Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі


Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)  мен Карл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.)  (Германия), 
Жан-Поль  Сартр  (1905-1980  ж.ж.)  мен  Альбер  Камюдi(1913-1960ж.ж.) 
(Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж. пен Л.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) 
(Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-
1955ж.ж.) (Испанияжатқызуға болады. 
Сонымен,  ХХғ  Еуропа  цивилизациясының  дағдарысы,  зерде  мен 
адамгершiлiк  құндылықтарына  деген  сенбеушiлiктi  тудырып,  трагедияға  толы 
адам  мәселесiн  тiкелей  философиялық  таразыға  салды.  Бұл  саладағы 
анықталған  ең  бiрiншi  жаңалық  -  зерденiң  негiзiнде  ғылым  мен  техника 
дамыған  сайын  адам  болмысының  тұрақсыздығы  мен  нәзiктiгiнiң  өсуi
Мұндай  күрделену  мен  қатар  қатыгезденiп  жатқан  дүниеде  тұрақтану  үшiн 
адам  ең  алдымен  өзiнiң  iшкi  өмiрiн  талдап,  соның  негiзiнде  өзiнiң 
мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде 
адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi 
нәрсе  -  ол  зат,  материя  ,  я  болмаса  идея,  таным  философиясы  емес,  негiзiнен 

175 
 
алғанда,-    адам  философиясы.  Ал  адамға  келер  болсақ,  ол,  әрине,  ешқандай 
объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-
өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.  
Жоғарыда  айтылған  жалпы  мiнездеменi  нақтылай  келер  болсақ,  онда 
экзистенция  (өмiр  сүру)  мен  эссенция  (мән-мағна)  ұғымдарының  осы 
философияның  негiзiнде  жатқанын  байқаймыз.  Егер  бүкiл  жануарлар 
әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағнасымен бiрге бұл дүниеге келер болса, адам 
ең  алдымен  бұл  дүниеге  келiп,  неше-тұрлi  қиын-қыстақ  жағдайлардан  өтiп 
барып,  көп  уақыттан  кейiн  ғана  өз  өмiрiнiң  мән-мағнасына  ие  болады.  Яғни, 
адамның  өмiр  сүруi  оның  мән-мағналыққа  жетуiнен  анағұрлым  алда  жүредi
Мысалы,  Африкада,  я  болмаса,  Амазонканың  бойында  өмiр  сүретiн  крокодил 
жағаға  шығып,  жұмыртқалап,  оларды  ыстық  құмның  астына  көмедi.  Уақыты 
келген  кезде,  жұмыртқалардың  қабығы  жарылып,  iшiнен  кiшкентай 
крокодилдер жер бетiне  шығып, дереу  шөлге  қарай  емес, суға  қарай  жүгiредi. 
Крокодил осылайша миллиондаған жылдар бойы өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-
мағнасымен бiрге өмiр сүруге келедi
!
 Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол 
анасыз өмiр сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан 
кейiн  ғана  ол  өз  өмiрi  жайлы  сұрақтарды  өз  алдына  қойып,    өмiрiнiң  мән-
мағнасын ашуға тырысады. 
Экзистенциализм  философиясында  “шекаралық  ақуал

 
деген 
категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, үрей 
мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай 
адам  өмiр  сүруiне  қауып  түскен  жағдайда,  оның  жан-дүниесi  терең  сiлкiнiске 
ұшырағанда,“өмiрде-болу

  тебiренiсiнiң  негiзiнде  ғана  адам  тез  пiсiп-жетiлiп, 
өз  өмiрiнiң  қайталанбайтын  ерекше  қалыптасатын  мән-мағнасын  терең  аша 
алады. 
Экзистенциализм  философиясы  адамның  ерiктiлiгiне  ерекше  көңiл  бөледi. 
Ерiктiк  -  “қажеттiктi  тану

,  я  болмаса,  “табиғи  дарынды  iске  асыру

  емес,  ол 
экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын 
пенде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды 
билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui

. Ал ерiктiк 
дегенiмiздiң өзi -  таңдау. Адам ерiктi пенде ретiнде ойына не келсе, соны iстей 
алады.  Бiрақ,  сонымен  қатар,  ол  өз  iстерiне  жауапты  өзi  ғана  беруi  қажет. 
Сондықтан,  Ж-П.  Сартр  “ерiктiк  дегенiмiз  -  адамға  артылған  адамгершiлiктiң 
ауыр  жүгi

,-  деген  болатын.  Адам  тек  өз  iсiне  ғана    емес,  басқаларға  да 
жауапкершiлiктi.  Ол  өз-өзiн  жете  түсiнудiң  арқасында  басқалардың  да  терең 
сырын өзiне аша алады. 
Адам  экзистенциясының  iргетасты  ерекшелiктерiнiң  бiрi  -  трансцендiлеу, 
яғни  өз  шегiнен  өтiп  кету.  Сонда  адам  өз  шеңберiнен  аттап  өтiп  не  нәрсеге 
жеткiсi  келедi
?
  Дiни  экзистенциализм  Құдайды  трансценденттiкпен  теңейдi. 
Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi содан iздеу, дiни 
трансцендiлеу  болып  есептеледi.  Дiни  экзистенциализмнiң  көрнектi  өкiлi 
Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, “адам табиғи дұниедегi үзiлгендiк

, екi жақты, 
қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан, оны түсiну - одан да 

176 
 
жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның  Құдайға тәуелдi 
пенде  екендiгiн  көрсетпейдi.  Философия  адамның  құдайлығын,  Құдайдың 
адамгершiлiгiн  көрсетуi  қажет.  Өйткенi,  Христостың  өзi  адам  болып  туды. 
Құдай  дегенiмiз  -  ол  рух.  Олай  болса,  тек  қана  рухани  қарым-қатынас  қана 
адамдардың терең мәнiн көрсетедi. 
Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi - Ж-П. Сартр мен А. Камю - оны 
ештеңеге  теңеп,  ол  экзистенцияның  ең  терең  құпиясы  деген  пiкiрге  келедi. 
Сонымен,  экзистенция  дегенiмiз  өзiнiң  шектелгенiн,  яғни  уақытша  екенiн 
сезiнетiн, ештеңеге бағытталған адам өмiрi. 
Экзистенциализмнiң  ерекшелiктерiнiң  бiрi  -  жеке  адам  мен  әлеуметтiк 
болмысты  бiр-бiрiне  қарсы  қою,  осы  адамзат  болмысының  екi  жағының  бiр-
бiрiмен  ымыраласпайтынын  көрсету  болып  табылады.  Олай  болса,  адам 
өмiрiнiң  ерекшелiгi  -  өмiр  сүру  мен  мәндiктiң,  болу  мен  алудың,  таным  мен 
түсiнудiң  арасындағы  тебiренiс,  таңдау.  Мұның  өзi  адам  болмысының 
трагикалық жақтарын көрсетедi. 
Өзiнiң  “Болмыс  пен  уақыт

  деп  аталатын  көлемдi  еңбегiнде  М.Хайдеггер 
адамның өмiр сүруiн “Dasein

  деген  ұғыммен  бередi.  (оның  қазақшаға  тiкелей 
аудармасы  “осы  арадағы  болмыс

).  Мұндай  ұғымды  философияға  еңгiзiп,  ол 
адам  болмысы  -  тарихи  болмыс  екенiн,  ол  яғни  “қазiр  және  осы  арада

  өмiр 
сүрiп  жатқанын  көрсеткiсi  келдi.  Дүниеде  адамнан  басқа  ешқандай  тiршiлiк 
өзiнiң  шектелгенiн,  яғни  өлетiндiгiн  бiлмейдi.  Олай  болса,  тек  адамға  ғана 
уақыттылық,  ал  сонымен  бiрге  өмiрде  болу  мәселесi  тән.  Бұл  тұрғыдан 
алғандағы  философияның  негiзгi  мақсаты  -  ол  дәл  қазiр  өмiр  сұрiп  жатқан 
адамның  iшкi  тебiренiсiн  зерттеу,  содан  шығатын  өмiр  тәжiрибесiн  талдау 
болып табылады. Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа онтологиясы едi.  Яғни, ол 
уақытпен  шеңберленген  адам  болмысы,  осы  арада  өмiр  сүрiп,  басқалармен 
бiрге коммуникацияға (қатынасқа) түсу. 
Алайда, 
индустриалдық 
қоғамда 
адамның 
болмысы 
өзiнiң 
бишынайылығымен  тең.  Конвейерден  шыққан  бiр-бiрiне  ұқсас  заттар  сияқты, 
адамдар  да  орталанып,  бiр  тұлға  екiншiнi  жеңiл  ауыстыра  алады.  Адамдар 
бiрiн-бiрi  ауыстыра  алатындықтан  “басқа

,  ол  “нақтылы  басқа  тұлға

  емес, 
“қайсыбiр  басқа

,  “жалпы  бiр  басқа

.  Мұндай  жағдайда  “ол  да

,  “мынау  да


менiң “өзiм де

 шынайы субъект емеспiн. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер 
das  Man

  деген  терминмен  берсе,  Н.Бердяев  оны  “объективацияланған 
дүние

 дейдi. 
Ал  адамның  шынайы  болмысына  келер  болсақ,  ол  адамның  тарихи 
пенделiгiн,  уақыт  шеңберiнде  шектелгенiн,  сонымен  қатар  өзiнiң  ерiктiгiн 
сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету үшiн адам күнделiктi күйкелi өмiрден бас 
тартып, соңғы өмiрдiң шегi - өлiмге тiкелей қарай алатын жағдайға келуi қажет. 
Бишынайлы  болмысты  аттап  өту  үшiн    адамдар  бiр-бiрiмен  қосылып 
“абсурдтық  дүниеге

,  оның  шектелгенiне,  өлiмге,  жалпы  дүниенiң 
жетiлмегендiгiне,  мәнсiздiгiне  қарсы  шығып  көтерiлуi  керек,  -  дейдi  француз 
ойшылы  А.Камю.  Алайда,  мұндай  дүниеге  түңiлуден  туған  бiрiгушiлiк  бiрде-
бiр адам болмысының мәселесiн, әрине, шешпейдi. 

177 
 
Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. Г.Марсельдiң 
ойынша,  адамдар  шынайы  болмысты  заттардың  болмысымен  теңейдi.  Ал 
шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - “Ол 
емес

, “Сен

, сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iштесуi, ең 
құпия  тереңде  жатқан  тебiренiстерiмен  бөлiсуi  -  шынайы  болмыстың 
алғышарты.  Ол  үшiн,  яғни  басқа  адамның  терең  сырына  жетiп  шынайы 
болмыстық дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана iске асады. 
Г.Марсельдiң  бұл  ойларын  дамытқан  М.Бубер,  Э.Левинас  сияқты  еврей 
ойшылдары  болды.  Олардың  ойынша,  адамның  дүниеге  деген  қарым  - 
қатынасы  екi  жақты,  өйткенi,  оның  сөздiгiнде  екi  негiзгi  сөз  бар.  Олардың 
бiреуi “Мен мен Сен

 болса, екiншiсi “Мен мен Ол

. Дүние адамзат тәжiрибесi 
ретiнде  “Мен  мен  Олға

  жатады.  “Мен  мен  Сен

  адами  шынайы  қарым- 
қатынасты  тудырады.  Олай  болса,  адам  алдында  дүниеде  болудың  екi 
мүмкiндiгi  бар.  “Мен  мен  Сен

шынайы  болмысты  тудырса,  “Мен  мен  Ол

  - 
адами  қарым-қатынастарды  заттандырады.  “Сен

  деп  қарым-қатынасқа  түскен 
адам  -  ол  заттардың  арасындағы  зат  емес.  Мен  оны  тануға,  зерттеуге 
тырыспаймын,  өйткенi,  мен  онымен  қарым-қатынастамын.  Егер  ол 
қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, бiлу - “Сеннiң

 
алшақтауына әкелiп соғады. 
“Мен мен Сеннiң

 қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. Махаббат 
сезiмi  бүкiл  дүниенi  өзiнiң  сәулесiмен  жарқыратып,  гүлдендiредi.  Махаббат 
аясындағы  адам  қайсыбiр  адамды  -  жақсы  мен  жаманды,  сұлу  мен  түрсiздi, 
ақылды мен наданды  - бәрiн де ерекше   “Сен

  ретiнде  қарайды.  Алайда,  адам 
болмысының  трагедиясы  “Мен  мен  Сеннiң

  қарым-қатынасының  сарқылу,  я 
болмаса, құралға айналу мүмкiндiгiнде. 
Экзистенциализм  философиясының  iрi  өкiлiнiң  бiрi  -  Виктор  Франкл.  Ол 
қазiргi  қоғамдағы  адамдардың  қасiретi  -  ноогендiк  (nous,-грек  сөзi,  -  ақыл-ой, 
зерде,  рух;  genesis,-грек  сөзi,-  дұниеге  келу,  пайда  болу;)  невроздарда,  яғни,  
адамдардың  өмiр  сүрудiң  мән-мағнасынан  айырылып  қалуында    деген  пiкiрге 
келедi. Соңғыны В.Франкл “экзистенциалдық вакуум

 деген ұғыммен бередi. 
Өз  болмысының  мән-мағнасынан  айырылып  қалған  кейбiр  адамдар,  рухани 
жүдеулiктен  арылу  үшiн  “Құдайды  iздеу

  жолына  түссе,  екiншiлер  - 
нашақорлық пен iшiмдiктiң сағымында, үшiншiлер - қоғамдағы тәртiпке қарсы 
бағытталған  қылмыстық  iс-әрекеттерге,  төртiншiлер  суицидке  (өз-өзiн  өлтiру) 
дейiн  барады.  Өзiнiң  гуманистiк  көзқарасынан  таймайтын  В.Франкл  өмiрдегi 
ақуал қандай қиын болса да, тiптi жазылмайтын сырқат, өлiмнiң өзi болмасын,- 
адам  өз  өмiрiнiң  мән-мағнасын  жоғалтпау  керек,-  деген  терең  ойға  келедi. 
Өзiнiң  екiншi  Дүниежүзiлiк  соғыс  кезiндегi  Бухенвальд  концлагерiнде  болған 
экзистенциалдық  тәжiрибесiн  сараптай  келе,  В.Франкл      тек  қана  өз  өмiрiнiң 
мән-мағнасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал өмiрдiң 
мән-мағнасын  жоғалтан  көпшiлiктiң  “малға  ұқсайтын  тобырға

  айналып 
құрығанын айтады. 
Әрине,  реформа  барысындағы  бұгiнгi  қиын-қыстау  жағдайларда  бiршама 
адамдар  бұрынғы  ұстаған  жан-дүниесiндегi  құндылықтардан  айырылып, 

178 
 
сонымен  қатар,  жаңа  құндылықтарды  қабылдай  алмай  экзистенциалдық 
вакуумде  жүргендерi  баршамызға  аян.  Мұның  өзi  неше-түрлi  “әлеуметтiк 
ауытқудың

  түрлерiн  туғызып,  реформаның  әрi  қарай  өрлеуiне  өзiнiң  кеселiн 
тигiзiп  отыр.  Мұндай  қиын  жағдайда  экзистенциализм  iлiмiнiң  “әлеуметтiк 
ақуалға

 сiлтегеннен гөрi жеке тұлғаның ерiктi iс-әрекетiнен шығатын таңдауға, 
ал оның өзi белгiлi бiр жаңа ақуалды тудырып, өмiрдiң жаңа арнасын ашуының 
мүмкiндiгiн  көрсетедi  деген  құнды  пiкiрiне  оқырманның  назарын  аударғымыз 
келедi                       
 
ХХ ғ дiни философия жөнінде кеңірек оқыңыз: 6(235-243 б.б.) 
 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар
 
1.
 
ХХ  ғасырдың  адамзат  тарихындағы    ерекше  орны  және  оның 
философиялық ой-пікірге тигізген ықпалы. 
2.
 
 О.Конт адамзат ой- өрісінің дамуын қандай сатыларға бөледі? 
3.
 
Эмпириокритицизм  бағытының  дүниеге  келуіне  қандай  себептер  өз 
әсерін тигізді? 
4.
 
Верификация дегеніміз не? 
5.
 
Лингвистикалық философияның негізгі қағидасы 
6.
 
К.Поппердің фальсификация принципінің маңызы неде? 
7.
 
И.Лакатостынң  «ғылыми –зерттеу бағдарламасы»   
8.
 
Парадигма дегеніміз не? 
9.
 
Феноменологиядағы сананың интенционалдығы дегеніміз не? 
10.
 
« Өмірлік дүние» танымға өз әсерін қалай тигізеді? 
11.
 
Герменевтика дегеніміз не? 
12.
 
М.Хайдеггердің « болмыстың үйі – тіл» деген ойын қалай түсінесіз? 
13.
 
А.Бергсонның « шығармашылық талпыныс» ұғымы. 
14.
 
Ф.Ницше  философиясының негізгі ұғымы. 
15.
 
 « Адамнан жоғарыға» Ф.Ницше қандай мінездеме береді? 
16.
 
Ф.Ницшенің « Құдай өлді!» деген сөзін қалай түсінесіз? 
17.
 
З.Фрейд адам психикасын қандай қабаттарға бөледі? 
18.
 
 Сублимация дегеніміз не? 
19.
 
К.Юнгтың « архетип» ұғымы  
20.
 
А.Адлердің « компенсация»  ұғымы нені көрсетеді? 
21.
 
Э.Фромм : дүниеде болу , я болмаса , алу керек пе? 
22.
 
Экзистенциализм  адамның өмір сүру ерекшелігін неден көреді? 
23.
 
« Шекаралық ақуал» дегеніміз не? 
24.
 
Экзистенциализмдегі еріктік мәселесі 
25.
 
М.Хайдеггердің « das Man »  деген ұғымының мәнін көрсетіңіз. 
26.
 
 В.Франклдің  «экзистенциалдық вакуум» ұғымы 
27.
 
 Христиандық  философияда  «  сенім  »  мен  «  білімнің»  ара-қатынасы 
қалай шешіледі? 

179 
 
28.
 
Т.  де  Шарденнің    «тангенциалдық  »  және    «  радиалдық  »  энергия 
ұғымдарының мән-мағнасы. 
29.
 
« Ноосфера» дегеніміз не? 
30.
 
 «Архирейлік» және «прометейлік » адам. 
31.
 
«Негритюд» ілімінің негізін жасаған кім? 
32.
 
Батыс  философиясы  Шығыс  ой-  пікірінде  сомдалған    қандай 
құндылықтарды ала алады? 
                                  
 
Ойланыңыз: 
 
1.
 
М.Хайдеггердің « болмыстың үйі – тіл» деген ойын қалай түсінесіз? 
2.
 
Ницшенің « Құдай өлді!» деген сөзін қалай түсінесіз? 
3.
 
Э.Фромм  :  ”  дүниеде  болу  ,  я  болмаса  ,  алу  керек  пе?  “,-  сіз  қалай 
ойлайсыз? 
4.
 
 Ж.П.  Сартр  :  ”  Нағыз  адам  -  толқынға  қарсы  жүзетін  адам  “  ,-  бұл 
пікірге не айтар едіңіз? 
5.
 
”“Мен  мен  Сеннiң

  қарым-қатынасын  махаббатпен  теңеуге  болады  “  ,- 
дегенге қалай қарайсыз? 
6.
 
Экзистенциализм философиясындағы “шекаралық ақуал

 дегеннің  мәні 
неде жатыр? 
 
 
Рефераттар тақырыптары: 
 
1. О.Конт - позитивизмнiң негiзiн қалаушы. 
2. Лингвистикалық философия 
3. Постпозитивизм және оның негiзгi өкiлдерi 
4. Э.Гуссерль - феноменологияның негiзiн қалаушы.  
5. Герменевтика iлiмiнiң негiзгi қағидалары. 
6. Ф.Ницше және оның билiкке деген еркi. 
7. З.Фрейдтiң психоанализ iлiмi. 
8. Э.Фромм: болу, я алу ма? 
9. Экзистенциализм ұғымының негiзгi қағидалары. 
10. ХХ ғ дiни философия. 
 
 

180 
 
                          ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ: 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 
Қосымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 

181 
 
1 тірек кесте. Постклассикалық философияға дейнгі материализм мен 
идеализм XIX-XX ғғ. 
 
Антикалық                             Орта ғасыр                        XVII-XVIII ғғ.                            
XIX ғ.  
 
 
 Материалист.бағыт 
 
  
Жаратылыстану білімінің дамуы       
 
 
 
Идеалистік бағыт 
 
П              
 
Материа-
лизм 
элементте
рі 
А. Герцен 
В. Белинский 
Н. 
Чернышевский
 
Диалектикалы
ққ
а дейінгі 
материализм 
Метафизикалық 
материализм ______ 
Механицизм - 
механицизм 
қ
алдықтары________ 
Диалектаның 
элементтері 
Жаратылыс
та-ну 
ілімінің 
негізі, 
арқауы 
Медици
-на 
Матема-
тика 
Астроно
мия 
Классика-
лық 
механика. 
Математи
ка 
Г.Галилей 
И.Кеплер 
И. 
Ньютон 
Физика. 
Химия. М. 
Ломоносов  
А.А.Лавуаз
ье 
П.С. Лаплас 
Геология

Физиоло
-гия 
Эмбриол
огия 
Платон. 
Пифагор

Сократ 
Патристик
а- 
Г.Ф. 
Лейбниц 
Д. 
Беркли 
Д.Юм 
И. Кант 
Ф. В. 
Шеллинг - 
Гегель 
Ибн-Сина 
(Авиценна) 
О.Хайям, У. 
Оккам 
Ф.Бэкон, 
Т. Гоббс, 
Дж. 
Локк, 
 Б.
 
Спиноза 
Д.Дидро, П. 
Гольбах, К. 
Гельвеций, 
М. 
Ломоносов 
Фалес. 
Гера-
клит 
Демо-
крит 
Л. 
Фейербах 
Метафизика
лық 
тұрпайы 
антрополо-
гиялық 
матери-
ализм 
Метафизик
алық 
тұрпайы 
антрополо
гиялық 
материали
зм 
Тұрпайы, 
анайы 
материали
зм 
Пос
тк
ла
сс
ик
алы
қ 
фи
лос
офи
ян
ы
ң 
те
оре
ти
ка
лы
қ 
ж
ән
е 
жа
ра
тылыс
та
нулы
қ 
ал
ғы ша
ртт
ары
 
 
Идеализм. 
Идеалисті
к 
диалектик
а 
Идеализм 
Схоластика 
Объективтік 
идеализм 
Субъектив
тік 
идеализм 
Об. идеа-
лизм. 
Идеалистік 
диалектика
ка
 

182 
 
2 тірек кесте. Постклассикалық философия (XIX-XX ғ.б.) 
 
 
      Материализм 
   
     
                   Идеализм 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Марксизм 
философиясы 
 
К. Маркс (1818-
1883) 
Ф. Энгельс 
(1820-1895) 
Позитивизм 
О.Кани (1798-1857) 
Д. Милль (1806-1873) 
Г. Спенсер(1820-1903) 
Эмпириокритицизм 
Э. Мах (1838-1936) 
Р. Авенариус (1843-
1896) 
А. Пуанкаре (1854-
1912) 
Иррационализм 
Волюнтаризм 
А. Шопенгауэр 
(1788-1860) 
Экзистенциалық 
диалектика 
С. Кьеркегор 
(1813-1855) 
Неокантианство 
Марбургтік мектеп  
Г. Коген (1842-1918) 
П. Наторп (1854-
1924) 
Бадендік мектеп 
В. Виндельбанд (1848-
1915) 
Г. Риккерт (1863-1936) 
Ө
мір философиясы 
Волюнтаризм 
Ф. Ницше (1844-1900) 
Мәдениет морфологиясы – О. 
Шпенглер (1880-1936) 
Интуитивизм – 
А. Бергсон (1859-1941) 

183 
 
Орыс философиясы 
 
 1. Орыс философиясының ерекшелiктерi 
 2. Орыстың дiни философиясы 
 3. Орыс философтары еңбектерiндегi евразияшылдық идеялар 
 

1. Орыс философиясының ерекшелiктерi 
 
        Алғы  орыс  философиясы  988  ж.  Рустiң  шоқынуынан  басталған 
христиандандыру процесiмен байланысты болды.  
Негізгі  қалыптасу  кезеңi  –  XI-XVII  ғ.,  өзiнiң  пайда  болған  кезiнен  ол  әлемдiк 
философиямен байланыстылығымен сипатталады.  
Жалпы  алғанда,  философиялық  және  тарихи  ой  христиандықтың  принципіне 
негізделді. 
Ресейдiң  ерекше  миссиясы  туралы  идея  XVI  ғасырда  „Москва  -  үшiншi  Рим” 
доктринасының пайда болуына алып келдi.  
Сонымен  орыс  философиясындағы  ой  „орыс  идеясының”  ағымында 
қалыптасты.  
Өзiнiң айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғ.  40-
60 ж.  болды. Бiрiншiсiн славянофильдер, екiншiсiн батысшылдар бiлдiрдi. Бұл 
екi  бағыттың  да  қалыптасуында  П.Я.Чаадаев  үлкен  рөл   атқарды.  Өзiнiң 
көзқарастарын  ол  атақты  «Апологея  сумашедшего»,  «Философиялық 
хаттарында» баяндады. 
Чаадаев  католиктiк  Батысты  дәрiптеп,  оны  Ресейге  үлгi  тұтты,  ал  екiншi 
жағынан,  Ресейдiң  Батыстан  айырмашылығы  оның  ерекше  „Ғаламдық 
миссиясында” деп айтты.  
Ресейдiң  дамуын  европалық  үлгi  бойынша  насихаттайтын  бағыт  –  бұл 
батысшылдық.  Бұл  бағыттың  өкiлдерi:  А.И.Герцен,  Н.П.Огарев,  К.Д.Кавелин, 
Н.Г.Чернышевский,  Т.Н.Грановский  сияқты  ойшылдар  жатады,  олармен 
В.Г.Белинский,  И.С.Тургеневтер  тығыз  қатынас  орнатты.  Бұлардың  барлығы 
шiркеудi  сынап,  материализмге  сүйендi,  бұл  ағымнан  орыстың  революциялық 
демократтары өсiп шықты.  
Батысшылдар  Ресейдiң  „европаландыру”  идеясын  насихаттады  және  қорғады. 
Олардың  пiкiрiнше,  ел  Батыс  Европаға  бағдар  ұстай  отырып,  тарихи  қысқа 
уақыттың  iшiнде  экономикалық  және  мәдени  артта  қалушылығын  жойып 
еуропалық және әлемдiк өркениеттiң толыққанды мүшесi болуы тиiс. 
Славянофильдiк  болса  орыстың  ерекше  филсофиялық-идеологиялық  ағымы 
болып  табылады.  Славянофилдер  Ресейдiң  әлемдегi  ерекше  мессиандық 
(құтқарушылық) 
идеясын 
негiздедi. 
Славянофильдiктiң 
өкiлдерi 
батысшылдарға  да,  революциялық  демократтарға  да  қарсы  шықты.  Бұл 
бағыттан дiни орыс философиясы өсiп шықты. 
Славянофильдiктiң  негiзiн  қалаушылар  А.С.Хомяков,  И.В.Киреевский, 
К.С.Аксаков,  Ю.Ф.Самариндер  болды.  Бұл  идеялық  позицияға  В.И.Даль, 

184 
 
А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам 
қайраткерлерiнiң  шығармашылығы  бойынша  философия  Ресей   өркениеттi 
елдермен  бiр  қатар  болу  үшiн  Батыстан  алынған  үлгiлердiң  бiрi  емес,  ұлттық 
дамудың рухани жетiстiктерi шеңберiндегi қажеттi элемент.  
Ресей православиелiк рухани негiзге сүйене отырып, оны әлемдiк жетекшiлiкке 
әкелетiн ерекше жолмен жүруi тиiс.(отаншылдық, қоғамның толықтығын, жан-
жақтылығын дәлелдеуге тырысады.) Олардың пiкiрiнше, батыстық мемлекеттер 
жасанды  құрылымдар.  Керiсiнше  Ресей  органикалық  тұрғыда  қалыптасты,  ол 
„құрылған” жоқ, ол „өсiп шықты”. Ресейдiң бұл табиғи дамуын славянофилдер 
православиенiң  ерекше  әлеуметтiк  ұйым–селолық  (ауылдық)  қауымды 
тудыруымен  түсiндiредi.  Орыстың  қауымдық  құрылымы,  олардың  пiкiрiнше, 
ерекше тарихи жолды айқындайтын орыс халқының ең маңызды принципi. 
Жоғарыда  айтылғандай  славянофилдердiң  бастапқы  тезисi  Православиенiң 
шешушi рөлiн бекiту болып табылады. Олардың пiкiрiнше, дәл осы орыс жерiн 
жаратқан „орыс рухын” қалыптастырды. 
Православиенiң  өзге  дiндерден  артықшылығын  көрсететiн  қандай  қасиеттерi 
бар?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшiн  славянофилдер  әлемдiк  тарихтағы  әртүрлi 
дiндердiң рөлiн бағалайтын зерттеулер  жүргiзедi. Христиан дiнi үш iрi бағытқа 
бөлiнедi:  Католиктiк,  Православиелiк,  Протестанттық.  Бұл  бөлiнiстен  кейiн 
„еркiндiк  бастауы”  бұл  шiркеулердiң  кейбiреуiнде  өзiнiң  мәнiн  жоғалтқан. 
Славянофилдер  католицизимде  шiркеу  еркiндiгi  жоқ  деп  есептейдi,  өйткенi 
онда  Рим  папасының  күнәсыздығы  туралы  догма  бар.  Протестантизм  болса 
шiркеудiң  жойылуына  әкелетiн  адами  еркiндiктi,  индивидуалдық  бастауды 
абсолюттендiре  отырып,  өзге  бiржақтылыққа  ұрынады.  Тек  православие  ғана 
еркiндiк пен қажеттiлiктi үйлесiмдi түрде үндестiредi. 
Еркiндiк  пен  қажеттiлiктiң  үйлесiмдiлiгi  мәселесiн  шешу  үшiн  славянофилдер 
өздерiнiң философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип – соборшылдық 
(еркiн  қауымдастық)  ұғымын  енгiзедi.  Бұл  ұғымды  даярлаған  А.С.Хомяков. 
Ауылшаруашылық  қауымын  славянофилдер  асыра  дәрiптейдi.  Қауымның 
экономикалық  әрекетi  жеке  және  қоғамдық  мүдделердiң  үйлесiмдi  бiрлiгiн 
бiлдiредi. Селолық қауымның басты артықшылығы өз мүшелерiн тәрбиелейтiн 
рухани  адамгершiлiк  принциптерден  көрiнедi:  ортақ  мүдденi  сақтауға  дайын 
болу, патриотизм. Қауым өмiрдiң әлеуметтiк ұйымдасуының ең жақсы формасы 
және  қауымдық  құрылым  сонымен  қатар  мемлекеттiк  өмiрдiң  негiзiн  құрауы 
тиiс,  олардың  пiкiрiнше  ол  „Ресейдiң  тұрпайы  әкiмшiлiгiн”  алмастыруға 
қабiлеттi. 
Славянофилдердiң тұжырымдауынша „ресейлiк қоғамда қауымдық принциптiң 
таралуына  байланысты  соборшылдық  рух  беки  түседi”.  Әлеуметтiк 
қатынастардың  негiзгi  принципi  „барлығының  мүддесi  үшiн  өзiнен  бас  тарту” 
болып  табылады.  Осының  арқасында  дiни  және  әлеуметтiк  талпыныстар 
бiртұтас ағымға құйылады. Нәтижесiнде, славянофилдер „халықтық қауымдық 
бастаудың  шiркеулiк  қауыммен  жандануы”  деп  анықтайтын  iшкi  тарихтың 
мiндетi атқарылатын болады. 
 

185 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет