Техника қауіпсіздігінің ережелері ДК жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
ДК-ді іске қосу кезінде оның көзге көрініп тұрған бұзылған, зақымданған жерлері бар-жоғына көз жеткізу қажет;
Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;
Оқытушы тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда оқытушыға беру керек;
Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты оқытушының рұқсатымен ғана бастау керек.
ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде одан 60-70см қашықтықта, бірақ монитор экранынан кем дегенде 50см қашықтықта қисайып, еңкейіп, жатып алмай, денені тік ұстап отыру қажет. Тұрақты көзәйнегі бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс істеуі керек.
ДК-де жұмыс істеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзін-өзі бақылап отыруды қажет етеді.
Әлсіз жарықтандырылған және адам өзін-өзі нашар сезінген жағдайда жұмыс істеуге болмайды.