Қазақстан республикасының білім жәНЕ



бет5/5
Дата27.02.2023
өлшемі214,85 Kb.
#70013
1   2   3   4   5
Қорытынды

Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар — ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б. Ұста темірден таға, ауыздық, шалғы, орақ, күрек-сайман соқты. Көшпелі қазақ қоғамында темір ұсталарын, олардың дүниесін, көрігін қасиетті санаған. Сірә, олар отпен, металмен жұмыс істегендіктен қастерлесе керек. Жауынгердің қару-жарағын, сауыт-сайманын соғатын темір ұсталарының қоғамдағы бағасы да жоғары болды. Өрімші тері бұйымдарынан, қайыстан әртүрлі атәбзелдерін өрді. Үйші киіз үйдің ағаш сүйегін жасады. Ерші ер шауып, құрады. Атбегі ат баптады, сыншы асылтұқымды жүйрік аттың сынын анықтап, таңдады. Құсбегі бүркіт, қаршыға, лашын құстарын қайырып, аңға, құсқа салды. Бақсы-балгер емдом жасады. Жауырыншы жауырынға қарап бал ашты, жол кесті, болашақты болжады. Әнші, күйші халық көңілін көтерді. Шешен ел атынан дауға түсті. Барымташы елдің басқада кеткен кегін малын тартып, айдап алу арқылы қайтарды. Майрампаз елді күлдірді, ел ішінде әртүрлі күлдіргі әңгіме тудырды. Олар Еуропа елдеріндегі сайқымазақтар сияқты, әдетте, хан ордасында, үлкен байлардың қолында жүрді. Майрампаз тауып сөйлейтін, мазақтаушылық қабілеті бар адамдар болды. Олардың орынды сайқымазағын ханның өзі де ренжімей көтерді.
Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубеге шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғұрып, салт-санасымен санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.


2.Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура: научное издание / А. Т. Толеубаев. – Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с. 
3.Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с.
4.История древнего Казахстана. Под ред. Байпакова К. М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет