59
Контрастың ең қарапайым түрі антонимдер арқылы көрінетіні мәлім.
Кереғарлық тек жеке сөз, сөз тіркесі, микроконтексті ғана емес, көркем
шығарманың барлық деңгейін қамтып, оның мән-мағынасының дұрыс
қабылданып, ашылуына қызмет етеді.
Контраст сөзі ғылыми-зерттеу әдебиетінде жиі кездеседі, өйткені көркем
шығармадағы образдар жүйесі, концептуалды мазмұн, кейіпкерлердің іс-
әрекеті қайшылықсыз болмайды. Контраст бір шығармада ашық байқалса,
енді бірінде жасырын көрінеді. Бүкіл концептуалды-мазмұндық ақпарын
контраст атауға жинақтаған көркем текстер әлемдік және ұлттық әдебиетте
аз емес. Мәселен, неміс Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», орыс Ф.М.
Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», қазақтар Ә. Нұршайықов пен Ә.
Нұрпейісовтің «Ақиқат пен аңыз», «Қан мен тер» туындыларын атасақ та
жеткілікті.
Жақсылық пен жамандықтан, қуаныш пен реніштен, күлкі мен көз
жасынан, мейірім мен қаталдықтан тұратын тіршілік деп аталатын үдеріс
ұлттық танымы мен европалық білімі ұштасқан М. Жұмабаевтың
шығармашылығында жаңа, соны бейнелерге, символдарға толы өлеңдер
тууына әсер етті.
«М. Жұмабаев өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-
түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның творчествосының бір қырында,
яғни таразының бір жағында мұңды толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет,
күйініш жатса, таразының екінші басында романтикалық өршілдік, махаббат,
сүйініш-күйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы-қасірет шеккен,
азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына
шалынып, соған шарпылған!» [73:15]. Сондықтан да болар, ақын өлеңдерінде
контраст мәнді сөздердің мол қолданылатыны, әсіресе олардың қатар
жұмсалуы жиі кездесетіні анық байқалады. Суреткер көптеген
туындыларында лексикалық және контекстік антонимдерді бір бунақ немесе
бір шумақ көлемінде контраст жасап, мәтінді дамытып, түзуге пайдаланса,
кейбір өлеңдерінің атауын антитезаға құрған: «
Батқан күн, атқан таңның
жыры», «
Мешіт һәм абақты», «Бүгінгі күн
өмір, өлім - менікі». Ал «Орал»
өлеңі түгелдей контрасқа құрылған:
Ұзын Орал күн мен түн шекарасы,
Бір жағы – күн, бір жағы – түн баласы.
Арғы жағы – көк көзді жын ұясы,
Достарыңызбен бөлісу: