Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.
Су тасқыны – қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде құрлық аймақтарын айтарлықтай су басу
Су тасқынының негізгі себептері:
Ұзақ нөсер жауын
Қардың және мұздың қарқынды еруі
Қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауы
Гидротехникалық үймереттердің бұзылуы
Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы
Өзен жолдарының бітеліп қалуы
Цунами
Су тасқынының түрлері:
Топан су – жергілікті аудандағы су деңгейінің көктемдегі қардың еруімен бірте-біртекөтерілуі;
Тасқын су – толассыз жауынның нәтижесінде су деңгейінің жылдам көтерілу;
Айдалған су тасқындары – қатты желдің ,өзен, көл суларын жағалауға айдауынан туындайтын су тасқыны;
Цунами – суасты жер сілкіністерінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауында туындайтын су тасқыны;
Бөгеттердің бұзылуы – гидротехникалық қорғаныс үймереттерінің бұзылуы немесе су көлемінің мөлшерден тыс құйылуы нетижесінде туындайтын су тасқыны.
Су тасқынының қиратушы факторлары:
Үлкен су массасының қарқынды ағысы;
Биік толқындар, су айналымдары;
Судың төмен температурас;
Судағы қалқынды заттар;
Электр сымдарының үзілген жағдайдағы электр тоғы;
Инфекциялық аурулар.
Су тасқыны кезінде
Адамдарды,малдарды, жеке мүліктерді және материялдқық бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары –теплоходтар, баржалар /суйретпе қайықтар/ катерлер, баркастар/ көп есікті қайықтар/, паромдар, моторлы қайықтар мен желқайықтар т.б. да құралдар түгелдей пайдалануы тиіс. Егер онда жүзу құралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ең қарапайым жүзу құралдарын әртүрлі салдар жасау керек. Сал жасау үшін тақтайларды, бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөлшектерді, билондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады.Әртүрлі мүліктер мен дүниелерді, материялдық бағалы заттардығ сондай-ақ малдарды тасу үшін жуан бөренедерден, сығаулардан сал жасау қажет, қайықтарды пайдаланып, олардың үстіне тақтайларды, бөренелерді, сырғауларды төсеп, шегелеп, байлап, тастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |