4. Акцияның түсімділігі және «дивидент» түсінігі. Түсімдік
көрсеткіштері.
Дивидент – акционерлік қоғамның ағымдағы жылдағы таза
пайдасы есебінен акционердің алатын табысын білдіреді. Дивидент
акционерлер арасында олардың номиналды бағасынан тәуелді түрде
қандайда бір үлес ретінде бөлінеді, яғни дивидент арқылы акционер
акционерлік қоғам тапқан пайдаға қатысуы жүзеге асырылады.
Дивидент келесі түрлерде төленуі мүмкін:
-
ақшалай түрде (дивиденттердің есеп айырысуы);
-
басқалай заттармен («табыстардың капитализациясы» немесе
реинвестициялау).
Бағалы қағаздардың иегері бола отырып инвесторлар дивиденттер
алуды тек акциялар арқылы жүзеге асырылатынын ескерулері керек,
яғни ағымдағы есеп айырылысулар (В) Бағалы қағаздары.
Акциялардың реализациясынан кейін оның иегері жалпы
табыстың екінші құрамын ала алады – курстық бағаның өсуі.
(Д
х
) ағымдағы табыстық:
100
х
Ц
В
Д
х
57
(Д
хр
)- ағымдағы нарықтық табыстық:
100
х
Ц
В
Д
р
хр
,
мұндағы Ц
р
– ағымдағы нарықтық баға.
(Д
хк
) – акционер өз акциясын реализациялағаннан кейінгі соңғы
табыстық:
,
100
)
(
1
х
Ц
Ц
Ц
В
Д
хк
ал егер инвестициялық кезең бір жылдан артық болса, онда:
,
100
)
(
1
....
1
х
ЦхТ
Ц
Ц
В
Д
i
хк
мұндағы Т – акцияның инвесторда болған уақыты.
Егер инвестициялық кезең дивиденттерді төлеу уақытын
ескермеген болса, онда табыс келесі түрде есептеледі:
100
1
х
Ц
Ц
Ц
Д
хк
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,7,9,11,12,13,14,16,18,20
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,9,10,11,12,14,16.
Тақырып 5. Облигация және оның түрлері
1. Облигацияның экономикалық мәні
2. Облигацияның классификациясы
3. Облигацияның табысы және «дисконт»
1.
Облигацияның экономикалық мәні
Облигация – Бағалы қағаз иегерлерінің (кредиторлар) және оны
шағарушылар арасындағы қарыз қатынастарын куәландыратын қағаз.
Облигация – бұл өзіне міндетті түрде екі элементті қосатын ұзақ
мерзімді куәлік:
Облигация мұқабасында (лицензиялық жағында) көрсетілген
сомманы мерзімі аяқталғанда иегеріне қайтаруға эмитентті
міндеттейді;
Номиналды бағадан пайыз түрінде облигацияны ұстаушыға
төлем беру эмитент міндеті.
Облигация қасиеті:
эмитенттің ұзақ мерзімді міндеті;
табыстан асатын бюджеттің шығындарының көзін құру;
акционерлік қоғамдардың инвестицияларын қаржыландыру көзі;
58
тұрғылықты халықтың және мекемелердің жинақтарының
түрлері және олардан алынған табыс.
2.
Облигацияның классификациясы
Облигациялар белгілері бойынша классификацияға жіктеледі:
1.
Эмитантке байланысты облигациялар бөлінеді:
мемлекеттік;
муниципалды;
корпорациялық;
шет елдік.
2.
Облигациялық қарыз мақсатына қарай бөлінуі:
қарапайым;
мақсаттық..
3.
Шығарылу мерзіміне қарай:
қайтару мерзімі көрсетулі облигациялар;
қайтару мерзімі көрсетілмеген облигациялар.
4.
Иегерлік ретіне қарай:
атаулы;
ұсынылған.
5.
Орналастыру әдісіне қарай:
еркін орналастырылған облигациялар;
міндеттеу арқылы орналастырылған облигациялар.
6.
Облигацияларды қайтару түріне қарай:
ақшалай түрде;
табиғи түрде.
7.
Купондық табысты төлеу әдістеріне қарай
Облигациялар төмендегі түрлерге жіктеледі:
-
тұрақты купондық бағалы облигациялар;
-
ауыспалы купондық бағалы облигациялар;
-
қайтару жылдарында бірыңғай өсетін купондық бағалы
облигациялар;
-
минималды немесе нөлдік купонды облигациялар;
-
таңдау бойынша төлемі бар облигациялар;
-
аралас типті облигациялар.
8.
Айналым сипаттамасы бойынша:
конвертирленбейтін облигациялар;
конвертирленетін облигациялар.
3.
Облигацияның табысы және «дисконт».
Қаржылық нарықтағы өзге де Бағалы қағаздар секілді инвестиция
объектісі бола отырып өз иегерлеріне табыс әкеледі.
59
Облигациялардан түсетін жалпы пайда төмендегі элементтерден
құралады:
мерзімді төленетін пайыздар (купондық табыстан);
келісімді мерзімде облигацияның құнының ауысуы;
алынған пайызды реинвестициялаудан пайда.
Дисконтирлеу келесі формула бойынша есептеледі:
100
1
1
ТС
Н
К
рд
мұндағы К
рд
– дисконтпен сатылған облигация бағасы, тенге;
Н – облигацияның номиналды бағасы, тенге;
Т- облигация қайтарылатын жылдар саны;
С- ссудтық пайыз нормасы немесе реқаржыландыру мөлшері, %;
100
*
1
1
-
дисконттық
көбейткіш;
номиналды
бағада
облигацияны сату бағасындағы үлесін көрсетеді.
Акциялар секілді облигациялар бойынша да ағымдағы табысты
және толық немесе соңғы табысты көрсетеді.
Ағымдағы табыс (С
тек
) көрсеткіші облигация бойынша жылдық
түсімін оны сатып алуға кеткен шығынына қатысты көрсетеді. Ол
төмендегі формула бойынша есептеледі:
100
х
К
Д
С
р
тек
Соңғы табыс (С
кон
) көрсеткіші келесі формула бойынша
анықталады:
100
*
* п
К
Р
Д
С
р
сп
тек
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,7,9,11,12,13,14,16,18,20.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,9,10,11,12,14,16.
Тақырып 6. Вексель және оның қасиеттері
1.
Вексель несиелік ақшаның ерекше түрі ретінде
2.
Вексель түрлері
3.
Векселдік амалдар
Вексель – қандай да бір адамға белгіленген соманы белгеленге
орында төлеуге міндеттейді.
Вексель қасиеттері:
1.
Вексель – абстракты ұзақ мерзімді міндеттілік;
60
2.
Вексель – қатаң анықталған реквизиттері жинақталған ақшалай
құжат;
3.
Векселдің қасиеттеріне жауапкершілік жатады;
4.
Вексельдік міндеттің заты тек ақша бола алады.
2. Вексель түрлері
Вексельді екі түрге бөледі: қарапайым және аудармалы . Өз
кезегінде қарапайым және аударымдық вексельдер пайыздық,
дисконттық болып жіктеледі.
Аудармалы вексель (тратта) – үш жақтың вексельдік
қатынастарын реттейтін құжат: кредитор (трассант), қарыз адам
(трассата) және төлем алушы (ремитент).
Аударымдық вексель немесе траттаның акцепті - бұл төлеуге
әкелген вексельді вексельді ұстаушы пайдасына төлеуге келісу.
Акцепт жасаған адам акцептант деп аталады.
3. Вексельдік амалдар
1. Индоссамент – вексельдің екінші жағында жазылған аударым
жазуы. Индоссамент вексель бойынша талапты бір адамнан екіншіге
адамға аудару құқығын тіркейді.
2. Аваль – вексельдік тапсырыс, вексель бойынша жауапты бір
немесе одан да көп адамдардың төлем бойынша жауапкершілігін бір
жанның өзіне алуы.
3. Вексельдік домициляция – қандайда бір үшінші жанды төлеуші
етіп бекіту. Әдетте бұл функцияны банктер атқарады.
4. Вексельдер протесті , вексельдермен орындалатын амалдар қатаң
тіркелген. Бұл процестің мағынасы сол төлемді немесе акцепті талап
етудің және оны алудың арнайы куәлігі.
5. Вексельдерді тіркеуге қою және қайта тіркеу. Банк вексельді
ұстаушыға вексельді сатып алу арқылы төлем уақыты жеткенге дейін
вексельдік несие береді.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,7,9,11,12,13,14,16,18,20.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,9,10,11,12,14,16.
Тақырып 7. Банктік сертификат
1.
Сертификат мінездемесі және оның түрлері
2.
Сертификаттармен жұмыс жасау шарттары
1.
Сертификат мінездемесі және оның түрлері
Банктік сертификат – банкке салынған соманы куәләндіратын
Бағалы қағаз. Салым сомасын және сертификатта көрсетілген банк
қосатын пайызды бекітілген уақыт өткеннен кейін қайтарып алуға
61
сендіреді.
Банктік сертификаттар түрлері:
Депозиттік сертификат;
Жинақтау сертификаты
Егер салымшы ретінде заңды тұлға алынса, онда депозиттік
сертификат жасалады да жеке тұлғалар үшін жинақтау сертификат
болады.
2.
Сертификаттармен жұмыс жасау шарттары
Депазиттік сертификаттардың айналым уақыты бір жылмен
шектеледі.
Жинақтау сертификаттардың айналым уақыты үш жылдан аспауы
тиіс.
Сертификаттар сатылған тауарларға немесе көрсетілген қызметтерге
төлем не есеп айырылысу құралы бола алмайды.
Депозиттік сертификаттарды сату – сатып алу есеп айырылысулары
тек ақшалай емес ретпен қолма-қол емес жүзеге асырылады.
Сертификат бойынша талап қою құқығын беру қарапайым жолмен
сертификатты беру арқылы жүзеге асырылады.
Атаулы сертификат (цессия) бойынша талап қою құқығын беру
оның екінші жағына екі адамның келісімінің толтырылуы арқылы
жүзеге асырылады. Біріншісі - өз құқығын беруші (цедент), екінші –
құқыққа ие болушы (цессионар).
Құқықты бекіту туралы әр сертификат цедент арқылы алынады.
Құқықты беру туралы келісім – шарт жинақтау сертификатында екі
жақ та өзінің жеке қолын қоюы тиіс.
Сертификатта көрсетілген пайыз мөлшері сертификаттың айналым
мерзімінде өзгертілмейді.
Банк жинақтау немесе депазиттік сертификатты мерзімінен бұрын
төлемге ұсынғанда салым сомасымен бірге пайыз сол уақытқа дейін
есептеліп төленеді, егер жеке пайыз анықталған болмаса.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,7,9,11,13,14,20.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,9,10,11,12,14,16.
Тақырып 8. Туынды Бағалы қағаздар
1.
Туынды Бағалы қағаздар түсінігі және сипаттамасы
2.
Туынды Бағалы қағаздардың түрлері
3.
Туынды Бағалы қағаздардың құны және оны анықтайтын
факторлар
1.
Туынды Бағалы қағаздар түсінігі және сипаттамасы
62
Туынды Бағалы қағаздар –Бағалы қағазы негізінде жатқан
биржалық активтің бағасының ауысуынан туындайтын заттық
құқықтың құжатсыз түрі.
Туынды Бағалы қағаздар – сәйкес биржалық активтің
бағасының ауыспалы болуы нәтижесінен пайда табуға мақсатталған
Бағалы қағаздар класы.
Туынды Бағалы қағаздардың ерекшеліктері:
-
биржалық актив негізінде олардың бағасы құралады; биржалық
актив ретінде өзге Бағалы қағаздар алына алады;
-
туынды Бағалы қағаздардың айналымының сыртқы түрі негізгі
Бағалы қағаздардың сырт түріне ұқсас келеді;
-
өмір сүру мерзімі биржалық актив (акциялар – мерзімі
шектеусіз, облигациялар – жыл және он жылдық) өмір сүру
мерзімімен салыстырғанда шектеулі (әдетте бірнеше минуттан
бірнеше айға дейін);
-
олардың сатып –алуы минималды инвестиция кезінде басқа
Бағалы қағаздармен салыстырғанда пайда табуға мүмкіндік
береді. Себебі, инвестор инвестор активтің толық бағасын емес
тек кепілдік (маржалық) салымын төлейді.
2.
Туынды Бағалы қағаздардың түрлері
Туынды Бағалы қағаздардың екі түрі бар:
фьючерстік келісімдер;
еркін айналымды немесе биржалық опциондар.
Фьючерстік келісімдер – келісім жасаушылардың сол уақытта
келешектегі қандайда бір мерзімге анықтап бекіткен биржалық
активтің сату – сатып алу келісімінің стандарт шарты.
Фьючерстік келісімдердің түрлері:
қысқа мерзімді фьючерстік келісімдер;
ұзақ мерзімді пайыздық фьючерстік келісімдер;
қор нарық индексіне фьючерстік келісімдер;
валюталық курсқа фьючерстік келісімдер.
Еркін айналымды опциондық келісім (биржалық опцион) –
биржалық активті сатуға немесе сатып алуға құқық беретін стандарт
биржалық келісім.
Опционды сатып алушы оны ұстаушы немесе оның иегері деп, ал
сатушыны – жазып беруші деп атайды.
Орындалу мерзіміне қарай опцион екі типті болуы мүмкін:
- американдық тип, опцион амал ететін мерзім біткенге дейінгі кез –
келген уақытта орындалады;
63
- европалық тип, тек амал ететін мерзім біткен кезде орындалады.
Опциондардың фьючерстер арасында аналогы жоқ класстары бар.
Ол – фьючерстік келісімдегі опциондар.
3.
Туынды Бағалы қағаздардың құны және оны анықтайтын
факторлар
Кез –келген нарықтық баға секілді фьючерстік келісім бағасының
да өзіндік объективті негізі бар, ол – құны.
Фьючерстік келісім құнының математикалық есебі оған қатысы
бар факторлардан тәуелді болады. Мысалы, тұрақты факторларды
ескеру мына формуламен есептеледі:
360
Д
хПх
Ц
Ц
С
а
а
а
Егер биржалық актив өз бетімен қандайда бір табыс әкелсе
(акциялар бойынша дивидент немесе пайыз), онда ол табысты банктік
пайыздық мөлшерден алып тастау керек және де формула мына түрге
ауысады:
360
)
(
Д
х
П
П
х
Ц
Ц
С
а
а
а
а
Опцион құны екі бөліктен құралады:
опционның ішкі құны;
опционның уақытша құны.
Фьючерстік және опциондық нарықта сауда стратегиясының екі
негізгі тип бар:
-
хеджирлеу;
-
спекуляция.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,9,11,13,14,20.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,9,10,11,12,14,16.
Тақырып 9. Қор биржа
1.
Қор нарығы түсінігі және міндеттері
2.
Биржаның ұйымдық құрылымы
2.
Қор нарығы түсінігі және міндеттері
Қор биржасы- Бағалы қағаздар нарығының оларды сату – сатып
алуды ұйымдастыратын бөлігі. Заң бойынша қор биржасы Бағалы
қағаздар нарығында депазиторлық және клирингтіктен өзге кәсіптік
қызметтің басқа түрлерін көрсете алмайды.
Қор биржасының міндеттері:
-
бірінші міндеті: нарықта орын алып беру;
-
қор биржасының екінші міндеті: бірқалыпты қор бағасының
туындауын есептеу;
64
-
биржаның үшінші міндеті: уақытша бос ақшаларды
аккумуляциялау және де меншік құқығын ауыстырып беруге
көмек ету;
-
қор биржасының төртінші міндеті: биржалық сауданың
ашықтығын, дұрыстығын қамтамасыз ету;
-
бесінші міндеті: арбитражды қамтамасыз ету;
-
биржаның алтыншы міндеті: биржалық залда жасалған
келісімдердің орындалуына кепілдік беру;
-
биржаның
жетінші
міндеті:
биржалық
сауданың
қатысушыларының мінез – құлық кодексін, әдеп стандарттарын
құру.
3.
Биржаның ұйымдастырушылық құрылымы
Қор биржасында Бағалы қағаздарды сату құқығына тек оның
мүшелері ие болады. Заңда атап көрсетілгендей қор биржасының
мүшелері олар акционерлер, Бағалы қағаздар нарығының кез – келген
кәсіби қатысушылары.
Биржаның мүшесі биржада брокерлік орын, сатуға құқық алуы
керек, сонымен бірге биржаның сауда аумағында өзінің адамы –
трейдер ұстауы тиіс. Биржа мүшесі биржада бірнеше орын сатып ала
алады және де аға трейдер жетекшілігімен өзінің командасын құра
алады.
Қор биржасы өзінің алдына қойылған міндеттерді орындай алуы
үшін оның тиімді ұйымдастырушылық құрылымы болуы тиіс.
Биржа мүшелерінің жиналысы жылына тек бір рет болғандықтан,
биржаны оперативті басқару үшін Биржалық кеңес таңдалады.
Кеңес құрамынан басқарма құралады және де ол биржаға
оперативті түрде жетекшілік етіп, оның қызығушылығын мекемелер
арасында танытуы тиіс.
Биржаның қаржылық – шаруашылық қызметіне бақылау жасау
Ревизиялық комиссиясы жүзеге асырады. Бұл құрам биржаның
жалпы мүшелерінің жиналысында Биржалық кеңеспен бірге
таңдалады.
Қор биржасының стационарлық құрылымы шаруашылық
биржалық қызмет жүргізу үшін қажет.
Стационар құрылым өз кезегінде орындаушы (функционалды)
және мамандандырылған болып бөлінеді.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,9,11,13,14,20.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,9,10,11,12,14,16.
65
Тақырып 10. Биржалық мәмілелер
1.
Биржалық мәмілелердің жалпы сипаттамасы
2.
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелердің классификациясы
3.
Клиринг және Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер
бойынша есеп айырылысу
1.
Биржалық мәмілелердіңдің жалпы сипаттамасы
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер – Бағалы қағаздарға
салынған мүліктік құқықтардың туындауынан, өзгеруінен немесе
тоқтатылуына байланысты пайда болатын келісім.
Мәмілелердіді төмендегідей көзқараспен қарауға болады:
ұйымдастырушылық;
экономикалық;
құқықтық;
әдептілік.
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер
дің мазмұны:
мәміле объектісі;
мәміле көлемі;
мәміле жасалатын баға;
мәмілені орындау мерзімі;
мәміле бойынша есеп айырысу мерзімі;
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелердің өмірлік цикліне
төмендегілер енеді:
мәміле жасау;
клиринг;
мәмілені орындау.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |