35
революциялық маузермен – Қазан төңкерісі кезіндегі интервенция мен
В.В. Маяковский өлеңі); аллюзиялар
(бұлғақ; Қазір патша Петрді де,
әулие Петрді де талақ етіп, Ұлы Көсем атын иелену құрметіне жеткен
қанды қалада кәрі шешесі қалған; Кейін естідім, Қорабай өзі қатарлас
біраз жігітпен бірге Созақ көтерілісі кезінде қазаға ұшырапты; ақ
генералдар; Ерікті қозғалысы; Сібір үкіметі), атақты ойшылдар мен
жазушылардың есімдері, Азия тарихына қатысты
көптеген деректер оның ой-
өрісінің кең екендігін танытады. Стамбек өз жағдайын ашық та, астарлап та
көрсетеді. Сол үшін ол Лесковтің повесін қысқаша, бірақ мәнерлеп
суреттейді, яғни өзі мен Лесков кейіпкері арасында параллель туғызады.
Оқырман бұл ассоциациямен күнделіктің кіріспесінде еске түсірілген шетел
жазушысы В. Ирвингтің Рип Ван Рикль есімді кейіпкері арқылы пайда
болған ақпарды толықтыра түседі. Аталған
шығармалар арқылы берілген
прецедентті жағдайлардың екеуі де Стамбекке жақсы таныс болғанмен,
көпшілік оқырманға аса мәлім емес, сондықтан да автор Сары қазаққа осы
жағдайлар жөнінде аз да болса мәлімет бергізе кетеді.
Арнайы баяншы мен Сары қазақтың күнделігіне түрлі қыстырынды
құрылымдар енгізу арқылы автор «...баяндалатын
оқиға желісіне қосымша
түсінік не болмаса айқындық» [57:684] беріп отырады.
Функционалды-
семантикалық тұрғыда қыстырынды құрылымдар түсіндірмелі, нақтылаушы,
сілтемелік, толықтырушы болып бөлінетіндігін ескерсек, бұлар мәтін
модальділігін түзуге де қызмет ететіні сөзсіз.
Вертикал контекстің бір көрінісі болып саналатын цитаталарды Стамбек
кейде дәлме-дәл, кейде түрлі өзгерістермен береді. Олар полифункционалды,
яғни авторға Сары қазақты мінездеу үшін қызмет етсе, Стамбек жаңа тапқан
туыстарын сипаттауға, ойын нақтылауға, дәлелдеуге қолданады.
Көркем шығарманың астарлы ойын дистантты лексикалық қайталамалар
түзетінін көрсеткен Т. Сильманның [47] пікірін дәлелдейтін мына бір мысал
вертикал контекстің де көрінісі: большевиктердің алғашқы «Искра» газетінде
жарияланған ұранын күнделігінің бас жағында
келтірген Стамбек оның бір
ғана сөзін өз хикаясының соңына қарай қайтара қолданады:
Бірақ
Достарыңызбен бөлісу: