Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата30.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#46201
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

Өлі тірі өсімдікті қолыма ап,
Қуана алмай өзімді-өзім қинадым. 
Ерекшеленген сөзқолданыстар оксюморон ретінде құрылғандықтан
оқырман сол сәтте оқу үдерісін тоқтатып, олардың семантикасына, 
уәжділігіне ой жібереді.
Ал мына мысалда оқырманның назарын аударатын құрылым – хиазм 
типті екі тіркес:
Діндарша өтірікке ерік бермен, 
Жан емен шындықтан да жеріп көрген. 
Құдайды көргенім жоқ, бірақ көрдім, 
Кісіні құдайды да көріп келген. 
Күніге құлағымда ақылды үні, 
Жаңа өлең туып жатыр, міне, 
Ол жанның әкімдігі менен биік 
Және де биік менен ақындығы (Ж. Жақыпбаев). 
Мәтіннің атауын статикалық және динамикалық тұрғыдан қарастыруға 
болады: алғашқысында шығарма мазмұнынан жалпы хабардар ететін болса, 
оқылып біткеннен кейін ол мәтіндегі мазмұндық-нақты, мазмұндық-
концептуалды және мазмұндық-астарлы ақпармен толығып, тиянақталады. 
Шығарманың атауына шығарылған сөз мәтіндегі басқа сөздермен 
байланысқа түсу арқылы тура мағынасынан айрылады да, көптеген жаңа 
мағыналарға ие болып, семантикасы аса бай әрі генеративті, әрі кумулятивті 
бірлікке айналады. Мысалы, Д. Исабековтің «Қарғын» романының атауы бір-
ақ рет кездескенмен, бас кейіпкер Жасынның ішкі дүниесін тазартып өткен 
өзгерісті аңдатады. Бұл орайда кезінде Ғ. Мүсіреповтің дуалы аузына іліккен 
«Бесін» кітабының атауын алсақ та жеткілікті. А. Сүлейменовтің «Бесатар» 
повесінің соңғы бөлімі осы сөзбен аталады, яғни оқырман үшін 
лексикографиялық анықтамасы түсінікті сөздің кітап атауына шығарылу 
себебі анықталады. Бұл сөз, екінші жағынан, ұсыну қағидатына сәйкес күшті 
позиция саналатын соңғы сөйлемнің де (абзац, күрделі синтаксистік 
тұтастық) жүгін атқарып, мәтіннің тұтастығын қамтамасыз ететін түрлі 
санаттардың интеграциясын көрсетіп тұр.
Қабылдау стилистикасында мәтіннің күшті позицияларының қатарына 
оның атауы да жатады. Атауына цитата алынған бірнеше шығарманы атасақ 
та жеткілікті: Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы 
мен С. Ақсұңқарұлының бір туындысының атауына Абайдың «Есіңде бар ма 
жас күнің» өлеңінің бір жолы алынса, Д. Исабековтің «Гауһартас» повесі 
халық әнінің бір сөзімен аталған. Қазақтың белгілі сыншысы, публицист Т. 
Шапай Абай шығармашылығына арнаған кітабын ұлы ақынның бір жолымен 
«Шын жүрек – бір жүрек» деп атаған. Ақын Ғ. Жайлыбайдың «Бір қыз бар 
Жезқазғандасы» Естайдың бір жолының өзгертілген цитатасы болса, Г. 
Салықбайдың «Ана жақ пен мына жақ» өлеңіне Ж. Жақыпбаев өлеңінің бір 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


62 
жолы алынғанын эпиграф тікелей көрсетіп тұр. Аталған көркем мәтіндердің 
түсініліп, қабылдануы атауға сай, прецедентті мәтінмен ыңғайлас болса да, 
мазмұндық-концептуалды ақпараттың ыңғайластығы да, тосындығы да, 
кереғарлығы да кездеседі. 
Ж. Жақыпбаев өз өлеңін «Мұң. Бір түн...» деп атапты, бұл бірден 
Шығыстың атақты «Мың бір түн» классикалық шығармасын еске түсіреді. 
Араб әдеби ескерткішінің цитацияға алынған атауы дыбыстық, синтаксистік, 
пунктуациялық, графикалық өзгерістерге ұшыраса да, танылуы оңай. Осы 
ақынның «Көзбен жалғыз күй шертер» өлеңі Құрманғазының «Қайран 
шешем» күйімен байланыстырыла алады, яғни прецедентті құбылыстардың 
белгісі ретінде мұндай цитаталар жаңа мәтін мен бұрынғы мәтін арасында 
семантикалық түрлі байланыстар орнатады, ал бұл байланыстар оқырманның 
осы мәтінді интеграциялауына – біртұтас, аяқталған көркем туынды 
қалыптастыруына қызмет етеді. 
Көркем мәтін атауына шығарылған прецедентті атау, әдетте, өзі алынған 
контекспен ассоциация нәтижесінде автордың жаңа шығармасына бағалау, 
субъективті мән үстеп, оның семантикасын толықтырады, байытады.
Атауы мәтінаралық байланыстарға негізделген шығармалардың бірі – М. 
Мағауиннің «Бір нәзік сәуле» әңгімесі. Әңгіменің атауы бірден Қ. 
Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» ӛлеңін еске тҥсіреді, яғни прецедентті 
мәтіннен ҥзіліп алынған, ӛлеңмен семантикалық байланысы берік цитата 
деуге болады: Өңімде ме еді, түсімде ме еді. Көріп ем ғой бір армандай 
қызды... Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.  
Жазушы қолданып отырған нәзік сәуле ақын контексінен екенін осы 
шумақтағы лексикалық бірліктердің парадигматикалық, синтагматикалық 
байланыстары көрсетеді: Соғыс болған жоқ. Апат келген жоқ. Бейбіт, 
тыныш заман; елес іспетті ғажайып қыз. 
Жалпы, бұл әңгімеде тағы бір прецедентті айтылым бар, оны автор 
тырнақшаға алып, басқа стиль мәтіні екенін өзі көрсетеді, себебі Кеңестер 
Одағы уақытында кез келген газет айдарына шығарылған «Толған мақсат – 
толған таңдау» ұраны сол кездегі лингвомәдени қоғамның барлық мүшесіне 
жақсы таныс болғанмен, қазіргі оқырман үшін мүлдем бейтаныс. 
Қ. Аманжолов контексінде жеке адамның пенделік өміріндегі ғажайып, 
құпия бір күштің, үміттің символы болып көрінген нәзік сәуле М. Мағауин 
әңгімесінде мәтінтүзушілік қызмет атқарып, «Алла тағала сыйға тартқан, 
сый емес, аманатқа берген өнер. Аруақ алқаған өмірлік мұрат» ретінде жеке 
тұлғаның рухани, 
шығармашылық 
болмысының, жалпыадамзаттық 
құндылықтың символына айналған. Бұл прецедентті айтылымның о бастағы 
ассоциациясын, коннотациясын, семантикасын, яғни қабылдау инвариантын 
пайдаланғанын автор өзі нақтылай отырып, мәтіннің соңына қарай оларды 
түбегейлі өзгертеді. Мағыналық ұйытқы сөз ретінде әңгіме оқиғасын
семантикасын үміт сәулесі, сәулелі арман, жарық күннен үміт мол, сәулелі 
нұр, жалғыз-ақ сәуле – жарық нысана, нәзік сәуле, нұрлы жарық, сәулелі 
қыз, жаңа бір сәуле, басқа бір жарық нұр, ең нәзік сәуле, Киелі Жазу түрінде 
дамытып, мәтінді тиянақтаған прецедентті айтылымның ассоциациясы мүлде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


63 
өзгеріп, қаламгердің ашық оң бағалауы нәтижесінде жағымды модальділік 
тудырған.
Ал эпиграфтардың көлемі, типі, саны, ондағы ақпардың түрі, алынған 
дереккөзі әр алуан болғанмен, олар мәтін семантикасын ашуға, түсінуге, 
қабылдауға, интерпретациялауға тікелей әсер етеді. Басқаша айтқанда, 
эпиграф мәтінді интерпретациялау бағытын көрсетеді. Мәселен, А. 
Сүлейменовтің «Ситуация» повесіне эпиграф ретінде Грэм Гриннің 
әңгімесінен алынған сентенция қолданылса, Т. Әбдіковтің «Парасат 
майданы» шығармасына екі эпиграф берілген, бірі – Гамлеттің монологінен 
үзінді, ал екіншісі – авторлық афоризм. Поэзиялық туындыларға алынған 
эпиграфтар әрі өлең, әрі қара сөз түрінде болуы мүмкін. Г. Салықбайдың 
«Шайхы» өлеңдер циклына берілген екі эпиграфтың бірі қаламгер сөз арнап 
отырған Ахмет Иассауидің өзінікі, ал М. Мақатаевтың атақты «Бақыт деген» 
өлеңінің эпиграфына баласының сөзі жұмсалған: «Мұғалима бізге бақыт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет