Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым



бет34/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері

Жарық сәулесі – спектрдің ультракүлгін, инфрақызыл аймақтарындағы және көрінетін көрінетін оптикалық жиіліктегі электромагниттік сәулелену.
Жарық сәулесінің зақымдау қабілетін анықтайтын негізгі көрсеткіш – жарық импульсі.
Жарық импульсы – жарық энергия мөлшерінің сол жарық түскен беттің ауданына қатынасы. Бет жарық таралу бағытына перпендикуляр орналасқан.
Жарық импульсының бірлігі – бір квадрат метр бетті жарықтандыратын, джоульмен өлшенетін энергия, джоуль/м2 немесе кал/с2.
Құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында, өрт аймақтары мынандай аймақтарға бөлінеді:
үйінділерде тұтанып жану U≥2000 кДж/м2;
тегіс өрт аймағы U=2000-800 кДж/м2;
жекеленген өрт аймағы U=800-100 кДж/м2

Жарық сәулесінің адамға әсері, ол – дененің ашық бөліктерін күйік шалу, көрмей қалу немесе көз қабыршықтарын күйдіру.


Күйіктке ауырлығы бойынша төрт дәрежеге бөлінеді.
Бірінші дәрежелі күйікте тері қызарады, ашып ауырады, үлбіреген ісіктер шығады.
Екінші дәрежелі күйік теріде көпіршіктердің түзілуімен сипатталады.
Үшінші дәрежелі күйік терінің жансыздануымен сипатталады.
Төртінші дәрежелі күйік терінің және теріасты клеткаларының ісінуімен сипатталады.
Иондағыш сәулелер
Өтімділік радиация – жарылыс болған аймақтан қоршаған ортаға таралатын – гамма сәулелері мен нейтрондар ағыны.
Бұдан басқа иондағыш сәулелер бета және альфа бөлшектер бөлінеді.
Гамма сәулелері көптеген радиоактивті заттардың ыдырауынан, ядролық реакциялар нәтижесінде бөлінеді. Гамма сәулелері – электромагнитті толқындар, рентген және жарық сәулелері тәрізді 300 000 км/сек жылдамдықпен таралады.
Бета сәулелері – электрондар мен позитрондар ағыны. Бета бөлшектері теріс зарядпен зарядталған. Олар радиоактивті ыдырау кезінде атом ядросынан бөлініп шығады. Қорғану үшін бірнеше миллиметр (қалыңдығы) алюминий қаңылтыны жеткілікті.
Сыртқы сәулену кезінде терінің ашық жерлерінде әр түрлі дәрежедегі радиациялық күйіктер пайда болады. - сәулелері тамақпен, сумен , ауамен ұшырайды және бұл жағдайда организм сәуле ауруларына ұшырайды.
Альфа сәулелері – оң зарядталған ауыр бөлшектер ағыны. Физикалық табиғаты жөнінен – бөлшектер гели атомының ядросы болып табылады және екі оң зарядталған электр заряды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет