Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «Физика және астрономия»
Кафедрасы:«Қатты дене физикасы және бейсызықтық физика кафедрасы»
СӨЖ
Тақырыбы: Тұлғаның мотивациялық сферасы. Эмоция психологиясы
Орындаған: Сман Мадияр
Тексерген: Қ.М. Муса
Алматы
Мотивация – психология бойынша адамға әрекет ету жоспарын
құрғызады, мақсатын бағыттап, іс бастатқызып, ісін табанды
жалғастырып, талпыныс жігерін күшейтіп,
мақсатқа жетуге
құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген
күшті аңсар, ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу),
саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен
көрінеді. Мотивацияны ниетіміздің, әрекетіміздің, қалауымыздың
себепті ішкі түрткісі депте айтсақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім
болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне
жақын келеді. Жігер арқылы ниетіміз шабыттанып, іске кірісуге қозғау
салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады,
өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді
жүру жігері кеудесін кернейді.
Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер
болуы мүмкін, кейде әлсіреуі, ол кейде күшейюі мүмкін. Бірақ ниет
шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену
тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын
өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына
жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы
күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда
оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды
эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты.
Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын
тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді
болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б.
эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-
көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену,
үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп,
қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады.
Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу
етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі
ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-
әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына,
ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады. Жекелік: Ашығу
мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті
мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық,
мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы,
әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.
Қоғамның тез өзгеруіне, ақпарат технологиясының қауырыт дамуына
орай түрлі Жігерлендіру идеялары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай
өмірге келді. Олардың арасында Хоторн эффекті,
Маслоудың Қажетсіну қабаты ілімі, Дуглас МакГрегордың Х және Y
ілімі, Герцбергтің Қос фактор ілімі, МакКлелландтің Табыс қажетсінуі
ілімі, Мотивациялық әлеует ілімі, Бихевиоризм, Врумның Үміт ілімі,
Адамстың Әділдік ілімі, Аптердің Ауысым ілімі қатарлылар бар.
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан
мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы
субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық
туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі
болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі
құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске
қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен
үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен
педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі
мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына
белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда
оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі
мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана
біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты
адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін
тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс
мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде
көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс,
мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа
белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен
қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе
қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр
болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз
табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде,
балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік
болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы
мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының
нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп
болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да
сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның
соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.
Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа
мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect)
көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация
әлсірей түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, сурет сызу
арқылы тағы да сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық алмаған
балаға қарағанда аз сурет сызады екен. Өзі-себепкер ілімі (Self-
determination theory) бойынша, сыйланбаған, сыйлау күтпейтін бала
міндет орындалса өз жеке өлшемі мен сенімін қанағаттандырады,
сыртқы талап өздесіп, жекенің ішкі сұранысына айналады. Ендеше ол
сурет сыздуды өз талабын қанағаттандыру үшін салудан ләззат
алатын болады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның
ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша
күш салу керек.
«Эмоция» ұғымының төркіні — «емовера» деген латын сезінен,
«эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні —
тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер
салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты
жағдайларынық көрініс беруі. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса
маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі.
Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты
жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын
қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын
ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды
тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса
адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен,
психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен
қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды
аймағының дамуына көңіл аударуда. .
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде,
педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани
дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп
есептейді.
Адамдардың
эмоцияларының
негізінің
зерттелуі
психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе
жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен
дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар,
олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды
қатынасты қалыптастыруды болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |