Қазақстан республикасының білім және ғылым



бет28/34
Дата11.04.2022
өлшемі349,48 Kb.
#30572
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
АФО тәжірибелік жұмыс жинағы (копия)

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.


Тапсырма №1

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.


Тапсырма №2 Кәсіпорын табыстылығы бойынша есептер шығару

Кесте 1 — «ФудМастер» ЖШС-нің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері





Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2019ж.

20020ж.

Ауытқуы

 


өзгерімі

%


1

Өнім көлемі

тонна

17858,0

19674,0

+1816,0

+10,1

2

Еңбекақы қоры

мың тг.

79218,9

115512,7

+36293,8

+45

3

Жұмыскерлердің жалпы саны

адам

437

587

+150

+34,3

4

1жұмыскерге шығымдылық

теңге

121078

117329

-3749

-3,1

5

Орташа айлық еңбекақы

теңге

17683

20492

+2809

+15

6

ҚҚС-сыз жалпы табыс

мың тг.

566645

691301

+124656

+22

7

Шығындар (өз, құн)

мың тг.

469690

614598

+144908

+31

8

1 теңге пропорцияға шығындар

тиын

0,83

0,89

+0,06

+7,2

9

Рентабелділік

%

20,6

12,5

-8,1

-39

10

Бағалы қағаздар

мың тг.

1110,0

1110,0





11

Негізгі құралдар

мың тг.

200020,3

267827,3

+67807

+34

12

Негізгі өндірістік қорлар

мың тг.

861113,6

127235,5

+41121,9

+47,7

13

Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы

мың тг.

25266,6

53510,0

+28243,4

+111

14

Бюджетке аударымдар

мың тг.

17658,6

12462,0

-5196,6

-70,5

15

Таза табыс

мың тг.

82717,3

44602

-38115,1

-54

Ескерту «ФудМастер» ЖШС-ның жылдық есептемелері бойынша


4-тақырып. Төлем қабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері
Жұмыс мақсаты: Төлем қабілеті, төлем төлеуге қабілеттілік – мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың төлем бойынша өз міндеттемелерін өздерінде бар ақшалай қаражаттың есебінен толық орындауға қабілеттілігі. Кәсіпорын, егер өзінде бар ақшалай қаражат, қысқа мерзімді қаржы салымы (бағалы қағаздар, басқа кәсіпорындарға уақытша ақшалай көмек) және актив есептесулер (дебиторлармен есептесулер) өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін (қысқа мерзімді несие мен қарызды, кредиторлық берешекті) өтейтін болса, төлем төлеуге қабілеттілігін талдау

Сабақтың ұзақтығы (академиялық сағатпен): 270 минут

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Төлем қабілеттілігін талдау

  2. Өтімділік қабілеттілігін талдау

  3. Қаржылық әдістерді талдау


Қысқаша теориялық мәліметтер

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздары өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарынның сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет