6-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыздар.
1.
Еттен әзірленетін қандай тағамдарды білесіздер ме?
....................................................................................
2.
Сүттен жасалатын қандай тағамдарды ұнатасыздар?
....................................................................................
3.
Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіздер?
....................................................................................
4.
Мереке күндері қандай тағам даярлайсыздар?
....................................................................................
5.
Сіздер кешкі асқа не жейсіздер?
....................................................................................
6.
Қандай сусындарды ұнатасыздар?
...................................................................................
тағамдар
салт-дәстүрлер
ойындар
киімдер
тәрбие
Ұлттық
мәдениет
42
С
ө
йлейміз.
7-тапсырма. Ұлттық тағамдардың пайдасы туралы оқып, әңгімелеңіз.
Адамның тісінің қалыптасуына
құрттың пайдасы зор екен. Егер
бала жастайынан құрт жеп өссе,
оның
тісі
өткір,
қатты,
ауырмайды. Құрт дәрумендерге
бай, адамның ас қорытуына әсері
жоғары.Ал, қыста құртты езіп
ішсең, ол тамаша қорек болады,
әрі адам суыққа тоңбайды.
Бие сүтінен қымыз ашытады.
Қымыз көптеген ауруларға ем.
Бие сүтінде қант көбірек болады,
оны жаңа сауған сүттің дәмін
татып көруге болады. Қымыздың
құрамындағы түрлі заттардың
бәрі де адамның ағзасына жақсы
сіңеді. Қымызда «С» дәрумені
мол болады. Сондықтан оның
емдік қасиеттері, әсіресе өкпе
қабыну ауруларына үлкен ем.
Дәрігерлер «Жылқы еті инфаркт
ауруына
душар
ететін
холестериннің мөлшерін азайтып,
қан
қысымының
жоғарлауын
азайтады»,-
деп
тұжырым
жасаған. Сынықшылар сынған
сүйекті салу үшін жылқының
майын пайдаланған. Жылқының
еті адам ағзасына өте сіңімді және
жеңіл қортылады.
Шұбаттың қуаты мен емдік
қасиеті қымыздан кем емес.
Қымызда 499-528 ккал болса,
шұбатта 789-991 ккал болады.
Шұбаттың құрамында май, әр
тұрлі дәрумендер мен тұздар
көптеп
кездеседі.
Шұбаттың
құрамында сиыр сүтіне қарағанда
D дәрумені 15 есе көп.
|