкін,
əдетте ол туралы іздеу машинасының нұсқауында мəлімет келтіріледі.
Шектерінде логикалық комбинация анықталатын мəтін іздеу бірлігі деп
аталады. Бұл сөйлем, абзац не бүкіл құжат болуы мүмкін. Түрлі іздеу
жүйелерінде əртүрлі іздеу бірліктері қолданылуы мүмкін. Сөйлем шегіндегі
іздеу тек индексінде толық мекенжай (адрес) бар жүйелерде ғана мүмкін.
Пайдаланушы іздеу жүйесіне сұраныс жібергеннен кейін, ол сұраныс
синтаксисін өңдейді, кілттік сөздерді индекстегі сөздермен салыстырады.
Содан кейін сұранысқа жауап беретін сайттар тізімі релеванттылығына қарай
рангіленіп, пайдаланушыға берілетіндей іздеу нəтижесі құрастырылады.
Əдебиет: 2 нег [117-126].
Бақылау сұрақтары :
1. Интернетте қажетті ақпаратты іздеудің жалпы принциптері қандай?
2. Іздеу машинасының жұмыс механизмі қандай?
3. Интернетте ақпарат іздеу технологияларында индекс ұғымы нені
білдіреді?
4. Индексті құру принциптері қандай?
Дəріс 8. Интернет сервистері. Электрондық пошта. E-mail сервисінің
жұмыс істеу механизмі. E-mail-дің екі протоколы.
Электрондық поштаның адресі
32
Интернетке кіру рұқсат етуді регистрациядан өткізу уақытында ISP
қолданушыға пошталық жəшікке дискінің белгілі-бір көлемін, пошталық
жəшіктің адресін (E-mail Account Address), қолданушының атын (E-mail
Account Login Name) жəне поштаға заңсыз кірудің рұқсатынан арылу үшін
парольді (E-mail Account Password) бөліп береді. Электрондық пошта адресі:
қолданушының_аты@домен_аты
форматында
болады, мысалы,
Sanat@ntu.almaty.kz
. «@» таңбасының сол жағындағы бөлік – бұл сервердегі
пошталық жəшіккің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі хаттардың
алады (берілген мысалда Sanat). Ережедегідей, қолданушының аты пошталық
жəшіктің атымен сəйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы бөлік домен
деп аталады жəне осы пошталық жəшіктің орналасқан жеріне көрсетеді.
Электрондық поштаның адресін пайдаланушы жеткізудің ақырғы бекеті, яғни
поштаны көріп жатқан компьютер болып саналмайтынын ескере кету жөн. Əр
қолданушы бірнеше адрестерді əртүрлі пошталық серверлерде регистрациядан
өткізе алады. Бүгінгі таңда электрондық поштаның қызметін ақысыз көрсететін
жүздеген серверлер бар, сондықтан да кез келген Интернет қолданушы əлемнің
əр бөліктерінде пошталық жəшіктерін емін-еркін регистрациялауы мүмкін.
Сондықтан электрондық пошта адресін сіздің үйіңіздегі компьютердің адресі
айқындамайды, ал Сіз пошта алатын сервердің адресі беріледі.
Белгілі бір қолданушыда екі адрес регистрацияланған деп ойлайық:
sasha@ny-server.com
жəне
sasha@almaty-server.ru
.
Ол əр жəшігінен өзінің компьютеріне хаттар алады, бірақ біреуін ол Нью-
Йорктегі серверден, ал екіншісін – Алматыдағы серверден көшіреді. Осыған
байланысты электрондық поштаның көрсеткіштік адресациясы жеткізу
маршрутын адрес анықтайтыны туралы айтады.
Екі сервис – екі протокол
Электрондық пошта клиент-серверлік архитектураның принципімен
құрастырылған. Қолданушы клиенттік программамен араласады, ол программа
өз қатарымен пошталық сервермен араласады. Поштаны жіберу жəне алу
процедурасы əр түрлі дəрежеде жеке адамның анықталуын (идентификация
личности) сұрайтыны айқын, осыдан мұнда кəдімгі поштадағыдай толық
ұқсастық (аналогия) көріаптаі: сізге өзіңіздің пошталық жəшіктің ішінен хатты
алу үшін кілт керек. Бұл жағдайда кілт сіздің поштаны алу құқығы бар
екендігін растайтын автоматизация құралы болып табылады. Хатты жіберу
кезінде авторизация міндетті емес. Жіберу жəне алу əр түрлі дəрежеде жеке
адамның анықталуын сұрайтынына байланысты екі түрлі – хатты жіберуге
жəне алуға арналған протоколдар бар. Хатты жберу кезінде авторизация
міндетті еместігіне қарамастан, бүгінгі таңда провайдерлердің көпшілігі
қауіпсіздік жəне спаммен күресу ойымен оны енгізу жоғары қойылады.
Хаттарды жөнелту үшін SMTP протоколы (Simple Mail Transfer Protocol –
поштаға сілтеме қарапайым протоколы) жəне оған сəйкес SMTP-серверлері
қолданылады. Көбінесе поштаны жіберу сіздің пошталық серверіңіздің
интернет-провайдерінде болады, бірақта бұл онша міндетті емсе. Əдетте SMTP-
серверлер идентификацияны талап етпейді, сондықтан сіз хатты басқа да
осындай серверден жіберсеңіз де болады. Пошталық хабарламаны алу үшін
33
қазірі уақытта тек нақты қолданушының поштасын серверден алып тұратын
жəне сондықтан жəшікке кіруге рұқсат ететін құқықтық авторизацияны
сұрайтын POP3 протоколы (Post Office Protocol – пошталық офис протоколы)
көп қолданылады.
Пошталық клиенттің негізгі функциялары
Барлық пошталық клиенттердің негізгі функциялары – хабарламларды
алу, оларды автономды режимде көруді ұйымдастыру, хабарламаларды
сорттау, жауап хабарламларын дайындауды автоматизациялау жəне адрестік
кітапшаны қолдау.
Пошта қалай жұмыс істейді
Хатты жіберу жəне жеткізу
Интернетке қосылғаннан кейін, клиенттік программа пошталық
сервермен байланысып, оған жіберушінің пошталық адресін жəне
хабарламаның мəтінінің өзін жібереді. Поштаны жіберу кезінде клиенттік
программа шығыс поштаның серверімен, яғни SMTP-сервермен 25 нөмірлі
портқа SMTP протоколы арқылы қосылып, ара қатынасқа түседі. Пошта
жіберілетін SMTP-серверінің аты клиенттік пошталық программаға оны күйге
келтіру кезінде алдын-ала енізілу керек. Осы процессті мұқият қарастырайық.
Хат жіберушінің серверіне жеткізілгеннен кейін, жіберушінің SMTP-сервері
алушының серверімен байланысу керек. Бұл үшін оған алушының SMTP-
серверінің IP-адресін білу қажет. Осы адресті білу үшін, ол DNS-серверге
алушының SMTP-серверінің IP-адресін білуге сұраныс тастайды.
Егер де қайсы-бір себеппен жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-
серверімен байланысқа түсе алмаса, онда жіберілім жеткізілу үшін кезекке
тұрады. Əдетте əр 15 минута сайын кезектегі хатты қайта жөнелту əрекеті
өндіріледі. Шамамен 4 сағаттан кейін жіберушіге проблема туралы хабарлама
жіберіледі, ал 5 күн өткен соң серверлердің көпшілігі əрекеттерін тоқтатып,
жіберушіге жіберілменген поштаны қайтарады, сондықтан хат із-түссіз
жоғалып кете алмайды.
Егер пошталық клиент пен SMTP-сервердің қатынас протоколына қарасақ,
оның жетерліктей қарапайым екендігіне көз жеткізуге болады. Мұнда
интуитивті
түсінікті
командалар
қолданылады: мысалы HELO
(таныстырыламын), MAIL FROM (жіберушіні анықтаймын), RCPT TO
(алушыны анықтаймын) жəне т.с.с.
Жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-серверімен байланысқа
түскен сəтте-ақ, ол жіберілімді жөнелтеді. Алушының сервері адресте
көрсетілген атты қолданушының бар екендігін анықтайды жəне оның жəшігіне
жіберілім жөнелтеді.
Пошта серверде орналасқаннан кейін, алушы оны сол жерден көшіріп алуға
мүмкіндік алады. Пошталық жəшіктен жиналған поштаны алу кезінде,
клиенттік программа POP3-сервермен POP3 протоколы арқылы байланысады.
Интернетке кірген кезде өзіңіздің пароль мен логинді көрсеткендіктен, əдетте
поштаны алу кезінде осы мəліметтерді қайта енгізу керек емес. Сіздің
пошталық клиентіңіз POP3-сервермен байланысып, локальді машинаға
34
электронық пошта жіберілімдерінің копияларының жөнелтуін анықтайтын
бұйрықтарды жібереді.
Əдетте, пошта алынғаннан кейін пошталық клиентте керісінше
көрсетілмесе, сервердегі хабарламалар өшіріледі. SMTP-сервер секілді, POP3-
сервер алушының пошталық клиентпен «сөйлесу» кезінде интуитивті түсінікті
командалар жиынтығын қолданады: USER (қолданушының ID енгізіңіз), PASS
(пароль енгізіңіз), QUIT (POP3-серверден шығыңыз), DELE (хабарламаны
өшіріңіз).
Егер SMTP-протокол қарапайым жəне тек қана серверге алушының адресі
бар хаттардың мазмұнын жіберетін болса, онда POP3-сервермен жұмыс
əлдеқайда күрделірек болатынын ескеру жөн, ол хаттарды бөлектеліп көшіруді
іске асырады, үлкен хаттардан бас тартуға жол береді жəне т.б.
Поштаны қабылдау үшін пошталық серверден хаттарды таңдамалы түрде
компьютерге көшіріп алуға, папкалармен жұмыс істеуге жəне т.б. мүмкіндік
беретін əлдеқайда жаңартылған IMAP-протокол қолданылуы мүмкін.
Электрондық хат адресатқа жетпеген кезде, бірнеше себептермен болуы
мүмкін. Мүмкін, алушының сервері берілген жіберушінен хаттар алмаған
жағдайда. Мұнан басқа, егер сервер жұмысы аса көп болса жəне сұранысты
қарастыралмаса, жіберілім кері қайтарылады. Егер хат алушы серверімен
жоқталмаса да, ол қайта оралуы мүмкін, мысалы, алушы атын жазу кезінде
қателессеңіз – жүйе мұндай атты алушының жоқтығы туралы хабарлайды.
Жəне, соңғысы, көрсетілген атты алушы бар болса да, оның пошталық жəшігі
толып кеткен кездегі жағдай туындауы мүмкін.
Арнаулы таңбаларды жəне толтырма хабарламаларды жөнелту
SMTP-протокол ASCII-дың барлық символдарын жіберуді рұқсат етпейді, ал
олардың ішінен ағылшын алфавитіне сəйкес келетін жəне ASCII кодтаудың
негізгі кестесімен айқындалады. ASCII кодтаудың екі кестесін анықтайтыны
белгілі: базалық жетібиттік (0-127 нөмерлі символдар) жəне кеңейтілген
сегізбиттік (128-255).
Кириллица символдары кодтаудың кеңейтілген кестесіне жатады, жəне
SMTP-протоколы үшін олар арнаулы символдар болып келеді. Арнаулы
символдарды жіберу кезінде əдетте MIME стандарты (Multipurpose Internet Mail
Extensions – Интернеттің көпмақсаттың кеңейтілулерлі пошталық стандарты)
қолданылады, ол арнаулы символдарды жіберу жəне мəтіндік емес ақпаратты
электрондық пошта арқылы жіберу үшін кодтауды рұқсат етеді, мысалы хатқа
қосымшада орналастырылған графикалық файлдар.
Бастапқыда электрондық пошта файлдарды жіберу үшін арналмаған етін,
сондықтан қайсыбір файлды жіберу үшін оның мəтіндік хабарламаға сəйкес
қайта кодировкасы керек. MIME стандарты файлдың тақырыбы арқылы оның
қандай типті мəлімет (мəтін, графика, əуен жəне т.б.) қамтитынын анықтай
алады жəне қосарланған файлдарды кодтаудың біртұтас əдісін ұсынады. MIME
стандарттары
қолданған
кезде, кириллицаны
кодтау
проблемалары
туындамайды.
Əдебиет: 1нег[296-665], 2нег[3-11,226-229], 4нег[5-7], 3қос. [128-184].
Бақылау сұрақтары:
35
1. E-mail клиентін ISP регистрациясы қалай өткізіледі?
2. Электрондық поштаның жіберу жəне жеткізу механизмі қандай?
3. E-mail сервисінде қандай протоколдар қолданылады?
4. Арнаулы таңбаларды жəне толтырма хабарламаларды жөнелтудің
ерекшеліктері?
Дəріс 9. Интернет сервисі. Файлдармен алмасу. FTP сервисінің
жұмыс механизмі. FTP – клиенттер.
FTP файлдарын жіберу протоколы(
FILE TRANSFER PROTOCOL
).
FTP (File Transfer Protocol – файлдарды жіберу протоколы) 1971 жылы
ұйымдастырылды жəне қазіргі уақытқа дейін жақсы қолданылуда. FTP TCP/IP
базалық деңгейіндегі протолдарымен базаланады жəне өз алдына Интернетте
компьютерлер арасындағы файлдар алмасуын көрсетеді.
FTP негізгі тағайындалуы – Интернеттегі файлдарды жойылған
компьютерден локальдіге (Download) жəне локальді компьютерден
жойылғанға (Upload) қайта жіберу (көшіру, қайта беру). FTP протоколының
көмегімен сондай-ақ өз файлдарынды жойылған компьютерден жоюға жəне
атын өзгертуге болады. Айта кететін жайт, ақпаратты тек оқуға арналған
WWW-серверлеріне қарағанда, FTP серверлері ақпартты жүктеуге жəне де
ақпаратты серверге енгəзудə қамтамасыз етеді. Жекешеде, Web-беттерден
конструкцияланатын файлдарды жіберу үшін, көбінесе FTP-протоколдары
қолданылады. Əрине, серверде ақпаратты өзгерту қамтамасы, тек осы
ақпарттың иесіне берілу қажет. FTP-серверіне қолданушының жолығу кезінде
рұқсаты логинмен жəне парольмен жарияланады, бірақ ол үлкен дəрістерге
арналған желіде сервер жоқ дегенді білдірмейді. Көптеген серверлерге уақытша
атпен кіруге болады(мысалы, anonymous немесе guest), жəне бұл кезде сізге, тек
оқу үшін арналған файлдардың шектеулі жиынтығы беріле алады.
РТР-ресурсының адрес форматы
Жалпы жағдайда РТР-ресурсының URL форматы мынадай түрге ие:
ftp://:
@ Достарыңызбен бөлісу: |