Ойын тактикасы – бұл қарсы жақты жеңіп шығу мақсатында барлық ойыншылардың қимыл-қозғалысын ойластырып, дұрыс ұйымдастыру. Волейболшылардың барлық қимыл-қозғалыс әрекеті екі бағыттан тұрады: шабуыл мен қорғаныс әрекеті.
Төзімділік – организмнің кез-келген қызметтегі шаршауға қарсы тұру қабілеті. Шаршауды жеңу үшін адам бойында ерік күшін, қиыншылықтарға қарамастан, қажетті қарқында әрі қарай жұмыс істеуге өзін-өзі көндіре білу қасиеттерін қалыптастырудың үлкен маңызы бар.