Білімді бағалау туралы ақпарат
«Мини футбол» курсы тәжірибелік курс болып табылады, сонндықтан негізгі сабақты өткізу шарты барлық жеке тапсырмаларды орындау болып табылады, олар бақылаудың негізгі формасы болып табылады.
Баскетболда, гандболда, волейболда, футболда меңгерген тәжірибелік дағдыларды техникалық тәсілдер мен әрекеттерді дұрыс орындалуымен бағаланады. Сабаққа қатысу міндетті түрде болуы керек, ал себеппен немесе себепсіз қалдырған сабақты студентті тәжірибелік кешендерді орындаудан ешқандай босатпайды.
Студенттер білімін бақылауға ағымдағы, аралық және қорытынды білімді бағалау формалары кіреді.
Ағымдағы бақылаудың әр формасы 5 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады. Тәжірибелік, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау 5 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.
Оқу курсы аяқталған соң бақылау формасы – емтихан.
Тәртіпті бұзғаны үшін және тапсырмаларды кестедегі мерзімнен кешігіп тапсырғаны үшін келесі айып санкциялар еңгізіледі:
Кешігу – минус 0,5 ұпай
Тәжірибелік сабаққа келмеу – минус 1,5 ұпай
Жұмысты уақтылы өткізбеу – баға 1 ұпайға кемиді.
1 аралық бақылау қорытындысын шығарған кезде студент 7 аптада санының жиынын есептейді.
2 аралық (қорытынды) бақылау қорытындысына 15 аптаның жиынтық саны есептелінеді.
Егер 2 аралық бақылау бағасы 50%және одан жоғары болса рейтингті жоғарлатуға рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда 2 аралық бақылау қорытынды болып табылады.
Емтиханға студент қорытынды рейтингісі 50%-дан жоғары болса ғана жіберіледі.
Қорытынды бағаға мыналар кіреді:
Аралық бақылау – 60%
Емтихан - 40 %
Достарыңызбен бөлісу: |