Қазақстан республикасының білім жәНЕ



бет1/5
Дата27.02.2023
өлшемі214,85 Kb.
#70013
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Есеп және қаржы кафедрасы



СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры)

Оқытушы: Ноянов Еділ


Студент:Темірхан Қарақат
Мамандығы:Есеп және аудит

Алматы, 2023ж


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Ұлы Дала аумағындағы көшпелі тұрмыстың ерекшелігі

  3. Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы

  4. Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасуы

  5. Мемлекеттік биліктің әсері және белгілері

  6. Көшпелі мәдениетке тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары

  7. Қорытынды

  8. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды.
«Бүгінгі қазақ халқы - сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», - деп сонау 1992 жылдың өзінде, тәуелсіздіктің таңсәрі шағында, Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында айтқан Елбасымыз осы жылдардың өн бойында тарихқа құрметпен қараудың, өткенімізден өнеге алудың үйренерлік үлгісін көрсетумен келеді. 
Қазақстан - Еуразиядағы ежелгі өркениетті жер. Көп ғасырлар бойы Қазақстан жерінде ұлы хандықтар мен мемлекеттер құрылып күйреген.. Қазақ халқы ата-бабаларының тарихы дүниежүзіндегі өркениетте маңызды орынға ие. Қазақ даласы тарихи сүргін майданына айналған. Этнос, көшпелі-сақ (скиф), ғұн, түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының қатысуымен, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптаса бастады. Бұл тайпалар Еуразия жерінің кең аймағын қамтыды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет