Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым



бет37/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері

Химиялық қару деп- улағыш заттардың зақымдаушы қасиеті организіміне уытты әсерін тигізуге негізделгенсоғыс қаруын айтамыз
Улағыш заттар – белгілі бір физикалық және химиялық қасиеттерге ие уытты химиялық заттар. Улағыш заттар адамдарды, малдар мен өсімдіктерді, азық-түлікті, су көздерін, техниканы зақымдау үшін қолданылады.
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды. Олар тыныс алу органдары, тері қабаты мен жаралар арқылы өтіп, адам организмін зақымдайды.
Улағыш заттарды топтастыру.
Улағыш қасиетіне қарай:
Жүйке-сал ауруына ұшырататын УЗ (табун, зарин, зоман, Ви-Икс )
Ви-икс – газдары мейлінше аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі де болмайды. Қысқы суықта қатпайды. Суда баяу / 5 процент / , ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Негізінен алғанда аэрозольдар түріңде қолданылады. Адамдарды тыныс алу органдары, терісінің ашық учаскелері жіне кідімгі киіміне сіну арқылы уландырады. Ви-икс жаздыгүні бір жерде 7-15 тәуілік бойы, ал қыстыгүні 2-3 айға дейін сақталып, зақымдандырады.
Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез – келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен де тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне, басқа да саңлаулы қуысы бар материалдарға тез сіңіп кете алады. Оның негізгі жауынгерлік зақымдауы буланып ұшып жүретін кезі болып табылады. Зариннің буы оны қолданған жерден бастап желдің бағытымен 20 километрге дейін тарала алады. Зариннің шұңқырлардағы, жыралардағы, подвалдардағы тұрақты сақталуы жаздыгүні бірнеше сағатқа, ал қыстыгүні 2 тәуілікке дейін созылады.
Осы тәріздес уландырғыш заттардың бір түрі – зоман. Ол уландырғыш қасиеті жағынан зарин мен ви-икс газдарының екі аралығынан орын алады.
Теріні күлдірететін УЗ (иприт) көпжақты зақымдау әсеріне ие. Бу тәрізді және тамшылы-сұықтық күйінде теріні және көзді зақымдайды, тыныс алу және ас қорту органдарын зақымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет